Материалдар / Физкультминутка
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Физкультминутка

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолыңыз көтеріңкі: Денеңізді тура ұстап, аяғыңызды иығыңыздай бір-бірінен алшақ қойып қолыңызды екінші қолыңыздың үстіне қойыңыз. Иықтарыңызды босаңсытып омыртқа жотаңызды созыңыз. Мойныңызды тік ұстаңыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2021
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физкультүзіліс. (ФҮ)


ФҮ өткізу уақытын,ұзақтығын, түрін мұғалім өзі таңдайды.Бір сабақ барысында 1 – 2 ФҮ жеткілікті.Үшінші және одан кейінгі сабақтарда ФҮ міндетті түрде болу керек.

ФҮ төменгі мақсаттарды шешуі тиіс :


  1. ағзаны сергіту: бір позадағы ұзақ отырыстың әсерін алу;

  2. зейінін сергіту: оқу материалын қабылдауға қабілітін арттыру.

  3. Эмоцианалдық сергіту :түрлі теріс эмициялардың теріс әсерін жою.


Мидың қан айналымын жақсартуға арналған жаттығулар.


  1. Бастапқа қалып (БҚ) – орындықты отырып. 1 – басты оңға қисайту; 2 – БҚ ; 3 – басты солға қисайту; 4 – БҚ; 5 – иықты көтермей, басты алға ию; 6 – БҚ. Баяу темппен 3 – 4 рет қайталау.

  2. БҚ – отырып, қолды белде ұстау. 1 – басты оңға бұру; 2 – БҚ; 3 – басты солға бұру; 4 - БҚ. Баяу темппен 4 – 5 рет қайталау.


Иық пен қолдың шаршауын басу.


  1. БҚ – қолды белде ұстау,түрегеліп тұру. 1 – оң қолды алға созып, сол қолды жоғары көтеру. 2 – қолдардың орнын ауыстыру. 3 – 4 рет қайталап, қолдарды ақырын төмен түсіріп,қолдарды ақырын сілкілеу, басты алға еңкейту. Тағы 3 – 4 рет қайталау.

  2. БҚ – отырып немесе түрегеліп тұрып, қолдың устін белге қою

( алақандар сыртқа қарайды ). 1 – 2 – шынтақтарды алға созу,

басты еңкейту. 3 – 4 – шынтақтарды артқа созу, белді қайқайту.

5 – 6 рет қайталап, қолдарды ақырын төмен түсіріп, ақырын

сілкілеу. Темп баяу.

  1. БҚ – отырып ,қолдарды жоғары созу. 1 – жұдырық түю;

2 – алақандарды жазу, 6 – 8 рет қайталап қолдарды ақырын төмен

түсіріп , қол ұшын сілкілеу.Темп орташа.









Төменгі сынып оқушыларына арналған жазу элементтері бар сабақтардағы ФҮ жаттығулардың кешені.


  1. Мидың қан айналымын жақсарту. БҚ – отырып, қолды белге

қою. 1 – басты оңға бұру; 2 – БҚ; 3 – басты солға бұру: 4 – БҚ;

5 – басты алға еңкейту; 6 – БҚ. 4 – 6 рет қайталау. Темп орташа.

  1. Қолдың майда бұлшық еттерін сергіту.

БҚ – отырып, қолды жоғары көтеру. 1 – жұдырық түю; 2 – алақан ашу. 6 – 8 рет қайталау, қолдарды ақырын төмен түсіріп, сілкілеу, орташа темп.

  1. Дене бұлшық еттерін сергіту. БҚ – тұрып аяқты, аяқты алшақ қойып, қолда белге қою. 1 – денені оңға бұру; 2 – денені солға бұру. Бұрылған кезде аяқты қозғамау керек. 4 – 6 рет қайталау, темп орташа.

  2. Оқушылардың зейінін арттыру. БҚ – тұрып, қолды төмен ұстау. 1 – оң долды белге қою; 2 – сол қолды белге қою; 3 –оң қолдыиыққа қою; 4 – сол қолды иыққа қою; 5 – оң қолды жоғары созу,6 – сол қолды жоғары созу; 7 – 8 – алақандарды шапалақтау; 9 – сол қолды иыққа түсіру; 10 – оң қолды иыққа түсіру; 11 – сол қолды белге қою; 12 – оң қолды белге қою; 13 – 14 – алақанмен белді шапалақтау. 4 – 6 рет қайталау.Темп: 1 рет – ақырын; 2 – 3 рет – орташа; 3 – 4 рет жылдам; 1 – 2 – ақырын.


Дене сымбатын қалыпта ұстау жаттығулары.


1 – тұрып, өкшені біріктіріп, аяқ ұштарын алшақтату, иықты керіп, жауырынды біріктіру, ішті тартып, иекті көтеру.2 – денені босаңсыту. 6 – 8 рет қайталау.


1.Дене қалпын қадағалай отырып жай жүру.


2.Қолды жоғары соғып, аяқтың ұшымен жүру.


3.Қолды белде ұстап, өкшемен жүру.


4.Қол белде, шынтақты артқа тартып, табанның сыртымен жүру.







Күшті қалпына келтіру.


  1. Қолды жоғары көтеріп, аяқты артқа қойып, де малу; БҚ оралу – дем шығару. Келесі аяқпен қайталау.

  2. БҚ – аяқ иық енінде, қол белде. 1 – 2 шынтақты артқа тартып,жауырынды біріктіру, тыныс алу, 3 – 4 – БҚ оралу, тыныс шығару.

  3. БҚ – арқаны тік ұстап, аяқ ұшщымен отырып – тұру ( өкшені жерге тигізбеу ). 1 – 2 – тізені алшақтатып, қолды алға немесе сыртқа созу; 3 – 4 – БҚ оралу.

  4. БҚ – аяқты алшақ ұстап, қол ұшын иыққа тигізу. Иықты алға , артқа айналдыру.

  5. БҚ – БҚ – аяқты алшақ қойып . қол ұшын иыққа тигізу. Арқаны тік ұстап. Алға еңкею.

  6. Қолды артта ұстап, алақандарды тигізу.Оң және сол алақан кезегімен үстіне шығады.

  7. БҚ – аяқтар алшақ, қолды сыртқа созу.Қолдарды артқа айналдыру.

  8. Қолдарды түзу ұстап, екі жағымен жоғары көтеру – дем алу; ақырын төмен түсіру – дем шығару.

  9. Аяқтар алшақ, қолды артқа ұстау. Денені екі жаққа кезек еңкейтіп , тыныс шығару.

  10. Басқа 1 – 2 салмақты зат қоя отырып, түзу сызық бойымен жүру.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!