Б атыс
Қазақстан облысы
Ақжайық
ауданы
Базаршолан
ауылы
Ғ.Махамбетов атындағы
ОЖББМ,
Ақжайық
ауданы
Балалар шығармашылығы
орталығының
қосымша білім беру
педагогы
Жоғары санатты химия пәні
мұғалімі
Наурызбайұлы
Ораз
Сабақтың
тақырыбы: «Ғажайып химиялық
кеш»
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикада қолдануға
машықтандыру, логикалық шеберліктерін дамыту, тез шешім шығаруға
дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру;
Күтілетін
нәтиже: Өз ойын еркін жеткізе алады,
сұрақтарға тез және нақты жауап береді, сабақта алған теориялық
білімдерін сайыс барысында қолдана біледі, тығырықтан шығатын жол
таба біледі, Көшбасшылар белсенділігін
танытады;
Сабақтың
түрі: Сайыс
сабақ
Сабақтың
типі: Дәстүрсіз
Сабақта пайдаланылған
көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, постер,
суректер, қосымша оқулықтар т.б.
Сайысқа 9а,ә кластарынан екі
топ қатысады. «Металдар» және
«Бейметалдар» тобы
Сайыс
кезеңдері:
-
Таныстыру (жоба
қорғау)
-
Бәйге (сұрақтарға тез жауап
беру)
-
Дода (ұяшықтар
таңдау)
-
Сандар сөйлейді (сандар мен
жылдар жасырылады)
-
Химиялық шытырман (берілген
сұрақтарға ия және жоқ деп жауап беру арқылы тығырықтан
шығу)
-
Капитандар
сайысы
Сабақтың
барысы:
І тур
«Таныстыру» Әр топ өз атауларына сәйкес,
жоба әзірлейді және қорғайды. Жоғары балл 30
ұпай;
ІІ тур
«Бәйге» әр топқа 10 сұрақтан қойылады,
әр дұрыс жауап 10 ұпай.
«Металдар»
тобына:
-
Ең қатты
металл (Хром);
-
Ас содасының
формуласы (NaHCO3
натрий
гидрокарбонаты)
-
Қай элементтің
бейнесі айдаһар пішінді (Күкірт,
S)
-
Сиыр, жылқы
сүтінің құрамында болатын қышқыл
(сүт
қышқылы)
-
Қышқылдармен
де, негіздермен де әрекеттесетін
гидроксидтер (
амфотерлі,
екідайлы)
-
Бірінші рет
сутекті таза күйінде алған кім?
(Г.
Кавендиш)
-
Сүйекті
қаптайтын элемент? (Кальций)
-
Қоршаған орта
ластануын зерттейтін ғылым?
(экология)
-
Калий
перманганатының KМnO4
тұрмыстық
атауы? (маргонцовка)
-
Заттың құрамы
мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі?
(молекула)
«Бейметалдар»
тобына
-
Ең жеңіл
металл (литий,
сілтілік металдар)
-
Қай элементтің
жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
(фтор,
F)
-
Сау адамның
асқазанында қандай қышқыл бар
(тұз
қышқылы, HCL)
-
Ең қиын
балқитын металл (вольфрам)
-
Өнеркәсіптің
негізгі металлы (темір)
-
Суда ерігенде
немесе балқығанда иондарға ыдырау
процесі (электролиттік
диссоциациялану).
-
Найзағайлы
жаңбыр кезінде электр разрядтары тотыққанда түзілетін
газ (озон)
-
Иммунитет
дегеніміз не? (ағзаның
жұқпалы ауруға қарсы тұру
қасиеті)
-
KClO3
– бертолле тұзы
қай жерде кездеседі? (шырпының
басында)
-
Фосфор деген
сөз қандай мағына береді? (жарық
тасушы)
ІІІ тур
«Дода» әр тақырыпта ұяшықтар болады,
сәйкес ұяшықтарға дұрыс жауап берген жағдайда сәйкесінше ұпайлар
алады, жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ жауап беруіне
болады:
Терминдер
|
10
|
20
|
30
|
Ғалымдар
|
10
|
20
|
30
|
Заңдар
|
10
|
20
|
30
|
Терминдер
10: Электролиттер дегеніміз
не? (Ертіндісі және балқымасы
электр тоғын өткізетін заттар)
Терминдер
20: Тұздар гидролизі дегеніміз
не? (Тұздардың сумен
әрекеттесуі)
Терминдер
30: Адсорбция дегеніміз
не? (Сұйықтар мен газдардың
қатты (көмірдің) заттардың бетінде сіңу
қасиеті)
Ғалымдар
10: Электролиттік диссоциациялану
теориясын ашқан ғалым, қай жылы
(1887 жылы швед ғалымы
С.Аррениус)
Ғалымдар
20: Азот элементін алғаш ашқан
ғалым, қай жылы (1772 жылы ағылшын ғалымы
Д.Резерфорд)
Ғалымдар
30: Фосфор элементін алғаш ашқан
ғалым, қай жылы ( 1669 жылы алхимик
Х.Бранд)
Заңдар
10: «Реакцияға қатысқан заттардың
массасы одан түзілетін заттардың массалары өзара тең болады», бұл
қай заң және кім қай жылы тұжырымдады?
(Зат массасының сақталу
заңы 1748ж Орыс ғалымы
М.В.Ломоносов)
Заңдар
20: «Алыну тәсіліне қарамастан
әрбір күрделі заттың құрамы тұрақты болады», бұл қай заң және кім
қай жылы тұжырымдады? (Құрам тұрақтылық заңы
1799-1801жж француз ғалымы
Ж.Пруст)
Заңдар
30: «Бірдей жағдайда (температура
мен қысымда) әртүрлі газдардың бірдей көлемінде молекулалар саны да
бірдей болады», бұл қай заң және кім қай жылы
тұжырымдады? (Авогадро заңы 1811ж
итальян ғалымы А.Авогадро).
ІҮ тур «Сандар
сөйлейді». Әр дұрыс жауап 10
ұпай:
«Металдар» тобына: 87-
1865ж-20-2,7г/см3-56
-
87 металдардың жалпы
саны,
-
1865- металдардың кернеу
қатарының ашылған жылы,
-
20 кальцийдің реттік
нөмері,
-
2,7г/см3
алюминийдің
тығыздығы,
-
56 темірдің атомдық
массасы
«Бейметалдар»
тобына:
78%-16-22-1780ж-2
-
78% ауаның құрамындағы
азоттың массалық үлесі,
-
16 күкірттің реттік
нөмері,
-
22 бейметалдардың жалпы
саны,
-
1780ж А.Лавуазье
көміртектің табиғатын
зерттеді,
-
2 кремний жер қыртысында
таралуы бойынша екінші орын
алады.
Ү тур «Химиялық
шытырман» Шытырманнан шығатын жолды
табуы тиіс, толық жауап 50 ұпай:
«Металдар» тобына:
Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл йод
па?
Азот молекуласы
полюссіз ковалентті
байланыс түзе
ма?
Химиялық қаны –
Н2SO4
Сілтілік
металдарға темір жата ма?
жоқ
Ия
жоқ
Ия
жоқ
Ия
жоқ
Жүйкені
жайландыратын дәрі - дәрмек құрамына
кіретін
элемент кальций
ма?
Заттар және
олардың бір - біріне айналуы туралы
ғылым физика
ғылымы
ма?
Ең қиын
балқитын металл алтын ба?
«Аспан тасы»
аталатын элемент темір ма?
жоқ
жоқ
жоқ
Ия
Ия
Адам шашында
алтын бар ма?
Металдар
коррозияға ұшырайды ма
Адам бойының
өсуіне әсер ететін химиялық элемент мырыш
па?
Ас тұзының
формуласы – NaCl ма?
Ия
Ия
жоқ
Ия
жоқ
Ия
Ия
Жауаптары:
-
Сілтілік металдарға темір
жатады ма? Жоқ,
-
Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл иод па?
Ия,
-
Азот молекуласы полюссіз
ковалетті байланыс түзе ма? Ия,
-
Ең қиын балқитын металл
алтын ба? Жоқ,
-
«Аспан тасы» аталатын
элемент темір ма? Ия,
-
Ас тұзының
формуласы NaCl ма?
Ия.
«
Озонның
формуласы – О3
Металдар
коррозияға ұшырайды
ма?
Натрий тұздары
жалынды сары түске бояй ма?
Химия ғылымының
тарихында ұлы алтын заң ашқан
Менделеев
па?
Бір элементтің
бірнеше жәй зат түзу қасиеті аллатропия атала
ма?
Қант қызылшасы
мен картоп түсіміне ерекше әсері бар
тыңайтқыш калий
ма?
Элементтің
таңбаларын ұсынған Аррениус
па?
Периодтық
жүйені Ломоносов ашты ма?
Адам бойының
өсуіне әсер ететін химиялық элемент
мырыш
па?
Темекі құрамына
кіретін улы зат никотин ба?
Фосфор өмір мен
ой элементі деп атала ма?
Сүйек құрамында
сынап бар ма?
жоқ
жоқ
жоқ
жоқ
ия
ия
ия
ия
ия
ия
жоқ
жоқ
жоқ
жоқ
ия
ия
ия
ия
ия
ия
Бейметалдар»
тобына:
Жауаптары:
-
Озонның формуласы –
О3?
Ия,
-
Бір элементтің бірнеше жәй зат түзу қасиеті
аллатропия? Ия,
-
Элементтің таңбаларын ұсынған Аррениус па?
Жоқ,
-
Периодтық жүйені Ломоносов ашты ма?
Жоқ,
-
Фосфор өмір мен ой элементі деп атала ма?
Ия,
-
Сүйек құрамында сынап бар ма?
Жоқ,
-
Адам бойының өсуіне әсер ететін химиялық
элемент мырыш па? Ия.
ҮІ тур «Капитандар
сайысы»: Капитандар берілген әріптерді таңдап, сол
әріппен басталатын химиялық сөздер айту
керек,
Мысалы
А: ауа, аминқышқылы,анилин, аммиак, азот
т.б әр сөз 10 ұпай. «Г», «М», «Б», «Қ», «Т»,
«О».
э