Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе тақырыбы Төле бидің ізгілік педагогикалық ой-пікірлері 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақтоған ш.о.орта мектебінің 11 «А»сынып оқушысы Утебаева А.А. Жетекшісі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Аралбаева А.Е.

Төле бидің ізгілік педагогикалық ой-пікірлері

Эссе

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіні – сонау ерте замандарда жатыр. Ерте заманда көшпелі қоғамының көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Халық өзін қоршаған табиғат құбылыстарын, тұрмыс-тіршілігіне байланысты көңіл-күйін, мұң-мұқтажын өлең қара сөз арқылы көрсеткен. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - деп отбасындағы ата-ананың бала тәрбиесінің негізгі екенін қадап айтқан. Тәрбиенің бастауы ата-ана. Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған. Бала ізгілікке, санасына рухани-адамгершіліктің негізін қалыптастырып, сіңіру үшін отбасында ата-ана үлгі бола білуі керек деп ойлаймын. Халқымыздың көшпелі замандарында дана шешендеріміз, билеріміз ең бір қиын деген ел арасындағы дауларды бір ауыз сөзбен тоқтатып, дау-дамайды шеше білген. Ұл баланы тәрбиелеуде мынандай талаптар қоятын: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, ата-тегін қастарлеу, ата-салтын бұзбау, жаудан беті қайтпау. Қыз баланы жақсы жар, әдепті келін, ұқыпты әйел, аяулы ана болуға тәрбиеледі. Баланы тазалық пен ізгілікке, адалдық пен батылдыққа тәрбиелеуде әке-шешенің ғана тәрбиесі ғана емес. Көпті көрген қариялары оқымасада көкейлеріне тоқығандарын жастарға үйретуден жалықпаған. Ғасырлар бойында халық көңілінде сақталған ұлы билер Төле, Қазбек, Әйтеке билерінің шешендік сөздерінің халқымыздың ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Қазіргі жазылып жатқан тәрбие мен рухани-адамгершілік жайлы кітаптардың түп нұсқасы деп айтуға болады. Себебі ол кісілер қазіргідей, мүмкіндік болмасада бір ауыз сөзімен дүйім жұртты бағындыра білді, халықты бірлікте ұстап, халқымыздың тарихынан сыр шертіп, тарих қойнауына дастан етіп енгізе білді. Бүгінігі біздегі адалдық пен шынайылық даналарымыздың ізі деп ойлаймын. Қазақта «әр ханның тұсында бір сұрқылтай» бар дейтіні, әр ханның заманында өзінің бір ақылшы-кеңесшісі, шешені бар дейтін ойды білдіреді. Соның бірі Төле би. Ел арасында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Төле бидің әкесі Әлібек те сөзге өнегелі нақыл шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды.Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Ол жас кезінде талай үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алды. Төле бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады.

  • Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

  • Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба

  • Бұдан не түсіндің балам?-дейді. Сонда Төле бала.

  • Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген, таяқ жейді » демекші бірілігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оңай алады дейді.

  • Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтамаққа барамын» дегеннің мәні осы, - депті. Бұл сөзінен оның халықты бірлікте, ынтымақта өмір сүрсе ғана, бейбіт өмір болатындығын аңғаруға болады. Аңыздан адамның ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көруге болады. Адамның ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік-жішерін қалыптастырады. Кез-келген аңыз – нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін – эстеикалық және тарихи талап-талғамдарын, адамгершілік қасиеттерін аңғартады. Аңыз халық өзі айтып берген ауызекі тарихы десе де болады. Әңгімелердің мән мағынасын ашу арқылы ата-бабаларымыздың рухани- мәдени, адамгершілік ізігілікке деген даңғыл жолын көре аламыз. Жоғары да айтылған Әнет баба мен Төбе бидің арасындағы бір ғана аңыз-әңгіме ғасырдан-ғасырға қаймағы бұзылмай жетіп отыр. Бұл аңыз арқылы біз, өзіміздің тархымызды көре аламыз. Сол заманда қатар-қатар кітап болмаса да осы күнге дейін маңызы артпаса, құндылығы төмендемеген осы аңыздың бүгінгі қаптаған кітаптан құндырақ десем артық болмас. Қазіргі ақпараттық даму үдерісінде, біздің қоғамымыз ерекше жылдам өзгеруде. Кейде өзімізде ақпараттар ағымына ілесе алмай қаламыз. Бұл дегеніміз. Адам санасының күшейіп, қазіргі жастардың сандық технологиялардың маңызы артып барады дегенді көрсетеді. Бүгінгі таңда жастарға кітап беттерін парақтатқаннан гөрі осындай қысқа ғана мазмұнды шығармалардың атқаратын маңызы зор деген ойдамын. Келтірілген аңызда Әнет баба баланы бір-екі ауыз сөзбен ғана болашаққа қандай болу керектігін айқындап, өмірлік тәрбие бере алды. Жастарды ізгілікке тәрбиелеу халқымыздың әрбір жазушыларымыз бен даналарымыздың кез келген шығармасында жырланады, айтылады, басты мәселе болып қозғалады. Рухани бай адам-ең алдымен әділ,шыншыл,мейірімді,кешірімді,ақылды,қанағатшыл болады.Осындай қасиеттері бар адамдар адамгершілігі жоғары,ізгі болады. Осы қасиетті ары қарай ізгілендіру бүгінгі зиялы тұлғалар мен ұлағатты ұстаздың қолында деп ойымды аяқтаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
743
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі