Материалдар / Ғ дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғ дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
САУАТ АШУ АШЫҚ САБАҚ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітілді:


Шұбарқұдық гимназиясының директоры: Иманғалиев Б.Ә

Оқу ісінің орынбарасары: Кадралина Г.С

Күні: 22.12.2020

Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Қаймұханова Д.Ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Тақырыбы: Ғ дыбысы мен әріпі

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тілдік компонент:, Жер-земля, ғарыш-космос.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. әңгімелеу, қайталау

Мақсаты: Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Білімділік: ғ дыбысымен және оның әріп таңбасын біледі.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Сауатты, көркем жазуға баулиды.
Тәрбиелік: Еріншектікке жол бермеу және қанағат ете білуге тәрбиелейді..
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен ғаламшарлардың суреттері, дидактикалық материалдар.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



























Ұйымдастырушылық-ізденістік


Сәлеметсіңдер ме балалар! Здраствуйте! Hello.

Шаттық шеңбері:

Шолып аспан әлемін,

Қайырлы таң, қане күн!

Деп айтайық бәріміз,

Жолдап жүрек жылуын.







«Күнді күлдір» ойыны арқылы өткенді пысықтау


Күн суретінің бетінде бұлттар басып тұр, бұлттарды ашу үшін алдыңғы сабақта өткен әріптерді қайталап айтуымыз керек, және сол әріптерден басталатын сөздерді айтуларыңыз қажет.


Әңгімелесу.

 Аспанда нелер болады, балалар?
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет?

-Зымыранмен кімдер ұшады?

-Балалар білесіңдерме?
- Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін, білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
- Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?



- Олай болса, біздер бүгінгі сабақта Тоқтар ағамен бірге ғарыш әлеміне саяхатқа шығып, қызықты тапсырмалар орындаймыз, яғни ғарышкерлер боламыз. Ғарышқа бару үшін, «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен.


Жұмбақ жасыру: Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі).
Ғ дыбысын айтқызу (әріп таңбасымен таныстыру). Кеспе әріптен ғ - ның бас әрпі мен кіші әрпі көрсетіледі.
- Ғ дыбысы қандай дыбыс екен?
- Неліктен дауыссыз?

- Қандай текшемен белгілейміз? (Ғ әрпін көк үйге апарып орналастыру).
- Дұрыс айтасыңдар, қане ендеше,"Сиқырлы кітапқа" назар аударайықжәне сондағы сөздерді қайталаймыз.

Видеоролик.

https://www.youtube.com/watch?v=rI8-
- Өте жақсы, ғарышкерлер. Енді дайындалыңдар, ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік! (музыка ойналады).

 Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар.
Ғаламшарлардың яғни күннің біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар.

Дәптермен жұмыс
І - тапсырма. Суретке қарай отырып, , ғарыш, қарға сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
, ғарыш, қарға сөздеріндегі ғ дыбысының орнын түсіндіру.

-Өте жақсы балалар қанекей саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар біз қайда келдік?

-Дұрыс айтасыңдар.Айдыңда бізге берер тапсырмасы бар екен.


Айдың тапсырмасы.
ІІ - тапсырма. Өткен дыбыстармен ғ дыбысын қатыстырып буын, сөздерді оқу.
ғ - а ға ға ға ға ға ға
а - ға аға аға аға аға аға
а - та а - та а - на а - ға а - па нан

Сергіту сәті: 

Қане қанат жазайық,

Зымыран боп ұшайық.

Ай бетінде болайық,

Қайта жерге қонайық.







ІІІ - тапсырма.

 Дидактикалық ойын: «Естелік».
- Балалар, аспандағы жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма?
- Олай болса, өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік, достарымызға көрсетеміз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңдер:
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбысты ше?
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Алматы сөзін буынға бөліңдер.
- Өте жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Жұлдыздарымызды қалталарымызға салып алайық.


- тапсырма. Ғ әрпін жазу.
- Ғ әрпін ауада барлығымыз жазып көрелік.
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып,
ғ әрпін жазамыз.
а) Дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ғ әрпін жазу



ә) Сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ғ дыбысына байланысты сөздерге дыбыстық талдау жастау. «Артығын тауып қорша» тапсырмасын орындау.

.
- Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді мектебімізге қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге санайық: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік.
- Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сендерге көп - көп рахмет.
Оқу - іс әрекетін қорытындылау.
- Балалар, бүгін біз қайда саяхатқа шықтық?
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ғ дыбысы қандай дыбыс екен?
- Ғ дыбысына сөз ойлаңдар.
Балалардымадақтау



Балалар тәрбиешімен амандасады.

Сәлеметсіз бе? ! Здравствуйте? ! Hello!

Шолып аспан әлемін,

Қайырлы таң, қане күн!

Деп айтайық бәріміз,

Жолдап жүрек жылуын.


-Балалар ойынға қызыға қатысады.



Мадина: Өткен сабақта біз О,А,Н,Р әріптерімен таныс болдық








Жұлдыз, Ай, күн


Ғарышқа ұшу үшін қажет.


Ғарышкерлер ұшады.




-Балалар зейін салып тыңдайды.









-Иә бізге өте қызық.


Жауабы "ғ" дыбысы





-Ғ дыбысын көк текшемен белгілейміз.



-Балалар тапсырманы белсенді орындайды.

-Балалар бірге санайды.

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1

-Балалар ғарыш әлеміне қызыға қарайды.


Мадина "ғарыш" сөзіне дыбыстық талдау жасайды.


Ерасыл "қарға" сөзіне дыбыстық талдау жасайды.




-Балалар айдың тапсырмасын белсенді орындайды.

буын, сөздерді оқу.
ғ - а ға ға ға ға ға ға
а - ға аға аға аға аға аға
а - та а - та а - на а - ға а - па нан

-Балалар сергіту сәтін қайталайды.

Қане қанат жазайық,

Зымыран боп ұшайық.

Ай бетінде болайық,

Қайта жерге қонайық.












Рукия: дыбыстар екіге бөлінеді

Мадияр: Дауысты дыбысты қызылмен дауыссыз көк пен

Нұраділ: Алматы сөзін буынға бөледі.


Балалар ауаға ғ әріпін жазады.

Балалар дәптерге ғ әріпін жазады.

Балалар сөздерге

дыбыстық талдау жасайды.


Балалар мектепке қайтады.

10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.


Мадина: біз ғарышқа саяхатқа бардық.

Ерасыл: ғ дыбысымен таныстық.

Рукия: Алға, аға, ғарыш.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!