Біді жесең, майды же!
Аузында тұрсын жылтылдап.
Бірді мінсең, жүйрік мін!
Астында тұрсын жылпылдап.
Бірі құшсасң, сұлу құш!
Жанында жатсын былқылдап.
Бір
сөйлесең тауып айт!
Болсын мәз жұртың сылқылдап.
Бір
ән салсаң, мұзды ән сал!
Елжіресін жан тыңдап.
Бәйге алмас шауып бар жылқы,
Жүйрігі озар қарқындап.
Бір
асасаң, талғап жұт!
Қақалып қалма қырқылдап.
Жабылған соң жас күнің,
Жасқа ұмтылма қылқындап!
Бай
болам деп ойлама!
Қойды сүйреп, жылқы ұрлап.
Абұйырлымын деп ойлама!
Әркімге тиіп, бұрқылдап.
Өсек аңдып, сез бағып,
Ел
қыдырма қылтыңдап!
Жалаңаш адам бәрі бір,
Киімге күлме сылтыңдап!
Сырыңды айтпа сырдаңға,
Отырса нанба, жылтыңдап!
Жарлыға бол жағымды,
Байға тұрма қылпылдап!
Көршіге салма күш-қайрат,
Қожайынсып, шыңылдап.
Ағайынмен араз боп,
Әркімге барма қыңқылдап!
Балаңды бер сабаққа,
Қойға айдама тымпыңдап!
Арттан өсек сөйлеме
Көрнеу көзге жылпыңдап!
Өнбес іске өкпе қып,
Келмей қойма, бұлтыңдап!
Қолданып кетпе қулықты,
Құзғындықпен қутыңдап!
Күлген қорлық емес пе?
Жығылып жүріп жыртыңдап.
Жылы жансып, адалсып,
Мал
үшін тұрма құйтыңдап!
Талапты болсаң, шыққаның
Қырсықтың басын қырқып ап.
Естіген сөзді фәһімде,
Отырып кетпей құр тыңдап!
Оңбағаның ұқпасаң,
Шылықпенен шылқылдап.
Ел
билесең адал бол,
Арамға тойма ыңқылдап!
Миға сақта талғауды,
Заман отыр тың – тыңдап.
Бізге де кезек жақындар
Байланған тордан бұлқынбақ.
Қалың үміт сәулесіз,
Қайғы басты лықылдап.
Мінген қайық бұлт етті,
Буыңды талғау қиқылдап.
Буыңды құртып, әлді алып,
Кәрілік те жетті сықырлап.
Тітіркентті рухты
Ажал тісі шықырлап.
Епшіл – емсек жылпыңдар,
Мазаны алды тықылдап.
Жаңа ойладым, жығуға,
Кім
мені жүрген сиқырлап.
Қорытынды
Өлең мазмұнынан не түсіндіңдер? Өлеңнің идеясы
неде?
Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау
Мерзімі:
11.09.2018
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы:
«Көңілдің
жүгірісі»
өлеңі
Мақсаты: Өлеңді оқытып, мазмұнын талдату, жатқа
айтқызу
Ресурсы: І.Жансүгіровтің өлеңдер
жинағы
Әдісі: талдау, әңгімелеу
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өлеңді оқыту
Көңілдің жүгірісі
Зыр
айналып тоқтамай,
Үмітке мініп жүр көңіл.
Қайдағы ойланып жоқтамай,
Қайтсін, таппақ қызыл гүл.
Я
мақтамай, боқтамай,
Бәрін дос деп бекер жүр.
Жағын керіп оқтамай,
Алаңдықпен шекті өмір.
Кейде жалын, кейде шоқ,
Кейде ынтық, кейде жоқ.
Кейде жаяу, кейде атты,
Кейде баяу, кейде отты.
Кейде қайғы, кейде шат,
Кейде тұнық, кейде ылай.
Кейде қорқақ, кейде өжет,
Кейде тірі, кейде өлі.
Көңіл бүйтті тағдырсыз,
Тексере алмай бас қатты.
Өмір отты маздырсыз,
Көксей алмай жас ақты.
Қолды қағып тағдыр тұр,
Көңілге пәлен демейді.
Сорды бағып дағды құл
Маңайдан әлі кетпейді.
Көңіл, сенен тілегім –
Талапты ерттеп, қолды мін;
Үмітім мен жүрегім
Тартпасын сордың қорлығын!
Қорытынды
Өлең мазмұнынан не түсіндіңдер? Өлеңнің идеясы
неде?
Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау
Мерзімі:
18.09.2018
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы:
«Қазақ үйдің
тұрмысы»
өлеңі
Мақсаты: Өлеңді оқытып, мазмұнын талдату, жатқа
айтқызу
Ресурсы: І.Жансүгіровтің өлеңдер
жинағы
Әдісі: талдау, әңгімелеу
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Өлеңді оқыту
Қазақ үйдің тұрмысы
Ақ
үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен
табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ
бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши,
туырлық,
Он
бес бау, ішкі - сыртқы белдеу, желбау,
Түс
киіз, көрпе, шай шымылдық,
Текемет, жастық, шапан, кілем,
сырмақ,
Алаша, бешпент, көйлек, шәлі,
берік,
Самаурын, үстел, кесе, шәйнек,
шәугім,
Кәдеге, сандық, кебеже, ақ
түндік,
Патнос, шелек, мосы, адалбақан,
Ұстара, қайрақ, тарақ, бақан,
сырық,
Шылапшын, аяқ, қасық, қазан,
ошақ,
Жүкаяқ, шкаф, пышақ, айна,
орындық.
Тәрелке, ожау, шөміш, саба,
торсық,
Ұршық, біз, балға, көсеу, қап, ине,
жіп,
Сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс,
байпақ,
Дастарқан, тақия, ішік, белбеу,
белдік,
Ер
- тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы,
Құйысқан, үзеңгі, ішпек,
өмілдірік,
Аяққап, тұз баспағы, сабын,
сақар,
Ірімшік, жәшік, қоспа, май, қымыз,
құрт,
Айран, ұйтқы, ашытқы, көже,
саумал,
Ұн,
тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық,
Жүн
- жұбыр, қыбыр мен тері-терсек,
Келі, келсап, пышақ,аша, күрек,
Ат,
қалта ноқта, бұйда, үскі, кілт,
Сыпыртқы, сүлгі орамал, қырғы
көнек,
Жайнамаз, қалам, қағаз, дорба,
сауыт,
Домбыра, тұтқыш, гармонь, шаппашот,
тұлып
Машина, кергіш, қайшы, ілгек,
шамдал,
Кепсер, қақпақ, саптыаяқ, тәспі,
құлып,
Асыл тас, ақық, меруерт, маржан,
үкі,
Бастырма, ілгек, жүзік, сақина,
шоқ,
Кимешек, шүберек, сағат, құран
кітап,
Темекі, қант, қағаз шай, насыбай
шелек,
Асық, шақша, шалғы, орақ, бұрғы,
қашау,
Желі арқан, көген, тоқпақ, жылқы
құрық.
Басқа түрлі жабдығын санай
алмай,
Сыртқы үзігін көрмекке кеттім
шығып.
Қорытынды
Өлеңде қазақ үйді қалай
сипаттайды?
Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау
Мерзімі: 25.09.2018
Сыныбы:5
Сабақтың
тақырыбы: «Жаз-құдаша»
өлеңі
Мақсаты: Өлеңді оқытып, мазмұнын
талдату, жатқа айтқызу
Ресурсы: І.Жансүгіровтің өлеңдер
жинағы
Әдісі: талдау,
әңгімелеу
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Өлеңді оқыту
Жаз - құдаша
Жаз
маңдайы жарқ етсе,
Көтерілді көңілім.
Жек
көрмедім сендерді,
Серуендеді серігім.
Жаз
маңдайы жарқ етсе,
Қаз
- құстары қаңқ етер,
Кімнің жылытпас көңілін.
Егіншілер сайлады
Мойынтұрық, самиян,
Ат,
атан, өгіз - көлігін.
Жер
киініп, құс келіп,
Мына жылы шуақта,
Жан
- жануар бір алды,
Басындағы бөрігін.
Қыстайғы науқас қара жер,
Шығарды ауру - өлігін.
Бозбалалар ат ұстап,
Аударысып жарысып,
Бастады тағы желігін.
Бойжеткен қыз, келіншек,
Топтанып, сапқа тізіліп,
Бүйрегінен бүлкілдеп,
Әзілдесіп, езіліп,
Суға түсіп жабырлап,
Жарқ еткізіп өңірін.
Диқаншылар қуанып,
Балалар мәз боп қуанып.
Тұқымның шашты төгінін,
Боталы түйе,қозылы қой,
Құлынды бие, буаз мал,
Толтырды кекпен желінін.
Саятшы, мерген іздеп жүр
Таудың ұлар, елігін.
Жаз
- құдаша келді де,
Қыстың зәрін тарқатты.
Жаз
- құдаша жарқылдап,
Жер
бетіне көк көрпе
Салды дағы отырды.
Мен
шаттанып қуандым
Түскендей - ақ келінім.
Қуансам да мәз болып,
Қолайсыз уақ кез болып,
Табиғат жасап таршылық
Қолдан тартып ап кетті,
Күткен құдашамыздың,
Төрт - ақ ай ғып өмірін.
Мерзімі: 2.10.2018
Сыныбы:5
Сабақтың
тақырыбы: «Ескі
күн»
өлеңі
Мақсаты: Өлеңді оқытып, мазмұнын
талдату, жатқа айтқызу
Ресурсы: І.Жансүгіровтің өлеңдер
жинағы
Әдісі: талдау,
әңгімелеу
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Өлеңді оқыту
Ескі күн
Ескі күн ес шыққанда кетер
естен,