Білім беру саласы: Таным
Бөлімдер: Математика,құрастыру
Тақырыбы: « Ғажайып саяхат»
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,ойлау қабілетін арттыру,3-ке дейінгі сандарды қайталау,геометриялық пішіндерді қайталау. Табиғатқа деген қамқорлық сезімін ояту. Басына қиындық түскенге әрқашан көмек көрсету керек екенін түсіндіру. Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету,тыңдау,дидактикалық ойындар
Көрнекіліктер: кейіпкерлер киімі, үнтаспа,геометриялық пішіндер,суреттер
Қостілділік компонент :Гном-ергежейлі,өрмекші-паук,көбелек-бабочка Сөздікжұмыс: кассир, касса,билет,поезд Іс-әрекет кезеңдері
Әсем әуенмен балалар топқа кіріп,шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші: Бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді білдіріп,амандасамыз.Қанекей,жыллы сөздер айтайық. (Поезд жүреді, бекеттен жылаған дауыс естіледі) Отбасының гүліміз,Көңілді өтер күніміз.“Қайырлы таң” деп айтамыз,Бір болып, кеште қайтамыз
.- Бүгінгі күн жақсы болсын!
- Сәтті болсын!
- Денсаулығымыз мықты болсын! Ұйымдастыру-Іздестіру
Тәрбиеші: Ой,балалар естимісіңдер, біреу жылап жатқан сияқты.
- Сәлеметсің бе , балақай! Саған не болды, неге жылап отырсың?
- Мен ойнап жүрген едім. Кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып әкетті. Енді үйіме қайта алмай жылап отырмын
.- Балалар біз ергежейліге көмектесеміз бе?Жолға жаяу шығуға да болар еді,алайда ұзақ жол жүруге тура келеді.Барар жерге тез жету үшін не керек бізге,айтыңдаршы,балалар?- Поездға отырудан алдын не алуымыз керек?
- Ал , билетті кайдан аламыз?- Билет сататын адамды кім деп атаймыз?
- Барлығымыз бару үшін неше билет керек болады? Дидактикалық ойын: «Поезға билет » Ой , балалар кассадан билеттерді алу үшін мынадай тапсырмаларды орындауымыз керек екен. (конверттің ішіндегі тапсырмаларды шығарып әр балаға тапсырады.)
Тәрбиеші: — Барлық жолаушылар орындарына жайғастыма? Кеттік ендеше. Пш-пш-пш-пш біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. Гу-гу-гу-гу гуілде, Қалып қойма біріңде.
— Оң жағымызға қараймыз, енді сол жағымызға қараймыз. №1 фонограмма ойналады (паравоздың даусы) №2 фонограмма ойналады (сарқыраманың даусы )
— Балалар, біздің поездіміз тоқтап қалды. Қане , бәріміз сыртқа шығып не болғанын көрейікші . Қараңдаршы, бұл өзен ғой!
— Өзеніміз қандай- жалпақ па әлде жіңішке ма? Түсі қандай екен?
Тәрбиеші: — Не істесек екен а? Ергежейліні үйіне қалай жеткіземіз, өзеннен қалай өтсек екен? Ергежейлі :
— Өзенде көпір болған , оны жел бұзып кеткен. Көпір салсақ қалай болады?! (Қалған балаларды отырғызу)
— Балалар қараңдаршы мұнда қандай пішіндерді көріп тұрмыз? Бұл геометриялық пішіндердің арасынан өзімізге керек пішінді табу үшін ең алдымен мына тапсырмаларды орындап алайық. ( тақтада геом.пішіндердің пазлысы берілген. Суреттің арасынан үшбұрышқа,төртбұрышқа ұқсайтын заттарды тауып құрастыру.) Дидактикалық ойын « Көпір салайық » (Өзеннің маңында әртүрлі геометриялық пішіндер жатады. Сол пішіндердің арасынан көпір тұрғызу үшін керегін аламыз және түсіне қарай орнатамыз.)
Тәрбиеші:
— Қандай пішін алдың?
— Түсі қандай? ( Көпір тұрғызып, әрі қарай жолға шығады.)
— Балалар , біз сендермен бірге гүлдер алаңына келген сияқтымыз! Гүлдер жайқалыпты, әсемдік деген осы, ия, балалар! Қане барлығымыз құшағымызды кең жайып таза ауаның иісін иіскейікші. Ергежейлі: Қараңдаршы, соққан жел көбелектерді өрмекшінің торына түсіріп тастапты. Біз оларды құтқаруымыз керек! Өрмекші торына қанша көбелек түсіпті?
Тәрбиеші: Өрмекші көбелектерді байқамау үшін көбелек түсіне қарай сол түстегі гүлдерге отырғызу керек, қане көбелектерге жасырынуға көмектесеміз.
Дидактикалық ойын: « Үйін тап »
— Көбелектің түсі қандай?
— Бұл көбелекті қай гүлге отырғызамыз?
— Көбелектер мен гүлдер тең бе?
— Қайсысы көп?
— Неге гүл көп деп ойлайсыңдар
Ергежейлі: Балалар келіңдер бәріміз бірге би билейік . ( «Гномиктер» деген музыка ойналады.) — Рахмет сендерге балалар! Маған үйімді табуға көмектестіңдер. Ал, мен сендерді тәттілермен силағым келеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып саяхат

шағым қалдыра аласыз