400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғасырдың батыр анасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

34 Ә. Бердәулетов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Далдабай Марфуға

С. Жұмабекова – ғасырдың батыр анасы

Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғыстарынан кейін КСРО мемлекетінің құрамындағы барлық он бес одақтас мемлекеттер бірігіп, қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарында бұрынғы өмірге қайта оралу өте қиын болды. Соғысқа кеткен ерлер толық қайтпады. Жұмыс күшін нәзік жанды аналарымыз бен қыз- келіншектеріміз ауыстыруға мәжбүр болды. Жаны нәзік болғанымен, күш қайраты, ақыл-парасаты ер азаматтардан кем түспейтін аналарымыз бен апаларымыз көпке үлге болатындай, ерен еңбектерімен көзге де түсіп жатты. Салима Жұмабекова – соғыстан кейінгі жылдары ауылшаруашылығында ерлермен қатар еңбек етіп, 20 гектар жерден 106 центнерден өнім алып, Социалистік Еңбек Ері атағын алған батыр ана. Менің жұмысымның мақсаты «Ғасырдың батыр анасы» болған Салима Жұмабекованың еңбек жолын, ерлігін, қиын-қыстау кезде көрсеткен көмегін жазу арқылы қыз балалардың да қолынан көп іс келетінің көрсету. Қазіргі кезде қыз бала нәзік, қолынан көп нәрсе келмейді деген менсінбеушілік көзқарас бар. Көп жерлерде қыз балалардан гөрі ер балаларға мүмкіндікті көбірек береді. Бірақ соғыс кезінде де, басқа да қиын кезеңдер де біздің әжелеріміз бен аналарымыз өлшеусіз ерлік көрсетті. Олардың істері бізге өнеге.Сондай халықтың жадында батыр, батыл тұлғасымен, еңбексүйгіш қалпымен сақталған батыр анамыз –Салима Жұмабекова. Салима Жұмабекова жастайынан еңбекке араласып, көп тәжірибе жинады. Ерлермен қатар жүрді, бірақ ешқашан ерлерден кем еңбектенбеді. Отбасын құрды, бірақ жұмысын тастамады. Керісінше балаларын да еңбекке баулып, өз кәсібінің қыр сырын үйретті. 11 баланы дүние әкеліп, тәрбие беріп, Батыр ана да болды. Көп адамның қолынан келмейтін ерлік жасады. Мұның барлығы қыз баланың нәзік жанды болса да қолынан көп іс келетінінің айқын дәлелі. Салима Жұмабекованың еңбек жолына анықтап назар аударатын болсақ,1952 жылдан бастап қазіргі Қармақшы ауданыңда қызмет жолын бастаған..Замандастарының айтуы бойынша Салима апаны: «батыл, бір сөзді болғанын айтады.Жастығына қарамастан өмірге икем, еңбекшіл бола білді»,- дейді. 1953 жылы Ноғай ағаймен басқосып оның еңбек жолы Тұрмағанбет ауылымен тікелей байланысты болған .Тек Ноғай ағамыз дүниеден ерте өткен. Салима апамызға орны толмас қайғы әкелгенімен ақыры қайыр болып, еңбегімен халық арасында зор беделге ие бола білді.Шаруашылықта құрылысшы бола жүріп, 1964 жылы атақты диқан Ыбырай Жақаевтың жастарға үндеуін тыңдап күріш егуді қолға алуға шақыруын қолдап, күріш сушысы болды.1966 жылы ауыл шаруашылығындағы үздік табысы үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Ноғай атамыздың аманаты болған балаларында еңбекке үйретті. Өз құрған облыстық семьялық звеноға басшылық жасап, балаларында соған мүше қылды. Бұл да үлкен тәрбие. Балалары да анасының жолын қуды. Күріш өсіруде олар да жақсы көрсеткішке қол жеткізіп жүрді. 60 гектар жердің әр гектарынан 80 центтнерден өнім алды. Бірақ сол кезде батыр анамыз 20 гектар жердің әр гектарынан 106 центнерден өнім алды. Осы үшін анамызға Социалистік Еңбек Ері деген атақ та алды. Қорытындылай келе, заманның қиын кезінде ерлермен қатар жүріп, еңбек етіп, отбасын ала жүріп жұмыс істеген Салима апамыздың ерлігі қазіргі бейбіт заманда көпке үлгі. Әйел болса да 20 гектардан 106 центнерден өнім алу сол кезде тек Салима апамыздың қолынан ғана келді. Ол кісі өзің ойламады, халқын ойлады. Астықты халықтың игілігі үшін өсірді.Апамыздың өмір жолынан көре білген адамға қазіргідей тоқшылық заманда шүкір етуді үйренуіне болады. Бейнеттің де соңында зейнеті боларына да көз жеткізеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.05.2021
684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі