Материалдар / Эссе: Үздіксіз даму – мұғалімнің педагогикалық дамуының негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе: Үздіксіз даму – мұғалімнің педагогикалық дамуының негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз сөзін қай тұрғыдан алып қа¬расаңыз да мағынасы терең. Кез келген адамның өмірінде ерекше қадірлейтін ұстазы болады. Ұстаз деп мұғалімдерді ғана айтуға болмайды. Сенің өміріңе бағыт берген, кәсібіңе үйреткен, тіршілігіңе нәр берген адамның барлығы да ұстаз деген атқа лайықты. Осы орайда өз толғанысымды жаздым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2021
1298
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Үздіксіз даму – мұғалімнің педагогикалық дамуының негізі


«Ұстаз» деп жаздым да, терең ойға шомдым. Сонда «ұстаз» сөзі қандай мағына береді? Осы орайда ізденіп ғаламтордағы мәліметке сүйендім. Менің ойыммен астас болған мына пікірді назарларыңызға ұсынғым келеді. Ұстаз сөзін қай тұрғыдан алып қа­расаңыз да мағынасы терең. Кез келген адамның өмірінде ерекше қадірлейтін ұстазы болады. Ұстаз деп мұғалімдерді ғана айтуға болмайды. Сенің өміріңе бағыт берген, кәсібіңе үйреткен, тіршілігіңе нәр берген адамның барлығы да ұстаз деген атқа лайықты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді» –дегендей ұстаздық кәсіпті таңдаған адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Сонымен қатар мұғалім өз бойындағы білімін оқушыға беру үшін шығармашылық тұрғыдан үздіксіз ізденіс үстінде болуы қажет. Ал үздіксіз білім дегеніміз – үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Ғалымдардың үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда заман талабына сай ұлттық білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер болып жатыр, оқу тәсілдерімен құралдарының бүкіл әлемдегі білім жүйесіне ортақ жалпы элементтері қарастырылуда.

Оқушы – біздің болашағымыз. Егер сіз тек сабақ беруші мұғалім ғана болсаңыз, сізге мектепте орын жоқ. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру, білім нәрімен сусындату сізден басталады. Білімнің кәусар бұлағына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Оқушының қабілетін аша білмеген мұғалім туған халқының жанын түсінбейді. Ал, халықтың жанын түсінбеу деген ─ ағаштың тамырын шабумен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.

Мен үшін әр оқушы домбыра іспеттес. Сізде «Не себептен баланы домбыраға теңейсіз?» - деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Менің берер жауабым: егер домбырада күйші шебер ойнай алмаса, онда домбыра үні тыңдарманның ойын елітіп, әуен патшалығына апара алмайды. Ал, егер күйші домбырада шебер ойнаса, күй әдемі де әуезді шығады. Ұстаз оқушыға өз бойындағы қабілетін ашудың тиімді жолдарын көрсете алса, бала да домбырадай әуезді үн шығарып, баршаны таңқалдырып, сүйсіндіре алады.

«Оқушының бойындағы дарындылықты ашатын шебер ұстаз дегеніміз қандай болуы керек?» – деген сауалға жауап бермес бұрын, «шеберлік» сөзінің мағынасын ашып алайық. Шеберлік – кәсіби немесе әуесқойлық ізденістің барлық түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Ал, педагогикалық шеберлік – үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтың қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе, балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Осы орайда философ Платонның ұлы ұстазы Сократтың: «Мұғалім жаңбырдың тамшысы» – деген сөзі ойыма еріксіз келеді. Ия, расында да, шебер ұстаз жаңбырдың тамшысы іспеттес. Жаңбырдың тамшысы жерден қауыз атып, қылтиып шығып келе жатқан дәнге қалай нәр беріп, көгерте алса, шебер мұғалім де тарыдай болып мектеп табалдырыған тәй-тәй басып алғаш аттаған шәкіртін, білім уызымен нәрлендіріп қана қоймай, бойындағы барлық жақсы қасиеттерін беріп, қанатын қатайтып, үлкен өмір мектебіне ақ жол тілеп шығарып салады. Ұстаз болудың құпиясын әркім-ақ білгісі келері хақ. Бірақ, оның ешқандай да сыры жоқ. Менің сізге айтарым, әр шәкіртті жеке дарынды адам етіп шығара алмайсыз, сондықтан олардың жеке қабілетіне ерекше көңіл бөліп, уақыт тағайындап, күнде жеке жұмыс жүргізу керек, сонда ғана шәкірт дараланып нәтиже көрсете алады. Жалпылама оқытудан дарын иесін шығара алмайсыз. Бірақ, әр мұғалім қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың: «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес» – деген сөзін жадынан шығармауы тиіс. Өйткені, жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші – шығармашыл тұлға екені белгілі. Біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл-ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығының, жетістіктерінің көрінісі. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері күнделікті еңбек барысында мұғалімнің осы салаға сіңірген сапалы қызметінің нәтижесінде байып, кеңейеді.

Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнін оқытудың нәтижесі оның сапасы бірден-бір білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік дұрыс негізделуіне, әлеуметтік сұраныс мотивтеріне сай құрылуына да байланысты. Осы орайда жаңа ХХІ ғасыр педагогикасы, философиясы мүлде өзгеше парадигманы қажет етеді. Мұнда білім беру үрдісінің обьектісі бұрынғыдай оқу материалдары деп қана қаралмайды. Білім беру үрдісі ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып мынадай міндеттерден тұрады:

  • оқушының зияткерлік-танымдық;

  • психологиялық-іскерлік;

  • өз бетінше оқу әрекетшілдігін;

  • коммуникативтілігін;

  • әлеуметтенуге бейімділігін қалыптастыру және дамыту.

Данышпан ғалым Ш.Уәлиханов: «Қазақ тілі түркі тілінің ішіндегі ең сұлуы» деген екен. Бұл жөнінде орыстың атақты педагогі К.Д.Ушинский былай деген: «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді».

Көрнекілік – оқу материялын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Көрнекілік оқушы білімін, сабақ барысының тиімділігін, әсерлігін, мазмұны мен сапасын арттырады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуде бүгінгі таңда педагогика саласында кең үрдіс алып қолданысқа енгізіліп жатқан оқытудың жаңа технологияларының ықпалы зор.

Осы тұрғыда арнайы ақпараттық-технологиялық құралдар негізіндегі педагогикалық технологияларды мен қазақ тілі сабақтарында да кеңінен пайдаланамын. Олардың қатарында интербелсенді тақтаны жиі қолданамын. Жаңа технологиялар білім беру мен тәрбие жүйесін бірдей қамтумен ерекшеленеді. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден-бір жолы.

Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;

- оқу материалын терең түсіну;

- оқу мотивациясының артуы;

- алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте сақталуы.

Заман талабына сай күнделікті сабақ барысында бейне және аудио-құрылғыларды, смарт телефонды, компьютерді, сондай-ақ электронды оқулықты, интерактивті тақтаны оқушылардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттырып, ең бастысы, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында қолданамын.

Мен Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткендіктен, сабақтарымда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін барынша қолдануға тырысамын. Атап айтқанда, сабақтың басында Шаттық шеңбері мен топқа бөлуден бастап, сабақ барысында Жалғасын тауып айт (Лото), «Топтастыру немес ассосация», Венн диаграммасы, Сэнквейн, Ыстық орындық, Қабырғалар сөйлейді, Кинолента т.б. әдістерді қолданамын. 

Оқыту барысында көрнекілікті жүйелі пайдалану, тақырыпқа қатысты қосымша оқу материялдарын түрлендіріп қолдану, сабақтың бүгінгі талапқа сай мазмұнды өтуіне кепіл бола алады.

Бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі қоғамның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – әрбір жас ұрпақтың бойына бәсекеге қабілетті құндылық қасиеттерді қалыптастырып, дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралылығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Сондықтан, оқушылардың оқу–тәрбие үрдісінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мұғалімнің шеберлігімен байланысты. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзіреттілік тұрғыда дамыта отырып, нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – біздің қолымызда, әріптес!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!