Материалдар / Фантастикалық жанрды оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Фантастикалық жанрды оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал базасында мектепте (орта білім 5-9сыныптарда) фантастикалық жанрды оқыту)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2023
637
9 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Положение

СМК ПП-5.3-88-01

Ғылыми жоба туралы Ереже/

Положение о научном проекте

Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0 из 9




Бағыты: Филология

Тақырыбы:Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрын оқыту




























Алькенова Айым Асхатқызы

Мамандығы, курсы: 0111000 «Негізгі орта білім», ІІІ

Жетекшісі: Нугумарова Лаура Нұрбекқызы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



2023 жыл


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.......................................................................................................................................3


ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанры.......................................................................8

Мектеп оқулықтарына талдау........................…………….…………………………..9

Қалай оқыту керек? Әдіс-тәсілдер.................................................................................10

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................................14


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................................................................16



































Зерттеу тақырыбының өзектілігі. 

Қазіргі таңда оқушыларға қазақ әдебиетіндегі фантастика жанры,жазушылар шығармаларын талдай отыра,оның балаға қиялының дамуына,ой өрісіне,фантазиясына деген әсері жайында пікір қалыптастыру.

Мәселен, ертегілер мен батырлық дастандар арқылы халқымыз өз қиялындағы ержүрек ерлердің қандай мінсіз бейнесін сомдады десеңізші! Керқұла атты Кендебай, Ертөстік, Қобыланды мен Қамбар, Алпамыс сияқты минут сайын өсіп, сағат сайын толысып отыратын, атса, оқ өтпейтін, шапса, қылыш кеспейтін, жүгірген аңға да, ұшқан құсқа да жеткізбейтін, ерекше жаратылған жандар бейнесі, бір есептен алғанда, көп теперіш көрген, талай зұлматты басынан өткерген момын халықтың құрыш білек қорғаушыға мұқтаждығы нәтижесінде соншама тұлғалана түскендігі даусыз. Қазіргі таңда әрі қарай қазақ әдебиетінде фантастика жанрын оқушыларға оқыту,зерттеу жұмысының өзекті мәселелері болып табылады.


             Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. 

-Қазақ фантастикалық шығармалары бала тәрбиесіндегі рөлі мен қалайоқыту керек? негізінде анықтау;

-Оқушыларға фантастикалық шығармалардың әлуметтік-психологиялық бейімделуіне әсер ететін факторды анықтау;

  -Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

   -Зерттеу нәтижелерін талдау.


Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

    Фантастика жанры оқиғаны болған жерін әр түрлі таңғажайып көріністермен бейнелейді.Фантастика жанрының маңызы мен мәні; ертегілер мен батырлық дастандар арқылы халқымыз өз қиялындағы ержүрек ерлердің қандай мінсіз бейнесі  жайлы мәлімет беру;Фантастика жанрын оқуға құлшыныстарын  ояту;

      Зерттеу жұмысының дереккөздері. Бұл жұмыстың дерек көзі ретінде пайдаланған материалдарды жобаға енгізіп, оларды ой елегінен өткізіп пайдалану нәтижесінде зерттеліп жатқан такырыптың, қазақ әдебиетінде фантастика жанрын жаңа қырынан оқуға  дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының кезеңдері: 

1-кезең:Қазақ әдебиетінде фантастика жанрын оқыту,қиял-ғажайып ертегі,әңгімелерін талқылау;

           2-кезең: Ғаламтор желісінен мәліметтер, ақпараттар қарап талдау;  

           3-кезең: Жинақталған материалдарды талдау жасап, жинақтау.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы фантастика жанрындағы жазушы,зерттеушілерШәмшідин Әбдіраман, Шоқан Әлімбаев, Талап Сұлтанбеков, Жүніс Сахиев,т.бжазушылардың зерттеулері басшылыққа алынып, жоба негізі болды.


Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.   

Ғылыми жобада мынадай әдістер қолданылды:оқу, түсіну, қолдану, ізденіс, жинақтау, талдау,  сипаттау.

Болжамы: 

Фантастика жанры біздің көркем әдебиетіміздің өзі фантастикадан басталғаны және әрі қарай дамуна ықпалдылығының жоғары екенінің сипаты.

Зерттеудің жаңалығы.  

- Қазақ әдебиетінде фантастика жанрының оқытудағы ерекшелігі;

- Қазақ әдебиетінде фантастика жанрын қалай оқытуы зерттелді; 

Ғылыми жобаның  құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.































                                                          КІРІСПЕ 





Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде Әдебиетте олар көркем әлем мен кейіпкерлердің сипаттамасындағы фантастикалык болжамға негізделген бағтыт деп аталады. Бұл жанр шындыкта жок ғаламдар мен тіршілік иелері туралы айтады. Көбінесе бұл

бейнелер фольклор мен мифологиядан алынады. Фантастика тек әдеби жанр ғана емес. Бұл өнердегі тұтас бір бағыт, оның басты айырмашылығы-сюжеттін негізінде жатқан нақты емес болжам.Әдетте біздің заманымызда жоқ, Жердегіден өзгеше физика заңдарына сәйкес өмір сүретін басқа әлем бейнеленген. Ғылымдағы секілді, фантастиканың да өзінің мәңгілік тақырыптары бар. Және олар уақыт пен кеңістікке саяхат, жасанды интеллект, жерден тыс әлемдегі өркениет, тіршіліктің басқаша формалары сияқты жұмбақ жайттарды қамтиды. Ең бастысы,  өткенге немесе болашаққа қатысты әлдебір әлемнің, белгілі бір сәттің бейнесін кейіптей отырып, фантаст-жазушылар оқырман қиялының көкжиегін мейлінше кеңейтеді. Фантастикалық шығармалардың міндеті мұнымен ғана шектелмейді. Яғни бұл жанр әлдебір ғылыми жаңалықтың адамның өмірі мен қоғамның дамуына тигізер әсерін көркемдік тұрғыда ұғынуға көмектеседі. Мәселен, қай кезде де ғылыми жаңалықтар бірыңғай жақсылық алып келе бермейді. Кейбір озық ойлардың теріс мақсатта пайдаланылып кететін де кезі жеткілікті. Осы ретте фантастикалық туындылар ғалымдарды ғылым адамына жүктелер бүкіл адамзат пен болашақ алдындағы жауапкершілік жөнінде ойлануға мәжбүрлейтіндігімен де құнды.

 

2.1.Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял- ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, «Ер Төстікте», «Керқұла атты Кендебайда», «Қырық өтірікте» фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба әдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Құнанбайұлының «Масғұт», «Ескендір» дастандарында, С.Ерубаевтың «Келешек соғыс туралы» повесінде, М.Әуезовтың «Дос — Бедел дос» және «Елу жылдан соң» пьесаларында да бар. Қазақ кеңес әдебиетінде фантастика 1950 жылдан басталады. А.Машановтың «Жер астына саяхат» повесі (1957) республикада ғылыми- фантастикалық әдебиеттің тууына ұйтқы болды. М.Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» (1964), «Лұхман Хакім» (1966), Ш.Әлімбаевтың «Данышпандық альфасы» (1967). Т.Шахановтың «Көгілдір мұнаралар» (1968), Т.Сүлейменовтің «Жұлдыз адамы» (1969), «Әл-Фараби көпірі» (1968), Ә.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» (1972) повестері қазақ фантастикасына елеулі үлес қосты. Соңғы кезде жарық көрген Т.Әбдіковтің «Айтылмаған ақиқат» (1980), М.Гумеровтың «Жұмбақсәуле» (1981), С.Ғаббасовтың «Кәусар» (1985), Н.Кенжеғұлованың «Қиын шешім» (1985), Р.Бектібаевтың «Ионосферадағы алаң» (1988) атты жинақтарында болашақ өзгерістер туралы болжамдар бейнеленеді. 

   Қазіргі қоғам - ақ пен қара, жақсылық пен жамандық қат-қабат келіп жатқан мейлінше күрделі қоғам. Ұлтаралық қақтығыс, діни алауыздық, жерасты байлығы үшін бақталастық, атомдық соғыс, адамдардың роботтанып бара жатуы, есті адамға осының бәрі - мұң, бәрі - мәселе. Мейлі кинода, мейлі әдебиетте, жұрт ықыласының фантастикаға ерекше ауып отырғандығын ескерсек, осы жанрды пайдалана отырып, жаңағыдай текетірестердің салдарын алдын ала тұспалдау арқылы жамандықтан жирендіру, ескерту мақсатында маңызды істер тындыру - әбден мүмкін нәрсе. Ол үшін тек фантастика жанрын жан-жақты дамытып, осы бағытта қалам тербейтін жазушыларды мейлінше ынталандыра түсу қажет. Фантастиканың берік іргетасы сонау замандағы ауыз әдебиетінде-ақ қаланған қазақтай талантты халықтың бүгінгі қаламгерлері. Біздің көркем әдебиетіміздің өзі фантастикадан басталған. Кешегі қиял-ғажайып ертегілеріміздің өзі - халқымыздың әлемді тануының бір формасы. Фантастиканың ең үлкен қасиеті - оның танымдылығында. Фантаст-жазушылар тарихи шындықты талдап, ғылымның негізінде жақсы шығарма беруге тырысады. Бұл жанрдың қиындығы да - осында. Дегенмен түп-тамыры тереңде жатқан қазақ фантастикасы ешқашан жоғалмайды, мүмкіндігінше дами береді. Онда да халқымыздың ұлттық құндылықтары негізінде дамуы керек. Яғни космополиттік ұғымдарға ұрынбай, қазақ тақырыбын көтеру арқылы елге интеллектік білім беруі тиіс. Жалпы, фантастиканы екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – ғылыми фантастика, екіншісі – таза қиялға құрылған фантастика. Біздің әлем әдебиетінде екеуіне де орын бар. Екеуінің де көрнекті-көрнекті өкілдері қалыптасқан, Оның біразын өзің де атап кетіпсің. Тіпті кейінгі уақытта «фэнтези» деген қосымша жанр да дүниеге келді. Фэнтези – фантастика мен өмір шындығының синтезі, екеу де шығармада араласып жүре береді.Фантастикалық шығарма қиялыңды қайрайды, ойыңды ұшқырландырады, шабытыңа шабыт қосады.Көп жағдайда ғылыми фантастика жазатын қаламгер өз тақырыбын терең зерттеп алады, содан соң барып қиялға еркіндік береді. Демек, ғылыми негізі бар фантастикалық шығармадағы айтылған ой-деректер алдағы уақытта біздің өмірімізде орын алып жатса, еш таңғалмасақ керек. Ол, біріншіден, ғылыми негізі бар, түбі өмірімізден орын алуы мүмкін нәрсе екенін анық біліп жазғанынан, екіншіден, қаламгердің қиялының мейлінше жүйріктігінен. Былайша айтқанда – байқампаздығынан.

Ғылым мен техниканың дамыған кеңістігінде қай елдің әдебиетінде болмасын фантастика жанры кең орын алды. Ғылыми фантастика жанры қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап Ақжан Машани, Талап Сұлтанбеков, Төлеш Сүлейменов, Шоқан Әлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев, Медеу Сәрсеке, Жүніс Сахиев, Раушанбек Бектібаев, Шәмшиден Абдраман шығармалары арқылы қалыптасқанын білеміз.

Ғылыми фантастика – көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Ғылыми фантастиканың әдеби анасы – романтизмдік әдеби дәстүр. Қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілері болашақты болжай білген данышпан халық қиялының ұшқырлығы тудырған ертегілерде («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем» т.б.), аңыздарда («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) жатыр. Мысалы, «Ер төстіктегі» алты айлық алыстағы сыбырды ести алатын, тауды тауға соғатын, көз ілестірмей зыр жүгіретін, т.б. кейіпкерлер бүгінде реалдыққа айналған техниканы сонау ертенің өзінде-ақ армандау емес пе», — деген болатын.

Ғылыми фантастиканы әр жазушы өзінше тұжырымдайды: орыстың классик қиялгері Антон Ефремовтің: «Ғылыми фантастика ғылымның «көзі жетпеген» жолын өзінің ұшқыр қиялымен жарықтандырып, оған бағыт сілтеп отыруы тиіс», Борис Стругацкийдің: «Ғылыми фантастика – кез келген ел атаулының жоғары мәдениетін айқындаушы белгі», ағылшынның үлгілі қиялгерлері Айзек Азимовтың «Ғылыми фантастиканы ұнату – қалай десеңіз де түптеп келгенде, адамзат болашағының қамын жеу» және Рэй Брэдберидің «Ғылыми фантастика – біздің заманымыздың нағыз маңызды жанры. Одан да бетер: ол – бүгінгі көшбастар жанр», ағылшын Артур Кларктың: «Шындықпен берік байланыстағы жалғыз әдебиет-ғылыми фантастика!», поляк Ст.Лемнің: «Фантастика, меніңше, бәрінен бұрын бүгінгі күннің жыртысын жыртуға борыштар деп білемін». Қытай қаламгері Жин Тау айтқандай: «…фантастикалық туынды жазу өте қиын. Жазушыда тамаша әдеби таған болып қана қоймай, ғылымды білуі, ең жақсысы, оның алғы шебінде тұруы, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінен хабардар болуы керек».

«Қазақтың Жюль Верні» атанған танымал жазушы-фантаст Жүніс Сахиев «Орал өңірі» газетінде берген сұхбатында: «…ертегі мен ғылыми фантастиканы ұқсастыруға болмайды. Әр жанрдың орны бөлек. Фантастиканың өзі де фантастика, ғылыми фантастика, фантастикалық юмор, фантастикалық скетч және басқалай болып бөлініп кетеді. Фантастиканың ертегіге ұқсас жерлері болар, ал ғылыми фантастиканың табиғаты ғылым мен шындыққа жуық келеді. Сондықтан да оның жүгі ауыр», — десе, жазушы, профессор, Шыңжаң университетінің проректоры, ҚР және ҚХР жазушылар одақтарының мүшесі С.Р.Жанболатов интернет арқылы берген сұхбатында: «ғылыми фантастиканың рухани тағаны – арғы замандарға тән мифтік аңыздарға, ежелгі әпсаналарға, ауыз әдебиетіне (мысалы, адамзат пен он сегіз мың ғалам ара байланысты түсіндіруге, қоғамның болашақ тағдырына үңілуге және оны болжауға, т.б.) еліктеу. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

2.2.Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанры.

Қазақ әдебиетінде фантастикалық жанрға аса қатты көңіл бөлінбейді.Оған дәлел осы қазақ әдебиетіне өң берген фантаст-жазушы Жүніс Сахиевтің осы пікірін алуға болады.

Қазақстанда ғылыми-фантастикалық романдар жазуды алғаш бастағандардың бірі - Жүніс Сахиев. Төл әдебиетте бұл жанрдың тұралап қалғанына жазушы қынжылыс білдірді. Тіпті арнайы ұйымдастырылған көрмеде  аталмыш автордың ғана қазақ тіліндегі кітаптарын көруге болады. «Таралым аз, қолдау жоқ туындыларамыздың оқырмандарға жетпейтіні де содан» - дейді қаламгер. Оның үстіне фантастика жұлдызды әлеммен, ғарышқа барумен, өзге өркениет әлемінен ұшып келетіндермен шектеліп қалып жүр. Одан қалды қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады. Жүніс Сахиев, фантаст-жазушы: -Көп жазушылар атсалысты. Олар бір-екі әңгіме,екі-үш кітап шығарады да, жанрдың ауырлығын сезінгеннен кейін поэзия, проза саласына ауысып кетеді. Содан барып қатарымыз сиреп қалып жатыр.

Осы ойды тұжырымдай отыр, қазақ әдебиет саласын дамыту үшін екіге қарастырып көрейік;

Біріншіден, фантастикалық жанрын әдебиет көркем әдебиетке тән қасиетпен жазылу керек. Мұнда, ең алдымен көркем әдебиет туындыларына тән ерекшеліктері бойынша әдеби образ, кейіпкер, типтік характер болу шарт. Бұл үшін жазушы адам өмірін беріле зерттеп, ғылым-техниканың дамуына байланысты ғылыми фантастикалық шығармалардың өзіне бейнелеу мазмұны ететін негізгі объектісі болған жаратылыстың тылсым құпия сырын ашу, болашаққа батыл болжам жасау арқылы оқиға желісін құрау, сол арқылы әдеби шығармаға жататын қалыпқа салу, келешекте іске асатын немесе іске асу мүмкіншілігі болған болашақ дүниені суреттеген шынайы ғылыми фантастикалық туынды жаратуы керек.

Екіншіден, фантастика жанры 450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!