Материалдар / Эссе. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктері мен жануарлар әлемі

Эссе. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктері мен жануарлар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамзат соңғы кездері табиғатты аяусыз ластауға, оның байлықтарын есепсіз пайдалануға болмайтындығына көз жеткізе бастады. Соған орай қазіргі кезде табиғатты қорғау, қорықтарды қорғау, онда орналасқан жануарлар мен өсімдіктер күту, сақтау басты мақсат болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2022
1521
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

М.Маметова атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі











ЭССЕ


Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктері мен жануарлар әлемі












Орындаған: Шабден Қ.Е.

Оқытушы: Пернебаева Г.И.

















Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өсімдіктері мен жануарлар әлемі


Адамзат соңғы кездері табиғатты аяусыз ластауға, оның байлықтарын есепсіз пайдалануға болмайтындығына көз жеткізе бастады. Адамның табиғатқа белсенді араласуы табиғи экожүйелердің бұзылуына алып келді. Өсімдіктердің жабайы түрлері мен жануарлар үшін оның зардаптары өте ауыр болды. Адамзат пайда болғаннан бастап жер бетінде көптеген организмдер жойылып кетті. Сондықтан адам табиғат байлықтарын оларды сақтап әрі қалпына келтіре отырып пайдалануы тиіс.

Осы мақсатта жаппай қорықтар, табиғат ескерткіштері, қорықшалар, ұлттық саябақтар ұйымдастырылуда.

Қорықтар – бұл табиғи нысандар, ерекше қорғалатын аумақтар, онда кез-келген шаруашылық іс-әрекетке: құрылыс жүргізу, пайдалы қазбаларды өндіру, ормандарды отау, мал жаю және т.б. тыйым салынған. Қорықтар – бұл жабайы табиғаттың өзіндік ерекше эталоны. Онда адамдардың қолы тимеген, сол қалпында сақталған географиялық аудандарға тән табиғат бөліктері мен кәсіптік құнды немесе ғылыми маңызы бар өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады. Олар жан-жақты зерттеледі. Мұнда ғылыми жұмыстар табиғатқа зиян келтірмей жүргізіледі. Қазақстан аумағында 10 қорық бар.

Ақсу-Жабағылы қорығы – Қазақстанда ең алғашқы құрылған қорық, Батыс Тянь-Шаньның табиғи ландшафтыларын қамтиды. Сондықтан мұнда жартылай шөлейттен бастап альпілік шалғындарға дейінгі табиғи зоналар орналасқан. Өсімдік және жануарлар әлемі өте бай. Аршалы ормандар үлкен кеңістікті алып жатыр. Жануарлардан барыс, аю, борсық, үнді жайрасы, жұмақ құсы, ұлар және басқалар кездеседі.

Алматы қорығы – Алматы облысындағы Іле Алатауының беткейінде орналасқан. Мұнда Тянь-Шань шыршасы, одан біршама төменіректе жабайы алмалар мен өріктер, островский қызғалдағы өседі. Жануарлардан барыс, сілеусін, сабаншы, орақтұмсық, күзен, марал, қарақұйрық кездеседі.

Наурызым қорығы – Қостанай облысының аумағында орналасқан. Онда тыңайған жерлер және қарағайлы ормандар зерттеліп, қорғалады. Жануарлар әлемі бай және алуан түрлі – қояндар, елік, ақкіс, күзен, аққұлақ, борсық, қарсақ кездеседі. Көлдерінде аққулар, үйректер, қаздар қоныстанады.

Қорғалжын қорығы – Ақмола облысында орналасқан, Қорғалжын және Теңіз көлдерімен шектеседі. Мұнда дала зонасының құстары мен аңдарын зерттеу тұрғысынан үлкен жұмыстар жүргізіледі. Ашық далалы жерлерде суырлар, қарсақтар, дуадақтар, безгелдектер, құтандар, шалшықшылар мекендейді. Қорық қоқиқаздардың ұялайтын мекені болып саналады.

Марқакөл қорығы – Алтай сілемдері және Марқакөл көлдерінің






аумағында орналасқан. Тау беткейлері мен көлдердің жағалауларында ақ қайындар, теректер өседі. Көлдерінде ускуч, хариус, теңгебалық тіршілік етеді. Аңдар мен құстардан елік, теңбіл бұғылар, маралдар, қара аккулар, суқұзғындары мекендейді.

Алакөл қорығы сулы батпақта ландшафтыны қамтиды. Сондықтан да аққу, реликті шағала, қаздарды және т.б. қорғауға үлкен көңіл бөлінеді.

Үстірт қорығы – Маңғыстау облысында, өзі аттас үстіртте орналасқан. Ландшафтысы шөлейтті. Өсімдіктерден сексеуіл, жыңғыл, үстірт таспасы, жануарлардан үстірт арқары, қарақұйрық, кекілік, шұбар күзен, ұзын инелі кірпі, қарақал, сұр келес тіршілік етеді.

Батыс Алтай қорығы – аралас, қарағайлы, тайга сияқты бірнеше орман түрлерінің орын тебуімен ерекшеленеді. Марал тамыры, алтын тамыр, алтай сарғалдағы, женьшень сияқты емдік бағалы өсімдіктер көп кездеседі. Жануарлардан бұлғын, елік, бұғы, сусар, аю, көптеген құстар тіршілік етеді.

Барсакелмес қорығы Арал теңізінде орналасқан. Бұл жерде мемлекеттің қорғауында ақбөкен, құлан, қарақұйрық, жармасқы кесіртке, қалқантұмсық жылан сияқты жануарлар және әртүрлі өсімдік түрлері бар.

Қаратау қорығы – ең жас қорық. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Тек осы қорықта ғана шренк тобылғысы, грейг қызғалдағы, бекарин терегі сияқты эндемиктер өседі. Жануарлардан қорықта жыланжегіш бүркіт, ителгі сиякты құстар көп.

Мемлекеттік қорықтармен бірге қорықшалар да жұмыс істейді. Қорықшаларда тұтас табиғи кешен емес, оның жеке элементтері: сирек өсімдіктер мен жануарлар, ерекше табиғат туындылары: үңгірлер, геологиялық жанартаулар, жер бедерінің бірегей түрлері тұрақты немесе уақытша қорғалады.

Ұлттық табиғи саябақтар – табиғат қорғау жұмыстарымен бірге туризмді дамыту жұмыстары қоса жүргізілетін ерекше қорғалатын аумақ.

Мемлекеттік табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім және тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары жүргізіледі. Елімізде 12 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарын табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Қазақстан аумағындағы ең алғашқы саябақ – Баянауыл саябағы 1985 жылы ұйымдастырылды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі – табиғи резерваттар. Табиғи резерваттарда биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде елімізде бес табиғи мемлекеттік резерват бар: Ертіс орманы, Семей орманы, Ырғыз-Торғай, Ақжайық, Алтындала.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ