Материалдар / физика пәнін оқытуда тиімді әдістер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

физика пәнін оқытуда тиімді әдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2019
949
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФИЗИКА ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

А.Н.Қашқынбаев

Жамбыл облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты

Жаңа ғасырда қоғамда болған өзгеріс жалпы білім беру жүйесінде де күрделі серпілістер әкелді. Мемлекетіміздің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне шығуы, Қазақстанда осы кезеңге дейінгі қалыптасқан тарихи жағдайларға, жинақталған құндылықтарға және қоғамның түбірімен өзгеруіне байланысты қазіргі уақытта мектепте физикадан білім жүйесінің маңызы артуда.

Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты жаңаша көзқарас алды. Мектеп еліміздің интелектуальды потенциалын арттырып қана қоймай, сонымен қатар ол әрбір оқушыдан еркін, шығармашылықпен ойлайтын, бейімділігін дамытып, келешекте өмірден өз орнынын таба алатын жеке тұлға дайындай алуы қажет болып отыр. Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада шығармашылықпен қолдана білуі қажет.
Жаңа білім үлгісін қалыптастыруда қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру қажет: а) өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық проблемаларды шешу; б) жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жаңа қоғам құру.

Физика ғылымының жеткен жетістіктері өндірісті механизациялауда, энергетикада, автоматизацияда және жаңа материалдарды жасауда пайдаланылуда. Өндірістің техникалық жағынан қарулануы – кешенді механизацялау мен автоматизациялау, есептеу техникасының енуі жұмысшыдан физика ғылымының негізін біліп, оны политехникалық сипатта қолдануда дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды талап етуде.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай талап, міндеттер туындайды:
— ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
— шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
— білімді тыңдаушы болуы;
— сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты — өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғалімі – рухани – адамгершілігі, рефлекцияға қабілетті, ақпараттық – коммуникативтік, әлеуметтік – тұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан, шығармашыл ұстаз.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу кажет. Олар:
— компьютерлік техника;
— интернет;
— компьютерлік желі;
— электрондық және телекоммуникациялар құралдары;
— электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру және танымдық белсенділігін қалыптастыру.

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады.

Күнделікті өмір тынысымен бірге тіршілік етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту басты мақсат. Жаңа технологияны пайдалана отырып, дәстүр салтымызды, ұлттық сана сезімді жаңарту, әдептілікке үйрету мақсатында әрбір тақырыпты халық даналығымен байланыстыра өткізуге әбден болады. Өмірде болып жатқан өзгерістердің , ғылым жаңалықтарының, қоршаған ортаның ұлттық қол өнер бұйымдары жасалу жолдарының құрылысы, қолданылуының физика заңдылықтарымен байланысын ашу негізгі міндет.

Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың білім сапасын арттыруда шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақ ғылыми негізде;
білім құмарлығын таныту;
өздігінен ізденіс жасауға баулу;
жазбаша жинақтап баяндай білу;
өмірмен байланыстыру;
ұлттық әдет — ғұрыпты бойына сіңіру;
оқушының қызығуын арттыру;
оқушыларды ойлануға;
өз ойын ауызша жеткізуге;
мәдениетті сөйлеуге үйрету.
Бүгінгі күн талабы ретінде, физика пәнін оқыту процесін ұйымдастыруда білім беру, оқыту мазмұнының ұлтық идея, ұлттық құндылықтарымыз негізінде ашылуы уақыт ұттырмайтын мәселе. Ғылыммен байланыстырған ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, үйрену, оны түгелдей қайталау емес, керісінше, оны қоғам мен уақыт сипатына қарай өркениетке табан тірейтін, ұлттық мәдениет, бүкіл білім мазмұнын құруға алып келеді деуге негіз бар.
Физика пәнінің мұғалімдері мынадай мақсат қоюымыз керек:
• Халықтың ғасырлар бойы жинақталып , іріктеп алған озық тәжірибесін физика ғылымымен байланыстыру мен заңдылықтарға арқа сүйене отырып түсіндіру мен дәлелдеу, жас ұрпақтың бойына сіңіру,баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын дүниетанымын,өмірге көзқарасын және оған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді қазіргі жаңа технологияларды пайдаланып , физика сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу-сызуы болмаған халқымыздың табиғат құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін, көргендігін , данышпандығын аңғарамыз. Мысалы, 7-сыныпта “Диффузия құбылысы” тақырыбын өткенде айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы , температура жоғарлаған сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. “Қысым” тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш жұмсап қазықты жерге тез кіргізудің тәсілін ерте игерген.

Мысалы: 8 сынып “жылу құбылыстары” тарауын теріден, киізден жасалған бұйымдарды жылуды нашар өткізуіне байланысты қолдану себебін ашуға болады немесе “механикалық тербелістер мен толқындар” тарауында әр тақырып ұлттық аспаптардың жасалу ерекшеліктеріне қатысты өткізуге болады.

Ал 8-сыныпта “Жылу өткізгіштік” тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, байланысты тұлып, ішік тігіп кигенін түсіндіру керек. Осы сыныпта “сәуле шығару” тақырыбын өтеді.Сол сабақта не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын, не себепті ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдесе оқушылар миында тақырып ұзақ сақталады.

Сондай-ақ 9-сыныпта “Ньютонның қозғалыс заңдарын” өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – “Арқан тарту “, “Күш сынау”, тағы басқаларын айтса, сабақтың мазмұны байып , құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды.

9, 11-сыныптарда “Механикалық толқындар” тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта тұрған ішекті тепе-теңдігін бұзып тербелтеміз. Екіншіден, ішектің тербелісі ауаға беріліп , ол арқылы дыбыс бізге жетеді. Үшіншіден , домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың да қалай дыбыс шығаратынына тоқтала кеткен жөн.

Енді 10-сыныптағы “Броундық қозғалыс” тақырыбына келейік. Бұл сабақты да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолдары бар. Нақты дәлелге жүгінсек , күбіге айран піскенде майдың түсуі , қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.

Ал, “Газдардағы электр тогы” тақырыбын өткенде мына мысалға назар аударған тартымды. Найзағай ойнағанда үйден шықпай, есік-терезені жауып отыру керек деген ұғымның қалай пайда болғанына тоқталу оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

Келесі сөз 11-сыныптағы “Спектрлер” тақырыбы туралы. Мұнда ақ және қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан-жақты ұғындырған ұтымды. Тілге тиек ететініміз – “Конвекция”, “Сәуле шығару” құбылыстары. Бұларды түсіндірген кезде киіз үйдің іргесін түру , түндігін ашып қою есебіне тоқталу оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп , көзқарасын қалыптастырады.

Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік берген өте пайдалы. Мысалы, 8- сыныпта “Кебу және конденсация” тақырыбын өткенде “Аузы күйген үрлеп ішеді” деген мақалды оқушыларға айту керек. Мақалдың тәрбиелік мәні , жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физикалық тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады. Осы сияқты басқа да мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай айтып отырса, оқушылардың ұлттық сана-сезімін оятуға, дамытуға берер әсері көп. Сонымен қатар бұл мақалдар халқымыздың ертеден-ақ дана халық болғанының дәлелі , айғағы екендігі сөзсіз. Бұл оқушылардың өз ұлтымызға деген сүйіспеншілігін оятады.

Қорытынды.

 Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңа технологияны пайдалана отырып жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық , ұлттық салт-дәстүрлерді , ұлттық атауларды , ұлттық тіл өрнектерін , ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу. Сабақты тартымды , қызықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына, талантына , біліміне байланысты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға , тәжірибе жасап , оған қорытынды жасай білуге , сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса , сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады және оқушылардың білім сапасының артуына ықпал етеді. Ғасырлар бойы күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана береді де.








Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбдіқас Тәжімұратов, «Шебердің қолы ортақ» атты кітабы;
2. Б.Б. Буховцев, Ю.Н. Климонтович, Г.Я. Мякишев, Физика оқулығы ,9 –кл.
1983 ж;
3.
Н.А.Татибеков.Физика пәнінен білім, білік дағдыларын қалыптастыру. «Физика Қазақстан мектебінде» Алматы. 2013ж. №11
4. Г.И.Есенова. Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабақтарында қолдану. «Физика Қазақстан мектебінде»журналы. 2005.№1
5. Ғ.Қожахмет. «Қазіргі заманғы физика пәнінің зерттелуі» Қызылорда.
Өрлеу ББҰБАО.Материалдар жинағы. 2011ж.
6. Физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын арттыру жолдары. Интернет сайты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!