f

Материал туралы қысқаша түсінік
fff
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2023
219
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебі









Аудандық «Әбіш оқулары» байқауы

«Ә.Кекілбайұлы шығармалары бойынша зерделеу жоба» бағыты бойынша









Жоба қорғаушы: 9 «Б» сынып оқушысы Сиражова А.

Жоба жетекшісі: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мүғалімі Есенбекова Г.









АННОТАЦИЯ

Зерттеу тақырыбы:

Ә.Кекілбайұлының шығармалары бойынша зерделеу жоба

Зерттеу мақсаты:

Жазушыныңи тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғау.

Зерттеу міндеті:

-Ақынның өмірімен жете танысып, бүгінгі күннің биігінен пайымдау;

-Ақынды зерттеген ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып, ол туралы тың мәліметпен танысу.

Зерттеу әдісі:

1.Әбіш Кекілбайұлы туралы жалпы материалдар қорын жинау.

2.Таңдалған мәліметтерді жан-жақты талдау.

3.Мысалмен айтылған ойларды дәлелдеу

Тақырып өзектілігі:

Әбіш Кекілбайұлының еліне өткен тарихына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімі өлмес мұра боп калды. Бұл мұра тәрбие көзі ретінде зерттеуді талап етеді.

Ғылыми жетекшінің пікірі:



Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................4-5

Негізгі бөлім

1.Әбіш Кекілбайұлының «Күй» шығармасына шолу ..............................................................................................5-7

2.Ә.Кекілбайұлының«Үркер» шығармасы......................................................7-8

Қорытынды.......................................................................................................8-9-10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................10

















Кіріспе



Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде дүние есігін ашқан. Адай руыннан тараған. Аса дарынды жазушы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие.1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып , 1948-1954 жылдарда Оңды орталау, ал 1956-1957 жыл аралағында Үштағандағы орта мектепте дәріс алады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі Университетте әдебиет бірлестігін басқарып,жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Оқуының соңғы курсынан бастап түрлі газеттерде қызмет етіп бастайды. Уақыт оте келе өз еңбектерін шығарады. Ол еңбек жолын бұқаралық ақпарат құралдарында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушілігінен бастап, «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор қызметімен айналысып бастайды. Оның негізгі мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.



Әбіш Кекілбайұлы – заманымыздың біртуар тұлғасы,Кекілбаев туралы сөз қозғау кімге болсада,оңайға түсе қойма»,- деп Қуаныш Сұлтанов айтып кеткендей,Әбіш жайында сөз қозғау,ауыз толтырып айту,оның еңбектерін зерттеу көп еңбек пен ізденісті талап ететіні анық.Алғашқы кітабы «Шуақты күндер» 1962ж Әбіш Кекілбайұлының бірінші өлеңдер жинағы 1962 жылы «Алтын шуақ», 1965 жылы «Бір шөкім бұлт» өлеңдерінен басталды.1968 жылы «Дала балладалары» повестьінің 1 томы, 2001 жылы 2 томы жарыққа шықты. Ауыл өмірінен жазылған повесть,әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик,суреткерлі болашағын көрсетеді.

1.Негізгі бөлім

Жазушы Әбіш Кекілбаев прозасындағы шоқтығы биік шығармаларының бірі – «Күй» повесі. Шығарманың сюжеттік желісі аңыздық факторларға негізделген. Шығармада бір күйдің шығу тарихын суреттегенімен, негізгі ой – адамшылық, гуманизм тақырыбы. Күй» – «Дала балладалары» жинағына енген күйші тағдырын арқау еткен Әбіш Кекілбаев повестерінің бірі. «Күй» – реалистік - психологиялық мектептің жаңа сатылы биігін, деңгейін танытар интеллектуалды прозаның қазақ топырағындағы алғашқы нышандарының бірі. «Күй» – сөзбен сурет салудың, сөзбен өмірлік қақтығыстарды айнытпай көркем өрудің, сөзбен адам жанының нәзік те сырлы, сұлу да нұрлы қатыгез де қайсар, қаһарлы да қан құмар, тәкаппар да текті, аяр да арсыз мінездерге, қарекеттерге толы ішкі әлемін жан-жақты жарқыратып ашудың өзгеше, өрісі кең, ажарлы үлгісі. Хикаят жазушының 27 жасында жазылды. Әйгілі прозашы ретінде танудың бастамасы.

Орыс тіліне аударылып, сыншылар жоғары бағалаған шығарма .Шығармада суреттелетін оқиға – ертедегі қазақ пен түрікменнің арасындағы алауыздық пен жауласушылық. Повестің басты кейіпкерлері – Жөнейіт пен Көкбөрі – түркімен ауылының айтулы батырлары. Мәмбетсана болса сирек көрінсе де найза байламас қулығымен, арамдығымен танылатын кейіпкер. Кек ашындырған Жөнейіттің образы арқылы жазушы маңызды мәселелердің басын ашады. Көкбөрі жападан жалғыз Дүйімқараға соқтығып, опат болған. Інісінің өлімі Жөнейітке ауыр тиеді. Екі ұлыда жаугершілікте опат болған. Кенже ұлы Дәулет дутаршы. Дүйімқараға деген кек ашындырған Жөнейіт енді осы ұлын жауына қарсы аттандырады. Дәулет те қаза болған. Қасындағы нөкерлері Дәулеттің құны деп, күйші қазақ жігітті тұтқындап әкеледі. Жөнейіт қара жолдың бойына басын қылқитып, күйшіні тірідей көміп кеткен. Повесть Жөнейіттің өлімімен аяқталған. Қорыта айтқанда, адам жанының қалың қалтарыс-бұлтарысын көркем сөздің қуатымен қапысыз аша отырып, оның айтып тіл жетпес әлем-тапырақ ішкі халін Жөнейт хан трагедиясы мен тәубасы арқылы беру, оқиға өзегін нанымды өру жазушының ғана емес, күллі қазақ көркем прозасының жетістігі екені күмәнсіз. Жазушы адам санасының екіге жарылу сәтін шегіне жеткізе суреттеген. Повесте мынадай эпизод бар: «Бұған күйші керек. «Ә, Солай ма еді?»,-дегендей қу бас бұған шүңірейе қарайды. «Ендеше сол күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?» - деп тісін ақситып, сақ-сақ күледі. Жөнейт мынау сұмдық елес айықсын деп көзін жұмып алды. Құлағына күңіренген үн келді; сол бір үн сай сүйегін сырқыратып, жан-жағынан қаумалап қоршап келеді. Азынаған айдала. Қу бастың ашылып қалған тесігіне жел кіріп, әлдеқандай ызың шығады. Күйші мынау ызғыған желге шыдап тұра алмай, жер астына кіріп кетіп, күңіреніп жатқандай» деп суреттейді.



2.Негізгі бөлім



Жазушының қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланған "Үркер" романына тоқталамыз. Романда кіші жүз руларының Ресей империясына қосылған кездегі жағдайы суреттеледі. Шығарма негізгі 4 бөліктен тұрады: Тығырық, Елшілік, Арбасу, Айқас. Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII (17-18) ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұдан басқа персонаждар ойдан шығарылған адамдар емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар, қайраткерлер. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы. Сондықтан да бұл шығарма шын мәнісінде тарих шежіресіне құрылған тарих жанрына жататын туынды. Мұның өшпес маңызы мен тарих төрінен алатын орны орасан зор. 



Қазақ хандықтарының Ресей империясына деген көзқарасы, бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға, мүмкін болса тіпті одақ жасауға бағытталған ниеттері мен әрекеттері әр жақты әңгімеленген. Бұл да, әлбетте, әбден орынды, екі ел арасындағы елшілік қатынастырды көрсету арқылы баяндалған. Бұл - тарихи шындыққа әбден жақын. Шығармада суреттелген шытырман жағдайларда, қазақ жері мен елінің тағдыры қыл үстінде тұрғанда, бостандығы мен дербестігінің сақталуы қауіпті жағдайда болып жатқанда, халық кемеңгерлігінің көрінісі керемет көрсетілген. Өмірлік мән бұл мәселелерде жан-жақты, орынды айтылған. Бұл арада ел ойы мен тілегі, замана талаптары тапқан Әбілқайыр ханның, оның толып жатқан жақтастарының әрекеттері жан-жақты талданып, барлық жақтарынан бірдей, қайшылықтарымен бірге баяндалған. Әбіш Кекілбаев алдымен кіші жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылу жөніндегі антын әр жақты сипаттап, қазақ елінің Ресейдің қол астына қарау процесін сипаттайды. Бұл – нағыз өмір шындығы.

Қорытынды

Күй романы қазақ елі өміріндегі аса қиын, асулы кезеңдерді қамтитын, әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін кең шығарма. Тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық рөлінің маңызы жағынан да, көркемдігі мен тіл тартымдылығы жағынан да "Үркер" романы қазақ әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алған құнды шығарма.Қазақтың күйі қуанышта да, қайғыда да қазақпен бірге жасап, бостандық сүйгіш ұлық өнер бостан заманымызға халқымызбен бірге қадам басты. Өнер атаулының ішінде күйдің мерейі жоғары, күйдің рухы биік. Күй дербес мемлекет құрып мерейленген халқымыздың рухын мәңгілікке толғай бермек.

Себебі, күй – біздің ең ардақты, ең әлеуетті, ең сәулетті ұлттық құндылығымыз, ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміздің төресі. Ал рухани жаңғыру бағдарында әділ айтылғандай, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру да болмайды. Қазақ мемлекеттігінің дербес даму үлгісіне, әсіресе күйден қосылар даралық сипаттар мол болмақ. Осы ретте ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталып қалсын десек, ұрпаққа күй мен домбыраға деген махаббат дарытпағымыз ләзім. Қанымыздағы бабалардан мирас ізгі қасиеттерді қайта түлетуде күйден асқан катализатор да жоқ болар. Мәңгілік сақтауға тиісті, тарих тереңінен бастау алған рухани кодымыздың бірегейі де – күй. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілері қатарындағы күйлеріміз мұхитқа құяр дариялардай айдынды. Ендеше, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениеттің де көш басында жауһар күйлеріміз тұрары сөзсіз. Иә, күй – құдірет, күй – ұран. Күй – қазақтың жаны. Күй қазақтың елдігін, көңілінің кеңдігін білдіреді. Қазағым патша көңіл, сері, дарқан Түйінін мықтап ұстап өмір-арқан, Өз үйі – өлең төсек жұмағында Күй тартып, өлең айтып, шер тарқатқан. Ұлытау ұлан төбе даласында, Сырдария атыраулы сағасында, Абызы аңыз күйдің Кет-Бұқа мен Ұмытпас дана Қорқыт бабасын да. Қазақтың жан түбінен келді күйі, Өмірді өрнектеген зерлі күйі. Қаратау қақ басында шерлі күйі, Жоңғардың қақпасында өрлі күйі. Даланың дабылындай Құрманғазы, Тәттімбет көңіл назы, өмір жазы. Саймақтың сары өзені, Сары Тоқа, Ұшырған Нұрғисалар аққу қазы. Шүкірлік, үйім де аман, күйім де есен, Болмайды бұған бір сәт сүйінбесем. Қолыма қара домбыра алған кезде, Үйімде падишаның күйін кешем...». Күй туралы әңгімені былай түйіндегіміз келеді.



Осынау ұлық өнер жайында «Күй» және «Күйші» деген ғажап екі дастан жазған қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров қажыған көңіл қамын, жүрек жанын қобыздағы қоңыр сарынды тартқан қазақтың күйші шалын әлемнің әуеніне бермес едім деп тебіреніп толғанады. Алда да қазақтың күй өнерін осы тұлғалар сияқты қастерлесекші!..



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Кекілбаев «Күй» повесі.

2. "Қазақ энциклопедиясы"

3. Кекілбаев Ә. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1989.

4. Ә.Кекілбаев. //Егемен Қазақстан. 1993, 16 қазан.

5. Әбіш Кекілбаев туралы сөз / Е. Дүйсенбайұлы // Ана тілі. - 2009. - 9 сәуір. -

6. Қорғанбек Аманжол , «Егемен Қазақстан»



Shape1

4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ