400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғасыр әншісі-Роза Бағланова 100жаста

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ғасыр әншісі атанған Роза Бағланованың өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты



Сыныбы:

Уақыты:23.01

Сынып жетекшісі:Бисенгалиева А

Сынып сағатының

тақырыбы:


Ғасыр әншісі-Роза Бағланова 100жаста

Сынып сағатының

Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру

  • Әншіні таниды.,әндерін тыңдайды

мақсаты:

Сынып сағатының түрі:

-танымдық сабақ

Ресурстар:

Интербелсенді тақта,

Сабақ барысы

Алғашқы кезең

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз

Білу және түсіну 10 минут

Әнші Роза Бағланова туралы видеоролик көрсеіледі Оқушылар негізгі тақырыппен танысады .

Ортаңғы кезең

- «Ғасыр әншісі-Роза» атты танымдық фильмді ұсыну

-Роза Бағланованың өміріне шолу

-Бағланова Роза Тәжібайқызы-Қазақстан және КСРО халық әртісі. 1922 жылдың 1-қаңтарында Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған.1939-1941 жж. Қызылорда педагогика иниститутында оқыды.1941-1949 жж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды. Сол ансамбльмен Ұлы Отан Соғысы жылдары майданда өнер көрсетіп, 1945 ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан.

1947-1949 жж. Қазақ Опера және балет театрының, 1949 жылдан қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әнші-солисі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға өлшеусіз үлес қосты, ерекше сазды мектептің қалыптасуына ықпал жасады.Роза Бағланова эстрада артистерінің Бүкілодақтық II конкурсының дипломанты (1946 ж.), Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінің лауреаты (1949 ж.).Р. Бағланова Кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді, т.б.) әндерін орындайды.Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда, Чехословакияда және т.б. елдерде концерттік сапарда болды.Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.Одан бергі жарты ғасырдан астам уақыт бойы Р. Бағланова қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің, кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.Р. Бағлановаға арнап сазгерлер - Ә. Есебаев, Б. Байқадамов, Ш. Қалдаяқов, Б. Жамақаев, Н. Тілендиев ән жазған.

«Интервью» әдісі

Роза Бағланова апамыз жайында не білесіңдер?

Әнші қай жерде дүниеге келген?

-Ол қайда білім алған?

-Қайда және қандай жерлерде еңбек еткен?

Әнші мамандығы қандай мамандық?

Қай елдерге гастрольдік сапарда болған?

Соңғы кезең

Сабақтың қорытындысы: «Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

Сабақта қандай қиындықтар туындады?

Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
07.06.2023
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі