Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
FreeDEXpano GUI бағдарламасында виртуалды тур және сфералық панораманы құру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АКТ және Информатика пәндерінің жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19105 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың
қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
1. "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелді, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) санында жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары осы бұйрыққа 175 – 191-2-қосымшаларға сәйкес;";
34, 70, 90 және 188-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).";
Сарымен белгіленген кластар 2020-2021 оқу жылында осы программамен.
7 мен 8 кластар биыл №545 бұйрық бойынша, келесі жылы осыған кіреді.
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы |
Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінен жаңартылған мазмұны бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
2. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;
3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;
4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;
5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.
5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.
6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы - білім алушылардың бойында: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік", "құрмет", "ынтымақтастық", "еңбек және шығармашылық", "ашықтық", "өмір бойы білім алу" сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
2-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
7. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шектік өлемі:
1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағатты;
2) 2-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағатты;
4) 4-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
8. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);
2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;
4) робототехникаға арналған жиынтықтар.
9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) компьютер;
2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
3) интернет желісінде жұмыс істеу;
4) есептей білу;
5) робототехника.
10. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
11. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
12. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
13. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
14. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
15. 1-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу;роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).
16. 2-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;
Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.
4) "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.
5) "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.
17. 2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарының 3-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер" компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
18. 3-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді пайдалану.Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4) "Есептей білу".
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5) "Робототехника": орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
19. 4-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.
Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;
2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу".
Мәтін: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.
Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4) "Есептей білу": алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.
Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5) "Робототехника": түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
20. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген.Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: "2" – сынып, "1.2" – бөлімше, "1" – оқу мақсатының нөмірленуі.
21. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:
1) Компьютер
Білім алушылар міндетті |
|||||
Бөлімше |
1-сынып |
2-сынып |
2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарының 3-сыныптарынаарналған |
3-сынып |
4-сынып |
1. Компьютердің құрылғылары |
|
2. 1. 1. 1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату; |
3. 1. 1. 1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану; |
3. 1. 1. 1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану; |
4. 1. 1. 1 компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру; |
2. Программалық қамтамасыз ету |
|
2. 1. 2. 1 файл мен бума
туралы түсінік беру |
3. 1. 2. 1 қолданбалы
программаларда "қызу" клавиштерді
пайдалану; |
3. 1. 2. 1 қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді пайдалану; |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |