Материалдар / Ғажайып білім әлемі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғажайып білім әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға математика туралы түсіндіру сандарды атай білуге үйретуБілім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» Бөлімі: ҚМҰҚ ,Көркем әдебиет,Сурет салу,Жаратылыстану Тақырыбы: « Ғажайып білім әлемі» Мақсаты: жыл бойы өткенді қайталау. Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. Қостілдік компонент: сиыр-корова, ағаш-дерево, тауық-курица. Құрал жабдық: ойыншық мысық, қыз қуыршақ. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы

« Раушан бөбекжай - бақшасы» тәрбиеші Сулейманова Гульзар Альжановна



Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» 
Бөлімі: ҚМҰҚ ,Көркем әдебиет,Сурет салу,Жаратылыстану
Тақырыбы: « Ғажайып білім әлемі» 
Мақсаты: жыл бойы өткенді қайталау. Геометриялық пішіндерді ажыратып, тура және кері санап, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып есте сақтау, қабылдау, ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсіл: Сұрақ - жауап, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс. 
Қостілдік компонент: сиыр-корова, ағаш-дерево, тауық-курица. 
Құрал жабдық: ойыншық мысық, қыз қуыршақ. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі кейіпкерлерінің суреттері, сандар, пішіндер, суреттер.



Мотивациялық-қозғаушы. 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Кіріспе 
1.Психологиялық сәт: 
Кел достарым ,келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер.

Шақырамын сендерді,

Жолдастарым кел бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленген шеңберді.


Іздену-ұйымдастырушылық. 
Балалар бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу қызметімізде , бұл күні біз жарты жыл бойы не үйрендік соларды есімізге түсіреміз. 
- Мен сендерге «бүгінгі күндерін сәтті болсын!» деймін. 
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? 
- Қыс мезгілінде неше ай бар? 
- Қандай айлар? 
- Бір аптада неше күн бар? 
Тосын сый: 
Есік қағылады. Мақтақыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған, Мақтақыздың қолында мысықтың құйрығы, Мақтақыз бен мысық балалармен амандасады. 
- Сендерге не болған, неге ренжісіп жүрсіңдер? 
Мақтақыз: - Балалар мысық менің айтқан тапсырмамды орындау керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін. 
- Балалар мысыққа көмектесеміз бе, Мақтақыздың тапсырмасын орындаймыз ба? 
- Ал, енді балалар, Мақтақыздың тапсырмаларын орындау үшін ертегіні есімізге түсірейік, олай болса теледидарға назар аударамыз. 
/теледидардан ертегі кейіпкерлерін тамашалап, естеріне түсіреді./ 
- Өте жақсы балалар. 
Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер соны шешіңдер, 
Екі найзасы бар, 
Екі айнасы бар. 
Төрт жылтырмағы бар, 
Бір шыбыртқысы бар. 
- Дұрыс сиыр. Сиырды орысша – корова-cows' дейміз. 
- Ал, енді сиырдың тапсырмасын тыңдайық. 
1 - ден 10 – ға дейін сандарды тура және кері санау. 
 
- Енді мысық сиырдан кейін неге барады екен оны осы жұмбақтын шешімі айтады? 
Жазда жатсаң, 
Көлеңкесіне алады. 
Қыста жақсаң, 
Жаның рахат табады. 
- Дұрыс жауабы ағаш. 
- Ағашты орысша дерево 
- Ағаштың тапсырмасын тыңдайық. 
- Пішіндерді атаңдар, түстерін ажыратыңдар. 
- Енді құстарға қамқорлық танытып алдарындағы геометриялық пішіндерден құстарға ұя құрастырайық. 
Мысық енді кімге барады? 
Қыздардың тапсырмасы: 
«Сұрақ - жауап» 
1. Бағдаршамның неше көзі бар? 
2. Қолғапта неше саусақ бар? 
3. Адамда қанша көз бар? 
4. Жұлдыздың неше көзі бар? 
5. Аспанда неше күн бар? 
6. Бір жылда неше мезгіл бар? 

Қыздардан кейін мысық қайда барады? 
Дүкеншінің тапсырмасы: 

Дүкенші-продовец-seller
«Тез ойлап тап!» 
Есеп: 
1.дүкеншіде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алды. Дүкеншіде неше жұмыртқа қалды? 
2. Ермек дүкеннен 3 алма алды, жолда 1 - ін жеді, Ермекте неше алма қалды? 
3. Ұлжан дүкеннен үш алма сатып алды. Алманың 1-ін Дильназға, тағы 1-ін Мединаға берді. Ұлжанда қанша алма қалды? 
- Балалар мысық дүкеншіден кейін кімге барады? 
- Тауықты орысша курица-Chicken дейді. 
Тауықтың тапсырмасы: 
«Адасқан сандарды тап» 
алма-1, балапан-2, саңырауқұлақ -3, көбелек-4, гүл-5.
- Балалар мысық тауықтан соң, кімге барады? 

Сергіту сәті. 
Ал балалар тұрайық, 
Үлкен шеңбер құрайық. 
Оңға қарай иіліп, 
Солға қарай иіліп. 
Алақанды соғайық, 
Алға қарай бір адым. 
Артқа қарай бір адым. 
Жоғары, төмен қарайық, 
Орнымызды табайық. 

Мен жұмбақ айтамын, шешуін табындар. 
Өзі егін екпейді, 
Егістен ұзап кетпейді. 
Қарны ток, қайғысы жоқ, 
Мысық қуса жетпейді. 
- Тышқанды орысша- мышь -mouseдейді 
Тышқанның тапсырмасы: 
«Көленке бойынша қандай жануарлар екенін анықта» 
- Балалар, мысық сендердің көмегімен Мақтақыздың барлық тапсырмасын орындады. 

Өнер орталығына барып «тиснение» өрнектеу әдісі арқылы фальга қағазын трафареттің үстіне бастыру арқылы фальгаға бейне түсіру .

Жеке балалармен жұмыс жүргізу

Мақтақызға құмырадағы сүттің суретін жасап береді

Билингвальді компонент : Сүт- молоко-milk

Мақтақыз мысықтың құйрығын қайтарып береді

-Балалар қонаққа бізге кімдер келді?

-Біз қандай тапсырмалар орындадық-?

-Кім маған 10 дейін санап береді-?

-Кім маған геометриялық пішіндерді атап береді-?

Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже: 
Біледі: 1 - ден 10- ға дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.
Игерді:түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады..
Істей біледі: сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, «тиснение» өрнектеу арқылы қағаз бетін бейнелей алады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!