Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ф.Ғ.ХАЛИТОВА - ҚЫЗМЕТІ МІНСІЗ ҚАЙРАТКЕР
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ф.Ғ.ХАЛИТОВА - ҚЫЗМЕТІ МІНСІЗ ҚАЙРАТКЕР
Білімнің қара шаңырағы – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 118 жылдық тарихында қазақ елінің озық зиялылары ұшқаны өздеріңізге мәлім. Олардың ішінде Одаққа танымал, тіпті әлемге әйгілі болған Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев, Шәкен Айманов, Шырақбек Қабылбаев, Әбдіхамит Сембаев сияқты ғалымдармен қоғам қайраткерлері шықты. Сондай зиялылардың бірі Фарида Ғабсадыққызы Халитова .
Фарида Ғабсадыққызы Халитова – Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткерінің бірі, есімі Шығыс Қазақстан мен Ақмола өңіріне танымал болған, халқымыздың қалаулы қызы.
Ф.Ғ.Халитова – ел ішінде ұзақ жыл қызмет атқарған, көпті көрген, талай қиындықты бастан кешірген, өз ісінің күрескері болған халық жүрегінен ерекше мінезімен орын алған аяулы жан, үлгі–өнеге аларлық тамаша адам еді.
Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Автопортрет» атты шығармасында Фарида Ғабсадыққызын былайша суреттейді: Фарида Халитованың есімі Қазақстанның Шығыс, Солтүстік облыстарында кеңінен таныс. Фарида қаршадайынан комсомол қызметінде болды. Содан кейін партия қызметіне ауысты. Қазір ол оншақты жылдан аса Целиноград облыстық партия комитетінің секретары. Целиноград сияқты үлкен облыстың бұқара арасында насихат жұмыстарын өрістете жүргізу оңай емес. Оған мол білім, көп тәжірибе, аса іскерлік қажет. Оның үстіне жұрттың жанын түсінетін сезімтал, сөзіңді халықтың көкейіне қондыра білер шешен болуың және шарт. Өз басынан сергек, сезімтал, кішіпейілдігін өзінен төмен қызметкерлерге айтпай үйрету тағы міндетті. Өстіп кеңседе, ұжым арасында жалындай лаулап, жұрттың жүрегін маздатып қайтқаннан кейін өз үйіңнің ішін аналық мейір, жар пейілімен және жайнатып отыру тағы да Фарида парызы. Өзінің осы адамгершілік, азаматтық, партиялық міндеттерін мүлтіксіз орындайтындықтан да ол халыққа сыйлы, қауымға сүйкімді.
Халитова Фарида Ғабсадыққызы 1920 жылы 20 желтоқсанда Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы, Башкөл ауылында кедей шаруаның отбасында өмірге келген.
Алты айлығында әке-шешеден жетім қалып, балалық шағы қиын кезеңге тұспа-тұс келсе де, оған налымай апаларының тәрбиесін көріп, бес жасынан сахнада өлең, тақпақ, би билеген. Бала кезінде сүйкімді, жігерлі, өмірге талпынған жас болған. Ауыл адамдарын өз өнерімен таң қалдырып, ел ішінде сүйкімді болып, ерекше өсті. Тағдырдың ауыртпалығына қарай, табиғат оны талапты да, іскер, зерек етіп мына дүниеге алып келгендей. Өмір қиындығы оны ерте есейтті.
Фарида Ғадсадыққызы Бесқарағай ауданының Башкөлдің бастауыш мектебіне 1928 жылы барады. 1932 жылы Башкөлдің бастауыш мектебін үздік бітіріп шығады да, білімін ары қарай жалғастыру үшін Семияр ауылының орта мектебінде оқиды. Сондықтан да, ол енді осындағы он жылдық орта мектебінің 5-классына келіп оқуға түседі. Мектеп кітапханасында көркем әдебиет кітаптарынан әсіресе, С.Мұқанов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты қазақ жазушыларының сол тұста жарияланып таралған шығармаларын алып, бірінен соң бірін оқып тіл үйрену мәселесіне де, жалпы танымдық білім алуға да шыңдалады.
Сөйтіп, 1936 жылы Семияр орта мектебінің 6-шы классында оқып жүргенінде-ақ аудандық халық театрында дарынды да, таңдаулы әртісі болып қызмет жасайды. Әрі өзі мектепте оқиды, әрі театрда белсенді жұмыс істейді. Ол уақытпен санаспай өзі белгілеп мойнына алған қандай іс болмасын аса жауапкершілікпен орындап, жетістіктерімен аяқтап шығып үнемі халық құрметіне бөленіп отырған. Мектеп оқушысы кезінде-ақ халық театрының көркемөнерпаздар құрамында болып, өзінің өнерге деген сүйіспеншілігін көрсетті. Басты рөлдерді ойнады, халық әндерін мәнерлеп, өте жақсы орындайтын. Осылайша Семияр орта мектебін жақсы бағамен бітіреді.
Жасынан алғыр, білімді, жас қыз одан әрі оқып білім алу керіктігін түсініп, 1938 жылы Семейдегі қазақ педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Осынау әйгілі ұлы оқымыстыларды қанаттандырып ұшырған байырғы техникумды текке таңдамапты. Оның ежелден-ақ қоры мол бай кітапханасын ерекше пайдаланып, ұнатқан кітаптарын алып, құныға оқиды. Өздерінің курста тиісті бағдарламасы бойынша оқытылатын барлық сабақтан өте жақсы үлгеріп, бірге жүрген құрбыларынан суырылып алға шығады. Ерекше үлгерімі үшін 25% көтеріңкі жәкіртақы алды. Педагогикалық училищеде жақсы оқуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, спорт, ән-күй үйірмелерінде өнер көрсетіп, артынан жастарды да ертеді. Спортта да үздік көрінеді.
1939 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық физкультура шеруіне қатысады. 1940 жылы педагогикалық училищені үздік аттестатпен және мақтау грамотасымен бітіріп шығады. Мамандық алу мақсатында сол жылы емтихансыз Семейдегі Н.К.Крупская атындағы институтқа оқуға түсіп, оны үздік бітіреді. Оның ондағы үздік оқуы ерекше бағаланып, Абай атындағы шәкіртақы тағайындалады. Фарида Ғадсадыққызы өмірді дұрыс ұғынып, келешегін ерте болжай білді. Белсенді, іскер студенттердің бірі болады, жастарды ұйымдастыру қабілетімен ерекше көзге түседі. Ол өзінің жастығына қарамай қоғам жұмысына белсене араласады. Жастар арасында нағыз ұйымдастырушылық қабілетті көрсетеді. Ол арада Фариданы педагогикалық техникумдағы комсолмол жастар ұйымы тез танып, оны өздеріндегі студент жастар одағының хатшысы етіп сайлайды. Фарида бұл техникумда оқып жүріп өнердің барлық қырынан да көрініп, студенттер арасында атағы дүрілдейді.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып кеткен кезде институттың соңғы курсындағы бітіретін жас мамандарды оқуды аяқтау мерзіміне жеткізбей аудан, аудандарға сондағы мектептерге мұғалім етіп жібере бастайды. Өйткені, ондағы ер мұғалімдерді Отан қорғау міндеттеріне жаппай алып жатқан ауыр кезеңдер басталып кеткен шақ болатын.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Фарида Ғабсадыққызы педагогикалық институттың 2-курсында оқитын. Облыстық комсомол комитеті секретариатының шешімі бойынша жас коммунист Фариданы оқуды аяқтау мерзімі жетпесе де үздік оқыған үлгеріміне байланысты қызыл диплом беріп, қызметіне табыс тілейді. Осылайша алғашқы еңбектің басталдақтарынан көтеру басталады. 1942 жылы педагогикалық институтты үздік бітіреді.
1942 жылы Семей облысы Белағаш (Ново-Покровский) ауданындағы «Қазақстанская правда» газеті атындағы МТС-тің саяси бөлімі бастығының көмекшісі болып жұмыс істейді. Алты айдан кейін облыстық бюро партия комитетінің шешімімен, саяси бөлім директорының орынбасары қызметіне ауыстырылады. 1949 жылы Ф.Ғ.Халитова Семей облыстық партия комитетінің секретары болып сайланады. 1950 жылы КПСС Орталық Комитетінің жанындағы Жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіледі. 1953 жылы оқуды бітіргеннен кейін Семей облыстық партия комитетінде әйелдер арасындағы жұмыс, насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерінде болады. 1953 жылы оқуды бітіргеннен кейін Семей облыстық партия комитетінде әйелдер арасындағы жұмыс, насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушісі қызметінде жұмыс істейді.
Фарида Халитова тың көтерудің алғашы жылдарында партияның шақыруымен өзі өмір бойы қызмет істеген, өмір кешкен, орнығып қалған туған Семейден Целиноградқа аттанады. Онда қайтыс болғанға дейін бақандай 15 жыл облыстық партия комитетінің секретары міндетін атқарады. Ол өзі теңдес әйелдерден тұңғыш, одақтық дәрежедегі ірі басшыларды даярлайтын Мәскеудегі бірден-бір оқу орнын бітіріп, Қазақстандағы ең ірі облыстарды басқару ісіне белсене араласады.
Ф.Ғ.Халитова 1961 жылы Қазақстан КП Целиноград облыстық комитетінің секретарлығына сайланып, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы қызметінде істейді.
Фарида Ғадсадыққызы Халитова жақсы ұйымдастырушы, партиялық парызды терең сезінетін адам еді. Партия оны қай жұмысқа жіберсе де ол өзіне көрсетілген сенімді абыроймен ақтайтын. Ол өте қарапайым, сабырлы, ерекше еңбек сүйгіш, жоғары принципті және идеялы адамдарға сергек қарайтын жан еді. Ол облыс коммунистерінің, бүкіл еңбекшілерінің арасында үлкен беделге ие болды, облыстық партия комитетінің мүшесі және еңбекшілер депутаттары облыстық Советінің депутаты болып бірнеше рет сайланған да болатын.
Отан алдындағы ерен еңбегі үшін Ф.Ғ.Халитова үш рет «Еңбек Қызыл Ту», төрт рет «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.
Фарида Ғабсадыққызы Халитова Семей аймағының рухани өрлеуіне қомақты үлес қосты. Оның Семей және оған қарасты аудандар мен ауылдарының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесін оны білетін барша халық әлі күнге дейін есте сақтап келеді. Атап айтар болсақ....
Фарида Халитова көп жылдар бойы Семей облыстық жастар одағының бірінші хатшысы болып қызмет жасаған кезінде, одан соң Семей облыстық басшыларының бірі боп та халыққа зор еңбек сіңірді. Сол тұстарда ол Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбановтай дарынды әншілерді, Құсман Қосанов, Марат Искаковтай еңбек сіңірген атақты спортшыларды, Тоқтархан Болыспаевтай, Кәкен Құдабаевтай алғыр басшы, ғалымдарды, ірі мамандарды тәрбиелеп шығаруға ерекше еңбек сіңірген еді.
Ф.Халитова 1953 жылы Семей облыстық партия комитетінде әйелдер арасындағы жұмыс, насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерінде жүргенде өңірдің өркендеуіне зор үлес қосты. Яғни, облыстық партия және білім беру саласының жандануына зор ықпал етті. Сонымен қатар облысымызда көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны артып, олар сапасы жағынан өсті.
Қайткердің ұсынысымен Семей қаласындағы жоғары оқу орындары:
1) малдәрігерлік;
2) дәрігерлік институттар ашылды.
Семей облысы өңірінің ғылыми әл-ауқаты ұлғайды.
1945 жылдары Ұлы Жеңіс бола сала көп уақыт өткізбей Семей облысыың Новопокровка ауданы бойынша Ұлы Абай атамыздың 100 жылдық мерейтойы өтпек болып, қызу дайындық жүріп жатқан кезде Семейдан қазақтың халық ақындары Нұрлыбек Баймұратов, Төлеу Көбдіков, Тәңірберген Әміренов сынды өнер саңылақтарын Фарида апай ауылға алып келіп, елдң жинап, ән айтқызған еді. Сонымен қатар, Семей қаласында да ұлы Абайдың 100 жылдығын өткізуге және ақынның мұражайын ашуға белсене ат салысты.
Фарида Халитова сол бір ауыр жылдарда Қазправда, Байтанат, Зубайыр, Жаңауыл, Құрманқожа, Изатолла т.б. ауылдардың өнерлі деген жастарын, мұғалімдерін ұйымдастырып, қызықты концерттерімен, үгіт-насихат әңгімелерімен біресе қырманда, біресе фермаларда, біресе колхоз конторларының маңына жиналған еңбеккерлердің көңілдерін көтеріп, үнемі алғысқа бөленіп жүретіндерін көзкөргендер күні бүгінге дейін айтып жүреді. Оның басшылығымен 50-ші жылдары Абай ауданына Қазақстан Республикасының Халық Академиясының ғылыми экспедициясы ұйымдастырылып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы бай экспозиция материалдары жиналды.
Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйіне тарихи материалдар мен экспонаттарды жинастыруға зор үлесін қосты. Сонымен қатар М.О.Әуезовтың 60 жылдық мерейтойы Семей қаласында және жазушының туған жерінде аталып өтілуін жіті қадағалап, ұлы жазушының жерлестері құрметіне бөленуінің ұйтқысы болған ақылды да, парасатты адам болғаны біз үшін үлгі болары сөзсіз.
Фарида Халитова жанындағыларға Мұхтар Әуезов жөнінде тамаша әңгімелерін айтып, толғана сыр шертетін: «Ол кісіні бұрын сырттан естіп білетінмін, Мұқаңды 60 жасқа толған торқалы тойын Семейге тойлауға келгенде бетпе-бет кездесіп, жүздестім. Облыс басшылары М.Әуезовты вокзалдан қары алып, зор құрмет көрсетті, үлкен-кіші демей арнайы сәлем беріп, көңіл-күйін сұрап, туған күнімен құттықтап, шын қуаныштарын білдіріп жатты. Сонда маған айтқан өтініші: -Егер, жоспарларыңда көпшілікпен кездесу көрсетілген болса, мен еңбек адамдарымен және жастармен көбірек кездессем бе деп едім, соған көңіл бөлерсің», - деді. Кейіннен ол кісінің бұл өтінішіне талдау жасай келгенде, Мұқаңның көпшілікпен кездесем деуі олардың көңілінен шығу, көңіл-күйлерін байқау болса, ал жастармен кездесем деуі – ұзақ жылдар бойы олардың есінде қалу жолын іздеген болар деп ойладым», - деген болатын.
Фарида Ғабсадыққызының басшылығымен Семей қаласында жоғарғы оқу орындарының саны артып, зооветеренарлы және медициналық институттар ашылды, соның негізінде облыстың ғылымыи әлеуеті өсті.
Уақыт біразға барса да, жұрт асығар емес, күнделікті жаңалықтар мен еңбектегі табыстар, халықаралық жағдайларды газеттен оқып, радио, теледидар тыңдап, көріп отырса да, қызықты да маңызды жаңалықтарды Семей өңірінің халқы Фарида Ғабсадыққызымен жүздесулер кезінде өз аузынан естігенді жөн көретін. Көп күшін қала тұрғындарына арналған демалыс орындарын ашуға салған басшы Ленин атындағы саябақты ашу, Киров атындағы арал-жағалаудың көркеюін қадағалап отырды.
Халқымыздың ірі ғалымдары, өнер қайраткерлері өздерінің мерейтойларына көбінекей Фарида апайды шақыратын. Қазақтың тұңғыш академик қызы, жерлесіміз Нәйлә Базанова, қазақ әдебиетінің классиктері Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқановтың мерейтойларына облысымыздың құттықтауын, шашуын арнаған Фарида апамыз еді.
Фарида Халитованың Семей қаласында тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылған.
Айта берсек, естелік таусылмайды. Өйткені, Фарида Ғабсадыққызы Халитованың өмірі мен еңбек жолы адамгершілік пен адалдықтың ел жүрегінде мәңгілік сақталатын өнегесі.
Шығыс Қазақстан облысының Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында жеке текті құжаттар өте көп сақталған, осындай аса бағалы, құнды, қызықты, мағыналы құжаттардың ең бірегейі – жерлесіміз Халитова Фарида Ғабсадыққызының қоры болып табылады.
Фарида Ғабсадыққызының құжаттары Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына 80 жылдары келіп түскен болатын. Құжаттарға 116 қор нөмірі берілді. Қазір осы қорда ол кісінің барлық тапсырылған құжаттары сақталған.
Фарида Ғадсадыққызы 1920 жылы 20-шы желтоқсанда Семей облысы Башкөл ауданында, кедей шаруа отбасында дүниеге келгендігін куәландыратын құжаттар толығымен бар.
Қор – 116, т.1, 85 істе «Ардагерлер асуы. Обком секретары» деген атаумен Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген зоотехнигі, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Фарида апамыздың жұбайы болған марқұм Төлеужан Мусин ағамыздың кең көлемді естелігі жазылған. Бұл естелікте толықтай Фаридаапамыздың туғанынан бастап қайтыс болғанға дейінгі атқарған қызметтері жайлы толық баян етілді. Сонымен қатар, Қ-116, т.1, 10 істе Фарида апаның өмірбаяны жазылған құжат сақталған.
2011 жылдың желтоқсан айында Фарида Ғабсадыққызының туғанына 91 жол толуына байланысты Семей қаласының «Қазақстан-Семей» телеарнасы мұрағат құжаттарына сүйене отырып документальды фильм дайындады. Мұндай іс шараның Фарида Ғабсадыққызының құрметіне арналып отырғаны қуанарлық жағдай.
Фарида Ғабсадыққызы кейіннен қызмет бабымен Целиноград (Астана) қаласына ауысып, өмірінің соңына дейін сонда тұрған екен. Өмірден өткенде қоштасу митингісі болып, оған Республиканың басшылары келіп сөз сөйлеген, мұның барлығы
Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығындағы құжаттарда нақтылы жазылған. Сонымен қатар, сақталған құжаттардың арасында марапатталған мақтау қағаздары, медальдары (Қараңыз, Тіркеме 6), куәліктері мен хаттары т.б. құжаттары мұрағат қорын толықтырып тұр.
Осындай құжаттардың арасында 1975 жылы 7-ші шілдеде жарық көрген «Қазақстан әйелдері» журналында «Обком секретары» деген атаумен Мадина Үсенованың Фарида апамыз жөнінде үлкен мақаласы жазылған. Осы секілді құжаттарға қарап отырсақ Фарида Ғадсадыққызының жас кезінен еңбек етіп, билік басында атқарған қызметтеріне сүйсіне қарайсың.
Білімнің қара шаңырағы – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 110 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жанаева Шағангүл Алдамжарқызының басшылығымен аталмыш оқу орнында Фарида Ғадсадыққызы Халитова атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Ғылыми-зерттеу орталығына №206 дәрісхана берілді.
Аталмыш ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісханада қоғам қайраткеріне арналған стенд, жеке портреті және жинақ папкалары мен фотосуреттері жинақталған альбом, видеоматериалдармен жинақталған. Осы ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісхананы заманауи жабдықтармен жабдықтауға Фарида Ғабсадыққызы Халитованың қайнысы, жұбайы Төлеужан Мусиннің інісі Мусин Қайнолла Ролланұлы демеушілік жасады. 2014 жылдың 22 қыркүйек күні 110 жылдық мерейтойын тойлау күні ғылыми-зерттеу орталығы, дәрісхана салтанатты түрде ашылды. Фарида Ғабсадыққызы Халитованың жиені Гүлникар Хасанованың «Вести Семей» газетіне колледж ұжымына арнап жазған алғыссөзі жарияланған болатын. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен білім алушылары Фарида Ғабсадыққызы Халитова туралы баспасөз беттеріне мақалалар жариялаудың үстінде.
Атап айтар болсақ, колледж оқытушысы Ахметова Арман Мұратқызы «Семей таңы» газетіне «Ел үшін еңбек ету - парыз» атты мақаласы жарияланса «Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі» мамандығының 302 «Ә» тобының білім алушысы Райстанова Айгерімнің облыстық «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газетіне «Халқының аяулы қызы болған» атты мақаласы жарық көрді.
Болашақта да М.О.Әуезов атындағы колледж оқытушылары мен білім алушылары Фарида апамыздың ерең еңбегін қалың жұртқа насихаттауда атқарар игі істері әлі алдыда.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ибрагимов Т.С. Доборе дело и дела Ф.Халитовой вписались в страницу истории культуры Семипалатинской области //Казахстанская правда. -1997ж. -22апрель.
2. Қыдырова Л. Қызметі мінсіз қайраткер. // Семей таңы, -2011 жыл , -19 шілде.
3. Түкісов У. Елім деп еңбек еткендер: Очерктер мен дастандар және өлеңдер. /Астана. Нұр-Астана баспасы.-2012ж.-368бет.
4. Түкісов У. Фарида Халитова //Ертіс өңірі. -2003 жыл, -10 шілде.
5. Түкісов У. Фарида Халитова //Ертіс өңірі. -2003 жыл, -17 шілде.
6. Туғанбаев К. Қазақстанмен қатар өскен // Семей таңы.-1997 жыл,-30шілде.
7. Үсенова М. «Обком секретары». //Қазақстан әйелдері журналы, -1975 ж. 7-ші шілдеде.
8. Хасанова Г. Асыл бейне //Семей таңы. -1997ж. -8 сәуір. №28.
9. Ғаламтор желісі. – 2010 жылғы ақпарат.