Материалдар / ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
245
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҚ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ


Жалпы білім беретін №43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қонырова Гүлнара



Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Осыған орай Қазақстанда білім берудің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа жүйесі қалыптасуда. Халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Бірқатар нормативтік құжаттарда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарқынды, шығармашыл, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау шарты ретінде қарастырылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген еді [1]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Халықаралық талаптарға сай болу үшін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған [2]. Осы міндетті жүзеге асыру барысында «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» жөніндегі Ұлттық жоспар жасалып, оның мақсаты мен міндеттері айқындалды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген [3].

Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизмдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.

Олар:

білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

оқыту нысандары мен әдістері;

білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау

жүйесі;

мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;

мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің

оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы

білім беру ортасының болуы;

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді

рөлі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасына сай зерттеулерде функционалдық сауаттылық әр азаматтың міндеті ретінде қарастырылып, әрмен қарай кәсіби сауаттылықпен жалғасатыны анық айтылған [4]. Функционалдық сауаттылыққа бейімделу, оның қалыптаса бастауы бастауыш мектептен бастау алады. Демек, бұл білім беру деңгейлеріндегі оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша біртұтас әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұнын білім беру деңгейлерінде оқушының функционалдық сауаттылығына негіздеп құру тиімді болмақ. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың коммуникативтік, ақпараттық және проблемалардың шешімін табу және тағы басқадай негізгі құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Қазақстандық қоғамның көпмәдениеттілік жағдайында ізгілік дүниетанымдық ұстанымдарды, ұлттық-мәдени құндылықтарды, қоршаған әлемге эмоционалдық-құндылық қарым-қатынасты қамтитын білім мазмұнының аксиологиялық компонентін кіріктіру негізінде оның тәрбиелік әлеуетін күшейту мәселесі ерекше мәнге ие болады.

Педагогика ғылымы сауаттылық мәселесіне жиі, әрі жете көңіл бөлді. Негізінен сауаттылық мәселесі жаппай білім беру мәселесін шешуде өткір қойылып отырды. Соңғы уақытта «сауаттылық» ұғымының мазмұны қоғам дамуымен және қоғамның білім беру жүйесіне қоятын талаптарымен бірге толық өзгерді.

1969 жылы қыркүйек айында Тегеран қаласында өткен сауатсыздықты жою бойынша ағарту саласы министрлерінің Дүниежүзілік конгресінде «функционалдық сауаттылық» термині енгізілген болатын, ал 1978 жылы БҰҰ ұсынысы бойынша конгресс шешімі қайта қаралып, «Білім беру саласы статистикасын халықаралық стандартизациялау» туралы құжатқа өзгерістер енгізілді. Термин мазмұнының қайта редакциялануына орай функционалды топтардың тиімді әрекет етуіне қажетті барлық іс - әрекет саласына еркін енуі функционалдық сауаттылықтың жаңа көрсеткіші болып табылады.

Педагогикалық зерттеулерде «сауаттылық» ұғымының мазмұны оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана кеңейіп, ол «функционалдық сауаттылық» ұғымының пайда болуымен сипатталады.

Функционалдық сауаттылық – тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.

«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады [5].

Нақтырақ, «функционалдық сауаттылық» ұғымын қалай түсінеміз?

Функционалдық сауаттылық - (ағылшын тілінде functional literacy) - дағды мен білімді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны дамытуға, жаңа білім алу мен мәдениет жетістіктерін игеруге бағытталған білім нәтижесі, жаңа техниканы қолдануды игеру, кәсіби міндеттерді жетік меңгеру, жанұялық өмірдегі сәтті үйлесімділік құра білу, өмірлік түрлі жағдаяттарды шеше алу.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз кең мағынада, адамзаттың сан салалы іс-әрекеттері мен білімнің (бірінші кезекте жалпы білімнің) интеграциялық байланысы, тұлғаның әлеуметтік бейімделу тәсілдері.

Функционалдық сауаттылық деп құзыретті және тиімді іс-әрекетті айтады. Оған адамның қызығушылығын жүзеге асыру және адамның қоғаммен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы байланысты болады.

Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады.

Қазіргі зерттеушілер (С.Г. Вершловский [6], Б.С. Гершунский [7], О.Е. Лебедев [8], Л.М. Перминова [9]) функционалдық сауаттылықты әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде анықтап, оның қалыптасу деңгейін елдің, жалпы мемлекеттің жағдайымен байланыстырады.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы десек те болады. Ал білім беру сапасының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:

Оқу және жазу сауаттылығы

Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу
Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық

Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық –саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
Компьютерлік сауаттылық

Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.
Математикалық сауаттылық

Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудігі басты құралы ретінде көрінеді.
Денсаулық сауаттылық

Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Құқықтық сауаттылық

Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.

Функционалдық сауаттылықтар жүйесін құрастыру білім алуға апаратын білім беру деңгейлерінің әрбір пәндегі біліктер мен құзыреттіліктерді іріктеп, олардың өзара сабақтастық байланысын айқындаудан басталады. Ал функционалдық сауаттылықты құрайтын нысаналар, ұғымдар, ұстанымдар, ережелер, заңдылықтар, біліктер, құзыреттіліктер т.б. бірінен-бірі туындайтын немесе үндесетін жүйе ретінде қарастырылып, әр оқу жылында және білім беру деңгейлерінде олар толыға, тереңдей түседі және оларды білім берудің нәтижесі ретінде нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы түрде білім беру деңгейлері бойынша анықтап алу қажет.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс.

Бастауыш білім беру деңгейі баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң ынтасы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім мазмұнын меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталып, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын қамтамасыз етеді [10].

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің өзіндік маңызы бар. Мәселен, оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, тарихи оқиғалар, оқу- танымдық қызметтердің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мәнін айқындау, өздігінен білімін тереңдету және оны тәжірибеде қолдана алу дағдыларын дамыту арқылы оларға рухани - адамгершілік, идеялық-саяси т.б тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, қоршаған ортаны зерттеп, зерделей алуға, отан сүйгіштікке, жалпы мәдениетін қалыптастыруда пәндердің алатын орны ерекше. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және практикада пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық, конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін, соның ішінде СТО стратегияларын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тапсырмаларын әзірлеу басты назарға алынуда

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған тапсырмаларды ұсынудағы негізгі міндеттердің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасайды.

Сабақтарын Неге? Қалай? Не үшін? сұрақтары негізінде бастау арқылы ой- толғаныс сұрақтар (ашық сұрақтар), кесте арқылы жұмыс, түрлі деңгейдегі тапсырмалар негізінде тұлғаның айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, проблемалық мәселелерге жауап беру, бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі арқылы олардың өз бетінше жұмыс жасауына, ойлануына мүмкіндік ашады.

    Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Олай болса, функциональдық сауаттылық дегеніміз адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Қорыта келе, әлемдік білім беру үрдісіне негізделген жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы функционал­ды сауат­ты­лық сапалы білім беруді қамтамасыз ету факторы болып табылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған жаңартылған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді. Отандық іс-тәжі­рибе негізінде әлемдік тә­­жірибедегі алдыңғы қатарлы идея­­ларды бас­шы­лыққа ала оты­рып, функционалдық сауаттылықты арттыруға баса назар аударсақ тиімділігін дәлелдеген нәти­желерге же­туге болады



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Астана.2010.

  2. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.

  3. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

  4. БҰҰ «Білім бәріне ортақ» атты бағдарламасы, 2001. – Б.5-9.

  5. ЮНЕСКО. Акты Генеральной конференции. Двадцатая сессия. Париж, 1978. Т. 1. Резлюция. Приложение 1. С. 19. Париж, 1979.

  6. Вершловский С.Г., Матюшкина М.Д. Изменения в социально-педагогическом портрете выпускника петербургской школы // Вопросы образования, 2011. - № 1. - С. 99-113.

  7. Гершунский Б.С. Философия образования [Текст]. - М.: МПСИ, Флинта, 1998. - 432с.

  8. Лебедев О.Е. Образовательные результаты [Текст]. - СПб.: Специальная литература, 1999. – 135с.

  9. Перминова Л.М. Минимальное поле функциональной грамотности [Текст] // Педагогика. – 1999, № 2. – С.26-29.

  10. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру

мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Әдістемелік құрал, Астана


Түйіндеме

Бұл мақалада функционалдық сауаттылық түсінігі қарастырылған, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық аспектілері тұжырымдалған.

Тірек сөздер: функционалдық сауаттылық, Ұлттық жоспар, сыни тұрғыда ойлау.


Резюме

В статье отражены такие понятия как функциональная грамотность, сформулированы педагогические аспекты формирования функциональной грамотности учащихся в контексте обновления содержания образования

Ключевые слова: функциональная грамотность, Национальный план, критическое мышление.



Abstract

The article reflects such concepts as functional literacy, formulated pedagogical aspects of formation of functional literacy of pupils in the context of updating of content of education


Keywords: Functional literacy, National plan, сreatical thinking.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!