400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Туған жер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жер ...Туған ел...дегенде Қасым Аманжоловтың өлеңі еске түседі.Осы екі сөзде қаншама мағына,ой жатыр...Туған жердің қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.Ол әлпештеген анам,аялап өсірген әкем,туған-туысым...Менің туған жерім,Отаным-кішкентай болса да ,мен үшін аса қымбат әрі киелі.Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін туған жер, ел қадірлі.Қасымның:

Уа,дариға,алтын бесік-туған жер,

Қадіріңді келсем білмей,кеше гөр!

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай,тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ,неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?!

Сенде тудым,сенде өстім,сенде өлсем

Арманым жоқ,бұл дүниеде дер едім...ақын туған жеріне,отанына деген жалынды махаббатын тебіреніп,толғанып отырып айтқан.Бұл күнде «Туған жер»өлеңі әнге қосылып та айтылып жүр.Туған жерге ,елге деген құштарлық балалық сезім мұнда аса ыстық сезіммен шынайы бейнеленеді.Бұл-туған жерге кіндігінен байланған адамның жан сөзі.Оның лирикалық кейіпкері-туған даланың о шеті мен бұ шетіне жүгіріп,құмарын қандыра алмай,даланың көркіне көзі толмай,жас балаша мәз болып жүрген қазақ ұлы. Қасым сол қазақ ұлының ерлік дәстүрін,өрлік мінезін,намысын жырлады.С.Қирабаев: «Ақынның туған жер тақырыбына жазған өлеңдерінің мазмұнында жалпы Қасым поэзиясына тән өрлік,ерлік жатады»дейді академик.

Қорыта келе:Қ.Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан оқысаң,қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын көресің.Ол бүкіл жан тәнімен,рухымен,ішкі сезім-күйімен,ақындық ойлау,жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады,жетілдіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.03.2021
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі