Материалдар / Эссе.Педагогикалық кредо
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе.Педагогикалық кредо

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Сәуір 2020
2660
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педогогикалық кредо

Шәкірт - менің мәртебем,

Мен - баспалдақ.

Мен арқылы шырқасын ол аспандап.

Естілеу Нүсіпбеков.


«Ұстаз» деп жаздым да, терең ойға шомдым. Сонда «ұстаз» сөзі қандай мағына береді? Осы орайда ізденіп ғаламтордағы мәліметке сүйендім. Менің ойыммен астас болған мына пікірді назарларыңызға ұсынғым келеді. Ұстаз сөзін қай тұрғыдан алып қарасаңыз да мағынасы терең. Кез келген адамның өмірінде ерекше қадірлейтін ұстазы болады. Ұстаз деп мұғалімдерді ғана айтуға болмайды. Сенің өміріңе бағыт берген, кәсібіңе үйреткен, тіршілігіңе нәр берген адамның барлығы да ұстаз деген атқа лайықты. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді» дегендей ұстаздық кәсіпті таңдаған адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.

Оқушы - біздің болашағымыз. Егер сіз тек сабақ беруші ғана мұғалім болсаңыз, сізге мектепте орын жоқ. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру, білім нәрімен сусындату сізден басталады. Білімнің кәусар бұлағына ауызданбаған бала уызы жарымаған көтерем қозыдай болады. Оқушының қабілетін аша білмеген мұғалім туған халқының жанын түсінбейді. Ал, халықтың жанын түсінбеу деген ─ ағаштың тамырын шабумен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып, сая да болмайды, жеміс те бермейді.

Мен үшін әр оқушы домбыра іспеттес. Сізде «Не себептен баланы домбыраға теңейсіз?» - деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Менің берер жауабым: егер домбырада күйші шебер ойнай алмаса, онда домбыра үні тыңдарманның ойын елітіп, әуен патшалығына апара алмайды. Ал, егер күйші домбырада шебер ойнаса, күй әдемі де әуезді шығады. Ұстаз оқушыға өз бойындағы қабілетін ашудың тиімді жолдарын көрсете алса, бала да домбырадай әуезді үн шығарып, баршаны таңқалдырып, сүйсіндіре алады.

«Оқушының бойындағы дарындылықты ашатын шебер ұстаз дегеніміз қандай болуы керек?» – деген сауалға жауап бермес бұрын, «шеберлік» сөзінің мағынасын ашып алайық. Шеберлік – кәсіби немесе әуесқойлық ізденістің барлық түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.

Ал, педагогикалық шеберлік - үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтың қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе, балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Осы орайда философ Платонның ұлы ұстазы Сократтың: «Мұғалім жаңбырдың тамшысы» - деген сөзі ойыма еріксіз келеді. Ия, расында да, шебер ұстаз жаңбырдың тамшысы іспеттес. Жаңбырдың тамшысы жерден қауыз атып, қылтиып шығып келе жатқан дәнге қалай нәр беріп, көгерте алса, шебер мұғалім де тарыдай болып мектеп табалдырыған тәй-тәй басып алғаш аттаған шәкіртін, білім уызымен нәрлендіріп қана қоймай, бойындағы барлық жақсы қасиеттерін беріп, қанатын қатайтып, үлкен өмір мектебіне ақ жол тілеп шығарып салады.

Ұстаз болудың құпиясын әркім-ақ білгісі келері хақ. Бірақ, оның ешқандай да сыры жоқ. Менің сізге айтарым, әр шәкіртті жеке дарынды адам етіп шығара алмайсыз, сондықтан олардың жеке қабілетіне ерекше көңіл бөліп, уақыт тағайындап, күнде жеке жұмыс жүргізу керек, сонда ғана шәкірт дараланып нәтиже көрсете алады. Жалпылама оқытудан дарын иесін шығара алмайсыз.

Бірақ, әр мұғалім қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың: «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес» деген сөзін жадынан шығармауы тиіс. Өйткені, жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші- шығармашыл тұлға екені белгілі. Біздің заманымыздың электрондық, атомдық, ғарыштық деп аталып жатуының өзі адамның ақыл–ойының, санасының жетілгендігінің нәтижесі, бір сөзбен айтқанда, осының бәрі адам шығармашылығының, жетістіктерінің көрінісі.

Оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығы мен әдеби тіл нормасын үйрете отырып, оларды шығармашылықпен жұмыс жасауға баулуға тырысамын. Өзіндік ойын, сөйлеу тілін, дағдысын қалыптастыруда бағытталған жұмыс түрлерін пайдаланып, оқушыларды өз бетінше білімін тереңдетуге, ізденіспен жұмыс жасауға үйрету бағытында жұмыс істеудемін. Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруда өз сабақтарымда сын тұрғыдан ойлау технологиясы, Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мен ізгілендіру, саралап оқыту, ақпараттық коммуникациялық оқыту технологияларын пайдаланып, шығармашылықпен жұмыспен айналысамын. Сабақтарымның негізінен мазмұны бір-біріне ұқсамайтын болып келеді. Сабақтарымда заманауи педагогикалық талаптарды ұстана отырып, әр оқушы үшін оқу жүктемесін дұрыс үлестіріп,сабақтың тығыздығына аса назар аудара отыра, айқын мақсатты түрде ұйымдастыруға көп көңіл бөлемін.

Пән бойынша таңдап алған өзекті мәселем:«Графикалық органайзерді қолдана отыра оқушылардың айтылым дағдысын дамыту».

Ал педогогикалық қызметімің мақсаты: оқушыларға қазақ тілінің көркемдігін, күрделілігін түсіндіру және мемлекеттік тілді үйрену үшін жағымды орта қалыптастыру. Ал осы мақсатты жүзеге асыруда оқушылардың өзіндік жұмысына, практикалық жұмыстың орындалуына, білімді жүйелеуге көп көңіл бөлемін.

Мазмұнды сабақ өткізу үшін жүйелі түрде дидактикалық материалдар құрумен айналысамын (жаттығулар мен тапсырмалар). Қазақ тілі сабағында оқушылардың рухани – этикалық тәрбиесін жүзеге асыруда халықтық педогогика көмегіне жүгінемін.

Жоғарыда айтылған технология мен әдістеме түрлері оқушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығын және белсенділігін арттырады.

2019 жылдың қаңтар айында «Білім үрдісінде латыннегізді қазақ әліпбиін меңгертуді тиімді енгізу» тақырыбында облыстық семинар өткіздік. Өткізілген шара ШҚО ББПҚ БАИ, АОБ әдіскерлерінің және аудан, облыс мұғалімдеренің тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастық қоры» ШҚО бойынша ресми өкілі ретінде облыс көлемінде республикалық маңызы бар «Мемлекеттік тілді меңгерудің инновациялық технологиялар жүйесін құру»тақырыбында Ұлан, Шемонаиха, Катон – Қарағай, Глубокое аудандарында, Риддер, Өскемен, Зырян қалаларында семинар өткіздім.

Оқушыларым соңғы 5 жыл ішінде аудандық, облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылған «КИО», «Тұлпар», «Айналайын», халықаралық, облыстық ғылыми практикалық конференция «Мир вокруг нас» және облыстық "Абай оқулары",Мағжан оқулары", Ф.Оңғарасынова мен М. Мақатаев оқулары."Қ.Бітібаева оқулары" облыстық деңгейдегі "Ең үздік эссе"сайыстарына қатысып, мемлекеттік тілді меңгерушілер ретінде «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атануда.

Оқушыларымның пән бойынша білім сапасы көрсеткіші 90-100%, ал мемлекеттік қортынды аттестацияда білім сапасы көрсеткіші 100% құрайды.

Сонымен қатар ұстаз ретінде облыстык «Үздік филолог» сайысына катысып Гран Приге ие болдым. Глубокое ауданы акиматы тарапынан «Білімге қосқан үлесі» үшін деген медальмен марапатталдым.

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 11 және 5 сыныптарға арналған дидактикалық материалдар авторымын.

Интернет жүйесінде халықаралық деңгейде еңбектерім басылымда жарияланып. арнайы сертификаттармен марапатталдым.

Халықаралық деңгейде «Білім беру үздігі» энцеклопедиясына атым еніп, алғыс хатпен марапатталдым. Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастық қорының мүшесімін. Республикалық басылым «Қазақ ұстазы» журналында мұғалім өз еңбектерімен ұстаздар қауымымен бөлісудемін.

Бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі қоғамның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – әрбір жас ұрпақтың бойына бәсекеге қабілетті құндылық қасиеттерді қалыптастырып, дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралылығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Сондықтан, оқушылардың оқу–тәрбие үрдісінде жан–жақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері мұғалімнің шеберлігімен байланысты. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзіреттілік тұрғыда дамыта отырып, нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – біздің қолымызда, әріптес!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!