Материалдар / Эссе "Тәуелсіз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе "Тәуелсіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал эссе жинақтарына, шығармашылық ізденіс кезінде пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
248
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы



Тарихтың толқынында,

Әбішұлы қол бастап,

Уәдесіне тұрған ер,

Егемендік жолында.

Лаулап жалын бойынан,

Самғады аспан көгінде.

Ілді туын еркіндік,

Зар халықтың қамына

-деп, елінің еркіндігі үшін аянбай еңбек еткен елбасымыздың Тәуелсіздікке арнаған сара жолын өлеңмен өрнектей отырып, Қас түлектен туған нар ағамыз,Нұр ағамыздың өмір өткелдерімен мақтану -мен үшін үлкен мәртебе.

Нұрсұлтан Әбішұлының:«Халық кешпейтін бір-ақ нәрсе бар:елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақ құсынан-Тәуелсіздіктен айрылуды кешпейді»-деген қанатты сөзі бар.Тәуелсізікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап іргетасын нығайту жолында да қиындықтар аз кездеспейді. Осындай қиындықтан алып шығып, егеменді еліміздің іргетасын нығайту үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы жан аямай бар күш-жігерін жұмсап келеді.Ел қалаулысына айналған Елбасының елі үшін еткен еңбегін өлшеп-екшеуші менің ісім болмағанмен, алғашқы Президент күніне арналған ой толғанысым кездейсоқтық емес-ау...

Бұл 2011 жылдың шуақты наурыздың соңғы күндері болатын. Елбасының

кезекті сайлауына қызу әзірлік жүріп жатты.Төрт сайланушының қайсысының

бағы бар екендігінен де қорқыныш жоқ емес. Мен үшін елімнің жарқын

болашағы маңыздырақ. «Отан үшін, ел үшін, Атамекен жер үшін» деген қайсар

мінезімді қалай жасырамын. Сол көктем менің балауса өмірімді қайта гүлдетті.

-«Көктемнің мамыражай күнінде жатын бөлмемнің терезесінен бір қарлығаш үйге енді.Енді бір сәтте мектептің дәлізіне жиналған екенбіз манағы ерке қарлығаш балғын бозбалаға айналып: «Нұрсұлтан Әбішұлын қолдаймыз!, Нұрсұлтан Әбішұлын қолдаймыз!» –деп ұрандата бастады. Жиналған көпшілік жас жігіттің сөзін қайталай бастадық.Келесі кабинада сараптау комиссиясы отыр екен .Олардың қолындағы қағаздарына көзім түсті. Елбасымен тетелес балл жүйесі көзіме бірден түсті. Бұл қалай болар екен сәл қиналыс болды.Бұл жолы да Елбасының даусы басым болып, келесі бір бөлмеден Нұрсұлтан Әбішұлының жеңісі жарияланып, Президенттікке сайланғанын білдік. Қуанышымызда шек болмады.»...Сөйтіп, ұйқымнан қуанышты сезіммен ояндым.

Түсім екен ғой. Түс -алланың айнасы –деуші еді.

-Иә,жаратқан ием ,жар бола гөр. Лайым, солай болғай дедім де орнымнан тұрдым.Күнделікті әдетімше ертерек мектебіме бет алдым. «-Қайтсем екен, бүгінгі қуанышымды әріптестеріммен бөліссем бе екен?... -Жоқ. Қайдам,біреулердің не ойларын. Сайлауға әлі бір жұма уақыт бар емес пе?»-деп өзіме тойтарыс бердім. Содан бері Президент сайлауы өтетін болса, өз президентімді алдын-ала сайлап алатын әдет шығарып алдым.Шіркін-ай, Қазақстан Президентін ұлықтау менің еншіме бұйыратын болса,Нұрсұлтан Әбішұлының ұлтын жан-тәнімен сүйетін,қалың елінің жанашыры, халқының үмітін сеніммен ақтап келе жатқан өз елінің адал азаматы екеніне сендірер едім. Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол. Қазақ халқына керек кезде туған кемел Азаматының алдында келешек ұрпақ үшін жауапкершілік міндеті атан түйенің көтеретін жүгінен де ауыр.Өзім де шәкірт тәрбиесіндегі қызығы мен шыжығы мол еңбек жолымда көзі ашық, көкірегі ояу жалынды жастарды тәрбиелеп келемін.Елім деген әрбір патриот өз елінің Президентінің игілікті істерінен тәлім алып өсу керектігін айту-менің сабақтарымның басты қағидасы. Өзімнің Тәуелсіздік төрінде ,Астана қаласы , Елбасы мұражайы, Егер де мен Президент болсам деген тақырыбындағы сабақтарымды мәртебелі Елбасының өмір жолын танып білуге арнадым. Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын деп ағынан жарылған Президентіміздің өлшеусіз еңбегін қадірлеу, ұлықтау керек-ақ.Халқы үшін бар өмірін сарп еткен Елбасымыз аман,еліміз тыныш болсын.



























Киелі 1991 жыл.

Қазақ халқы үшін « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жыл болды.Егеменді ел болып, халқымыз өз еркімен тұңғыш Президентін сайлады.Халқымыздың тарихи тағдырының ең бір тар жол, тайғақ кешу тауқыметті тұсында Нұрсұлтан Әбішұлы: « Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын»-деп ел басына келіп, халқымыздың еңсесін көтере білді. Мемлекетіміздің жоғарғы лауазымы президенттік қызмет- елдің, халықтың үміті мен сенімін бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндетті мойынына алып, оны абыроймен атқарып келеді. Ел тізгінін қолына алған алғашқы күннен бастап Елбасы тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарды. Елдігімізді айқындайтын рәміздеріміз, төл теңгеміз, ел тұғырлылығының кепілі – Ата заңымыз, қоғам игілігіне қызмет етіп жүрген заңдар мен келісім шарттар, « Қазақстан-2030» даму стратегиясы, « Қазақстан – 2050» даму стратегиясы.

«Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм, көпұлтты, көпконфессиялы қоғам, қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы жайында мәселелерге тоқталды.Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар екенін , білім берудің барлық буынын жақсартуда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғандығын ескертті. Ел Президентінің ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын ұсына отырып,« Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр»- деген болатын. Ұстаздар қауымына қойылып отырған бұл талап мені де ойлантпай қоймады.Өйткені,менің де таңдауым ғылым жолы- ұстаздық жол. Сонау 1991 жылы арман қуып, Орал педагогикалық институтына оқуға түсіп,білімнің биік шаңырағын алғаш аттадым. Тәуелсіз елімнің бір керегіне кірпіш болып қалансам,- деген ой әуелгі бастан мазалаған еді.Бойымдағы арман-тілек ерік бермей мені де ғылым жолына алып келді. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары ретінде орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып, ұстаз деген ұлы есімді иелендім.

Өмір –теңіз

Онда жүзем демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз,-деп шығыстың жарық жұлдызы, ақын Рудаки жырлағандай, ізгілік кемесіне мініп, мейірімнің туын көтеріп өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырып, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып,өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлей білуіне өз үлесімді қосып келемін.

Өз елімнің өз ой-тұжырымы бар бір перзенті ретінде менің де тіл жайында толғанатын жайым бар...

Қасиетті ана тілі! Сен жайында айтар ойым,сырларым шексіз менің.Өйткені сенсіз күнім жоқ. Ұлттың тірегі сенсің,халықтың қуаты сенсің. Мыңдаған жылдар ауқымында сенің көрмегенің жоқ, басыңнан кешпегенің жоқ. Сол жылдардың бәрінде де сен қазақ дейтін шерлі де шешен, көреген де көсем ғажап халықпен жасап келесің. Әуелгі кезеңнен-ақ елді бірлікке,тұтастыққа ,ынтымаққа үгіттеп,қазақ халқын қалыптастырып,ұлт мүддесінен шықтың. Тілі нашар елдің ертеңі күңгірт, тілдің әлсіздігі ұлттың рухани жағынан әлсіреуіне алып келеді де оның аяғы ұлт болып ұйып отырған халықтың рухани жағынан бұзылуына апарып соқтырады. Ал, баршаның басын біріктіруші, ұлтты сақтап,болмысын танытушы қазақ тілі емес пе?

Мұны Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше,өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл- аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл мемлекеттік тұрғыдан,ұзақ жылдар бойы,ұдайы айналысатын іс»...

Арманымнан ұшты қыран көгімде,

Көп мәселе бар ғой қазақ тілінде.

Тілді қорғау-қызғыштай бұл борышым,

Көп ұлтты, жомарт қазақ жерінде.



Мақтанам халқымнан өнер қонғанына,

Ақынмен тілегім бір болғанына.

Өзге ұлтқа қазақша тіл үйретіп,

Қазақ тілдің мұғалімі болғаныма-деп Нұрсұлтан Әбішұлының :Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде деген өсиет сөздерінің аясында, өз күш-жігерімді арнаудан еш жалыққан емеспін.Менің әр күнім, әр сабағым махаббатпен қызыққа толы.Әр күнім халқыма деген махаббат болса, әр сабағым қызыққа толы.Өйткені мен өзге ұлт өкілдерімен жұмыстанамын.Сабағымда қасиетті қазақ халқының тілін, дәстүрін, тарихын, мәдениетін үйрете жүріп,өзге ұлттардың салт-дәстүрімен, ұлттық болмысымен танысамын.Күнделікті өмірде жолдастық, достық қатынаста боламын.Ертеде бір үлкен қария:- Бақыт сен неге жерге қонбай аспанда ұшып жүрсің?,-деп сұраған екен

-Сонда бақыт мен достығы мол, ынтымағы жарасқан елге ғана қонамын,- деген екен.Мен де өз елінің патриот азаматы ретінде көптеген ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп, айрандай ұйып отырғандығымен мақтанамын.Татулығы жарасқан Қазақстан мемлекеті Ассамблеяның 20 жылдығын тойлау үстінде.Осындай игі істердің бастаушысы- ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы. Әр күнін ел қамына арнаған абзал азамат еш қамыққан емес, халқымен бірге жасап келеді.Игілікті істерді Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттың тілі мен тарихын, мәдениетін, құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патиот қана атқара алады. Елбасымыз- Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық жасап отырған үлкен тұлға.Мен Елбасымды әрқашан мақтан тұтамын!Елбасымыздың арқасында Тәуелсіздік шапағатына бөленіп жүрміз.

Тарихтың толқынында,

Әбішұлы қол бастап,

Уәдесіне тұрған ер,

Егемендік жолында.

Лаулап жалын бойынан,

Самғады аспан көгінде.

Ілді туын еркіндік,

Зар халықтың қамына

-деп, елінің еркіндігі үшін аянбай еңбек еткен елбасымыздың Тәуелсіздікке арнаған сара жолын өлеңмен өрнектей отырып, Қас үлектен туған нар ағамыз,Нұр ағамыздың өмір өткелдерімен мақтану -мен үшін үлкен мәртебе.















































Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі.

Калмаганбетова Куралай Махсотовна





Елбасы мұраты-ел бақыты.

















2015 жыл.









































1.Термин сөздер дегеніміз не, мысал келтір





.2 Сын есім түрлері







3. Жалғауларды ажырат Отанының патриоты.

-ы-

-ның-

-ы-



Айгүлдің анасы

-дің-

-сы-



4. Ассамблеяға 20 жыл.











































1.Термин сөздермен сөйлем құра.





2. Мына сөйлемдердегі сын есімдердің астын сыз.

Мен үшін жазғы демалыс демалуға қолайлы уақыт. Баяу қоңыр даусы да құлағында.





3. Көптік жалғаулар

Септік жалғаулар.













4. Қазақ тіліне аудар. Юра и Марат –товарищи. Юра надел шапку. Марат надел валенки.Они идут на каток.

































1.Есімше дегеніміз не





2.Сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал келтір







Сабақтас құрмалас түрлерін ажырат.

Жиналыс тым ұзаққа созылғандықтан, айтысқа бара алмадық.

3. Рәміздер туралы жаз.







































1. Есімше дегеніміз не





2. Салалас құрмалас сөйлемдерге мысал келтір.







Сабақтас құрмалас түрін ажырат.

Ербол есік алдына шықса, екі-үш кісі келе жатыр екен.











































1. Құрмалас сөйлемдерге мысал келтір.





2. Термин сөздер.





3. Морфологиялық талдау. Мұғалім бізге қызық кітап оқыды.



Мұғалім-

біз-

ге-

қызық-

кітап-

оқы-

ды-

























1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрін ажырат.Жауынгерлер орман ішіне сіңіп кеткенше, жалғыз әйел ұзақ қарап тұрды.

2. Термин сөздер.







3. Қазақ тіліне аудар. А козел сидел в колодце. Чуть не пропал с голоду.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!