эссе.Бауыржан Момышұлы - ержүрек, нағыз батыр иесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе.Бауыржан Момышұлы - ержүрек, нағыз батыр иесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Б.Момышұлының ерлігі жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бауыржан Момышұлы – ержүрек, нағыз батыр иесі


Бауыржан Момышұлы - Кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшысы, батальон командирі, халық қаһарманы, жетік стратег, шебер тактик, қазақтың көрнекті жазушысы, қаржыгер, мұғалім әрі психолог. Бір басында қаншама мамандықтың иегері сегіз қырлы, бір сырлы нағыз майталман маман иесі деп айтсам артық айтпаған шығармын.

Туған жері - Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған. Лақап аты- Шаң тимес.

Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашып, кирил әліпбиімен оқуды меңгереді. Ел арасында атақты ағаш ұстасы, етікші, зергерлік бұйымдарды жасап, оң қолынан өнер тамған ұста шебер кісі барлық болған.Момыштың әкесі Имаш атасы қартайған шағында барлық шаруашылықты аманат етіп, табыстап 92 жасында өмірден өткен. Әжесінің аты –Қызтумас , ағайындары оны қалжыңдап «Сары кемпір» деп атап кеткен.Анасы - Рәзия өмірден ерте өтіп, әжесі Қызтумастың тәрбиесінде болады.

Бауыржан Момышұлы - Шымкент қаласында Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықовтармен сыныптас болып, үздік бітіріп, жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болып жұмыс істейген.Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, сонда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істеді.Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан генерал-майор И. В.Панфиловтың басшылығымен 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттананып, сол жерде ақтық демі қалғанша қызмет атқарды. Шайқаста жүргенде 27 рет шабуыл жасап, 5 рет шекараны бұзып, аман-есен өз дивизиясына қайта әскеріне қосылған. Өз жұмысын нағыз майталманы ретінде әдіс-тәсілдерін, шебер қолданған әскери қолбасшы.

Күндіз жау кезіне түспеу үшін, жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады.Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шыққан. Бұл жерде резервте тұрған И.В.Панфилов полкі «Б.Момышұлының әскері түгелдей жойылып кетті»- деген лақапты естіген олар түгелдей аман-есен, оралған.И.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алып, «Жарайсың , жас сұңқарым» деп Бауыржанға құрмет, қошеметін білдірген.

Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылдары, бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Ел үшін, аянбай ерлік көрсетіп, Отан үшін отқа да түскен, шоққа да түскен, бірақ қажымай қайсарлық көрсете білген, әскери басшы зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиеші, ақылгөй жетекші бола да білген.

Соғыстан кейін Совет Ариясы әскери академиясында сабақ береді. Полковник атағымен отставкаға шыққан соң, елге оралады.Елде біраз уақыт жұмыс табылмайды.Батыр атам толықтай шығармашылықпен айналысады.Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген, білгендерін шығармаларына арқау етеді.Өз қаламынан туған, өмір шындығының негізінде романдар мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналды.

Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін қалады.Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет-патриотизмнің мәйегі.

Бауыржан Момышұлы бірнеше медальдармен марапатталған.Кеңес Одағының батыры атағын алып, халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» деген атақ берілген.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2020
5033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі