1-жүргізуші Райкен
: Армысың, қайырымды Аспан
ата,
Армысың мейірімді Жер ана
Армысың алтын күн!
Қайырлы таң, қайырлы күн
Армысың достарым!
2-жүргізуші Зейнеп
: Сәлеметсіздер ме құрметті
қонақтар! «Қайта оралшы, жыл құсы» атты шағын концертімізге қош
келдіңіздер.
1-жүргізуші
Райкен: Зейнеп,
биыл қыс ерте түсті, біз
берекелі мерекелі дархан күз мезгілімен қоштасыпта үлгермедік қой
солайма?
2-жүргізуші
Зейнеп: Я, Райкен. Мен үшін орыны
бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің
басқа маусымдарға ұқсамайтын күз мезгілімен де қоштасатын уақыт
келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы
көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
2-жүргізуші: иә, Мектепке асыққан бала,
қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа,
еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар.
Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып
саналады.
1-жүргізуші
Райкен: Бүгінгі біздің мақсатымыз осы
өзімізге жақын күз мезгілін және қанатты досымыз жыл құстарын
әнмен, бимен шығарып салу.
2-жүргізуші Зейнеп
: Өңі қашқан
бәрінің,
Оңып кеткен
атырап,
Қолдарындай
кәрінің,
Қалтырайды
жапырақ,
1-жүргізуші
Райкен: Соңғы кезде жерге
күн
Қырын салып
алыпты.
Қара бұлттар
жөргегін
Кептіре алмай
қалыпты.
Алдарыңызда «Қош енді қош күрең
күз» әнімен Сабрина
қыздарыңыз.
Көрініс «Екі
дос» 6а
сынып оқушылары
Би:
5АӘ «Адай
күйі»
2-жүргізуші Зейнеп
: өте тамаша, қыздар
жарайсыңдар. Құстарымыз сендерге ризашылығын
білдіруде.
— Ал оқушылар сендер қандай жыл
құстарын білесіңдер? (тоқылдақ, торғай, суық
торғай, бозторғай, қарлығаш, шымшық, көкек, қара торғай т. б.
)
— Оларды не үшін жыл құстары дейміз?
(Олар алысқа ұша алады. Суық түсісімен алыс
жақтарға ұшып кетеді де көктемде біздің жаққа тіршілік етуге қайтып
оралып, ұя салады, балапан шығарады)
— Қыстап қалатын құстарды білесіңдер
ме?( ұзақ қарға, тоқылдақ, сауысқан, сары шымшық,
көгершін)
— Дұрыс. Олар ешқайда кетпейді. Жыл бойы біздің
жақта тіршілік етеді. Бұл құстар суыққа төзімді келеді. Қандай аяз
болса да өз қоректерін тауып жейді екен.
1-жүргізуші
Райкен: Жер бетінде 8600- ге жуық
құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі
екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар
кездеседі.
2-жүргізуші Зейнеп
:
« Өлең сөздің патшасы сөз
сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы.» — деп Абай атамыз жырлағандай
өлең жолдарына кезек берейік.
Кім құстарға, табиғатқа
арналған тақпақ айтады? Кәне?
1-жүргізуші
Райкен: Өте жақсы рахмет, оқушылар.
Енді Сапаш Қымбат сіздерге қобыз, Ал Құранбай Айдана домбыра тартып
береді, тыңдаймызба?
2-жүргізуші Зейнеп
: Көңілдің көркі сән
екен,
Ұшқанда сазды ән
екен.
Ақындар оны
байқаған,
Адамдар оны
сақтаған.
Бұл қандай
құс? (Аққу) Алдарыңызда аққу
биі.
Көрініс «Аққулар
ұйықтағанда»
Би: Дилдуба үнді
биі.
2-жүргізуші
Зейнеп: Енді оқушылар, құстар
жөнінде викторина сұрақтарына жауап
берейік.
-
Адам қай құсты аң аулауға
пайдаланады?(Бүркіт)
-
Қандай құс хат тасушы
атанған?(Көгершін)
-
Күз айларын
атаңдар: Қыркүйек, қазан,
қараша
-
Құстар балапандарын қайда өсіреді?
ұяда
-
Киелі құс? аққу
-
Қандай құстың құйрығы айыр?
қарлығаш
-
Түнде ұшатын құстарды атаңдар –
жапалақ, жарқанат
-
Орман дәрігері? тоқылдақ
-
Өз
атын өзі шақыратын құс? көкек
-
Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға
салады? көкек
-
Сөйлейтін құс? тоты құс
-
Бейбітшілік құсы? Көгершін
-
Ең кішкентай құсты
ата? Колибри
-
Бейбітшілік құсы қай құс?
Көгершін.
-
Балалар сендер білесіңдер ме
жыл қандай жыл? Тауық. Өте дұрыс келе жатқан жаңа
жылдарыңызбен!
Кезекті биге
берейік «Флешмоб» 5АӘ биші
қыздары
Ал, балалар құстарға
байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер
ме?
· Құс жүнін үрпитсе-
жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
· Сары шымшық ысқырса- шынымен
күз болғаны.
· Шымшық ұя салса- қыс қатты
болады.
· Қарға қарқылдаса - қар
жауады.
Үйдің төбесіне қарлығаш не
көгершін ұя салса, жақсылық болады.
Егер тырналар дыбыс шығармай
тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
Егер тауық ұясына ерте
қонақтаса ертесінде жауын шашын болады.
Би «Қытай
биі»
Райкен: Ағаш жапырақтары сарғайып, күн
нұрын сирек шашып, күңіреніп күз жеткенде
құстар жылы жаққа қайтып
кетеді. Осы бір табиғи құбылысты
дара тұлға Нұрғиса Тілендиев «Құстар қайтып
барады» әнге салған еді. Бірде
жұмыстан шығып, көңілсіз күйде үйіне қарай тартады. Сірә, жұмыста
бір дүниеге көңілі толмаса керек. Алматыдағы 28-Панфиловшылар
саябағына аяңдай келіп, орындыққа отырып, айналасына қарай
бастайды. Кенет көзіне ұшып жүріп, ағашқа келіп қонған тырна
түседі. Жаңа қонған тырнаға ағашта отырған өзге құстар, оның ішінде
қарғалар тыныштық бермейді. Қайта-қайта келіп, шоқып, мазасын
алады.
Зейнеп: Құстардың бұл әрекетін көрген
сазгер: «Адам мен құстың өмірі
қандай ұқсас» деген ойға
келеді. «Жер бетінде адам баласы
бір-біріне сұстана қарап, қызыл сөзге жол біріп, бір-бірін көре
алмай, қудалап жатады. Бұл әрекет құстардың да өмірінде бар
екен-ау. Тырнаны қарғалар отырғызбай қойды. Мен болсам, көзге жас
алып, үйге қарай беттедім» - деп үйге келген бойда
саябақтағы жағдайды жары Дариға айтып береді.
Саябақтағы оқиға сазгер
жүрегінде қалып, көңіліне тигені соншалықты, ол «Құстар қайтып
барады» әнін дүниеге әкеледі.
Зейнеп:
Қымбатты қонақтар, оқушылар.
Адамзаттың досы жыл құсын жақсылап шығарып салдық. Оларға қамқор
болдық.
Әрқашан аспаның ашық болсын
деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдік.
Бәріміз бірге орындайық!