Материалдар / Фариза Оңғарсынова 80 жаста
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Фариза Оңғарсынова 80 жаста

Материал туралы қысқаша түсінік
Фаризаға арналған әдеби кеш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
899
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Фариза» әні қосылады.

 

Көпір болып жалғасқанмен келешекке

жіңішке қыздың жолы не десек те.

Тумаппын жаман ер боп тым құрыса

Қалпағын кейбіреудің жұлып алып.

Фариза Оңғарсынова

(Фанфарлар ойнайды, сахнаға жүргізушілер шығады)

1-жүргізуші:

Қайырлы кеш, қымбатты қонақтар, жиналған қауым! «Поэзия падишасы» атты әдеби – сазды кешіне қош келдіңіздер!

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын- Алланың айрықша мейір- шапағаты түскен пендесіне қиял-ғажайып нұры. Ата күші, Ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, өмір сүрген ортасының демеуі, тірліктің тоқсан тарау иірімі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға қып қалыптастырады. Біздің қазақ елі киелі, ұлы тұлғаларға кем емес. Солардың бірі-жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы ФаризаОңғарсынова.

2-жүргізуші:

 

ФаризаОңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Ақынның  бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы.

Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым

 

  • 16 маусым 2015

 

  • 7775

 

  • 1

  • 0

Ақтау қаласының № 3 орта мектептің
кітапхана менгерушісі 
Бахтыгереева Сания Байбозовна

«Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»
Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі, слайд, цитаттар.

Барысы
Көрініс:
Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Жүргізушілер ортаға шығады: Оралхан мен Мейірім

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектеп кітапханасындағы кешімізді жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1 - оқушы: «Жыр менің тарланым» Қуанышева Нұршат 10а
Фариза ақынға арналған слайд экранға назар аударайық.

2 - жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25желтоқсанда кәзіргі Атырау облысының Нобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған – аналар тақырыбы.

2 - оқушы: «Перзент сөзі» өлеңі» Жаснұр 9 сынып
Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы - әкем менің.
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.

3 - оқушы «Анама» өлеңі» Мейірім 9 сынып
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Фариза Оңғарсынованын өлеңдерікеш сценарийіақын туралы тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: Фариза - поэзия гауһартасы
Сабақтың мақсаты: Фариза Оңғарсынованың өмірі, шығармашылық шақтары, қызмет кезеңдері туралы поэзиялық отырыс өткізу.
Сабақ әдісі: Ізденіс сабағы
Көрнекіліктер: видео сюжеттер, слайд, интертақта.
Сабақ жүрісі: құрметті оқушылар, қонақтар –
Ана тілің арың бұл
Ұятың болып тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
ӨЗ тіліңді құрметте - деп Қадыр ақын өткен ғасыр да айтса бүгінгі таңда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан - 2050 жолдауында қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кіру тілі мен осы үш тілді меңгерген, бәсекеге қабілетті қазақ елін көргім келеді дей отыра «үш тұғырлы тіл» мәдени – саяси бағдарламасын ұсынған еді. Міне, осы жолдауға үн қосу мақсатында Фариза - поэзия гауһартасы» атты поэзиялық отырысымызды ұйымдастырдық. Бүгінгі поэзиялық отырыста Фариза Оңғарсынованың өмірі, өлеңдері, қызмет кезеңдері қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқылады.
Фариза Оңғарсынованың өмірі қазақ тілінде
Фариза Оңғарсынованың өмірі орыс тілінде
Фариза Оңғарсынованың өмірі ағылшын тілінде
Өлеңдері
Қазақ тілінде оқылған өлеңдер:
«Өлең, мен сені аялап өтем»
«Нарын»
«Маңғыстау»
«Анама»
«Мен біртүрлі адаммын»
«Оюлар»

Орыс тілінде оқылған өлеңдер:
«Стихи не стареют»
«Когда родиться слов»
«Нарын»

Ағылшын тілінде оқылған өлеңдер:
«Poems do not age - age poets»
«Boy in a skirt we go»
«We are not little»
«Earth's population one - third»
«Knot tightening modernity and antiquity»

Қорытынды: Ақиқаттың өзі еді
Алты алаштың сөзі еді
Айбыны еді елімнің
Айбары еді жерімнің - деп жас ақын Бауыржан жырласа,- Аяулы Фариза, ақын Фариза сіз қазақ елі үшін мәңгі тірісіз. Жыр сүйер қауымның жүрегіндесіз - деп Шерхан Мұртаза айтқандай сіз бізбен мәңгі біргесіз!- деп поэзиялық отырысымызды аяқтайм





Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты! 


(Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын еске алуға арналған кеш)
Фариза апамыз поэзияға қанат қағып, алғаш қосылған кезден бастап, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады.
Нұрсұлтан Назарбаев
Мақсаты:: 
корнекті ақын Ф. Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Өлеңдерді манерлеп оқу, шығармашылығын насихаттау.

1-жүргізуші: 
Қайырлы кеш, қымбатты ұстаздар,студенттер! «Қазақтың аяулысы, перизаты,
Өшпейді ешқашанда Фариза аты!» атты ақын Фариза Оңғарсынованың
туғанына 80 жыл толуына арналған кешке қош келдіңіздер!
Дүние есігін іңгәлап ашқан жас нәресте қазақтың тал-бесігінде жатып, сырбаз даланың әсем әуеніне, сұлу табиғатына елітіп өсті.
Туған жердің тылсым табиғаты нәресте бойына ақындық өнерді дарытып, аялы алақанына салып мәпеледі.

2- жүргізуші: Оның үстіне тумысынан турашыл, дархандығы асқан думаншыл, әділдіктің ақ туын желбіреткен ақындық тағдыры балғын қыздың маңдайына бітер бақ-дәулеттей көрінді.
Өнер-қазынадан өрімдей болып ақтарылған өлең моншақтары жылдар өткен сайын жарқырай түсті.
1- жүргізуші: Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты, қайғы-мұңымды
Өзіммен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем!-деп жырлаған қазақтың ақын қызы Фариза қазақ даласының қызын қызығым деп еркелеткен салтын зерделі көңіліне тоқып өскен есті қыздың бірі.
ІІ жүргізуші:
Фариза-жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат»ордендерінің иегері, Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған халық жазушысы Фариза Оңғарсынова. 

Жүргізуші:
Ақын шығармашылығына шолу, экранға назар аударайық 

І жүргізуші: Ақын өмірінде қайталанбас серікке айналған өлең оның жүріп өткен жолдары, өмірдің бар мәні – сайын даланың жазира жолдарына шашылған жыр жауһарлары сияқты.. Намысы – найза, серті-семсер, төзімі-тоң, жігері-жалын, ата-баба дәстүрін ұстанған ақын Фариза көтерген жүк те жеңіл емес.

Ақын жырларын ұстаздар қауымы да қызығушылықпен сүйіп оқиды.
Колледж қызметкерлерін яғни ұстаздарды ақын өлеңдерін оқуға ортаға шақырамыз. Кезекті ұстаздарға берейік: «
Туған жер»оқитын Қожахметова Фарида апай
«
Өлең» Серикова айжан апай Айжан апай, «»Айнабекеова Ақтоты апай, «»Шұға апай

2-жүргізуші: «Перзент сөзі» өлеңі оқитын  
Әкем –менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,

біліп алған ,япыр-ау, қайдан бәрін? 
Күшті де жоқ,дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр,дана сол ғана. Асығамын 
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы- әкем менің.
Әкем барда , арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.( 1992 жыл)

«Айналайын ауылдың адамдары-ай»»оқитын Дәулетова Жазира


Фариза Оңғарсынова «Тілек » оқитын Дәулетова Назира

1 жүргізуші:Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы ,Новобогат ауданының Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында , асып-тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі. Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы. 

«Анама» өлеңі оқитын
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді. 
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым! 
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы-ау», - дер
көргендер жеміс ағашын. 
Қартаймай , мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым! ( 1960ж) 

Ән. «Фариза»

2-жүргізуші: «Атыңнан айналайын туған өлкем!» деп, сағыныштан алып-ұшқан, табиғат-ананың ауа әнін құшқан ақын-жүрек, атаның құнын кешетін, ағаның қолын шешетін, кешегі ездікті айтатындар санатынан емес,ертеңгі елдікті айтатын - ел үшін туған батыл-жүрек.
Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді. 
«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,
Сонда ғана атардай таңым күліп.
Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат
Мені мәңгі тартатын сағындырып »деп туған ауылына деген махаббатын өз өлең жолдарында білдіреді. 

2-жүргізуші: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол - мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік - азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.
Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы поэзиясы болғанын көреміз. Бұл мына өлең-жолдарында анық көрініс тапқан: 
Тағы да Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына тағы да кезек береміз.























































































































































































3- оқушы:







































Сөзі Фариза Оңғарсынова әні «Білмеймін» орындайтын Махамбетова Мархабат 


1-жүргізуші: 
Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз. 

2 жүргізуші: 
2014жылдың 23 қаңтарында ұлттық руханиятымыз орны толмас ауыр қазаға ұшырады.Ақын өмірден мәңгілікке көз жұмды.Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының «Халқының жүрегінде» өлеңін 
Қайғыдан күңірентіп ғасыр жүзі,
Шаттықты қасіреттің жасырды ізі.
Дариға,Фариза да өтті өмірден,
Қазақтың қайта тумас асыл қызы.
Ұқсайтын Махамбетке өткірлігі,
Жасқанған, жабырқаған жоқ бір күні.
Туғанда таңдайына өлең тамған,
Қонған жан көкірегіне Хақтың нұры!
Айтқаны – елдің мұңы, елдің жыры,
Заты қыз демесеңіз-Ердің бірі!
Танылып тұратұғын тұрпатынан,
Қырғидай қағып түсер алғырлығы.
Бұйрыққа бой ұсынып Хақтан келген,
Ол кетті бабалары кеткен жолмен.
Мәңгілік мекендеуге орын алып,
Қаһарман ер Қабанбай жатқан жерден.
Түбінде бір ажал бар тірі жанға,
Өлім жоқ алайдағы ұлыларға!
Сүрінбес шапқан аты жыры барда,
Сөнбейді жаққан оты ұлы барда!
Қазақтың аяулысы, перизаты,
Өшпейді ешқашан да Фариза аты!
Халқының жүрегінде жүрер мәңгі,
Өлеңмен жазып кеткен шариғаты!...
1-жүргізуші:Фариза биік рухтың ақыны болды.Оның рухтылығы да, туған топырағы мен Отанына деген шынайы сезімнен жаралған. Табиғат оның егізі еді. Сондықтан да ашық күнге қуанып, жаңбырға қарап қамығып, көктемде шалқып, дауылға қарап бұрқанып өмір сүрді.Ол табиғат пен адамның құпия сырларын жақсы түсінді.Олардың тазалығын, пәктігін ардақтады.Соны бойына ,жырына дарыта білді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың Фариза апамызға арнаған «Сезімге суырылған сұрапыл жыр» өлеңін оқитын Дәулетова Жазира
Толқындар жалқынданып жағаны ұрды,
Домбыра бебеулетті қаралы үнді.
Қаусырып жел-сыбызғы табиғатты,
Тау-сұлық, орман суық, дала-мұңды.
Әлем- бұл, ақын сүйген шын жүректен,
Бояуын кестелеген жыр жібекпен.
Үдіре көшкен бұлттай қайран дәурен,
Ақынның басынан да жылжып өткен.
Арқаның ақ бораны уілдеген,
Дүние-бір күншілік –дүрілдеген.
Қаламның иесінің өзі кетіп,
Қалады адамзатқа түбінде өлең!
Биыл да қаңтар, қары салқын ерек,
Айырылды өр ақыннан халқы кенет.
Еркелеп ел-жұртына жүруші еді-ау,
Даланың дара қызы даңқы бөлек.
Бар еді онда мұң да, өткірлік те,
Арланып қарайтұғын көп тірлікке.
Өтті ақын мәңгіліктің ауылына,
Қойылды бұл фәниге тек бір нүкте.
Жан еді ғасырларда туатын бір,
Мұратын ,жалғастырып бір ақын жүр.
Сүреді қазағымен бірге ғұмыр
Сезімге суарылған сұрапыл жыр.
Тұрады жұлдызы оның мәңгі жанып,
Бәрі де ақындардың жалғызы анық.
Жыр –дұға жаздым бүгін апама арнап
Болғай деп рухы аман, алды жарық!


Жүргізуші:
Фариза апамызға арнап Мұқағали Мақатаевтың Фариза әнін 180 топ студенті Нұрлыбайқызы Перизат орындайды
1-жүргізуші: Фариза апамыздың соңында уақыттың тозаңы қонбас ғажайып мол мұрасы қалды.Ол-мәңгілік!
Ғасырдан ғасырға өткен сайын жаңа қырымен жарқырай түсер, егемен еліміздің жас ұрпағының жаттап өсер жасампаз жырына айналар.Фариза біздің заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып қалды.Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.Мәңгілік ғұмырын бастаған ақын даңқына бәріміз бас иеміз. Қадірлі ұстаздар, студенттер! Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып кеткен, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызды еске алуға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті. Хош сау болыңыздар!



 

  • 1

  • 0








Ақтау қаласының № 3 орта мектептің
кітапхана менгерушісі 
Бахтыгереева Сания Байбозовна

«Жыр – менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»
Мақсаты: Поэзия патшайымы Қазақстанның халық жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау.
Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Аяулы ақын апамызға деген оқырмандар махаббатын одан әрі үстей түсу.
Көрнекілігі: ақынның суреті, «Поэзия падишасы» кітап көрмесі, слайд, цитаттар.

Барысы
Көрініс:
Ортада әйелі мен күйеуі отырады. Отағасы қолында домбыра, отанасы қолында кесте.
Әйелі: Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып біреуін ағаштан үзіп алғым келді. Бір уақытта көзіме бір алма ағашы түсті. Ол ағашта алманың орнына том – том болып кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасында қып – қызыл алма көздің жауын алатындай болып тұр екен. Мен қуанып кетіп, сол алманы алып, рахаттанып жеп жатқан жерімде оянып кеттім.
Отағасы (күліп): Ай, тәйірі – ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандап жүрген қып – қызыл алмадай қызымыз дүниеге келеді екен. Қызымыз жай қыз емес, том – том кітаптарды жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі: Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс: Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке, ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағымыз Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Жүргізушілер ортаға шығады: Оралхан мен Мейірім

1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектеп кітапханасындағы кешімізді жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қиялға қанат сермеген Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
1 - оқушы: «Жыр менің тарланым» Қуанышева Нұршат 10а
Фариза ақынға арналған слайд экранға назар аударайық.

2 - жүргізуші: Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25желтоқсанда кәзіргі Атырау облысының Нобогат ауданындағы Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, асып - тасқан байлығы болмаса да өзіндік дәулеті бар отбасында дүниеге келген. Әкесі еліне сыйлы, ашық - жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.
Ақынның бірнеше өлеңдеріне арқау болған – аналар тақырыбы.

2 - оқушы:



«Перзент сөзі» өлеңі»
Әкем – менің тәңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр - ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ, дәл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
әкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
анашымды әкемше жақсы көрем.
ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы - әкем менің.
Әкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
Қиындау ау әкемдей бола аларым.

































3 - оқушы «Анама» өлеңі»
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол, - деуші ең – жұлдызым».
сақталды сөзің жадымда.
«Игі еңбек түбі осы - ау», - дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей нашым!





































Өмірбаяны

Фариза Оңғарсынова - ақын, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақыруларының депутаты (1996-2004). 

1939 жылдың 25 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен. 1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия түрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген. 1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған. 1970-1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген. 1978-1996 жж - республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1-ші және 2-ші шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді. Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды казак тіліне аударған. Фариза Оңғарсынованың өлендерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленеді. "Жүрек енеің..." деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз. Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған: Не қасиет күтерсің бүгінгі елден, Жасқаншақтап күйеудей үрын келген. Айтар сөзін көмейге көміп қойып, Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен. Ақынның творчествосына тән басты қасиет — шындыкқа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп түрады. 1979 жылы жарық көрген "Сенің махаббатың" жинағындағы "Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы" атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэзиясында нанымды, салмақты көрініс тапқан. 1984 жылы "Үйім — менің Отаным", "Маңғыстау монологтары", "Революция және мен" өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қүрмет Грамоталарымен, "Құрмет Белгісі", "Парасат" ордендерімен марапатталған. Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.

Фариза Оңғарсынова - көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын. Ақынның өлеңдері кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзік болуға, туған жер мен адамзатты сүюге апаратын жол іспетті

Ол 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Манаш ауылында өмірге келген. Шығармашылықпен айналысып қана қоймай, 1996-2004 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты болған. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғалиев — оқыған, елге қадірлі азамат. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған. Ал анасы Қалима Иманғалиева арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Он баланы дүниеге әкелген ана бес уақыт намазы мен оразасын қаза қылмаған.

© SPUTNIK / ДМИТРИЙ МАТВЕЕВ

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова туралы не білеміз?

Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-жылдары дүниеден өткен. 
Айвар есімді ұлы мен Анар есімді келіні, Әнел, Алан және Анита атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген. 

"Бір жақсы көрсем, өмір бойы сүйіп өтемін"

"Жақсы көрген жігітім жол апатынан көз жұмды. Содан кейін қатты ауырып жатып қалдым. Жан дүнием біреуді жақсы көрсе, оны өмір бойы сүйіп өтеді. Сөзімнен еш айнымаймын. Алла тағала жаратқан болмысым осы болғандықтан, оны өзгерте алмаймын. Өзімді зорлағым да келмейді. Жалпы табиғатым жасандылыққа қарсы", — деді Фариза Оңғарсынова "Тірлігімнің мазмұны аналығым" бағдарламасына берген сұхбатында.

Бала күнінде анасының Мұхаммед пайғамбар туралы әңгімелерін естіп өскен. Көпке дейін Мұхаммед пайғамбарды ауылдас адам немесе туысқан ағаларының бірі деп ойлап келген. Анасын қатты жақсы көріп, ол қиналған шақта көңілін көтеруге тырысқан. Мектеп қабырғасында жүріп әдебиет, оның ішінде жырларды жатқа оқыған. Әсіресе, "Қобыланды батыр" жырын жатқа оқығанды жақсы көрген.

Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. 5-сыныпта оқып жүрген шағында 5-6 ұл-қыз болып үйге қайтып келе жатады. Сол кезде ақынның құрбысы Ләззат өзіне тиіспек болған Хайролла есімді ұрыншақ баланы қатты итеріп жіберіп, жерге құлатады. Осы сәтте:

"Жылтың-жылтың бала, 
Хайролланы қара. 
Ләззатқа жеңіліп, 
Құлап қалды жаңа", — деп өлең шығарған екен. Сонда қасында жиналғандар "Өлеңді өзің шығардың ба?" деп сұрайды.

CC0 / ТОҚТАР МЕН БЕЙБІТТІҢ ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚШАСЫНАН

"Өнер табыстырған жұлдызды жұп" Тоқтар мен Бейбіт туралы не білеміз?

Осы оқиғадан кейін сыныптастарының жақындары Фариза Оңғарсынованың анасынан "Сенің кішкентайың өлең шығарады екен ғой" деп сұрайды. Мұны білген анасы қатты қуанып, ертең үлкен ақын болады деп болжаған екен. Ал Фариза Оңғарсынованың өзі сол түні болашақта ақын болармын деген оймен ұйықтаған.

"Не жасасам да, өкінбеймін"

Фаризаның есімін Манаш ауылындағы Нәсимолла есімді татар молдаға әкесі бозжорғасын беріп, азан шақырып қойған. Әкесі балық шаруашылығында басшы қызметкер болып, отбасымен Каспий теңізі маңындағы Манаш ауылына көшіп келеді. Фариза "бірегей" деген мағынаны білдіреді.

"Бала күнімде ауылда өсіп, ұяңдау болдым. Ал жұрттың бетіне айтып тастай беретін қасиет келе қалыптасты. Біреу ішкі жан-дүниеме үйлеспесе, қабылдай алмаймын. Тіпті, 5-10 минуттан артық сөйлесіп отыруға қауқарым жетпейді. Жақтырмасам, сөйлеспей жүре беретінмін. Бұл қасиетімнің көргенсіздік екенін, дұрыс еместігін енді түсініп жүрмін. Басты қағидам — не жасасам да өкінбеймін", — дейді ақын қыз өзінің мінезі туралы.



Әрі қарай оқу: 
https://sputniknews.kz/spravka/20181219/8531003/fariza-ongarsynova-tyraly-ne-bilemiz.html

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!