Материалдар / Есту кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Есту кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Есту кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
730
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есту кемістігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

Дыбыс айтуға оқытудың негіздері Есту кемістігі бар балаларда ауызша сөйлеу тілінің дыбыс айту жақтарын қалыптастыру арнайы мектептің білімділік-коррекциялық жұмысының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл ауызша сөйлеу тілінің қарым-қатынаста қолданылатын тәсіл ретінде тілді меңгерудің негізгі және ойлаудың құралы болып түсіндіріледі. Естімейтіндерді дыбысты айтуға үйретудің міндеттерін анықтауда ең алдымен ауызша сөйлеу тілінің екіжақты қызметі туралы ескеру қажет: ол бір жағынан естіп отырған адамға қатысты болса,екінші жағынан айтып отырған адамға қатысты. Естімейтіндер үшін ауызша сөйлеу тілінің қарым-қатынас құралы екенін ескерек отырып, оларды дыбыстап айтуға үйретудің алғашқы және басты міндеті – олардың сөйлеу тілін жеткілікті түрде түсінікті ету. Есту қабілеті зақымдалған адамдар үшін ауызша сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ғана емес,сонымен қатар ойлау құрал болып табылады.Сол себепті дыбыстап айту айқын әрі анық болуы қажет. Екінші міндеті – дыбыстарды айтуда фонетикалық ережелер сақталатындай әрбір дыбыс,сөздің дәл болуы, анық түсінікті болуы. Естімейтін балаларды дыбыстап айтуға оқытудың мазмұны өзіне мынандай: оқушыларда ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық жағдайына байланысты оған қойылатын талаптарға жауап беретіндей білім-білік және дағыдалардың қалыптасуы. Жалпы және жеке талаптар бағдарлама сұранысына сәйкес естімейтін балаларды дыбыстап айтуға оқытудың негізгі бағдары болып табылады. Дыбыстап айтуға оқытудың бағдарламасы келесі бөлімдерден құралады: 1.Сөздік тыныспен жұмыс Жұмыстың мазмұны – оқушыларда тынысты дұрыс қолдануды қалыптастыру, сонымен қатар бір тыныста буынды, сөздерді, қысқа сөз тіркестерін бөлмей, бірге айту және қысқа сөздерді, сөйлемдерді синтагмаларға бөліп айтқызу. 2 Дауыспен жұмыс.Жұмыстың мазмұны – оқушыларда дауысты қалыпты биіктікте және қалыпты тембрмен, кемшіліксіз айту дағдысын қалыптастыру. 3. Дыбыстар және олардың тіркесуі.Жұмыстың мазмұны – дыбыстарды дұрыс айту мен оларды сөз арасында дұрыс қолдана білу. 4.Сөзбен жұмыс. Бұл жұмыс оқушыларда сөздерді дұрыс – бірге, сөздің құрамын сақтай отырып, екпін мен орфоэпиялық заңдылықты ұстап айтуға үйрету және бір тыныста сөздерді,сөйлемдерді бөлмей,дыбыстарды қадағалап, дұрыс айтуға үйрету. 5.Сөз тіркестерімен жұмыс. Жұмыстың мазмұны оқушыларда қысқа сөздерді қалыпты жағдайда, бір тыныста бөлмей дұрыс айтқызу және дұрыс логикалық екпінді қойып айтуды қалыптастыру.

Естімейтін балалар үшін ауызша сөйлеу тілінің қарым-қатынас құралы екенін ескере отырып, оларды дыбыстап айтуға үйретудің алғашқы және басты міндеті – олардың сөйлеу тілін жеткілікті түрде меңгеріп, түсінікті етіп айта білуі.Есту қабілеті зақымдалған адамдар үшін ауызша сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы ғана емес,сонымен қатар ойлау құрал болып табылады.Сол себепті дыбыстап айту айқын әрі анық болуы қажет. Екінші міндеті – дыбыстарды айтуда фонетикалық ережелер сақталатындай әрбір дыбыстың,сөздің дәл, анық түсінікті болуы қажет. Сонымен қатарәрбір қойылған дыбыстардың артикуляциясын оқушы жақсы білуі керек. Бала дыбысты айта алмаған жағдайда әр дыбыс жеке-жеке қойылады және әртүрлі жағдайда дағдыландырылады.Оқушы сурдопедагогтың айтқан сөзін, буынды және дыбыстарды қабылдағанда естіп, көріп-есту арқылы және тактильді-вибрациялық қабылдауларына сүйене отырып жүргізеді. Қойылған дыбыстыр буында, сөзде, сөйлемде айтылып,дағдыландырылса ,оқушылардың сөйлеу тілі өз деңгейінде қалыптасады. Әр қойылған дыбысты айтып дағдыландыру үшін жаттығулар жүйесі пайдаланылады.Жаттығулар жүйесі үш түрлі жағдайда жүргізіледі.1.Дауысты дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту.2.Дауыссыз дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту.3.Қойылған дауысты, дауыссыз дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркестерінде диференциациялау.Дыбыс айту жұмыстарын жүйелі түрде жоспарлау. Әр дыбыстар бойынша дидактикалық материалдар даярлау.Әрбір оқушыға жеке қойылатын дыбыстар бойынша, бағдарлама сұранысына сәйкес сабақ жоспарын құрастыру қажет.


Естімейтін балаларды дыбыстап айтуға оқыту әдістемесі

Есту кемістігі бар бала дыбыстарды дұрыс айту үшін әр дыбыстың артикуляциясын жақсы білуі керек.Қойылған дыбыстар буында,сөзде, сөйлемде айтылып дағдыландырылса,оқушылардың сөйлеу тілі өз деңгейінде дамиды. Естімейтін және нашар еститін балалар дыбыстарды дұрыс айту үшін әр дыбыстың артикуляциясын жақсы білу керек. Қойылған дыбыстар буында, сөзде, сөйлемде айтылып дағдыландырылса, оқушылардың сөйлеу тілі өз деңгейінде болады. Әр қойылған дыбысты айтып дағдыландыру үшін жаттығулар жүйесі пайдаланылады. Жаттығулар жүйесі үш түрлі жағдайда жүргізіледі:

  1. Дауысты дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту

  2. Дауыссыз дыбыстардың дұрыс артикуляциясын бекіту

  3. Қойылған дауысты-дауыссыз дыбыстарды буында, сөзде, сөз тіркестерінде дифференциациялау



Құлағының есту кемістігі бар балалар мектебінде байланысты сөйлеу тілінің негізгі мақсаты- бірнеше сөйлемдермен өз ойын, сезімін, талабын баяндап беруге баларды үйрету, сонымен бірге істеген жұмыстары жайында кеңейтілген монолог құрастыруға үйрету. Есту қабілетінің нашарлауына, есту кемшілігіне байланысты оқушы үлкендерге еліктеу арқылы сөз, сөз мағынасын қабылдай алмайтындықтан арнайы түзету жұмыстары, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру іс-әрекеттері арнайы сурдопедагогикалық талаптарға сай жүргізіліп, естімейтін баланың байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары қалыптастырылып, өмірге бейімделеді. Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Ал естімейтін баланың дыбыстарды қадағаламауына байланысты сөзі таза болмайды, сондықтан да түзетіп, таза сөйлеуді талап етіп отыру аса қажет.
Еститін адамдармен бірге жүру, қарым-қатынас жасау арқылы естімейтін баланың да байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы молая бастайды.

Тіл дамыту тек қана оқушының сөздік қорының молаюы ғана емес, шебер, мәнерлі сөйлеуге, ойын жатық жеткізуге де баулу болып табылады


Өз тәжірибеме сүйене отырып, тіл ұстарту жұмыстарының мынандай жолдарын қарастырдым.

  1. Әңгімені оқыта отырып, оқушы дәптеріне қысқаша оның тақырыбы, сюжеті, идеясы, мазмұнын жаздыру. Сонда оқушы не туралы, қандай бағытта сөйлеу керектігін түсініп отырады.

  2. Табиғат көріністерін, әр түрлі өмір құбылыстарын, адамдардың бейнесін, іс-әрекеттерін баяндауда көркемдеу, бейнелеу құралдарын пайдаланып, сөйлей жаза білуге дағдыландыру, жетелеу.

  3. Белгілі бір шығармаға дейін өзіндік пірін немесе көзқарасын білдіру үшін мұғалім өзін оқушымен тең дәрежеде ұстай отырып: «Менің ойым мынандай, ал сен не айтасың?», «Кейіпкердің орнында болсаң, сен қандай әрекет жасар едің?» т.с.с сұрақтар арқылы жетелеп отыру.

  4. Оқушылардан кез-келген шығарманы немесе мәтінді көзбен алу емес, түсініп отыруын үнемі қадағалап отыру.

Жалпы тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттырығын арттырудың негізгі жолы. Сабақты баланы және оның ойын осы сабаққа аударуда тиімді әдісті қолдана отырып бастаған жөн. Ол әдістің бірі- диалог. Бұл әдіс бір жағынан баланың тілін жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде оқушымен сөйлескенде сұрақ қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аударған сон, үй тапсырмасын тексеру, басқа қосымша тапсырмалар немесе әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбітуге болады. Күнделікті сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы осындай байланыс өз нәтижесін береді. Тәжірибемде инициативалық жаттығулар үшін тапсырмаларды жеке карточкаға жазып, үлгерімі жақсы оқушыларға бердім. Мынадай үлгіде болды:

1.Сіздің сұхбаттасатын адамыңыз – дәрігер. Тапсырма: Қай жерде? Қай салада еңбек етеді? Жұмысында қандай қиындықтар бар? Отбасы туралы білу.

2.Сіздің сұхбаттасатын адамыңыз- спортшы. Тапсырма: Қай спорт түрімен шұғылданасыз? Ісіңіздегі жетістіктер? Неше жасыңыздан спортпен айналысасыз? Отбасы туралы білу.

Міне, осылайша инициативалық жаттығуларды түрлендіруге болады. Жаттығуды орындау барысында сөздердің дұрыс айтылуы назардан тыс қалмауы керек. Сабақ барысында оқушының тіл дамыту жұмысына әртүрлі әдістерді қолдануға болады:

1.Сөздік арқылы тіл дамыту. Жаңа сөздерді жақсы түсініп, есте сақтаулары үшін сөйлем құрату.

2.Мәтінге байланысты тіл дамыту. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесіндегі жаман жолдастың іс-әрекеті. Сыныпты топқа бөліп, осы мәселені топ ішінде қарастыру беріледі. Оқушылардың бір-бірімен ой алмасып, өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады. Топ ішінен бір спикер шығып, өз ойларын жинақтап, пікірлерін айтады. Ситуация анық, оқушы бұрын жинақтаған білімін пайдаланып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

3.Көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту. Суреттер арқылы сөйлем құрау, шағын эссе, әңгіме жазу. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, мәтін құрастыру, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.Әр мұғалім  сабақта  тіл  дамыту  жұмыстарын  шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне  білуіне, білгенін қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының  тілін  дамыту  жұмысы,  ол  баланың  жалпы  ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып  үйренсе де, өзінің  істеген  жұмысы, көрген-білгені  туралы  күнбе-күн  сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады,  яғни оқушылардың   тілін   дамыту   мәселесі   олардың   ойлау қабілетімен байланыстырылса,  сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

- оқушының сөздік қорларын дамытады;

- сауатты жаза білуге дағдыландырады;

- теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;

- шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Қорыта келгенде, тіл дамыту жұмыстары нашар еститін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!