Материалдар / Эволюциялық дәлелдемелер. 9- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эволюциялық дәлелдемелер. 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәніннен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1932
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 19.01.17

Сыныбы: 9 А, В Пәні: биология

Мұғалім: Демеубаева Г.

Сабақтың тақырыбы:

Эволюциялық дәлелдемелер

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, эволюция туралы білімдерін толықтыру.

Сабақтың міндеттері:

-эволюциялық дәлелдемелер түрлерін анықтау

-диалогтық қарым-қатынасқа түсу

-эволюциялық дәлелдемелерді өзара салыстыру

Күтілетін нәтиже:

Эволюциялық дәлелдеме түрлерін анықтай алады, эволюциялық дәлелдемелерді салыстыра алады.

Сілтеме:

Биология оқулығы 9 сынып (Ж.Шілдебаев, Ж.Қожантаева, Л.Аманжолова)

Оқыту нәтижесі:

Оқушылардың орагникалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік қалыптасады; эволюция туралы білімдері толығады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Бейнематериалдар, флипчарт, стикер, маркерлер

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ

Оқыту әдістері:

Блум таксономиясының 6 негізі, жеке, топтық жұмыс

Дереккөздері:

Білімланд сайты, оқулық

Тапсырмалар:

«Әлем ғалымдары»; «суретпен жұмыс»; «биологиялық тренажер», «кестемен жұмыс»; «синквейн»; «бой сергіту»; «талаптансаң – жетерсің...»

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтап, сабақты бастаймын. Оқушыларға 3 топқа бөлу.

Оқушылар амандасады, сабаққа зейін аударады.

Мұғалімнің нұсқауымен топқа бөлінеді.

Білім



  1. Жалпы сұрақ беріледі: Эволюция дегеніміз не?

  2. «Әлем ғалымдары»

Әр топтың алдарына Ч.Дарвин, Ж.Б.Ламарк, К.Линней ғалымдарының портреті мен туған жылдары жазылған қағазды таратып, сәйкестендіруді тапсыру.

  1. «Суреттер сөйлейді» суреттер бойынша түсінік береді.

Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.

Суреттерді сәйкестендіреді.


Оқушылардан күтілетін жауаптар: а) мойны қысқа жирафтар жапыраққа жетуге ұмтылып, мойнын созып жаттықты. Ең ынталы жирафтардың баласы ұзын мойынды болып туды. Б) Ч.Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде «Бигль» кемесімен жер шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде жиналған материалдарын өмір бойы өңдеді. В) Дінге қатты сенетін адам ретінде К.Линней адамның маймылға ұқсастығын мақұлдамады. Алайда, оларды салыстыра келіп бір отрядқа жатқызды.

Түсіну


Көрсетілім арқылы ақпарат беру.

Жаңа сабақ түсіндіріледі.

Биологиялық эволюция Жерде тіршіліктің пайда болған сәтінен бастап ағзалардың баяу және тұрақты өзгерістерінің үдерісін білдіреді. Кең мағынада, биологиялық эволюция үдерісі қарапайым біржасушалы түрлерде де, дәл солай неғұрлым күрделі көп жасушалы түрлерде де жүзеге асады. Эволюцияның бар екені жай сонымен бірге жанама дәлелдерменде расталған. Тура дәлелдемелер негізінен палеонтология саласында табылған заттармен көрсетіледі, ал жанама дәлелдемелер биологияның анатомия, эмбриология және биохимия сияқты басқа салаларымен анықталды.

Палеонтологтар таулы тұқымдардан табылған өсімдік пен жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу арқылы эволюция үшін нақты дәлелдемелерді алуға болады. Қазба қалдықтарға өлі ағзалардың қалдығы мен олардың тастағы іздері жатады. Оларды зерттеу жойылып кеткен ағзалар туралы бағалы деректерді береді, сонымен қатар, ағзалардың белгілі бір тобында тарихи дамудың қалай жүргендігін көрсетеді. Олар бізге Жердегі тіршіліктің миллиондаған және миллиардтаған жылдар бойы дамуымен қатар, сол Жердегі өзгерістер туралы да айтады. Қазба және тастағы қалдықтар эволюцияның палеонтологиялық дәлелдемелеріне жатады.

Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелеріне гомологиялық және аналогиялық мүшелер жатады. Әртүрлі таксономиялық топқа жататын ағзалардың олардың ортақ ата-тектен шыққандығын білдіретін құрылысындағы ұқсастық сонымен қатар эволюцияның жанама дәлелі болып табылады. Ағзаларда гомологиялық мүшелерінің әртүрлі тобының болуы олардың арасындағы туыстықтың деңгейін анықтауға, эволюциясын бақылауға мүмкіндік береді. Табиғатта мүшелердің атқаратын қызметі мен сыртқы түрі жағынан ұқсастықтар көп кездеседі, бірақ олардың шығу тегі бір емес. Ондай мүшелер аналогиялық мүшелер деп аталады. Аналогиялық мүшелер табиғи сұрыпталу әрекетінен эволюция үрдісінде туындайтын ағзаның негізгі бағыттарының ұқсастығын білдіреді.



Оқушылар видеоны қарай отырып, ақпаратты алады. Көргендерін ортаға салады.

Қолдану


«Биологиялық тренажер»



Дұрыс жауабын табыңдар:

Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын ................................ зерттейді.
1. Палеонтология;
2. Салыстырмалы - анатомия.

Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан.............. мүшелер дамиды
1. Аналогтық
2. Гомологтық

Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер
1. Аналогтық
2. Гомологтық

Көбелек пен құстың қанаттары бірдей ұшу қызметін атқарғанымен құрылысы бір-біріне..............
1. Ұқсайды
2. Ұқсамайды

Shape1


Shape2

Shape3

Әр топ талқылап, берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды

Күтілетін жауап:

1-топ: 1.1, 2.2, 3.1, 4.2






Күтілетін жауап:

2-топ: 1: а, ә, б, г, е, г, 2: в;








Күтілетін жауап:

3-топ: эволюция; тарихи, ілгерілеу; эволюция тарихи кезең; эволюция тоықтай зерттелмеген ғылым; даму

Талдау


«Бой сергіту»

Оқушыларға координаталық нүктелер беріледі. Эволюцияның ғылыми теориясын зерттеушісі Ч.Дарвиннің саяхаты кезіндегі Галапагосс аралында ерекше көзге түскен жануардың бейнесі шығады.


Оқушылар кординаталық нүктелерді қосу арқылы Галапагосс аралындағы таушымшықтың бейнесін алады.







Жинақтау


«Талаптансаң жетесің...»

Рудимент, атавизм, эмбриология, палеонтология, гомологиялық сөздерінің анықтамасын сұрау.

Оқушылар берілген термин сөздердің анықтамасын айтады. Оқушылар дәптерлеріне жазып алады.


Бағалау


Рефлексия



Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Сіздерге сабақ ұнады ма?

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

Shape4


Үй тапсырмасы.


&38. Эволюцияның дәлелдемелері тақырыбын оқу.

179- беттегі кестені толтыру



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!