Физика және экология

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Физика және экология

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика және экология қолданбалы курс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Физика және экология» курсы бойынша тақырыптық– күнтізбелік жоспар

Түсінік хат

Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында білімдерін дамыту- бүгінгі педагогиканың ең көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылып отыр. Соның ішінде физика пәнінен кең мағынада білім беру- әр ұстаздың міндеті. Қазіргі кезеңде ұстаздық кәсіптің өзі мол шығармашылық мүмкіндігі, бейімділікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Соның бірі- оқушыларға қосымша, тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі профильді курстары сабақтары. Физикадан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру, тереңдету мақсатына алынып отырған бағдарламаның бірі- «Физика және экология». Бұл курс бағдарламасы 10-сыныпқа арналған. Курс оқушылардың физиканы оқу барысында алған білімдері мен біліктіліктеріне сүйенеді. Бағдарлама аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат. Профильді курстар оқушыларға оның қызығушылықтарының қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей қосымша білім алу көлемін еркін таңдауға мүмкіндік береді.



Курстың мақсаты.

Физикалық кұбылыстарын экологиялық тұрғыда түсіне алуын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін, пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастырып, білімдерін тереңдету. - «Қазақстан-2030» стратегиясының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін жүзеге асыру

  • Экологиялық дағдарыстан шығу жолдарына бағыт беру - Ел- жандылыққа,отансүйгіштікке,үнемшілдікке, достыққа баулу - Баяндамалар мен жобаларды қорғауға бағыт беру - Ұлттық бірыңғай тестілеуге алдын- ала дайындау - Мамандықты дұрыс таңдай алуға бағыт беру - Жаңа технологияларды пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту

Міндеттері

  • Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой өрісін кеңейту

  • Табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, ғылыми дүние- танымын қалыптастыру

  • Экологиялық мәдениетін, салауатты өмір салтын құруға қалыптастыру

  • Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында есеп шығару мен зерттеу жұмыстарын орындауға бағыттау

  • Пән бойынша алған алғашқы танымдық қабілеттерін дамыта отырып, білім, білік дағыларын қалыптастыру

  • Пәнаралық байланыстарды бекіту және қалыптастыру



Күтілетін нәтиже

Қазақстан 2030 стратегиясының әлеуметтік- экономикалық және экологиялық мәселерін жүзеге асыруда физикалық құбылыстарды экологиялық тұрғыда түсіндіреді, қоршаған ортаға өз жауапкершілігін қалыптастырады және экологиялық дағдарыстан шығу жолдарына бағыт береді

Жаңашылдық бағыты

  1. Ақпараттық технологияларды қолдану

  2. Электронды кітаптармен жұмыс

  3. Денсаулықты сақтай отырып оқыту

  4. Оқушылардың өз бетімен іздену қабілетін дамыту

  5. Сын тұрғысынан ойлау

  6. Жобалап оқыту



Болжамы. Аталған курс меңгерілгенде оқушы физикалық заңдылықтар мен өзгерістерді дұрыс пайымдап, табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық дағдарыстардың алдын алуға ұмтылады. Салауатты,мәдениетті тұлға қалыптасады.

Өзектілігі. Адам баласының өмір сүруі, тіпті тіршіліктің болуы немесе болмауы неге байланысты дегенде, бейбітшілік мәселесінен кейінгі, екінші орындағы, бүгінгі таңда шиеленіскен және шұғыл шешуді талап ететін мәселелердің бірі – экология. Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Табиғатты қорғау, оның байлықтарын тиімді пайдалану- қазіргі кездегі ең өзекті мәселе. Экологиялық жағдай- бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін күрделі мәселелердің бірі. Әлемде болып жатқан атомдық жарылыстар, радиациялық қалдықтар жайлы мәселелердің шешудің жолдары қарастырылуда.

Курстың мазмұны

I.Кіріспе (1 сағат)

Қазіргі экология ғылымының мазмұны, міндеттері мен өзектілігі.

II. Қазақстандағы экологиялық жағдайлар мен мәселелер(4 сағат)

Қоршаған ортаның табиғи жағдайлары. Өзіміз тұрған жердегі экологиялық жағдайлар. Экология және ҒТП .Қорытындылау сабағы

III. Жердегі ауа қабатының экологиясы(6 сағат)

Атмосфера-жердің ауа қабығы, оның құрамы, құрылысы, маңызы. Ауа температурасы .Биосфера-тіршілік қабығы, оның шекаралары. Гидросфера экологиясы .Энергетиканың экологиялық жағдайлары. Энергия қөздері . Энергияның түрленуі және машиналарды қолдану.

IV.Іштен жану және электр двигательдерінің пайдалы әсер коэффициенті, олардың экологиялық тазалығы (8 сағат)

Двигательден шығатын зиянды заттар. Есептер шығару. Формулаларды қолдану, есептеу дағдылары. Жылу двигателі және атмосфералық ауаны қорғау мәселесі. Ғылыми техникалық прогресс және табиғатты қорғау мәселесі. Динамика заңдары. Космостан бақылаудың экологияға маңызы. Жылу электр станциялары және экология. Қорытындылау сабағы. Конференция. Жылу двигательдері және қоршаған орта.

V. Адам ағзасы экологиясы(7 сағат)

Адам ағзасына электромагниттік өрістің әсері. Электромагниттік өрістің негізгі көздері және оның сипаттамасы .Электромагниттік өрістен сақталу шаралары. Семинар «Экология- ел аманаты» Космос-Күн энергетикасының жүйелері. Күн-мұхит электр станциялары. Акустика және экология.

VI. АЭС және ЖЭС қолданудағы экологиялық дағдарыстың зардаптары(8 сағат)

Атом энергетикасы және атом электр станцияларының экологиялық мәселелері. Ядроэнергетикалық циклдің қалдықтары. Уран рудасының өндірісі .Радиация және өмір. Иондаушы сәулелерді тіркеуші приборлар. Қорытындылау сабағы. Дискуссия. Жалпылау, қайталау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.00.2024
186
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі