Материалдар / Ғажайып әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғажайып әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен оқушыларға арналған сұрақтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
512
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайыптарға саяхат»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

  2. Дамытушылық:Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады. қазақтың салт-дәстүрлері мен мақал-мәтелдерімен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.

  1. Тәрбиелік: Оқушы өзінің ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.

Сабақтың түрі: Жарыс

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу, информатика , музыка,

Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта,физикалық приборлар

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер! Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, шаттыққа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

Мінеки, мұнда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Командалар сайысын,

Көпшілікті тостырмай,

Міне, қазір бастаймыз.


Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.


Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түпкірінен қолын созған.

Ендеше, құрметті көрермендер, «Ғажайыптарға саяхат» атты физикалық сайысымызды бастайық.

Бүгінгі ойынымызға әділ төрелік ететін Әділ қазы алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші:

Ойдың білім атасы

Көрегенді данасы

Көп алғысы бар батасы

әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Мектеп директоры

  2. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары

  3. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

  4. Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері


Жүргізуші:

сұраққа жауап беріп айтысайық

сауалды іліп алып тартысайық

бәрін айтпа бірін айт алдыменен

жобасымен сайыстың танысайық


1. Әр топ өзін өзі таныстыру (ұран, эмблема)

2. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

3. Ертегі әлеміне саяхат

4. Қалжыңы мен әзілі аралас физика

5. Мақал-мәтелдер (сәйкестендіру)

6. Жұмбақтар шешу

7. Сиқырға толы физика


Жүргізуші:

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

әрқашанда мектепте

шығып жүрген жақсы аты


жиналған ылғи дарындар,

жүректе от көздерінде жалын бар.

Архимед , Ньютон топтарын,

қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.

Архимед тобы

Армысыздар ағайын

Бармысыздар бауырлар

Ағайын тілін табайын

Жеңілдер сұрақ ауырлар

Есенсіздер ме ұстаздар

Ойыңызда мықты ұстам бар

Құрметке ие үлкендер

Батаңды бізге үлкен бер

Кешке келген сайланып

Отырам деп жайланып

Отырған анау ойланып

Бәріңізге мың сәлем

Бұл сайысты көптен бері күткенбіз

Жалындаған жаспыз гүл көктембіз

Мақсатымыз биіктерден көріну

Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз

Армандарға қол созумен келеміз

Білім теңіз жүзіп келет кемеміз

Білімменен қаруланған тобымыз

Қарсыласты қалайда біз жеңеміз

Ұраны:математик физикпіз

шетінен ойлы жүйрікпіз

жеңіс үшін Архимед алға

қарсыластан қалма

Ньютон тобы

Бүгін үлкен қуаныш барша үшін

Жүректе бар әнменен әсем гүлің

Ғажайыптарға саяхат басталды деп

Айтамыз қуанышты мектеп үшін

Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды

әндетейік жырлайық ұлы күнді

апталықтың мезеті жақсылыққа

тола берсін демекпіз асыл нұрға

қасиетті аяулы ұлағатты

бас иеміз құрметті ұстаздарға


шақырып жарыстарға сан саналды

Ньютон топ жалындап жар салады

ту етіп достықпенен татулықты

қарсылас Архимед тобын қарсы алады


тобымыз биіктерде шарықтасын

жеңісіміз көк аспанда қалықтасын

жеңіс туы желбіреп алауласын

жеңісті бізден ешкім ала алмасын

Ұраны:көңілден әнді тербейміз

Біліммен өсіп гүлдейміз

Біз ешқашан осал емеспіз

Намысты қолдан бермейміз

Жүргізуші:

Ағатын мөлдір бұлақтар

Білімнен кім бар жырақтар

Тақтаға қарап үңілсең

Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.

Архимед тобына

1.Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?

Ж: Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз

2.Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?

Ж: Болады.Суық су ұзақ уақыт суық күйінде сақталады,өйткені ондағы ауасыз бос кеңістік,жылтыр қабат энергияны шағылтып,сәуле шығару арқылы берілуіне кедергі жасайды.

3.Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?

Ж: Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен балмұздақ ериді.

4.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе?

Ж: Тар аяқ киім кигеннен аяқ тез тоңады.Кең аяқ киімдегі ауа жылудың сыртқа өтуіне кедергі жасайды, өйткені ауа жылуды нашар өткізеді.

5.Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?

Ж: Ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады.ал ауа жылуды нашар өткізеді.

6.Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың?

Ж: Ақ түсті көйлек кисең ыстықтамайсың, ақ түс қара түске қарағанда жылуды өзіне нашар жұтады.



Ньютон тобына

1.Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

Ж: Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ

2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?

Ж: Сарқыраманың табанында

3.Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?

Ж: Атмосфералық қысым төмен болғандықтан

4.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

Ж: Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек

5.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?

Ж: Болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді

6.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

Ж: Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.


Жүргізуші:

Физика-табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап

Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.

Салған ән, айтылған сөз,ішілген ас,

Космос кораблі, атылған тас

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жер

Бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып,зерттеп,білем,көрем,

Демесең болсын егер еңбегің еш

Әуелі физиканы оқы дер ем ! дей келе – сайысымыздың үшінші бағыты әлемнің ұлы физиктері.


10 ұпай. Бұл ғалымды «сэр» деп атаған

Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған

Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы

Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген

Ж: Исаак Ньютон

20ұпай. . Мына суреттегі ғалым кім?

Ж: Г.Галилей
30ұпай. Қай ғалымды Пушкин «Орыс халқының бірінші университеті» деп атады?

Ж: Ломоносов

40ұпай. . Косманавтиканың негізін қалаған ғалым ?

Ж: Циолковский


Жүргізуші:Сайысымыздың төртінші бағыты – ертегі әлеміне саяхат.

Архимед тобына

Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне ыстық шай әкелуін бұйырады. Дастарханға лезде ыстық шай да келеді.Бай мен Алдар әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады.Бай Алдардың аузына қарап мәз-мейрам болып отыра береді. Алдар алдына келген шайға бір ас қасық шекер салып қояды да, әңгімесін жалғастыра түседі.Біраз уақыт өткеннен кейін ішек-сілесі қатқан бай өзінің шайына бір ас қасық шекер салады.

Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суыйды?

Жауабы:Алдардың шәйі тез суыйды,өйткені шекерді ыстық

шәйға бірден салса, шәйдің температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да,шәй баяу суыйды

Ньютон тобына

Баяғы бір заманда патша өмір сүріпті. Оның үш қызы болыпты. Ол өте ақылды патша болған екен. Патшаның «бірінші болып күйеуге шыққан қызым жарты патшалыққа ие болады» деген жарлығының шыққанына көп уақыт болыпты. Жарлық шыққалы бері патшаның ортаншы және үлкен қыздары күйеуге тезірек шығуды армандапты және олар осы үшін жиі жанжалдасып қалады екен. Ал кенже қызының күйеуге шығу ойынада кірмеген. Сонда патша осы мәселені шешу үшін жарыс ұйымдастырыпты.

Ол үстелге үш шәйнек қойыпты. Олардың сыртқы түрі де, көлеміде бірдей болды. Патша әр шәйнекке тең мөлшерде су құяды.

- Менің сүйікті қыздарым ?- деп патша - қазір сендердің әрқайсысың шәйнектеріңді алып менімен ас бөлмеге барасыңдар. Ол жерде сендер шәйнекті пешке қойып, қайнағанын күтесіңдер. Кімнің шәйнегі ерте қайнайды сол бірінші болып күйеуге шығады

Ең қызығы, патшаның есептеуі тура келіп, кенже қызының шәйнегі бірінші болып қайнапты. Неге ?

Жауабы: Кенже қызы күйеуге шыққысы келмегендіктен оған бәрі бір болды. Ол шәйнектің қақпағын ашпады және буын шығармады. Сол себепті оның шәйнегі бірінші қайнады.


Жүргізуші:Сайысымыздың төртінші бағыты – Қалжыңы мен әзілі аралас физика


  1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең ?

Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең

  1. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ?

Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды

  1. Кез – келген адамның ала алмайтын сйлығы?

Жауабы: Нобель сыйлығы

  1. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ?

Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым

  1. Қандай сақинаны тағуға болмайды ?

Жауабы: Ньютон сақинасы

  1. Қандай торға қамауға болмайды ?

Жауабы: Дифракциялық торға

  1. Қандай моль киімді жемейді ?

Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі

  1. Қандай өріске мал жаюға болмайды ?

Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

Жүргізуші:

Қаруланып жарысқа жауабыңды сайлап бар,

Қиялыңды ойыңа шешілместей байлап бар.

Көргеніңді қайталап жаз ұмытпай,

Көреген өткір көздеріңмен байқап қал - дей келе сайысымыздың төртінші бағыты байқап қал кезеңіне жол берейік. (Суреттерді лезде көріп атын жазады)

Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,

Келіспей ме мақалменен сәніміз.

Сәйкестіріп бағытты сызықтармен,

Физикалық құбылысты табыңыз – дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал мәтелдерді сәйкестендіру кезеңіне кезек берейік.

Ньютон тобы:

ҚDrawObject1 DrawObject2 арыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік

Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама


ҚDrawObject3 DrawObject4 имылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі


Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс


АDrawObject6 DrawObject5 яқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық

Шапшаң озар

Жатқан қалар Инерция


Архимед тобы:

ЖDrawObject8 DrawObject7 еті рет өлшеп бір рет кес Диффузия


КDrawObject9 өсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу


Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік


ОDrawObject11 DrawObject10 тқа салса темірде балқиды Жылдамдық


Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)


ДDrawObject12 ән себілмей астық өнбейді Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.

Жүргізуші:

Шыңына ойдың қонайық

Көңілге қуаныш алайық

Берілсе сырлы жұмбақтар

Шешуін бірден табайық – дей келе сайысымыздың алтыншы бағыты бойынша кезекті жұмбақ шешіп, жұлдызша алу кезеңіне берейік.

Архимед тобы:

Жай көзге көрінбейді

Қозғалуға ерінбейді (молекула)


Жоғарламайды ешқашан

Түрлендірсең егерде

Басқа күйге ауысса

Жұмыс істейді әрқашан (энергия)

Өзі затты құрайды

Теңелуге таразыны сұрайды (масса)

Ньютон тобы:

Көтерілсе жоғары

Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы

Сездірер суық ызғарды (температура)


Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

өлшем бірлігін қарасаң

Ньютонға келеді (күш)


Оңынан оқы тіршілік нәрі

Солынан оқы онсыз адам

өсімдік, аң, құс

әп-сәтте сөнер

тұншығып бәрі (ауа)


Жүргізуші:Сайысымыздың жетінші бағыты – Сиқырға толы физика

Тәжірибе жасау.

1- тәжірибе: Су құйылған тәрелкенің түбіндегі тиінді қолыңызды суламай алыңыз.

Жауабы: Қағазды жағу керек, жанып тұрған қағазды стаканның ішіне қойыңыз және жылдам стаканды тиіннің қасына түбін жоғары қаратып тәрелкеге қою керек. Қағаз өшеді, стакан ақ түтінмен толады, сосын тәрелкедегі су атмосфералық қысымның әсерімен өзінен - өзі стаканға жиналады.

2- тәжірибе: Парафиннен жасалған шамды алыңыз. Шамның түбіне кішкене жүк қыстырып қойыңыз. Сосын суы бар әйнектен жасалған ыдысқа салыңыз. Шам жүзуі керек. Жоғарғы жағындағы жанып тұрған фитель судың үстінен шығып тұрады. Шам қанша уақыт жанады?

Жауабы: Жалын сумен толып және шам тез өшетін сияқты көрінеді. Бірақ жанып тұрған шамның массасы азайып судың бетіне қалқып шығады.

Жүргізуші:

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.


Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

әділ баға беріңіз.

Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.Жеңімпаз топ марапатталады.

Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.

Ғылым дами берсін ғаламдағы

Білімді үйренейік жаңа замандағы

Аман сау тұрыңыздар осыменен

физикалық сайысымыз тәмамдалды


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!