Материалдар / ГАЖ.. Гавайи жанартауларының картасын, баспана мен лава аймақтарының орналасуын жасау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ГАЖ.. Гавайи жанартауларының картасын, баспана мен лава аймақтарының орналасуын жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Map Viewer» желідегі карталарды құруға және өзара әрекеттесуге арналған функционалдылық арқылы, біз Гавайи жанартауларының картасын, баспана мен лава аймақтарының орналасуын жасаймыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
294
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

Дүние жүзі тарихы, деректану және тарихнама кафедрасы




Тақырыбы: «Қазақстандағы кітапханалардың бүгінгі хал-ахуалы: даму тенденциялары»







Орындаған: Даутанова Рысгүл

Жетекшісі: Дүние жүзі тарихы, деректану және тарихнама кафедрасының доценті, т.ғ.к. Т.Н. Мухажанова














Алматы – 2020



«Кітапхана - білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған кітапханалар- кітапсүйер қауымның сүйікті мекені» деп бекер айтылмаса керек. Ал , менің алып отырған жобамның өзектілігі де осында деп ойлаймын. Себебі кітапхана рухани орда.

Өркениет өріне құлаш сермеген еліміз цифрландыру үдерісіне баса назар аударуда. Тіпті, Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа Жолдауының өзегі де заманауи технологияны қоғамдық қатынастардың барлық саласына енгізуге негізделген. Міне, осы бағытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, жүзеге аса бастады. Расында да,  цифрлық технологияның  уақытты тиімді пайдалануға, істі ілгерілетуге көп көмегі тиетінін күнделікті өмірде көріп те жүрміз. Ал, электронды кітапхананың мүмкіндігін біз қаншалықты пайдаланып жатырмыз?Соңғы кездері «Жастар кітап оқымайды» дегенді жиі айтамыз. Өскелең ұрпақтың алтын уақытын кітапқа арнағаннан гөрі компьютер мен ұялы телефонға көп бөлетініне алаңдадық. Енді, кітапты жастарға өздері қалаған техника тілімен жеткізу мүмкіндігі туды.

Бүгінгі таңда кітапхана жұмыстарын электронды форматқа көшіріп, автоматтандыру жұмыстары айрықша орын алуда. Автоматтандырудың әсерінен әрқашан өзгерістер болып отыратыны сөзсіз , және бұл өзгерістер тек еңбек , структуралық еңбек процесінде ғана емес, бірақ мұнда квалификациялық деңгей мен білім деңгейіне деген талап ету өзгереді . Бұл себептермен тығыз байланысқан тағы бір өте маңызды сұрақ туады , ол нормативті кітапханашының жұмысын автоматтандыру технологиясының енгізілу жағдайларына сәйкестеу . Кітапханалық – библиографтық қызмет көрсетуді автоматтандыруды , яғни жаттанды және анализ өзгерістерін , кітапханалық функцияны оқып білудің өте қатал да , маңызды проблемасын туғызды . Осы тенденцияларды бақылауға ала отырып , осы және басқа да есептеулерге дұрыс араласуға , әрдайым дұрыс ше-шімін табуға мүмкіндік береді.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының қазіргі таңда қоғам, мемлекет үшін өзектілігі – ел ішінде қызу талқыланды. Көктемдегі Жол-даудың тақырыбына сай Елбасымыз Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айта отырып, сол нәтижеге жету жолындағы 10 бағыт бойынша атқа¬ры¬латын маңызды міндеттерді атап көрсеткен болатын. Соның ішінде кітапхана саласында автоматтандыруды жандандыру, жаңа технологияларды қолдану, ауыл кітапханаларын жетілдіру мен қызмет көрсетуді жоғары дәрежеге көтеруге негіз болды.

Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанның Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиістігі. Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.

Бүгінгі күні әлем елдеріне, дүниежүзі халықтарына өз зардабын тигізіп жатқан COVID-19 коронавирус пандемиясына күрес айрықша орын алуда. Елімізде карантин жарияланып,жұмыстарды онлайн атқару жүзеге асырылып жатыр. Осындай уақытта халыққа білім берудің қайнар көзі,ошағы болған кітапханаларда онлайн жұмыс істеуді бастап кетті. Бұл біз айтвп отырған электронды кітапханаларды автоматтандыру жұмыстарының бірден бір көрінісі. Айта кетерлік жайт әркім оқығысы келген кітабын аудио кітапхана арқылы мәнерлеп оқылған таспадан тыңдай да алады. Электронды кітапхананың көп көмегін, әсіресе білім іздеген студенттер көруде. Қазір барлық оқу орындарының кітапханалары электронды нұсқаға көшкен. Студенттер бұрынғыдай сөрелерден кітапты іздеп, оны парақтап, қажетті тақырыбын үздіге іздемейді. Электронды түрде арнайы базаға кіріп, кітаптың аты мен авторын жазса өзі-ақ алдынан шығады. Бұл заманауи жүйенің бір пайдасы десек қателеспейміз.

Бәрімізге белгілі оқу орынымыздың кітапханасының электронды жұсысымен ақпараттандырсақ. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапхана қорында 2 миллионнан аса кітап бар. Жыл сайын қор 50-60 мың кітаппен толығып отырады.Сондай-ақ кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен XVI-XIX ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылымдар жинақталған. Кітапхана кең түрде таралған әртүрлі абонементтерден, оқу залдарынан тұрады. Жыл сайын Қазақстандық және Ресейлік 850 атаудан астам мерзімді басылымдарын жаздырып алады. Сонымен қатар арнайы магистранттарға арналған оқу залы мен шетелдің әдеби кітаптарының оқу залы бар. Ғимараттың үшінші қабатында электронды кітапхана орналасқан. Кез -келген кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалынады. Оқу залдары тыныш әрі жылы. Керек кітабыңызды дер кезінде қолыңызға түсіріп оқи аласыз.Қазақстандағы студенттерге арналған ең үлкен кітапхана болып саналатын ҚазҰУ кітапханасының оқу залындағы оқырмандар орындарының саны-1192. Кітапхана жыл сайын 900 мыңнан аса келушілерді тіркейді. Кітапханашылар кітапхананың бай ақпараттық қорын оқырмандарға түгел жеткізуге тырысады. Осы мақсатта көрмелер ұйымдастырып, әдебиеттермен таныстыру өткізеді, ай сайын “Кітап әлеміндегі жаңалықтар” деп аталатын бюлеттень шығарады. 1998 жылы кітапханада Интернет-зал ашылып, студенттер ғаламдық ақпараттық жүйеге кіруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар бүгінгі таңда кітапханалар онлайн жұмыс істеу мен қатар түрлі іс-шараларды жүргізуді қолға алып отыр. Бұл дегеніміз жан-жақты дамуды талап ететін біздің заманымызға сай дамудың бірден-бір жаңа бағыты екені сөзсіз.

Қазіргі кезде , кітапханашының жұмысын автомат-тандыру өте тиімді, әрі пайдалы болып табылады. Егер еңбек және нормативтік жұмыстың белгілі бір мінезін анықтайтын өзгерістер, кітапхана – библиографтық процестерде автоматтандырудың тигізетін әсерінен болады.

Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай,сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады. Әрбір оқушы жеке тұлға, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасап, ықпал көрсету біздің кітапханамыздың алға қойған мақсаты. Бұдан жарты ғасыр бұрын дүние жүзі кітапхананы тыныш, жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырман залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көретінбіз, ал бұл күнде кітапханаларда монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды. ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қазіргі мәдени шаралар – адамзаттың ашық ақпараттық қоғамға өтуі кітапханада үлкен өзгерістер енгізуде. Компьютер көмегімен білім алушылар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды. Мәдени шаралардың бастылары–қоғамның ақпараттануы, коммерциялануы, демократиялануы, компьютерленуі бір сөзбен айтқанда заңды түрде цивилизациялануы кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтереді. Ақпаратсыз білім де, ғылым да дамымайды. Сондықтан білім мен ғылымның ошағы саналатын кітапхананың маңызы жылдан жылға артып келеді.Бүгінгі күні оқырмандар талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.









ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Нұржанова Г.И., Нұрахметова К.Г. Кітапханатану: оқу құралы.-Алматы: Қыздар университеті, 2013.-168 б.

2. Нұрахметова К.Ғ. Жалпыкітапханатану: оқу құралы. – Алматы, 2000. – 60 б.
3.
Карташов Н.С. Региональное библиотековедение: Научно-методическое пособие.- М.,2014. – 234 с.
4.
http://massaget.kz.
5. Мотульский Р. С. Общее библиотековедение: учебное пособие для вузов. — М.: ЛИБЕРЕЯ, 2014. - 224 с



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!