Мұғалім -
мәртебелі мамандық
Жаңа
формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны
қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай,
шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға
ҚР білім беру
Тұжырымдамасы
Мен -өз
мамандығын шын сүйетін, қиындығына төзетін ең әуелі адаммын.Сосын
бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен анамын. Әлемді
тербеткен дегендегі айтпағым, оқушыларға берген білімім. Олай деуге
себеп, бүгінгі жас бала ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат. Бізден
алғанын, бізден үйренгенін өскенде өз кәдесіне жаратып, мүмкін
әлемді сол арқылы өзіне бас идіреді. Солай дейік, және солай
боларына сенейік.
Міне түннің
жартысы ауды, үй іші қалың ұйқыда. Мен ғана жазу үстелінде шұқшиып
отырмын. Әйгілі қытай ойшылы Конфуцийдің « Өзіңіздің жаныңызға
ұнайтын жұмыс таңдаңыз, тек сонда ғана сіз өмір бойы жұмыс істеуге
міндетті болмайсыз» дегені менің өмірлік ұраным . Себебі, мен
мамандық таңдауда қателеспеген жанмын. Мұғалім мамандығын барлық
кәсіптен артық көремін. Өйткені қараша ғана тіршілігін дөңгелетіп
жүрген өз нәпақасын адал жолмен тауып жеген мұғалім деген момын
жандар. Бірде таксимен келе жатып мынадай оқиға куәсі болдым.
Алдыңғы орынға жайғасқан кексе әйелге такси жүргізушісі бөсіп
келеді. Әңгімесі қызының кітабын түгелдеп бермеген мұғалімді
мектепке барып, «екі аяғын бір етікке тыққаныдығы» туралы.
Мұғалімді қорқытып қызының кітаптарын түгелдеп алған такси
жүргізушісі әңгімесінің соңын мұғалімдерге жани аши аяқтады.
Байқұстар күнімен мектепте жүред, кешке келген соң тағы түннің бір
уағына дейін компьютерге шұқшиюмен отырады екен. Сондағы алғаны
шайлығына жетпейтіндігімен, мұндай жұмысты өзінің өлсе де
істемейтіндігімен сөзін қайырды. Мына сөздерді есіткен маған қытай
данасының нақылы есіме орала берді.
Қаншама ауыр
жұмысы, қаншама жүйке жұқартар жағдайлары болса да маған бұл
мамандық ардақты. Мен өзімді жұмыс істеген сайын шынығатындай
сезінемін. Білген үстіне білсем, білгенімді үйретсем деген
мақсатпен келемін. Қазіргі заман педагогіне де талаптың жоғары
екені әммеге аян. Баяғыша, оқушыға тақырып бойынша бар білгеніңді
түсіндіріп, сол өзің айтқандарды келесі сабақ оқушыдан талап ету
емес. Қазіргі өсіп келе жатқан буын сен беретін дайын ақпаратты өзі
таба алады, сол дайынды қалай пайдалануды, оның артықшылығы мен
кемшілігі, ертең өмірде неге қажет болатындығы -бұл мәселе. Сыни
тұрғыдан талдата алу керектігі мәселе. Жуан бәйтеректің шыбықтан
бастау алатындығын,көкпен таласқан мұнараның ұсақ кірпіштерден
тұратындығын , үлкен жетістіктер кішкентай қадамдардан тұратындығын
ескерсек, біз алғашқы баспалдақтарды артта қалдырып, бәсекеге
қабілетті отыз елдің қатарына ену жолындамыз. Білімді ұрпақтың бұл
жолды жалғастыруда рөлі ерекше.Сондықтан да Елбасымыздың білім
саласын инновацияландыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу ошақтарынның
жұмысын жандандыруға зор мән бергендігі бекер емес. Өйткені
еліміздің болашағы бүгіннен басталады.
«Мұғалімі
қандай болса – мектебі де сондай болмақ» дейді А. Байтұрсынов.
Әрине, біз тәрбиелеп жатқан ұрпақ бізге қарап бой түзері анық.
Әуелі сөзімізбен сосын өзімізбен, үшінші әрекетімізбен оқушыларға
үлгі бола білейік. Ол үшін бізге керегі, мол ізденіс,
шығармашылдық, жаңашылдық. Бұрын былай істеп жүр едік, мынау деген
қиын екен деп кей әріптестеріміз кейіп жүреді. Бұл дұрыс емес,
жаттанды жол да жалықтырады, бізді болмаса біздің алдымыздағы жас
желкендерді. Олардың мен сыныпқа кіргенде бүгін қандай өзгеріс
болар екен, несі қызық болады деп тағатсыздана күтуіне өзім
себепкермін. Бүгін әдебиет болады деп бала қуана, тағатсыздана
күтпесе мен нашар мұғаліммін. Нашар мұғалім болып жүру бұл
мұғалімдік атқа сын. Өйткені нашар мұғалім болмауы
керек.
Қорыта келе
айтарым,мұғалім өзі өмір сүрген қоғамда теңдесі жоқ биік тұлға.
Ардақты ақын
Ғ. Қайырбеков
«Ұстаз болу -жүректің батырлығы» деп жырлаған. Жүрегі батыр адам
әрқашан өз міндетін дұрыс атқарып, жетем деген мақсаты жолында
талмай еңбек етіп, сол жолда қандай қиындық болса да жеңу жолында
бар күш-жігерін салуы керек. Сонда біздің қоғамымызда жоғарыдағы
айтылғандай мүсіркеулер, сес көрсетулер орын алмас еді. Бір қарын
майды бір құмалақ шірітетінін ескерсек, бұрынғы жеңілдің астымен,
тиіп –қашпамен жүрген мұғалімдермен жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет
деп ойлаймын.
Бөрібекова
Маржан Тұңғышбекқызы
Сарыағаш
ауданы