Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Галогендер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Пән: химия Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3 А |
№89 ІТ мектеп-лицей |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сабыркулова М.О. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9а |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Галогендер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
9.1.4.5 – галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау 9.2.1.8 – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология.
Диалогтер мен жазуүшінқолданылатынтіркестер:
Оқушылар галогендердің атом құрылысындағы айырмашылықты ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы – галогендердің қолданылуымен және биологиялық рөлімен танысқанда экологиялық бағытта жүзеге асады. Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
математика, физика, жаратылыстану |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы 8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 6 минут |
«Ширату жаттығулары» М: Оқушылармен амандасу. «Атомдар мен молекулалар ойыны» әдісі бойынша ортаға шақырып, топқа біріктіремін. Мұғалім оқушыларға бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді. Молекулалар бірігіп-бірігіп, екеу болады, сосын үшеу болады, атомдар түзіледі. Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы 3 топқа біріктіремін. «Мен кіммін» атты жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. «Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» деп жұмбақтарды қоя бастаймын. 1. Мен 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше күлгін, қара көк деген мағына береді. Теңіз орман-жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6%-мын. Организмдеріңізге мен жетіспесем, бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар. О: Йод М :-Ия бұл жұмбақтың шешуі «Йод» болады, Йод VІІ топтың негізгі топшасындағы элемент болып табылады деп сипаттама береміз. Келесі жұмбақтың жалғасы: 2. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор жанады,ал су айырылады. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады. О: Жауабы: Фтор элементі. Келесі жұмбақ 3. Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан меннен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін. О: Бром Мұғалімнің сөзі: – Ия бұл элемент Бром болып табылады. Сонымен оқушылар осы Йод, Фтор, Бром элементтері арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар және де қай топқа жататын элементтер деп сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыбымызға өтеміз. Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Галогендер». Ендеше 7-8 сыныптарда өткен білімізге сүйене отырып галогендерді периодтық кестедеден сипаттайық. Оларға қандай агрегаттық күй тән? Галогендердің металдар ма, әлде бейметалдарға жатады ма соны есімізге түсірейік. Сабақтың мақсатымен таныстыру: М: Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты: - галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
М: Ал енді осы бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижеміз:
Мұғалімнің сөзі: «Барлық оқушыларға сәттілік тілеймін!» |
Д.И.Менделеевтың периодтық кестесі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 2 минут 5 минут 5 минут 7 минут |
Топтарды мәтінмен жұмыстану үшін «Борт журналы» арқылы жұмыстандырамын. Ол үшін 1- топқа кітапта берілген материалды оқып шығуға, ал қалған 2 топқа қосымша деректер беремін. Материалмен танысып оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі. Материалмен танысып болғаннан кейін осы кестені толтырып, топтан бір оқушы өздері толтырған кестені оқып таныстырады. (Мұғалім оқушылар мәтінмен жұмыстанып жатқан кезде уақытты ескертіп отырады.)
ҚБ: Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Мұғалім сөзі: Оқушылардың өздері оқып меңгерген білімін, алған материалдарын толықтырып кетемін. Галогендер тобына – фтор, хлор, бром, иод жатады. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар. Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді. Салыстырмалы атомдық массалырының мәндері артқан сайын элементтердің белсенділіктері кемиді. Топшада атомдық нөмері өскен сайын галогендердің атом радиусы да өседі, сондықтан фтордан астатқа қарай тотықтырғыш қасиеттері кемиді. Соған сәйкес тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, ал электртерістілігі кемиді. 1-тапсырма (Ж) Берілген F2, Cl2, Br2 элементтерінің электрондық формулаларын құрастыру.
Дескриптор 1. Химиялық элементті орналасқан орны бойынша сипаттайды 2. Период бойынша неше деңгейден тұратының анықтайды 3. Элементтің электрондық формуласын құрастырады.
ҚБ: Орындадым деген жерге «+» белгісін қояды. “Жетон” бағалау әдісі арқылы бағаланады. Б ағалау критерийі: Қызыл жетон – барлығын түсіндім Көк жетон – енді түсініп келемін Сары жетон - толықтырамын (Т) 2 –тапсырма. Берілген қосылыстардағы химиялық байланыстың түзілу жолын жазып, байланыс типін және кристалдық торын анықтайды. Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады. 1-топ F2, HF, NaF. 2-топ Cl2, HCl, NaCl 3-топ Br2, HBr, KBr
Дескриптор 1. Қосылыстардағы химиялық байланыстың түзілу жолын жазады 2. Байланыс типін анықтайды. 3 Кристалдық торын жазады.
ҚБ: Топтар бір-бірін «Сигналдық карта» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау критерийлері:
(Жж) 3-тапсырма Осы берілген сызбанұсқада галогендердің топ нөмері, атомдық нөмері мен период бойынша қалай өзгеретінің сипаттаныз. F→Cl→Br→I→At
Дескриптор 1. Топ нөмері бойынша агрегаттық күйі мен түсінің қалай өзгеретінін түсінеді. 2. Атомдық нөмері өскен сайын тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш қасиеті мен электртерістілігін өзгеруін анықтайды. 3. Период бойынша металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруін байқайды.
ҚБ: Оқушылар қасындағы жұбы екеуі тапсырмаларын ауыстырып, презентацияда көрсетіліп тұрған дұрыс жауабы арқылы бір-бірлерін тексереді. Алдарына алдын ала таратылған үш түрлі стикерді дәптерлеріне жапсырып береді.
Бағалау критерийлері: 1. Сызбанұсқа бойынша галогендердің өзгеруін толық сипаттаса жасыл стикер беріледі. 2. Егер оқушы топ пен атомдық нөмері бойынша немесе период бойынша ғана қасиеттерінің өзгеруі бойынша сипаттаса сары стикер беріледі. 3. Егер оқушы тек бір ғана қасиетінің өзгеруін сипаттаса қызыл стикер береді.
* Барлық тапсырмаларды аятап отырған, яғни қарқыны жоғары оқушыға осындай қосымша тапсырмалар дайындап отырмын. Қосымша тапсырмалар. №1-есепті шығару Бөлме температурасында судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер. №2-есепті шығару Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8%-дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20 л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет? №3-есепті шығару Көлемі 1 л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді, 0,8 г калий хлориді, 3,2 г магний хлориді, 2,1 г магний сульфаты, 1,3 г кальций сульфаты бар. Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе, хлорсутектің қанша массасын алуға болады?
«Допты лақтыру» әдісі бойынша мұғалім бастап бір оқушыға сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Сонда оқушылар бүгінгі жаңа сабақ бойынша сұрақ қоя алады және алған білімдері бойынша сол сыныптастары қойған сұрақтарға жауап береді. Сол арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін біле аламын. ҚБ: /Мұғалімнің мадақтауы/ |
Презентация
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |