Материалдар / Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қажет деген ойдамын. Оқушылардың функционалдық сауттылығын дамытуда қолданылатын тапсырмалар түрінің тиімділігі жайлы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
266
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тулеуова Э.А.

«№7жалпы білім беретін мектебі»КММ Сәтбаев қ.



Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру



Бүгінгі болашақ ұрпағымыздың ертеңін ойлау біздің басты мақсатымыз. Қазіргі жас ұрпақ білімі, біліктілігі, көкірегі ояу, тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамымызды дамытатын, көркейтетін, мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ете білетін, шет елдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өз өмірінде қолдана алатын, ана тіліне жетік білетін, ұлтжанды азамат дайындау- бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты деп білемін.

«ХХІ ғасырда нені оқыту керек және ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?»дегенге заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты құрал- білім. Ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыта отырып, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалану болып табылады. Сонымен қатар, оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Балының ойлау еркіндігін шектемей, жан-жақты ойлауына, шығармашылық қасиетінің дамуына мүмкіндік беруіміз қажет. ХХІ ғасырдың әрбір тұлғасы әлемдік бәсекелестің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отырғаны анық. Бүгінгі біздің міндетіміз- өзіндік көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл болуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлануға бейім, интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін үлкен жауап іс деп білемін.

Білімнің сапалылығы мұғалімдер сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген:... «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі болып табылады. Олай болатын болса, әрбір мұғалімнің өзіндік сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдері болуы қажет. Ең бастысы, мұғалім тек қана білім иесі болмай, білімді жеткізе білу- бұл осы таңдағы міндет. Мемлекетіміздің іргелі ел болып қалыптасуы үшін өз тілін қадірлеп, қастерлеп, аялай алатын, сөз өнерінің құдіретін түйсіне білетін саналы жас ұрпақты тәрбиелеуді басты міндетім деп білемін. «Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай жан-жақты білім беру мүмкін емес.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қамти отырып, оқушылардың сөздік қорларын, ой-өрістерін, зейіндерін тұрақтандыруда жан-жақты жұмыс түрлерін қамти отырып, жұмыс жасаймын. Атап айтар болсам, көп таңдауы бар тапсырмалар, шындық және жалған, салыстыру және сәйкестендіру, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар жан-жақты ойланып, дұрыс шешімін табуда еңбектенеді. Тест тапсырмаларын пайдалану тақырыптың соңында материалды бекіту кезінде пайдаланғанда өте тиімді. Сонымен бірге тақырыпты жаңадан бастаған кезде де тест қолдану пайдалы болып табылады. Құрастырылған сұрақтар оқушылардың жаңа материалды білу және түсіну деңгейін байқауға көмектеседі. Кез-келген берілген тапсырмалар барынша түсінікті болуы қажет. Сөйлемде барынша аз сөз қолдана отырып,онда оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды оқуға көп уақыт жоғалтып алмайтындай болуы керек. «Шындық/Жалған» тапсырмасында оқушылар берілген тұжырымның ақиқат немесе жалған екенін анықтай алады. Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге өте қолайлы болып табылады. Осы кезе оқушылар тапсырманы тез түсініп, тез жауап бере алады. Шындықты анықтау тапсырмалары нақтылауға берілген болуы мүмкін. Шындықты анықтайтын тапсырманың бұл түрі оқушы жалған тұжырымның ішінен берілген шындыққа қатысты ақпаратты қаншалықты білетінін анықтайды.

Сәйкестендіру тесті, мұнда сәйкестендіруге байланысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді тәсілі болып табылады. Әдебиет сабағында кейіпкерлердің аттары мен шығарма атауларын сәйкестердіру, кейіпкерлердің аттары мен олардың айтқандарын сәйкестендіру, шығармалардың атаулары мен авторларын сәйкестендіру және т.с.с жұмыстарды қамтуда жүргізілгенде тиімді болып табылады. Сапалы тапсырма барынша сенімді нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасайды, сондықтан кез-келген тапсырманы құрастыру кезінде барынша тиянақтылықты қажет етеді. Осындай тапсырмаларды ала отырып, оқушымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасауға болады. Осындай тәсілдегі жұмыс түрлері сабақта қолдану өте тиімді болып табылады.

Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»демекші, әрбір мұғалім үнемі толассыз ізденісте болуды талап етеді.

Сонымен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыта отырып оқыту-бүгінгі заманның талабы болмақ. Әрбір ұстаздың сабақ өту шеберлігі, шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыра білгенде ғана алдына қойған мақсатына жетеді.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!