Материалдар / Эссе. Қазіргі заман мұғалімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе. Қазіргі заман мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2018
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Қазіргі заман мұғалімі


Тез өзгеріп отырған, өзара байланысқан әлемде өмір сүруге оқушыларды дайындау

міндетін тиімді орындау үшін қазіргі мектепке қандай мұғалім керек?

Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек?

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалім.

Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелген міндет ауыр” деген, ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Әлемдің ой алыптары, кейбір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар өздерінің ұстаздарына мәңгі борышты екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған.

Менің ойымша, қазіргі біздің заманымыздың, ХХІ ғасыр мұғалімі кәсіпқой, хабардар, зиялы, сергек, жаны әдемі, мейірбан, әрине ең бастысы психолог болуы керек деп айтар едім. Жоғары дейгейдегі психология - әрбір баланың оқудағы білімі мен тәрбие жағдайына көмектесіп, жақсы жетістіктерге жетуге итермелейді. Жеке адам болып қалыптасуына ықпал жасайды.

Мен де бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүргендіктен, менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған мақсатым жоғары болуға тиіс.

Қазіргі таңда әр ұстазға қойылатын талаптар:

  • біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы керек;

  • екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс

  • үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге оқушыны баулуға міндетті;

  • төртіншіден, мұғалім – педагогикалық процесте ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болуы керек;

  • бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогы Жубер айтқандай “оқыту деген екі есе оқу”

Бүгінгіде білім берудің әдіс-тәсілдерінің 50-ден астам түрлері бар. Сол технологияның барлығы да тиімді қолданылса білім сапасының артуына, оқушының жан-жақты дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Өзім сабақ барысында мұғалім оқушыға проблема тудыратындай сұрақтар қойып, осы проблеманы оқушы өзінше шешіп, содан кейін мұғалім қорытындыласа ғана оқушының ойында ұзақ сақталады деп есептеймін.

Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әр бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам мүшесі, болашақ иесі.

Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат етілген шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін әрбір қырық бес минутымды, қырық бес жыл сыйып кететіндей берекелі түрде өткізуге тырысамын.

“Қысқа жол – білегн жол” демекші ойлаған мақсатымды іске асырып, сапалы нәтиежеге қол жеткізу үшін, ең озық үлгідегі әдістемелерді қолданамын және әдістемесіз сабақ өткізуді “уықсыз шаңырақ көтергенмен тең” санаймын.



Талдырмай жүріп қанатын,

Жүрекке жол табатын.

Санаға қозғау салатын

Ұстаз керек біздерге.


Қиындыққа жасымай

Жетістікке тасымай

Ой таратар тосылмай

Ұстаз керек біздерге


Қиялын ұштап самғайтын

Ұрпақ жолын жалғайтын

Қиянатқа бармайтын,

Сұңқар керек біздерге.


Жаңалық іске құмартып,

Иыққа батпан жүк артып,

Желіп жүрген күш сарқып

Тұлпар керек біздерге.


Білімнің ашып келбетін

Соңынан жұртты ертетін.

Даламның күйін шертетін

Көсем керек біздерге.


Салт-дәстүрді сақтайтын

Ел үмітін ақтайтын.

Әділетті жақтайтын

Шешен керек біздерге.


Өнеге тұтар ұлтың бар,

Білімге құштар жұртың бар.

Табылса ұстаз осындай

Мейірің қанып сусындар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!