«Алматы облысының білім
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық
есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сурдопедагог Бесбаева Аида
Есимхановна
Есту кемістігі бар
балалардың есте сақтауын дамыту
Есту анализаторының қалыпты
қызмет етуі баланың жалпы дамуына ерекше маңызы бар. Есту
қабілетінің жағдайы баланың сөйлеу тіліне және психикасына әсер
етеді. Есту анализаторының бұзылысында ең бірінші сөйлеу тіліндегі
ауытқулар болса, екіншілік кемістік таным әрекетінің төмендеуі.
Естуінде ауытқуы бар балалар сөйлеу тілін тек арнайы оқыту арқылы
меңгере алады. Есту қабілетіндегі кемістіктердің орнын толықтыру
үшін аса маңызды қызметті көру арқылы қабылдау атқарады. Бұл
топтағы балаларда заттарды тану мен ажырату баяу өтеді. Көрген
заттарды саналы түсіну, уақыттпен кеңістіктегі заттар арасындағы
қарым-қатынасты меңгеруде қиналады, аударып, керісінше көрсеткен
жағдайда заттарды шатастырады. Зейін дамуы естуінде ауытқуы бар
балалар үшін өте қажетті, өйткені сөйлеу тілін сөйлеп тұрған
адамның ерін қимылынан көру арқылы, немесе дактильді сөйлеуді
саусак қимылынан қабылдау мүмкін болса, ал ол тек зейін салу арқылы
мүмкіндік береді.
Бұл жағдай естуінде ауытқуы
бар балалардың зейін тұрақсыз, әлсіздігін білдіреді. Зейін салуы
қабылданатын заттардың көркемдік бейнесіне тәуелді (А.В. Гоголева).
Сондықтан бұл балаларды оқытуда көптеген, түрлі көрнекілікті
пайдалану қажет. Есте сақтау қабілеті саналы сипатқа ие. Аталмыш
балалардың заттын бейнесін есте сақтау қабілетіне, көру арқылы
қабылдаудағы өзгешіліктер әсерін тигізеді, нақты қоршаған заттар
арасында жеңіл-желпі көрсеткіштерін тез байқайды да, бейнесін есте
сақтауда қиналады. Т.В. Розанованың зерттеуі көрсеткендей көрнекі
материалды еріксіз есте сақтауда естуінде ауытқуы бар балалар
барлық көрсеткіштер бойынша қалыпты балалардан артта қалуда:
заттардың орнын, бейнесі, ұқсас заттарды шатастырады. Ал ерікті
есте сақтауын қарастырсак, бұл балалардың есінде заттардың
бейнелері бір жүйеге қалыптасуы қалыпты балалармен салыстырса
төмен. Ерікті және еріксіз есте сактаудағы ерекшеліктер оқу
материалын қабылдап, тұрақты есте сақтауына ықпал етеді. Соңдықтан
образды есте сақтауын қалапты деңгейге жеткізу үшін - таным
процестерін жетілдіру, ойлаудын - салыстыру, талдаумен жинақтау
сияқты процестерді дамыту қажет
Естуінде ауытқуы бар
балалардың есте сақтауы сөйлеу есте сақтауын дамыту негізінде
нәтижелі. Естімейтін және нашар еститін балалардың ойлау процестері
де өзгешіліктерге ие. Естуінде ауытқуы бар балалар көрнекі-әсерлі
ойлау арқылы тапсырмаларды орындау қабілеті қалыпты балаларға
қарағанда кеш және қарапайым тәсілдер арқылы қалыптасады (А.В.
Запорожец). Көрнекі- бейнелі ойлау сөйлеу тілінің дамуына тәуелді.
Естімейтін және қалыпты балалар арасындағы көрнекі-бейнелі
ойлаудағы айырмашылықтар бастауыш мектеп жасында байқалады. Ал 7
мен 10 жас аралығында көрнекі-бейнелі ойлауы жылдам дамиды.
Логикалық ойлау көрнекі-бейнелі ойлау негізінде дамиды. Естуінде
ауытқуы бар балалардың көрнекі-бейнелі ойлауы баяу дамуына тәуелді
логикалық ойлауыда тежеледі.
Ес- сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып,
ұмытылуын бейнелейтін күрделі процесс.
Бір нәрсені еске сақтау – оны
байланыстыру деген сөз.Осы байланыстарды психологияда ассоциация
деп атайды. Ес басқа да танымдық процестермен тығыз
байланысты.Ол,әсіресе, ойлау процесі үшін өте
маңызды.
Есте қалдырылатын немесе қайта
жаңғыртылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке
бөлінеді. Олар:
-
Қозғалыс немесе моторикалық
ес- ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып
отыратын қимыл-қозғалыстарды есте қалдыру мен қайта жаңғыртып
отыру.Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі
болып табылады.
-
Образдық ес- заттар мен құбылыстардың нақты бейнесін
ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отырады.
Оқушылар-
да сабақтың материалын жақсы есте қалдыру үшін
бейнелік есті пайдалануға болады. Ол үшін,мысалы,информатика
сабағында берілетін тапсырмаларды компьютерде әр түрлі
сурет,схемалармен түрлі-түсті етіп берсе жақсы есте
сақталып,балалар ұмытпайды және қажет кезде тез қайта жаңғырта
алады.
Есте сақтауды дамытуға арналған
жаттығулар
-
Сөз-логикалық ес-
ұғым,пікір,ой қорытындыларын есте қалдыра алу қабілеті. Естің бұл
түрі философтар мен математиктерде жақсы дамыған. Сөз-логикалық
естің оқу процесінде маңызы зор.
-
Эмоциялық ес- сезімдерді есте қалдырып отыру.Естің бұл
түрі бойынша оқушыларда сабақтағы жағымды және жағымсыз сәттері мен
ұнамды,ұнамсыз жақтары жақсы есте қалады.
Оқыған материалдарды есте қалдыру үшін мына
төмендегі шарттарды орындап отырған абзал:
1.Есте қалдыруда әр кез алдыңа мақсат қойып
отыр.
2. Есте қалдыру материалдың қоғамдық ,
практикалық мәні мен адамның нақты қажетіне де тәуелді
болады.Мысалы,сен материалды оқығанда бір қажетіме керек болар деп
оқитын болсаң, оны ұғыну,есте сақтау қиынға
соқпайды.
3.Оқылатын материалды жоспарлай білу де есте
қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Материалдың ішінен еске тірек
боларлық жерлеріне барынша көңіл бөлу, еске қалдыруды нәтижелі
етеді.
4.Есте қалдырған материалды адам мүмкіндігінше өз
сөзімен өзі құрастырған сөйлемдерімен айтып бергені абзал.Егер
оқушы мұғалімнің айтқанын сөзбе сөз айтып беретін болса,көп
кешікпей сол оқығанын ұмытып қалуы мүмкін.
5.Материалды жақсылап есте қалдыру адамның
өзін-өзі тәрбиелей алуына ,яғни өзінің есте сақтауына да
тәуелді.Мысалы,адамның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру
дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән бермейтін , өзін
көлденеңінен кезіккен нәрселер билеп кететін адамдардың есте
қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды.
6.Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да
байланысты.Әдетте оқу материалын бір қайтара оқып, жаттап алуға
болмайды.Белгілі уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қажеті
жоқ. Мысалы, өлеңді бірден жаттап алса, ол тез ұмытылады. Сондықтан
оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет. Бірақ, арадағы үзіліс те
тым ұзақ болмасын.Тек көлемі шағын материалды тұтас күйінде
жаттауға болады.Егер материал көлемді болса, логикалық ой
сақталатындай етіп, оны бөлген пайдалы.Мұндайда қайталаудың саны
азырақ болады және ол есте ұзақ сақталады.Сондай-ақ жатталған
нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны ұмытпай тұрып
қайталау керек.
Жаттаудың жасанды әдісінің бірі- механикалық (
мағынасын түсінбей ) есте қалдыру. Егер мағынаны есте қалдырудың
мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне , олардың бір бірімен байланысын
түсіну болтын болса, механикалық есте заттар жай сыртқы байланысқа
түседі. Шетел сөздерінің жазылуы мен айтылуын, қиын сөздер мен
атауларды, көше,жер-су аттарын, телефон номерлерін есте қалдыру
қажет болған кезде естің осы түріне жүгінеміз.
Адам көп білген сайын ақыл ойы да өрістеп ,
кемелдене береді. Ақылды адам тәртіпті , өзін жақсы ұйымдастыра
алатын кісі. Сондықтан ақыл ойын байытқысы келген әрбір оқушы өзін
темірдей тәртіпке , саналылық пен жүйелілікке баулуы тиіс
.
Есте сақтауды дамытуға арналған
жаттығулар
« Суретшілер » ойыны
Алдын ала сайланған жүргізуші 20 сөзден тұратын
тізім дайындайды. Әр қатысушы қарындаш немесе қаламсап және қағаз
даярлайды. Жүргізуші тізім бойынша сөздерді ретімен оқып, 3-ке
дейін санап отырады, Сол уақыт ішінде қатысушылар қандай болмасын
тәсілдерді пайдаланып суреттеуі керек. Суреттері басқаларға
түсініксіз болса да, өзіне түсінікті бола болып, сөздерді ретімен
айтып шықса болады. Ал, кім көп сөзді ретімен дұрыс есте сақтап,
айтып шықса , сол ойыншы жеңімпаз атанады.
« Әңгімелеу » ойыны
Жүргізуші мәтін оқиды. Ойынға қатысушылар мұқият
тыңдайды. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеуді кез келген ойыншыдан
бастайды. Әрі қарай сағат тілімен жалғасады. Әр қатысушы бір
сөйлеммен толықтырып отырады. Содан соң мәтінді тағы бір рет оқып
шығып, мазмұнына толықтырулар енгізеді, қателерін
түзетеді.
« Мәтінді еске сақтаймыз
»
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді.
Жүргізуші мәтін оқиды.Барлығы тыңдап алады.Содан соң әр ойыншы
қағаз бетіне есте қалдырғанын жазып шығады.Әр топ мүшелері
ақпараттарымен алмаса отырып, мәтінді есте қалған түсініктері
бойынша қалыпқа келтіреді. Барлық қатысушылар құрастырылған
мәтіндерін оқып, қорытындыларын салыстырады.
Материалды есте қалдырудың көлемін арттыруға
арналған жаттығулар
« Байқа,сақта »
Ойын серуен кезінде ұйымдастырылады. Балаға 5-10
минут ішіндеалдындағы көріп отырған көріністің барлық белгілерін
есте сақтау тапсырылады.Мысалы, егер бала үйді көріп тұрса , ол
неше қабатты,неше есік, әйнектері барын және т.б. белгілерін
сақтауға тырысу керек. Егер саябақтың көрінісі болса, онда қандай
ағаштар бар, биіктігі сияқты белгілерін айту қажет.
Белгіленген уақыт аяқталған
соң ойыншылар қарсы жаққа бұрылып, есіне сақтаған белгілерді
ретімен айып шығу керек. Ұыймдастырушы сұрақ та қоя алады. Мысалы,
«Демалуға арналған орындықтың түсі қандай?»Әр дұрыс жауапқа бір
ұпай беріледі.
«Алтыншыны
ата»ойыны
Ойынға бірнеше ойыншы
қатысады.Біреуі жүргізуші.Ол қатысушылардың біреуіне «Алтыншыны
ата»- деп бес өсімдік(жануар,құс, балық,жәндік т.б.) атын тез айтып
шығады.Жүргізушінің топтамасына алтыншы- сын тез жалғастыру керек.
Бір сөз қайталанбау керек. Жауап кідіріссіз берген ойыншы жүргізуші
болады. Ал,егер жауап бере алмаса жүрізуші өзі
жалғастырады.
«Сөз»
ойыны
Балаға төмендегі тақырыптар
бойынша неғұрлым көп сөз жазуын тапсыру
керек.
1)мектеп, 2)музыка, 3)кітап,
4)математика, 5)дүниетану, 6)мәдениет, 7)қыс, 8)көктем, 9)жаз,
10)күз.
Әр тақырып бойынша 5 минут
уақыт бөлінеді.
2-3 тақырыптан бөліп , ойынды
бірнеше сабақта өткізуге болады.
Ойын төменгі сынып
оқушыларының сөздік қорын молайтуға
көмектеседі.