Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
География пәнінен термин сөздер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Т.Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»мемлекеттік мекемесі
«География пәніне арналған термин сөздер мен жалпы географиялық түсініктер»
Жинақтаушы: география пәнінің мұғалімі
Атейбекова Халзия Тұрсынжановна
География пәніне арналған 6-7 сыныптар бойынша термин сөздер мен қосымша мәліметтер жинақталған.
Термин сөздер мен қосымша мәліметтерді ҰБТ- ға дайындалу мақсатында оқушылардың ізденісіне жол ашады. Оқушылардың өзіндік іздену, жұмыс дағдысының қалыптасуына әсерін тигізеді.
Оқушылардың өз бетінше пайдаланып, дайындалуына көмекші құрал ұсынылады.
-
«География» грек тілінде гео-жер, графо- жазу дегенді білдіреді.
-
Физикалық география -/ грекше физис- табиғат/ табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді.
-
Экономикалық география-/ грекше экономия-шаруашылық басқару/ өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын,халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.
-
Эратосфен-ІІІ –ғасырда өмір сүрген грек ғалымы, география ғылымының атасы.
-
М.Бехайм-неміс картографы, ең алғаш глобус жасаған.
-
К.Птоломей- Б.Э.ІІ ғасырда өмір сүрген грек ғалымы, дүние жүзі картасын жасады.
-
Христофор Колумб-1492 жылы тамызда Испаниядан шығып, Америка құрлығына келеді.
-
Фернан Магеллан- 1519-1522 жылдары Испаниядан шыққан, тұңғыш рет дүние жүзін айнала жүзді.
-
Орбита-планеталардың Күн төңірегіндегі жолы.
-
Астероидтар/ грекше астероид- жұлдыз тәріздес/ Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында Күннің төңірегін айналып жүреді.
-
Құйрықты жұлдыздар- күнді өте сопақ орбитаның бойымен айналады. Тозаңнан, қатты кесектерден, қатып қалған газдардың қоспасынан тұрады.
-
Метеорлар (латынша «ауада қалықтаған»деген сөз) жердің ауа қабатына үлкен жылдамдықпен келіп енетін ұсақ түйіршіктер.
-
Метеорит метеорлық денелер ауада түгел жанып үлгермей, жерге түскен бөлігі.
-
Жер радиусы 6371км болатын шар.
-
Жер экваторының ұзындығы 40000 км.
-
Бағдарлау көкжиек тұстарын бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүрген бағытын анықтау.
-
Азимут (арабша ас-сумут - жол) деп белгілі бңр затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады.
-
Масштаб жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан (немісше мас-өлшеу,штаб-таяқ ) деп аталады.
-
Сан масштаб бөлшек санмен көрсетілген масштаб
-
Атаулы масштаб планның немесе картаның масштабы сөзбен жазылады.
-
Сызық масштаб қашықтықты арнайы есептеп жатпай-ақ бірден анықтау үшін
-
План жер бетінінің қағазға кішірейтіліп түсірілген нұсқасы
-
Абсолюттік биіктік жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі (латынша абсолют- толық, сөзсіз)
-
Салыстырмалы биіктік-жер бетіндегі кез-келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы.
-
Деңгейлегіш – жер бетінде салыстырма биіктіктерді өлшейтін құрал.
-
Горизонтальдар- биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
-
Бергштрих- ылдидың бағытын горизантальдарға кесе-көлденең қойылған сызықша (немісше берг-тау, штрих-сызық).
-
Глобус- жердің нақты үлгісі.
-
Меридиан- солтүстік және оңтүстік полюстерді бастыра жүргізілген шеңберлер. (латынша меридиан-талтүстік).
-
Параллельдер-меридианға кесе-көлденең жүргізілген шеңберлер.(грекше параллель-қатар жүруші.40000км/3600 =111км.
-
Географиялық координаталар-(латынша ко-бірге, ординатус-реттелген) географиялық ендіктен және бойлықтан тұрады.
-
Географиялық ендік- нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.
-
Географиялық бойлық-жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады.
-
Градус торы- меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуын пайда болған тор.
-
Карталар мазмұнына қарай:жалпы географиялық және тақырыптық карталар болып бөлінеді.
-
Жалпы географиялық карталарда-жер бетіндегі барлық объектілер –жер бедері,жер бетіндегі сулар (өзнедер,көлдер,теңіздер), өсімдіктер,елді мекендер,қатынас жолдары,шекаралар,өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір көріністері және тағы сол сияқты.
-
Тақырыптық карталар-жалпы географиялық карталардың негізінде жасалды.
-
Карталардың масштабына қарай-1:100 000 – ірі масштаб;1:200 000-нан: 1:1 000 000-қа дейін орта масштаб; 1:1 000 000-ұсақ.
-
Атмосфера
-
Атмосфера – (грекше атмос- бу,сфера-шар)ауа қабығы.
-
Гидросфера-(грекше гидро-су,сфера-шар) су қабығы.
-
Биосфера-(грекше био-тіршілік,сфера-шар) тіршілік қабығы.
-
Жердің ішкі құрылысы- жер қыртысы,мантия,ядро.
-
Жер қыртысы- жердің ең сыртқы қабаты.(тауда-70-80км;жазықта30-40км;мұхитта-10км).
-
Мантия-(латынша мантия шапан,жамылғы) жерқыртысынан әрі шамамен 2900км тереңдікке дейін орналасқан.
-
Литосфера-жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабат.(латынша литос-тас).
-
Ядро-жердің ең орталық өзегін атайды.R=3500км. Ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
-
Литосфералық тақталар-Еуразия тақтасы , Тынық мұхит,Үнді-Аустралия тақтасы, Антрактида;Наска; Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка тақталары.
-
Мұхит ортасы жоталары- жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жарықтан жан-жаққа бытырап жылжып, соның нәтижесінде жарықтың екі жағын ала су асты жоталары түзіледі.
-
Шатқалдар – мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған.
-
Шұңғыма-тақтаның төмен қарай батқан жерінде аса терең мұхит науасы орналасқан, оның шетін бойлай аралдардың доға тәріздес тізбегі созылып кетеді.
-
Минерал-тау жыныстарын құрайтын заттар.
-
Тау жыныстары тегіне қарай: магмалық, шөгінді, метоморфтық тау жыныстары.
-
Магмалық тау жыныстары-жер астынан балқып шыққан заттардан пайда болған тау жыныстары.(грекше магма-былғама,қойыртпақ). (базальт пен гранит көп таралады).
-
Шөгінді тау жыныстары- жер қыртысының бетінде су,жел,мұздық, т.б. сыртқы күштерәсерінен пайда болған жыныстар.
-
А)кесек шөгінділер – магмалық жыныстар температураның, желдің және судың әсерінен өзгеріске ұшыраған, үгітілген кесектер сумен ағып немесе желмен ұшып көл,теңіз т.б су түбіне жиналып шөгінділер пайда болды.
-
Ә)химиялық шөгінділер-суға түрлі заттар араласып, еріп, теңіз немесе көл тартылғанда тұнып, жер қабатына қосылады.
-
Б)органикалық шөгінділер- судағы және құрлықтағы өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болады.
-
Метоморфтық тау жыныстырын-жыныстардың бастапқы қалпынан айырылып, құрамы өзгерген соның нәтижесінде қалыптасқан тау жыныстары(метоморфаза-өзгеру).
-
Жер сілкіну ошағы- жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері.
-
Эпицетр –дүмпуінің жер бетіне шығатын жері.(грекше эпи-үстіңгі, центр-шеңбердің орталығы.
-
Балл – жер сілкінудің күші (12) балдық шкаламен өлшенеді (латынша шкала-саты).
-
Сейсмикалық аймақтар- жер сілкіну жиі қайталанып тұратын аймақтар. Белдеулер: 1) Жерорта теңізі- Гималай және 2)Тынық мұхит б/і.
-
Сейсмограф- жер қыртысының қозғалысын өте сезімтал келетін құрал. Сейсмограф тіркеп отырады. (грекше сейсмо-жер сілкіну, графо-жазу).
-
Жанартау – көмейінен ыстық газ, бу, күл, тас т.б. тау жыныстары атқылап тұратын және жер бетіне отты қоймалжың зат- лава тасып төгілетін конус формалы тау.
-
Лава-жер бетіне шыққанда ұшпа заттардан айырылған магма.
-
Жанртау көлемі – магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші.
-
Кратер-көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы. (грекше кратер-тостаған).
-
Гейзер-жанартаулық әрекетінің бір көрінісі. (исланша гейзер-лақ ете түсу). Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын көз.
-
Минералды сулар-жер асты суының температурасы жоғары босады және оның құрамында еріген түрдеәр түрлі тұздар мен газдар кездесетін су.
-
Таулар-жер бетінің маңайындағы жазықтарданоқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімделген, беткейлері қия, биік бөліктерін атайды.
-
Тау жотасы- таулар бір-біріне жалғаса, ондаған кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жатқан таулар.
-
Таулы өлке-тау жоталарының шоғырлануы.
-
Таулар биіктігіне қарай: алаша, орташа, биік болып бөлінеді.
-
Аласа таулар-биіктігі 400-м-ден 1000м-ге дейінгі таулар.
-
Орташа биік таулар- биіктігі 1000м-ден 2000м-ге дейінгі таулар.
-
Биік таулар- биіктігі 2000м-ден асатын.
-
Қатпарлы таулар-су түбінде жиналған тау жыныстарының қабаттары орасан зор бүйір қысымының әсерінен қатпарланып, биікке көтеріліуі. (Альпі,Кавказ,Кордильер).
-
Қатпарлы- жақпарлы таулар- көтерілген жерлері жоталарға, ал ойырықтар,тау аралық ірі ойыстарға сәйкес келуі, мұндай тау жыныстары қабаттарының қатпарланудан кейін жарықтарды бойлап жоғары-төмен лықсуынан пайда болды.(Алтай, Тянь-Шань).
-
Таулардың пайда болуына қарай: ескі,және жас таулар.
-
Ескі тау-уақыт өткен сайын оның шыңдары мүжіліп, аласарған,көп жері тегістеліп,аласа төбелерге айналған.
-
Жас тау-кейін пайда болған, онша бұзылмаған, шыңдары үшкір, беткейлері тік, басын мұз басып жатады.
-
Таулардың өзгеруі- физикалық, химиялық, органикалық үгілу.
-
Үгілу-сыртқы күштердің әсерінен тау жыныстарының өзгеруі.
-
А) физикалық үгілу-ауа t-ның өзгеруінен және тау жыныстарының беті біркелкі қызбауынан болады.Температураның өзгеруі жыныстар көлемінің өзгеруіне себеп болды.
-
Ә) химиялық үгілу- су мен ауаның әсерінен жүреді. Тау жыныстарының ішіне су сіңіп, оларды ерітеді. Су жай ерітумен қатар, тау жыныстарын және оларды құрайтын минералдарды күрделі химиялық өзгерістерге ұшыратарады.
-
Б)органикалық үгілу-әр түрлі организмдердің қатысуымен өтеді.Саңырауқұлақ, мүк, қына, басқа да өсімдіктер мен жануарлар, бактериялар тау жыныстарын өзгертуге алып келеді.
-
Жазық-жер бетінің аз тілімделген,тегіс немесе белесті болып келетін, кең алқапты атайды.
-
А) тегіс жазық-тегіс, ормансыз, шөп өскен, көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген.
-
Ә) төбелі жазық- жер бедері күрделі, жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдардан тұрады.
-
Жазықтардың биіктік айырмашылықтарына қарай: ойпат, жазықтар (қырат), таулы үстірттерден бөлінеді.
-
А) ойпат- теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200м-төмен жазық.
-
Ә) қырат жазықтар-абсолют биіктігі 200м-ден, 500м- ге дейінгі жазықтар.
-
Б) таулы үстіртірттерге- 500м-ден астам биіктіктегі жазықтар.
-
Жазықтардың пайда болуына қарай: алғашқы,шөгінді жыныстардан тұратын жазықтар, қатты тау жыныстары қабаттарынан тұрады.
-
А) алғашқы жазықтар-теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған.(Каспий маңы ойпаты).
-
Ә) шөгінді жыныстардан тұратын жазықтар- жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз м-ге жетеді.(Ұлы Қытай, Ла-Плата, Месопотамия ойпаты) .
-
Б) қатты тау жыныстары қабаты- жазықтар қатпарлануға ұшыраған тау жыныстары.
-
Жазықтардың өзгеруі: жыра, сай, шағыл, барқан.
-
А) жыра- өсімдігінен айырылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болған.
-
Ә) сай- жыра сияқты ұзынша ойыс. Айырмашылығы: беткейлері түйетайлы, табаны мен беткейлері шымды келеді, шөп және бұталар өсуге қолайлы.
-
Б) шағыл- төбенің төменгі екі жақ шеті ыққа қарай созылып, айшық тәріздес пішінге ие болған құм төбелер.
-
В) барқан- құмды шөлдерде желдің әрекетінен үйілген, шағылға ұқсас құм төбелер.
-
Эхолот- кеменің жүзу бағытында тереңдікті тез және үздіксіз өлшейтін құрал.(эхо-жаңғырық). 1 секундта 1500 м (суда торалу жылдамдығы).
-
Қайраң- материктің мұхитқа өтпелі, 200м тереңдікке дейінгі бөлігі.
-
Материктік беткей- материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін атайды. Ол 200м- ден 2800м-ге дейінгі тереңдікте жатады.
-
Шұңғымалар- мұхиттардың материктерге жапсарлас өңірінде түзу бағытта немесе доға тәріздес иілген ұзын және енсіз ойыстар.
-
Атмосфера
-
Ауа- әр түрлі газдардың қосындысы.
-
Ауаның құрамы- құрғақ ауа көлемінде 78%-ын азот, 21%-ын оті, 0,03%-ын көмірқышқыл газы, су буынынан, шаң- тозаңнан тұрады.
-
Атмосфераның қабаттары- тропосфера, старатосфера, атмосфераның жоғарғы қабаттары.
-
Трапосфера- атмосфераның жоғарғы қабаттары таяу орналасқан ең төменгі қабаты (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс). Тропосфераның ұзындығы орта есеппен 11км, экватор мен үстірттерде 17-18 км.
-
Стратосфера- тропосфераның үстінде орналасқан қабат (грекше стратум- қабатталған). Озон қабатының тіршілік үшін ерекше мәні бар. Биіктігі 50-55 км дейін барады.
-
Радиозондтар- атмосфераның биік қабаттарын зерттеуге қолданылады. Французша зонд-«байқау».
-
Атмосфералық қысым- ауаның жер бетіне түсірген салмағы. Жер бетінің әр см2 =1кг 33г.салмақ түсіреді. Адамның үстіне 1500 см2 қысым=15 500 кг немесе 15т.
-
Скафандр-ғарышкерлердің жеке басын қорғайтын киім.
-
Қалыпты атмосфералық қысым- сынап бағанасының 760мм һ-не тең қысым. Әрбір 10м һ-ке көтерілгенде қысым шамамен 1мм төмендейді.
-
Барометр- атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.(грекше барос-салмақ, метрео-өлшеймін). Сынап, анероид барометрі қолданылады.
-
Температураның тәуліктік амплитудасы- тәулік ішіндегі осы ең жоғарғы және төменгі температуралардың айырмасы (латынша амплитуда-кеңдік, жайылушылық). Ең жоғары температура +100 С; ең төменгі температура -100 С. А=200 С.
-
Орташа жылдық амплитуда – ең жылы ай мен ең суық айдың орташа t-ның айырмасы ауа t-ның амплитудасы деп атайды.
-
Жылдық орташа t-р –әр айдың көп жылдық орташа t-ң негізінде есептеп шығарылады. Оң (+)t-р жиынтығы =+900 ;(-) t=-450С орташа жылдық t=(900-450)/12=+3.80 С.
-
Термометр-ауа-райын өлшейтін құрал.
-
Су буымен қаныққан ауа- ауа температурасына сәйкес су буының ұстап тұра алатын су буы жинақталған ауа +300С t.Қанығу үшін 1м3 не 30гр су буы жинақталуы керек.
-
Абсолюттік ылғалдылық – 1м3ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3).
-
Салыстырмалы ылғалдылық -1м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температуратурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы; пайызбен есептелінеді. 1м3 ауа t=-200С. 1гр су буын ұстайды. Ауада бар ылғал 0,5 гр болғанда салыстырмалы ылғалдылық 50% болады.
-
1м3 ауада түрлі t-да болатын су буының мөлшері.
|
Температура (С) |
Су буы (грамм) |
1 2 3 4 5 6 7 |
-30 -20 -10 0 +10 +20 +30 |
0,5 1 2 5 9 17 30 |
-
Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал- шаш гигрометрі. (грекше гигрос-ылғал, метр-өлшеу).
-
Конденсация- белгілі жағдайда су буларының сұйық күйге (су тапшыларына) айналуын атайды.
-
Тұман- ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тапшыларына айналуы.
-
Бұлт- жер бетінен жоғары көтерілген ауа салқындағанда оның құрамындағы су бу тамшылары мен мұз түйіршіктеріне айналып, шоғырлануы.
-
Бұдақ бұлт- үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды.(нөсер жаңбыр 0С- та жапалақтап қар жауады.
-
Қабат бұлт-тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды 2км һ-ге дейін түзілетін қабат бұлт. Ақ жауын жауғызады.
-
Шарбы бұлт-өте һ-те (6км-де ) түзілетіндіктен, майда мұз кристалдарынан тұрады.
-
Күннің немесе Аййдың қоралануы- күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңбердің пайда болуы.
-
Бұлттылық-аспанды бұлттың торлау дәрежесінен атайды.
-
Атмосфералық жауын- шашын-бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды ажыратады.
-
Жаңбыр- тамшылар бір-біріне қосылу немесе төңірегіндегі су буының суға айналып қонуының нәтижесінде үгіленуі, олар ауада қалықтап жүре алмай, салмағымен құлдылап құлауы.
-
Бұршақ-салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланып, үлкейіп, жерге құлауы.
-
Шық-жылы қалпын сақтаған ауа жер бетіндегі салқындаған заттармен жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады.
-
Қырау-күзде, қыста және көктемде пайда болады.
-
Қылау- ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, ағаштың қылқанына, үйлердің желдің өтіндегі қабырғасына ақ борпылдақ зат түрінде ілігіп тұрып қалуы.
-
Қар өлшейтін сырық- қар жамылғысының қалыңдығы.
-
Булану-судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі.
-
Буланушылық- су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.
-
Жел- жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын атайды.
-
Желбағар (флюгер)- желдің жылдамдығы мен бағытын ауа-райын бақылайтын станцияларда есептейді.м/сек. есептелінеді.
-
Бриз- (французша-жеңіл жел)- теңіз жағалауында соғатын жел.
-
Муссон-бриз сияқты құрлық пен теңіздің арасында тұрақты соғатын жел. (арабша муссон-маусым).
-
Ауа райыс- атмосфералық жер бетіне таяу қабаты- тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай-күйін атайды.
-
Ауа райының элементтері: атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық.
-
Ауа райның құбылыстары: жауын-шашын, жел, тұман, бұлт.
-
Ауа массалары- тропосфераның бір-бірінен (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы қасиеттері жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері.
-
Ауа массаларының түрлері: 1. Арктикалық , 2. Қоңыржай ендік ауасы, 3. Тропиктік ауа, 4. Экваторлық ауа.
-
Жазғы күн тоқырау – 22 маусым. 23,50 с.е ІІ., ал 66,50 күн батады. Күзгі күн теңелуі- 23 қыркүйекте. Қысқы күн тоқырауы-22 желтоқсанға дейін созылады. Көктемгі күн теңелуі-21 наурызда болады.
-
Жылу белдеулері: 5 жылу белдеуі бар; олар 1 ыстық, 2 қоңыржай және 2 суық белдеу.
-
Климат- ауа-райының белгілі бір жерге сипаты, көп жылдық орташа жай-күйін айтады.(грекше «енкіш» деген сөз).
-
Климат элементтері- атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын,жел, бұлттылық, ылғалдылық т.б. жатады.
-
Теңіздік климат- ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды,жауын-шашынды, бұлтты және тұманды ауа-райының басым болуымен ерекшелінеді.
-
Континенттік климат-жағдайында ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы үлкен (қысы суық, жазы ыстық) болады, жауын-шашын аз түседі.
-
Экваторлық климат белдеулерінде- жыл бойы экваторлық ауа басым болады. Бұл белдеуде ауаның температурасы жыл бойы тұрақты (+240; +280 С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 3000 мм-ге дейін барады. Жауын-шашын булану мөлшерінен артық.
-
Тропиктік климат белдеуі- солтүстік және оңтүстік жарты шарларда тараған. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-200 мм. Шілденің орташа температурасы +350С; +400 С. Қаңтарда орташа температура +10С; +15С.
-
Қоңыржай белдеудің климаты- негізінен қоңыржай ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Жазы қоңыржай жылы (+10;+25С), қысы суық(+4С-тан-50С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын материктің ішкі бөлігінде 100мм-ден теңіз жағалауында 1000мм-ге дейін. Қоңыржай теңіздік және қоңыржай континенттік климат түрлеріне ажыратылады.
-
Полярлық климат белдеуі- 700 с.е-тен солтүстікке және 650 о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады. Жазы салқын, орташа температура 0 С-тан жоғары көтерілмейді. Қысы суық. Жауын-шашын аз түседі (100 мм шамасында), булану жоқтың қасы. Сондықтан жер бетін қар мен мұз басып жатады.
-
Өтпелі белдеу-субэкваторлық, субтропиктік және субполярлық.(латынша суб...-таяу).
-
Гидросфера
-
Гидросферадағы барлық судың мөлшері: 1,6 млрд км3 . 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен,көл,батпақ,атмосферадағы су болып табылады.
-
Табиғаттағы су айналымы: кіші және үлкен.
-
Кіші су айналымы- жоғары көтерілген су булары салқындап, бұлт түзіп, оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап, бұлттардан мұхитқа да, құрлыққа да жауын-шашын жаууын айтамыз.
-
Үлкен су айналымы- құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айнлып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бөлігі өзенге, көлге барып қосылып, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі, жерге сіңген су да астымен ағып, мұхитқа қосылуы.
-
Дүниежүзілік мұхит – жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатыр.361 млн км2 тиеді.
-
Материктер немесе континенттер- мұхиттар мен теіңздер қоршап жатқан құрлық жер.149 млн км2.
-
Түбектер- құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігі.
-
Тынық мұхит-жер шарындағы ең үлкен (180 млн км2 ) әрі ең терең мұхит. Мариан шұңғымасы-11 022м
-
Атлант мұхиты-92 млн км2 . Пуэрто-Рико шұңғымасы-8742м.
-
Үнді мұхиты-75 млн км 2 Зонд шұңғымасы-7729м.
-
Солтүстік мұзды мұхиты- 14 млн км 2 Гренланд теңізі-5527м.
-
Мұхит бөліктері: теңіз, шығанақ, бұғаз.
-
Теңіздер- мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі.
-
Ішкі теңіздер- материкке сұғына еніп жататын теңіздер.
-
Шеткі теңіздер- материктердің маңында орналасқан теңіздерді атайды.
-
Шығанақ- мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
-
Бұғаздар- екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз бөлігі.
-
Судың тұздылығы- еріген тұздардың 1литр судағы граммен алынған мөлшерін атайды.
-
Промилль-тұздылық санның мыңнан бір бөлігін өлшейді.(%o).
-
Толқынның қыры немесе жалы- тынық су бетінен жоғары көтерілген толқынның ең биік бөлігі.
-
Толқынның ұзындығы- көршілес екі толқын қырларының арасындағы ара қашықтық.
-
Толқынның биіктігі- оның табанынан қырына дейінгі ара қашықтық.
-
Цунами- су астындағы өте қатты жер сілкінуден немесе жанартаулардың атқылауынан туатын толқындар (жапонша цунами-қойнаудағы үлкен су).
-
Тайфун- Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел. (қытайша тайфун-үлкен жел).
-
Толысуы мен қайту құбылыстары-теңіз деңгейінің тәулік бойына екі рет көтеріліп, екі рет төмен түсуі, тұрақты қайталанып отырады.
-
Мұхит ағыстары- мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын атайды.
-
Гольфстрим- жылы ағыс «шығанақтық ағыс» деген мағынаны білдіреді.
-
Батыс желдер- оңтүстік жарты шардағы ағыстардың ең ірісі. Ағыстың ұзындығы-30 000км, ені бірнеше 1000км, көлемі-3,5км/сағ.
-
Жылға- су күні –түні тынбай шығып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс пайда болады.
-
Бастауы-өзеннің ағып шығатын жері.
-
Саға-өзеннің құяр жері.
-
Атырау- өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына барғанда төмендеп, онда тасқындар жинақталып, өзен сағасы тармақтарға бөлінуі.
-
Аңғары- өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады.
-
Жайылма- аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі.
-
Ағыс- бастауына жақын жағы- жоғарғы ағысы, саға жағы-төменгі ағысына жатады.
-
Өзен жүйесін-өзен барлық салаларымен бірігуін атайды.
-
Өзен алабына-өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі.
-
Суайрықтар-өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін, суды бөлуі.
-
Сарқырама- жартас өзен арасын кесе-көлденең алып жатса, су одан төмен қарай ағуы. Игуасу каскадторы ені-2700м,һ-72м. 275 бөлек сарқырама бар. Өзендердің суы молы- Амазонка мен Конго.
-
Су тасуы- жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюін айтады.
-
Тасқын- өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
-
Сабасына түсуі- өзендегі судың ең төменгі күйін айтады.
-
Өзеннің режимі-өзен су мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.
-
Көл- жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды айтады.
-
Тектоникалық көлдер- тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. (Ыстықкөл, Зайсан, Байқал).
-
Бөген көлдер-кейбір жағдайда тау опырылып, өзен аңғарларын бөгеп тастаған кезде пайда болады. (Сарез, Үлкен Алматы көлдері).
-
Қалдық көлдер- бір кездегі теңіздің орнындағы көлдер. (Каспий, Арал).
-
Жанартаулық көлдер-сөнген жанартаулардың кратерлерінде пайда болған көлдер.
-
Ескі арна көлдері немесе қарасулар- өзендер өз бағытын өзгертіп, олардың ескі иірімдері шағын көлге айналуы.
-
Ағынды көл- өзен ағып шығады.
-
Ағынсыз көл- ешбір өзен ағып шықпайды.
-
Шөкпе немесе тұнба көл- құрғақшылық аймақтарда көл суы түгелдей буланып, түбінде тұз қалатын көлдерді атайды.
-
Жер асты суы – жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.
-
Су өткізгіш қабат- құм, қиыршық тас, малта тастардан тұрады.
-
Су өткізбейтін қабат- саз, гранит, құмтас, сазды тақтатас жыныстарынан тұрады.
-
Сулы қабат- су өткізгіш жыныстар қабатына судың жинақталуы.
-
Еспе су- жер бетінен есептегенде су өткізбейтін бірінші қабатқа дейіңгі суды айтады.
-
Бастау,бұлақғкөз немесе қайнар,тұма- жер бетіне ағып шыққан суды айтады.
-
Артезиан суы- жердің терең қабатындағы қысымды су. (ескі латынша артезиана провинциясынан алынған).
-
Минералды су- құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы.
-
Мұздық- қар жылда еритін мөлшерінен артық түсетін болса, онда ол жата-жата нығыздасып, өзгеріп, мұзға айналып, жинақталады.
-
Қар жиегі немесе қар шекарасы- таудағы жауған қардың жыл бойы ерімей, жинақтала беретін биіктігін белгілейтін шартты сызық.
-
Айсбергтер- алып мұз кесектері бөлініп, теңізде жүзіп жүретін мұзтаулар.
-
Канал- жасанды өзен.
-
Бөген- жасанды су қоймалары.
-
Судың ластануы- адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдалануының әсерінен су құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің пайдалануға жарамсыз болып қалуын атайды.
-
Биосфера
-
Биосфера- жердің тірі организмдер мекендеген және олардың әсерінен өзгерген қабығы. (грекше биос-тіршілік).
-
Тіршілік бірлестігі-белгілі бір табиғи ортаға шоғырланған организмдер жиынтығы.
-
Биоценоз-жер бетінің табиғат жағдайлары біртекті алқабын мекендейтін өсімдіктер, жануарлар жәнемайда организмдер бірлестігі (грекше био-тіршілік, ценоз-ортақ).
-
Биогеография-өсімдіктердің,жануарлардың және микроорганизмдердің, сондай-ақ олардың бірлестіктері- биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
-
Фотосинтез- өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ауа мен топырақтан суды бойына сіңіріп, күн қуатының әсерінен күрделі өзгеріске ұшырап, органикалық заттарға айналуы және бір бөлігі ауаға оттегі түрінде бөліну құбылысы.
-
Топырақ- тірі (органикалық) және өлі (бейорганикалық) табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене.
-
Қара топырақ- топырақтың жеке түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы.
-
Географиялық қабық
-
Геграфиялық қабық-атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысып, бір-біріне әсер етуінің нәтижесіндегі жердің ерекше қабығы.
-
Геграфиялық қабыққа тән ерекшелік:
-
Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі организмдерден) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Кешенді сипатқа ие болады.
-
Организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді.
-
Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады.
-
Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние.
-
Табиғат компоненттеріне немесе географиялық компоненттер (латынша компонент-құраушы) тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан, яғни құрамдас бөліктері.
-
Табиғат кешені- кез-келген аумақтың табиғат компонентерінің жиынтығы біртұтас жүйесі.
-
Лианалар-ағаш діңдерінің аралықтарындағы аз ғана саңылауды шырмалып, өрмеленіп өсетін өсімдіктер.
-
Эпифиттер- ағаш діңдері мен бұтақтарын басып жатады. (грекше эпифит-өсімдікке жабысқан).
-
Саванна- әр жерде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады.
-
Сексеуіл- діні қисық, бұратылған, биіктігі 3-4-метрден аспайтын ағаш.
-
Дала- шөп өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты атайды.
-
Экология- (грекше эйкос-үй, логос-ғылым)-адамның мекені жайындағы ғылым. Экология тірі организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
-
Демография- (грекше демо-халық, графо-жазу)- халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым.
-
Халықтың тығыздығы- жердегі халықтың орташа тығыздығы халықтың жалпы санын құрлықтың көлеміне бөлу арқылы есептеп шығарылады.
-
«Демографиялық саясат»- деп үкімет тарапынан халықтың тууын мемлекетке қажетті мөлшерде жүзеге асыруға бағытталған әкімшілік, әлеуметтік, дәрігерлік және басқа да шаралар жүйесін айтады.
-
Адамзат үш нәсілге бөлінеді: еуропалық түрдегі (ақ), монғолдық түрдегі (сары), және негрлік түрдегі (қара) нәсілдер.
-
А) Негрлік түрдегі нәселге- терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі шығыңқы келеді.
-
Б) Монғолдық түрдегі нәсілге- терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығыңқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр және қиғаш болады.
-
В) Еуропалық түрдегі нәсілге- терісі ақ, мұрны қырлы, ерні жұқа, шашы толқынды немесе жатық болып келеді.
-
Саяси карта- мемлекеттердің жер шарындағы орны мен шекараларын көрсететін карта.
-
Саяси -әкімшілік карта-мемлекеттердің ішкі әкімшілік бөлінуін көрсететін карта.
-
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)- Халықаралық ең ірі қауымдастық. (1992 жылы Қазақстан мүше болды).
-
БҰҰ мүше мемлекеттер саны-191 мемлекет.
-
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)- мемлекеттердің шаруашылық мүдделеріне қарай құрылған одақ.
-
Қазақстанның жер көлемі- 2,7 млн км2.
-
1991 жылы 16 желтоқсан- Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.
-
1994 жылы 6 шілде- Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылданды.
-
1997 жылы 20 қазанда- Президент «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды.
-
1997 жылы 10 желтоқсан- Алматыдан Ақмолаға көшті.
-
1998 жылы 6 мамырда- Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып аталды.
-
Әкімшілік аумақтың бөлінуіне қарай-14 облысқа бөлінді.
-
Қазақстанның аса ірі қалалары- Алматы, Қарағанды, Семей, Павлодар, Тараз, Шымкент.
-
Шымтезек- шала иірілген өсімдік қалдықтарының батпақта тығыздалып, шоғырлануынан пайда болған қоңыр түсті, жанғыш тау жынысы.
-
Экваторлық белдеу- экватордың екі жағында 80 с.е. пен 110 с.е. аралығында орналасқан табиғат белдеуі.
-
Экологиялық дағдарыс- адамның шаруашылық әрекетінен жер шарының белгілі бір ауданында организм тіршілік ететін ортаның қалпына келмейтін болып бұзылуы.
-
Этнография-(грекше этнос-халық, графо-жазу) халықтың құрамы, шығу тегі, таралуы, мәдени және тарихи байланыстары туралы ұғым.
-
Экватор- (латынша экватор-теңдеуші)- жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген үлкен шеңбер.
7-сынып
Материктер мен мұхиттар географиясы
-
Жер бетінің жалпы ауданы- 510,2 млн км2.
-
Құрлық (материктер мен аралдар) үлесіне- 149,1 млн км2.
-
Еуразия-53,3 млн км2 ; Еуропа 7%; Азия 29,5%
-
Африка -30,3 млн км2 20,3 %
-
Солтүстік Америка-24,2 млн км2;28,3%
-
Оңтүстік Америка-18,3 млн км 2 ;
-
Антрактида- 14 млн км2 ;8,9%
-
Аустралия және мұхит аралдары-9,0 млн км2-ге жуық: 6%.
-
-
Мұхит-361,1 млн км2
3.1 Тынық мұхиты-49,8%
3.2 Атлант мұхиты-25,8%
3.3 Солтүстік мұзды мұхит-3,6%
3.4 Үнді мұхиты-20,8%
-
Архипелаг – аралдардың тобын айтады.
-
Дүние бөліктері- құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар.
-
«эреб» және «асу» - батыс және шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия атаулары шыққан. (Месопотамияны мекендеген ежелгі халытар).
-
( Ежелгі дәуірлердегі зерттеулер).
Герадот-«тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген. Тұңғыш рет табиғат жағдайларының алуан түрлілігі географиялық ендікке байланысты түсіндіріледі.
-
Аристотель- ежелгі грек ғалымы жердің шар тәріздес екендігін одан әрі дамытты. Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылуы себептерін түсіндірді.
-
Эротосфен- ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған. Ғалым осы кезде гректерге белгілі адамдар қоныстанған жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын құрастырған. «География» деп аталатын еңбегінде өзіне жинақтап, алғаш рет «география» ұғымын ғылымға енгізді. Эротосфенді «География ғылымының атасы» деп те атайды.
-
Страбон- римдік ғалым жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған. Географиядағы елтану бағытына негіз салған.
-
Орта ғасыр
Нормандар (викингтер)- ІХ-ХІ ғ. аралығында Еуропалықтардың солтүстігін мекендеген. Олар алдымен Исландия аралын ашып, қоныстанып, кейіннен Гренландия мен Солтүстік Америка жағалауларына жеткен.
-
Марко Поло-ХІІІ ғас. Венециялық көпес. Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтарымен толықтырылды.
-
Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук- еуропалық саяхатшылар ХІІІ ғасырда Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып, құнды географиялық деректерге жинақталған.
-
Афанасий Никитин- ХV ғасырдың ІІ-ші жартысында тверлік көпес Парсы жерін басып өтіп, Арабия теңізі арқылы Үндістанға саяхат жасаған соң, «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбек жазып қалдырған.
-
Ұлы географиялық ашылулар кезеңі ХV-ХVІІ- ғасырлар аралығы.
-
Христофор Колумб-1492 жылы испан экспидициясын басқарған Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Баган,Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашылуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп атаған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.
-
Васко до Гама-1498 жылдың 20 мамырында португал кемесін басқарған Каликут (Калькутта) портына келіп тоқтады, Үндістан мен Оңтүстік- Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталады.
-
Америго Веспуччи-1499-1503 жылдар аралығында Колумб ашқан жаңа жерлерге 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екендігін дәлелдеді. 1507 жылы Мартин Вальдземюллер Веспуччидің екі хатының негізінде «Космографияға кіріспе» деп аталатын еңбегін жариялады. Осы еңбегінде жаңа ашылған жерлерді Еуропа, Азия, Африкадан кейінгі 4-ші дүние бөлігі ретінде Америго Веспуччидің құрметіне Америка деп атауды ұсынды.
-
Герард Меркатор-1538 жылы дүние жүзілік картасын атақты картограф солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.
-
Фернан Магелан мен Себастьян Элькано-1519-1522 жылдар аралығында испан экспидициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты;
-
Семен Дежнев – 1648 жылы Беринг бұғазы арқылы Солтүстік мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа өтті;
-
Абель Тасман- ХVІІ ғасырда Оңтүстік жарты шарда голландық өз атымен аталған аралды ашты.
-
Джеймс Кук – ХVІІІ ғ. ағылшын саяхатшысы Жаңа Зеландия мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктің зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.
-
В.Беринг пен А.И.Чириков-ХVІІІ ғ. орыс экспедициясы Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Амут аралдарын ашты.
-
И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің- 1803-1806 жылдар аралығында Тынық,Үнді,Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясые Тынық мұхитының көптеген жаңа аралдарын ашты;
-
Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев 1819-1821 жылдар аралығында экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктида материгін ашты.
-
Р.Пири 1909 жылы (американдық) Солтүстік полюске, 1911 жылы норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетеді.
-
ХІХ ғасырдағы басты географиялықтар жаңалықтар.
П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен Н.М.Пржевальский экспедициялары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеді.
-
Ш.Уәлиханов Орталық Азияны зерттеді.
-
А.Гумбольдт Оңтүстік Америка мен Азияны ашты.
-
Д.Ливингстон мен Р. Стенли Африка табиғатының көптеген құпияларын ашты.
-
Н.Н.Миклухо-Маклай орыс саяхатшысы 1870-1887 жалдары Тынық мұхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларында зерттеулер жүргізді.
-
ХХ ғасырдағы ірі жаңалықтар Антрактида материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты болды. 1957-1958 жылдар аралығында Халықаралық Географиялық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілді.
-
Карта-математикалық заңдарға негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүйесіндегі басқа ғаламшарлардың, аспан денелерінің және т.б. кішірейтіліп, әрі жинақталып, шартты бейнелермен бейнеленген көрінісі.
-
Глобус-Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп бейнеленген нақты үлгісі.
-
Картографиялық проекциялар- глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін қолданылады.
-
Проекциялардың түрлері:
-
Тең бұрышты проекция- қолданылған карталарда бұрыштар мен шағын географиялық объектілердің пішіндері нақты сақталады, бірақ олардың ұзындығы мен ауданы өте күшті бұрмалануға ұшырайды.
-
Тең ауданды прекция- қолданылған карталарда аудан дәл берілгенімен, геграфиялық объектілердің бұрыштары мен пішіндері күшті бұрмалануға ұшырайды.
-
Еркін алынған проекциялар – негізінде жасалған карталарда бұрмаланудың барлық түрі кездескенімен,олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.
-
-
Проекциялар жазықтық бетіне көшірілу пішініне қарай:
-
Цилиндрлік проекция- Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Мұнда бұрмаланулар экватор маңында мүлдем байқалмайды да, ол полюстерге қарай артады.
-
Конустық проекция- солтүстік полюске жақын орналасқан Еуразия мен Солтүстік Америка материктерін карта бетіне бейнелеу барысында кеңінен пайдаланылады.
-
Көп конусты проекция- дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылады. Онда материктердің пішіні жалпы сақталғанымен, орталық бөліктерінің ауданы бұрмалануға ұшырайды.
-
Азимуттық проекция – белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістігі дәл бейнелеу үшін қолданылады. Әсіресе полюстер маңындағы аймақтарды карта бетінде бейнелеу үшін өте қолайлы.
-
-
Шартты белгілер жүйесі- картаны оқып үйренудің ең басты құралы болып табылады.
-
Масштабтық немесе кескіндік –шартты белгілер объектілердің мөлшерін карта масштабы бойынша дәл көрсетіп, бояулар мен кескіндер арқылы кекінделеді.
-
Масштабсыз – шартты белгілер жүйесі карта масштабына қатысы жоқ әрі түрлі геометриялық пішіндер,сызба-суреттер, әріптер және т.б.таңбалардың жиынтығынан тұрады.
-
Сызықтық белгілермен- карталарда өзендер, жолдар, байланыс жүйелері мен шекаралар бейнеленеді. Ұзындығы масштабқа сәйкес, ал ені масштабсыз еркін беріледі.
-
Түсіндірме белгілер мен жазба белгілер – өзендердің ұзындығын, тау шыңдары биіктігін, мұхиттар мен теңіздердің, көлдердің ең терең бөліктерін және т.б. көрсетеді.
-
-
Карталар белгілеріне қарай:
-
Қамтитын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, дүние жүзі мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);
-
Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық).
-
Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар).
-
Қолдану сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары,мәдени-ағарту,техникалық және туристік карталар).
-
-
Карталар мазмұнына қарай:
-
Жалпы географиялық карталарда жергілікті жердің басты объектілерді түгел және дәл бейнеленеді, бұған физикалық карталар мысал бола алады.
-
Тақырыптық карталарда табиғаттың жекелеген компоненттері, халықтардың орналасуы мен шаруашылық түрлері және т.б. беріледі.
-
-
Кешенді карталар- тақырыптық карталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсететін карта.
-
Жер шары жасы шамамен 3,5-5 миллиард жыл деп есептелінеді.
-
Литосфера және жер бедері
-
Литосфера- жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтитын жердің қатты қабығы.
-
Жер қыртысы құрамдас бөліктеріне қарай:
-
Материктік- жер қыртысының түзілуіне, құрлықтың қалыптасуына негіз болған қыртыс.
-
Мұхиттық алдымен қалыптасқан жер қыртысы.
-
-
Жер қыртысының қалыптасуына кеткен уақыт 2,5-3,5 млрд. жыл шамасында.
-
Геохронологиялық кесте- геологиялық жыл санау. Грек тілінен аударғанда гео-жер, хронология-жыл санау мағынаны білдіреді.
-
Эра- жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы.
-
Дәуір- әр эраның неғұрлым қысқа аралықтары.
-
А.Вегенер литосфералық тақталар теориясы тұрғысында түсіндіріледі. (ХХ ғасырдағы неміс ғалымы).
-
Гехронологиялық кесте.
эралар |
дәуірлер |
қатпарлықтар |
Тіршіліктің дамуы |
Кайназой KZ |
4- тік немесе антропогендік 1,8 млн. жыл неогендік 21 млн жыл, палеогендік 42 млн жыл. |
Альпі қатпарлығы |
Сүт қоректілер мен құстардың дамуы. Адамның пайда болуы. Жабық тұқымдас өсімдіктердің қаулап өсуі. |
Мезозой MZ |
Бор, 75млн жыл, Юра, 60 млн жыл, Триас, 35 млн жыл. |
Мезозой |
Құстардың пайда болуы, Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымдас өсімдіктердің қаулап өсуі. |
Палеозой Pz |
Пермь 55 млн жыл, Тас көмір 60 млн жыл, Девон 60 млн жыл, Силур 25 млн жыл, Ордавик 45 млн жыл, Кембрий 100 млн жыл. |
Герцин |
Теңіз маржандары, трилобиттер ірі қос мекенділердің кең таралуы, өсімдіктердің құрлыққа шығуы. Папортниктер мен плаундардың қаулап өсуі. |
Каледон |
|||
Протерезой 2млрд. жыл |
|
|
Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы теңіз ағзаларының пайда болуы. |
Архей 2 млрд. жылдан аса |
|
Байкал қатпарлығы |
Бактериялардың пайда болуы. |
-
Литосфералық тақталар жалдамдығы -10-5 см жылжиды.
-
Рифт- жер қыртысындағы неғұрлым терең жарықтардың жиынтығы, бұл құрылымдар көбінесе мұхиттық тақталардың шеткі бөліктеріне сәйкес келеді.
-
Ажырау шекарасы- тақталардың ығысуына себепші болған рифттер, мұхиттық жер қыртысының қалыптасу ауданы болып табылады.
-
Соқтығу шекарасы – материктік және мұхиттық литосфералық тақталардың шектеу аудандары.
-
Платформа- әрбір материктің негізін жер қырытысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.
-
Жасына байланысты платформа:
-
Ежелгі платформа – негіздері архей – протерозой эраларында қалыптасқан құрылымдар. Оларға Шығыс Еуропа, Сібір,Солтүстік Америка, Аустралия т.б. жатады.
-
Жас платформа- палезой эрасында көтерілген жер қыртысының неғұрлым тұрақты бөлңктері. Оларға Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран және т.б. құрылымдары жатады.
-
-
Қалқан- ежелгі платформалардың негізін құрайтын қатты кристалды жыныстардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі.
-
Тақта – ежелгі және жас платформалардың әр түрлі жастағы және қалыңдықтағы шөгінді жыныстар қабаты жауып жатқан бөлігі.
-
Геосинклиналдар- жер қыртысының қозғалмалы белдеулері.
-
Геосинклиналдық белдеулерге: Альпі-Гималай,Батыс және Шығыс Тынық мұхит белдеулері.
-
Сөнбеген жанартау: жер шарында 800-астам.
-
Жер бедері-пішіні мен көлемі, жаратылысы мен жасы, биіктігі жөнінен айырмашылық жасайтын жер бетінің сипатын атайды.
-
Ішкі күштер әсрінен болатын қозғалыс:
-
Тік қозғалу жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкіну.
-
Ғасырлық тербелмелі қозғалыстар литосфералық тақталардың қозғаласы.
-
-
Материктік беткейлер материктік және мұхиттық тақталар шектесетін өтпелі аймақтарда терең шұңғымалар, тік шатқалдармен тілімделумен түзіледі.
-
Су асты жоталары жүйесінің болуы мұхит табанының ең басты ерекшелігі.
-
Атмосфера және климат
-
Ауа мұхиты- атмосфераны бейнелі түрде атауы.
-
Ауа райы «жасалынатын» орын тропосфера қабаты.
-
Климат- белгілі бір жерге тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын құбылысы.
-
Изосызықтар- климаттық элементтердің таралуының картада бейнеленуі.
-
Изотерма- температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар (грекше изос-бірдей, термос-жылу).
-
Изобара-қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық (грекше «барос»-қысым,салмақ).
-
Изогиета- жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтар («гиетос»-жаңбыр).
-
Ауаның тұрақты өрлеген қозғалысы –экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтерілген құбылысын атайды. Осының нәтижесінде төмен қысым белдеуі қалыптасады.
-
Төмендеген ауа қозғалысы- полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталуынан пайда болады. Осының нәтижесінде жоғары қысым белдеуі қалыптасады.
-
Ауа массалары- белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы,мөлділігі) ие болған үлкен көлемді ауа.
-
Экваторлық ауа массаларынан басқа ауа массалары мұхиттық және континенттік болып бөлінеді.
-
Мұхиттық ауа массалары жазда салқын,қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады.
-
Континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды,жазда ыстық болуымен ерекшклінеді.
-
-
Жел-ауа массаларының горизанталь бағытта орын ауыстыруы.
-
Пассаттар- экватор маңында төмен қысым белдуі, ал отызыншы ендіктерде жоғарғы қысым белдеулері орналасқандықтан, Жер бетінде желдер экваторға тұрақ соғатын желдерді атайды.
-
Б.П.Алисов климат зерттеуші ғалым. Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратты.
-
Климаттық белдеулер: негізгі және өтпелі болып бөлінеді.
-
Климат қалыптастыпушы факторлар географиялық ендік немесе Күннің көкжиектен биіктігі, ауа массалары, жер бедері, мұхиттар мен ондағы ағыстар, жердің төсеніш бетінің сипаты және т.б. жатады.
-
Мұхит суының қасиеттері –температурасы мен тұздылығы.
-
Мұхит суының орташа тұздылығы-35%0.
-
Судың тұздылығы- 1 литр мұхит суындағы грамм есебімен алынатын еріген тұздардың мөлшері.
-
Мұздар- біржылдық және көпжылдық, қозғалмайтын және қалқыма болыа бөлінеді.
-
Мұзтаулар- жаппай мұз басқан құрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мұздар.
-
Муссондар- құрлық пен мұхит арасындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пайда болған желдер.
-
Су массалары- мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды атайды.
-
Су массалары тереңдігіне қарай: беткі, тереңдік, түпкі қабат болып жіктеледі.
-
Гольфстрим- жердің ауытқушы күшінің әсерінен қалыптасқан дүние жүзіндегі ең жылы ағыс.
-
Батыс желдер ағысы немесе Антрактикалық ағыс дүние жүзі мұхиттағы ең қуатты суық ағыс. Ені 1000-1800 км, 1,5 км тереңдікке дейінгі су массаларын сағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалықа келтіреді.
-
Планктон (грек тілінен аударғанда «кезеген») ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырдан, әр түрлі қарапайымдылардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшықтардан тұрады.
-
Нектон (грек тілінен аударғанда «қалқыма»)- мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалары, ірі малюскалар (сегізаяқ, кальмарлар) құрайды.
-
Бентос (грек тілінен аударғанда «тереңдік») – мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін айтады. Жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі.
Географиялық қабық заңдылықтары.
-
Табиғат кешені- өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін Жер бетінің бір бөлігі.
-
Географиялық қабық- литофераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.
-
Географиялық қабықтың заңдылықтарына: тұтастығы, зат және энергия айналымы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады.
-
Географиялық қабықтың тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді.
-
Айналымның түрлері: атмосферадағы ауа айналымы, су айналымы, жер қыртысындағы зат және энергия және т.б.
-
Су айналымы судың үнемі қозғалыста болатындығы мен еріткіштігіне, температура өзгерістеріне байланыста қатты, сұйық, газ күйіне ауысу қабілетіне, судың әр түрлі табиғи процестердің тездетуіне байланысты.
-
А) су айналымының нәтижесінде: мұхит сулары 3 мың жыл ішінде жаңарып, ал атмосферадағы су буы 10 күнде толық ауысады.
-
Биологиялық айналымы жасыл өсімдіктердің оргаикалық зат пен оттегін түзеді. Жарық көмегімен көмірқышқыл газы мен судан түзілген органикалық заттар жануарлардың қорегі болып табылады.
-
Зат айналымының негізгі қозғаушы күштері-Күн энергиясы мен Жердің ішкі энергиясы. Зат айналымының қарқынды жүретін су,ауа және тіршілік дүниесінің әрекеті тездейді.
-
Тәуліктік ырғақтылық – жердің өз білігінен айналуы.
-
Жыл ішіндегі ырғақтылық – жердің күнді айналуы.
-
Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешені – материктер мен мұхиттар.
-
Географиялық қабықтағы аумақтық табиғат кешені – құрлықтағы табиғат кешендері бірнеше табиғат компонентерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады.
-
Антропогендік табиғат кешені – қазіргі кезде адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске ұшыраған табиғат кешендері.
-
Зоналық- құрлықтағы климаттық жағдайда, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді.
-
Табиғат зоналары- өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады.
-
Ендік зоналылық – климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне баланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастыратын заңдылық.
-
Биіктік белдеулері- тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатын зона.
-
Пангеия- ең ежелгі материк.
-
Лавразия- 180-200 миллион жыл бұрынғы материк (Евразия, Солтүстік Америка).
-
Гондвана- 180-200 миллион жыл бұрынғы материк (Оңтүстік Америка, Аустралия, Африка,Антрактида).
-
Фьордты- мұз басу әсерінен күшті тілімделген жағалау.
Еуразия
117.Халқының саны- 4 млрд-тан астам.
118.Ауданы- 53,3млн км2, құрлықтың 3/4 бөлігін алып жатыр.
119. Табиғат ерекшкліктері:
119.1 Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы-Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848м;
119.2 Дүние жүзіндегі ең терең орналасқан жері- Арабия түбегінің солтүстік батысындағы Өлі теңіз. Оның деңгейі-403м;
119.3Жер шарының ең үлкен түбек-Арабия, оның ауданы 3млн км2 артық;
119.4Солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі-Солтүстік Сібірдегі -710С температура тіркелген Оймякон елді мекені;
119.5Ыстық әрі алқапты Үндістандағы Тар шөлі +530С температура байқалған.
119.6Жер шарындағы ең көп жауын-шашын түсетін ауданы- Гималайдың оңтүстік шығыс беткейіндегі Черпунджи елді мекені;мұнда жылына 12 000 мм-ден артық жауын-шашын түседі.
119.7Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын 15мм-дан да аз;
119.8Жер шарындағы ең үлкен көл-Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 км2;
119.9Жер шарындағы ең терең көл-Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан,оның тереңдігі 1620м;
119.10Климаттық белдеу Солтүстік жарты шарға тән барлық климат белдеулері мен табиғат зоналары кездеседі;
119.11Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.
120.Челюскин мүйісі (77043/ с.е) Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі.
121.Пиай мүйісі (1016/о.е) оңтүстіктегі шеткі нүктесі.
122.Рока мүйісі (9034/б.б) батыстағы шеткі нүктесі.
123.Дежнев мүйісі (169040/ш.б) шығыстағы шеткі нүктес.
124.Н.М.Пржевальский басшылық еткен экспедицияның ашқан жаңалығы орыс география ғылымының даңқын дүние жүзіне паш етті. Ғалым Орталық Азияда 15жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын ашты және құммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады.
125.П.П.Семенов Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған бұл ғалым тау жүйесінің шекарасын анықтап, ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңірі шыңын ашқан. Биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық көл екенін дәлелдеді.
126.Ш.Уәлиханов 1856-1859 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпында қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Ыстықкөл жағасында, Қашқарияның 6 шаһарына саудагер ретінде жасырын барған шаһардан көптеген көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап қайтқан.
127.Климаттық белдеулер.
127.1. Арктикалық климаттық белдеу. Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суымен шайылып жатқан шығыс жағы кіреді. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен, қыста -400С;-500С-қа дейінгі аяздар байқалады.
127.2.Субарктикалық климаттық белдеу Арктикалыққа салыстырмалы түрде жұмсақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.
127.3.Қоңыржай климаттық белдеу-теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.
127.а). Қоңыржай континенттік жаз жылы, қыс суық. Қыста ашық,аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады.
ә). Шұғыл континенттік жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады.
б). Муссондық Еуразияның Тынық мұхит жағалауын түгел қамтиды.
128.Субтропиктік климаттық белдеу субтропиктік жерортатеңіздік, биік таулық субтропиктік климат, субтропиктік муссондық климатқа бөлінеді.
129.Тропиктік климаттық белдеу континентік сипатқа ие болады. Жауын-шашын мөлшері 200 мм-ге дейін, кейбір жерде 50 мм-ден де аз.
130. Судэкваторлық климаттық белдеу Гималай тауы климат айрық жота болғандықтан белдудің солтүстік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Тропиктік муссондық деп аталады.
131.Экваторлық белдеу жыл бойы +240С-тан төмен түспейді.
132.Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларда (Альпі,Кавказ,Тянь-Шань, Памир,Тибет,Гималай) таралған. Памир тауларында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан.
133. Жер асты сулары: ыстық және радонды деп екіге бөлінген.
134.Табиғат зоналары.
134.1. Арктикалық және субарктикалық белдеудің табиғат зоналары.
134. а). Арктикалық шөл-жазы өте суық және қысқа. Қыста t=-400C-тан төмен болады. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балдырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю, ақ түлкі кездеседі.
134. ә). Тундра мен орманды тундра.
Тундра – толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктерден тұратын, климаты қатал белдеу.
Ең көп тараған өсімдік – бұғы мүгі. Бұлан, қоңыр аю, қоян, саңырау құр кездеседі.
134.2.Қоңыржай белдеудің табиғат зоналары.
А) Тайга – тек қана қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона.
Топырағы күлгін, батпақты болып келеді. Қарағай мен шырша өседі. Зубр, бұлан, марал, елік, жырқыштардан қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Уссурий жолбарысы қорғауға алынған.
Ә) Аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасы. Аралас ормандар аралығында орналасқан, құрамында қылқанды, жалпақ және ұсақ жапырақты ағаштар аралас өседі, шөптасін өсімдіктерге байланысты топырақ шымды-күлгін болып келеді. Емен, жөке, амур барқыт ағашы,жабайы жүзім мен майлар, самырсын, май қарағай өседі.
Б) Орманды дала және дала жалпақ жапырақты ағаштар қайың, көктерек, селеу, боз, бидайық тән. Қасқыр, қарсақ, түлкі және кемірушілерден саршұнақ, дала күзені, дала тышқандары тіршілік етеді.
В) Шөлейтті өңірлерде қыста ауа райы құбылмалы: қарлы борандар жиі соғып, ауа температурасы -400С-қа дейін төмендейді. Күрең топырақ, тұзы бетіне шығатын сортаңдар да кездеседі. Жусандармен қатар, селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.
Г) Шөлдерде сұр-қоңыр топырақ тән. Сексеуіл, жабайы түйе, құлан, ақбөкен, қарақұйрық, кесіртке, жыландар тіршілік етеді.
134.3.Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары.
А) Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы. Жазы ыстық, құрғақ, ал қысы жылы жаңбырлы болады. Құнарлы қоңыр топырағы таралған. Тас емен, тығын емені, пиния қарағайы, лавр ағашы мен лавр шиесі, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарма ағаштары өседі. Сары түсті топырағы – Қара теңізде.
Ә) Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зоналарда
Қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Сұр топырақ.
Б) Субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы.
Магномия, камелия, камфора, лавр, бамбук, жалпақ жапырақтылардан емен, шамшат, шегіршін, қарағай мен кипарис аралас өседі. Жолбарыс, қабылан,панда, маймылдардан макакка мен гееббон, тоты құс, үйрек тіршілік етеді.
134.4. Тропиктік шөлдер. Арабияда желаяқ бөгендер, жабайы есек-оногр, бір өркешті жабайы түйе- нар (дромедар), тарғыл қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі.
134.5Субэкваторлық белдеудегі зоналар Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады.
А) саванналар астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сондал ағашы,тик және майлы ағаштар өседі.
Ә) ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар қызыл және қоңыр-қызыл жамылғысы тараған. Жабайы піл, маймылдар тіршілік етеді.
134.6.Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Жауын-шашынның жыл бойы мол түсуі, температураның тұрақты жоғары болуы тұрақты тіршілік дүмпуінің қарқынды дамуына жағдай жасайды.
135.Ксерофиттер – құмды шөлдерде сабағы қатты, жапырағы ұсақ немесе тікенекке айналған, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
136.Сексеуіл – аса ұзын тамырлары арқылы тереңдегі ылғалды сіңіреді, әрі құмдарды бекітеді.
137.Эфемелер – көктемде ерте гүлдеп, тұқымын шашып үлгеретін өсімдіктер.
138.Тақырлар – сазды шөлдер.
139.Хамадалар – тасты шөлдер.
140.Шұраттар (оазистер) – жер асты суына жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарлы.
141.Терая («тера» грекше «құбыжық» дегенді білдіреді) жауын-шашын өте мол түсетін Гималайдың Оңтүстік беткейлеріндегі ең төменгі белдеу.
142.Еурапалықтар
142.1.Славяндар:орыстар, украиндар, беларустар, чехтар, словактар, поляктар, сербтар, хорваттар және т.б.
142.2.Герман: ағылшындар, немістер, норвегтер және т.б.
142.3.Роман: италян, француздар, испандар, португалдар, румындар мен молдавандар.
143.Азиялық тілдік ерекшеліктеріне қарай
143.1.Қытай-тибет: қытай,дүнгендер, тибеттіктер, вьетнамдар, және т.б.
143.2.Иран: парсы, ауғандар, тәжіктер, күрдтер;
143.3.Түркі: түріктер, қазақтар,өзбектер, қырғыздар, татарлар.
143.4.Монғол: монғол, бурят және т.б.
143.5.Семит: арабтар.
144.Мемлекеттік құрылым республикалық және монархиялық болып бөлінеді.
145.Республикалық басқару – заң шығарушы ұйым – парламент, ал басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде президент басқарады.
146.Республикалар бағытына қарай: социолистік, копиталистік және дамушы елдер болып табылады.
147.Монархиялық басқару – бір адамның иелігінде болып, билік атадан балаға мұра етіп қалдырылады.
148.Монархиялық елдер:абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.
149.Конституциялық монархиялық басқару іс жүзінде парламент пен үкіметке шоғырланған.
150.Абсалюттік монархиялық басқару барлық билік жеке адамның қолында шоғырланған.
151.Еропа елдері географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне қарай: Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.
152.Солтүстік Еуропа елдері: Норвегия,Швеция,Финляндия,Исландия,Дания.
153.Лапландия – таулар мен жазықтардың беті мұз басу әрекетінен өте қатты тілімделген, қысқа өзендер мен көлдер өте көп. Скандинавия тауларын «Аяз Атаның мекені» деп те атайды.
154. «Вольво», «Скания» машина жасау, «Эрикесон» байланыс құралдарын жасайтын концерндері Швецияда; «Нокия» кәсіпорны Финляндияда.
155.Батыс Еуропа елдері:Ұлыбритания,Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия.
156.Марш – жергілікті халық ежелден бері құнарлы жерлерді теңіз суы басып кетпеуі үшін тастан, құмнан және бетоннан бөгеттер жасалынған жерлерді атайды.
157.Польдер – Нидерланды жерінде шалғындар мен бау-бақшалы аймақты атайды.
158.Ұшақтар, автомобильдер – «Мерседесс», «Рено», «Ауди», «Пежо».
159.Шығыс Еуропа елдеріне Польша,Чехия,Словакия,Венгрия,Румыния және Балқан түбегінің солтүстігі елдер – Болгария, Югаславия,Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина, Македония, Албания орналасқан Латвия,Литва,Эстония және Беларусь,Украина, Молдава, Ресей Федерациясының еуропалық бөлігі.
160.Пушта – құнарлы қара топырақты өңір (Венгрия жазықтары).
161. «Полонина» Карпат тауларындағы биік тау шалғындары.
Азия.
162.Ауданы – 44 млн км2.
163.Халқының саны – 3,5млрд-тан асады.
164.Азия аймақтары:Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия,Орталық және Шығыс Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия.
165.Оңтүстік-Батыс Азия:Түркия,Кипр,Иран,Ирак,Ауғанстан,Сирия,Израиль,Ливан,Палестина,Иордания,Суад Арабия,БАӘ,Йемен,Оман, Кувейт, Бахрейн , Катар кіретін бұл аймақты «Таяу Шығыс елдері» деп те атайды. Кавказ елдері де кіреді.
166.Оңтүстік Азия елдері:Пакистан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка,Мальдив Республикасы кіреді.
167.Ең кішкентай елдер:Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы.
168.Оңтүстік Азияның пайдалы қазбалары: Ғе, Сu, марганец, хромит, алтын, алмас, графит, мұнай мен табиғи газ.
169.Оңтүстік-Шығыс Азия елдері:Индонезия,Лаос,Мьянма, Тайланд,Вьетнам,Камбоджа, Филиппин,Малазия,Бруней және Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала-мемлекет Сингапур да кіреді.
170.Оңтүстік-Шығыс Азия пайдалы қазбалары: қалайы мен вольфрам белдеуі бар; Сu,мырыш, күміс,алтын,Ғе,мұнай және табиғи газ.
171.Оңтүстік-Шығыс Азияда көп өсірілетін дақыл күріш, маниок,батат, жүгері, банан, ананас, папайя, саго, кокос пальмалары, гевея, темекі,шай,кофе,қант қамысы, хош иісті тағамдық шөптер.
172.Орталық және Шығыс Азия елдері Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Қазақстан мен Орта Азия елдері, Жапония, Корей Республикасы, Корей Халық-Демокртиялық Республикасы енеді.
173.Айырмашылықтарына қарай: Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия.
Солтүстік Америка
174.Жерінің ауданы 24,2 млн км2.
175.Табиғатының басты ерекшеліктері:
175.1.Дүние жүзіндегі аса ұзын, тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық, ең енді бөлігі 1600 км-ге тең;
175.2.Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия аралы. Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн. 176 мың км2.
175.3.Дүние жүзіндегі ең үлкен, әрі терең Колорада каньонының тереңдігі 1600 м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.
175.4. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км;
175.5. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның мұздығы 145 км;
175.6. Дүние жүзіндегі мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.
175.7. Дүние жүзіндегі ірі мұздық- тектоникалық көлдер белдеуі Кордильераның солтүстік-шығысынан Аппалач тауларына дейін созылып жатыр.
175.8. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – биіктігі 100 м-ден асатын мәңгі жасыл секвойя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.
175.9.Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Кордильер тауындағы Мак-Кинли шыңы, оның биіктігі 6193 м;
175.10.Материктің теңіз деңгейінен орналасқан нүктесі Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 м төмен жатыр;
175.11.Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, -700С тіркелген.
175.12.Материктің ең ыстық жері – Өлім аңғары (+570С),бұл солтүстік жарты шарда байқалатын ең жоғарғы температура;
175.13.Жауын-шашын ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.
175.14.Жауын-шашын аз түседі – Калифорния штатының солтүстігі, Үлкен Алап жылдық жауын-шашын 100 мм.
176. Материктің ашылу және зерттелу тарихы.
Джон Кабот – ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі италяндық, Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашқан.
177.Эрнан Корти – 1519 жылы испандарды бастаған жорығынан кейін, қазіргі Мексика жерін басып алды.
178.Генри Гудзон(ХVІІ-ғасыр) Александр Макензи (ХVІІ-ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларының көптеген жаңа жерлерін ашты.
179.Витус Берленг пен Алексей Череков 1741 жылы екі желкенді кемемен Амут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауларын зерттеді.
180.Руаль Амундсен ХХ- ғасырдың басында норвег зерттеушісі алғаш рет материктің солтүстік жағалауларымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюстің орнын анықтады.
181.Морена – мұздықтар өңдеп, тасымалданған жыныстар.
182.Сьерралар – үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары «сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді.
183.Торнада – күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнада көп апат әкеледі.
184.Долы (Ураган) – Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар. «Ураган» майя тілінен аударғанда «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.
185.Миссисипи (Үндіс тілінде «су атасы» дегенді білдіреді) Атлант мұхит алабының өзені. Муссури саласын қоса есептегенде ұзындығы 6420 км.
186.Мұздық-тектоникалық көлдер – көл қазаншұңқырлары жердің ірі жарықтарында орналасып, кейінен мұздықтардың қозу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімделген.
187.Ұлы көлдер жүйесі материктің солтүстік-шығысындағы әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер.
188.Қойөгіз арктикалық шөл зонасында мұз дәуірлерінен бері сақталып қалған жануар. Дүние жүзіндегі Қызыл Кітапқа енгізілген.
189.Корибу тундра зонасында тіршілік ететін солтүстік бұғыларының айырықша түрі.
190. Тайга зонасында қылқан жапырақты ағаштардан қара және ақ шырша, көгілдір шырша, бальзамды май қарағай, америка бал қарағайы кездеседі. Жануарлардан қара аю – бари бал, гризли аюы, канада сілеусіні, америка қара күзені, булан, вопиты бұғысы мекендейді, қорықтарда орман бизоны сақталған.
191.Прерий – Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген сөз.
192.Суккулент - ылғалды бойына жинайтын өсімдіктерді айтады. (Ағаш тәрізді кактус, алоэ, сүттіген, опунция, юкка). Суккулент латыншадан аударғанда «шырынды» дегенді мағынаны білдіреді.
193.Батпақ кипарисі – ауыспалы ылғалды ормандар зонасында субтропиктік белдеуде өзен бойларындағы батпақтар осы жерге ғана тән.
194.Үндіс тайпалары аллонкин, ирокез, атабаска, деловэр және т.б.(солтүстіктегі), ацтек, майя тайпалары (оңтүстіктегі) мекендеген.
195.Америка Құрама Штаты (жерінің ауданы 9 млн 363мың2). Әкімшілік құрылымы 50 штаттан, Вашенгтон қаласы мен Колумбия округінен тұратын ел.
196.Эскимостар – ғасырлар бойы қатал климат жағдайларында өмір сүруге бейімделген байырғы халқы.(Солтүстік Американың солтүстігінде).
197.Канада жерінің ауданы 9 млн 970 мың км2, астанасы Оттава қаласы.
198.Орталық Америка елдері Мексика, Гватемала, Белиз, Гандурас, Никарагуа, Сальвадор, Коста-Рика, Панама елдері, ал Кариб теңізіндегі Үлкен және Кіші Антиль аралдарын Куба, Галти, Доминика,Ямайка және т.б.
199. Оңтүстік жарты шар материктері – Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антрактида ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған.
Оңтүстік Америка
200.Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдармен қосып есептегенде 18,3 млн км2.
201.Шеткі нүктелері:1)солтүстіктегі нүктесі Гальинас 12 с.е 72 б.б
2) оңтүстік нүктесі Фроуэрд 540 о.е. 710 б.б.
3)батыс нүктесі Париньяс 50 о.е. 820 б.б.
4)шығыс нүктесі Кабу-Бранюу 70о.е. 340 б.б.
202.Табиғат ерекшеліктері:
202.1. Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен – Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3,су жинау алабының ауданы 7 млн км2 асады;
202.2.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;
202.3. Дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;
202.4. Дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау – биіктігі 6880 м болатын Охос-дель-Саладо жанартауы орналасқан;
202.5.Ең ылғалды және ең жасыл материк; жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;
202.6.Аса ірі тау жүйесі – Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау. Ұзындығы 9000 км-ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильера тауының жалғасы;
202.7. Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы – Ла-Плата орналасқан ұзындығы 320 км, ені 220 км.
202.8.Ең биік нүктесі – Аконкагуаның биіктігі 6960 м, ал Валдес түбегінде материктің ең төменгі нүктесі (-40м) орналасқан.
203. Латын Америкасы – тілдік ерекшеліктеріне қарай материкті (Оңтүстік Америка) Орталық Америкамен қосып осылай атайды.
204.Ашылу және зерттелу тарихы
204.1.Христофор Колумб (1451-1506) Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін ашса, Ориноко өзенінің сағасына (1498 жылы тамыз) келіп жетіп,жаңалық ашты.
204.2.Америго Веспуччи (1454-1512) І-ші саяхатында Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амозонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан.
204.3.Фернан Магелан Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп,Оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айнлып өткен.
204.4.Фрэнсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан жаңа бұғазды ашты.
204.5.Александр Гумбольдт (неміс географы) Бонтанмен француз ботанигімен бірге Оңтүстік Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалауындағы мұхит ағыстарын сипаттап, олардың материк табиғатына тигізетін әсерін түсіндірген.
204.6.А.И.Воейков 1874 жылы Оңтүстік Америка климатын өзіндік ерекшеліктерін зерттеді.
204.7.Н.И.Вавилов материктегі ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған. Ғалым кейбір мәдени өсімдіктердің: картоп, жүгері, қызанақтың Отаны Оңтүстік Америка екендігін дәлелдеді.
205.Пуна – Анд тауларының орталық бөлігі немесе тау аралық үстірттер, оларды жергілікті халық осылай атайды.
206.Саларес – тұзды батпақтар.
207.Ауыспалы ылғалды климат – белдеудің қысы құрғақ, жазы жаңбырлы климат.
208.Амозонка өзені ең мол сулы өзен; төменгі ағысында өзен арнасында 1 секундта 220 000 м3су ағып өтеді.
209. «Ақ өзен» Амозонка өзенінің суының түсіне қарай аталуы, суымда сазды жыныстар көп болуымен байланысты.
210. «Қара өзен» суында шіріген өсімдіктердің қалдықтары көп болуымен байланысты.
211.Амазуну жергілікті үндістер жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын кері ағысты атайды. Атлант мұхитындағы толысудың салдарынан болады.
212.Виктория-регия өзеннің суы тынық бөліктерінде кездеседі; өте ірі ақ гүлі бар,жапырағының диаметрі 2 м-ге жетеді.
213.Арапаима Амозонкада тұщы судағы ең ірі балық – ұзындығы 4 м; салмағы 200 кг болады.
214.Лагуналық көлдер – материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған көлдер.
215.Қызыл-сары ферралитті топырақ ауыспалы ылғалды ормандарда кездеседі.
216.Ғаламшардың «өкпесі» - Амозония ормандары.
217. «Сельвас» - жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын қалың орманды осылай атайды.
218.Колибри – әлемдегі ең кішкентай құс.
219.Анаконда – ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан.
220.Льянос – Ориноко саваннасы (солтүстік жарты шар) пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.
221.Компос – Бразилия саваннасы (оңтүстік жарты шар) ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус,милеоза сүттіген бұталары өседі.
222.Кебрачо (балта сынар) – бұтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.
223.Пампа – жергілікті халық құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған зонаны осылай атайды. «жазық дала» деген ұғымды білдіреді.
224.Гаруа – Атакама жағалық шөлінде ауа температурасы тәулік ішінде 250-300С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын «соқыр» тұмандардың қалыптасуы.
225.Гуано – қалыңдығы 30 м-лік құс саңғырықтары.
226.Лама – Анд тауларындағы эндемик жануары. Жабайы түрлері: викунья және гуанако; альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
227.Кандор – аса ірі жыртқыш құс. Анд тауының символы. Салмағы 9-12 кг, қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді;
228.Шиншилла – терісі өте бағалы кеміргіш.
229.Метистер – еуропалықтардың жергілікті үндістердің некелесуінен тараған ұрпақтар.
230.Мулаттар – еуропалықтардың негрлермен байланысынан туған ұрпақтар.
231.Самбо – үндістердің негрлермен некелесуінен тараған ұрпақтар.
232.Креолдар – ХІХ ғасырда Испания мен Португалиядан келіп, материктің оңтүстік шығысына қоныс аударғандардың ұрпақтары.
233. Анд елдері
233.1.Колумбияда алтын және асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар.
233.2.Эквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан.
233.3.Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы» деп атайды.
233.4.Боливия астанасы Ла-Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630 м) қала болып саналады.
233.5.Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел болып табылады.
234.Шығыстағы жазық елдеріне: Венесуэла,Гайана,Суринам,Бразилия,Парагвай,Уругвай,Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады.
Африка.
235.Африги – ертеректе материктің солтүстігінде өмір сүрген бербер тайпаларының бірі.
236.Ауданы аралдарымен қоса есептегенде 30,3 млн км2.
237.Табиғытының мынадай ерекшеліктері бар:
237.1.Африка – экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтеді.
237.2.Жер шарындағы ең ұзын Ніл өзені ағып өтеді, өзеннің Кагера саласымен қосып есептегенде 6671 км;
237.3.Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7 млн км2-ден артық;
237.4.Жер шарындағы ең жоғарғы температура Сахарның солтүстігіндегі Әл-Азизия қаласында 1933 жылы +58С тіркелген.
237.5.Құтлықтағы ең ірі жануар – Африка пілі, салмағы 7,5 тонна.
237.6.Материктің ең биік нүктесі – Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м, ең төменгі нүктесі Ассаль көлінің деңгейі-153м;
237.7.Материк жағалауындағы ең ірі арал – Мадагаскар, ауданы 590 мың км2;
237.8.Африкадағы ең ірі көл – Викторияның ауданы 68 мың км2,ал терең көл – Танганьиканың тереңдігі 1470 м, Байқалдан кейін ІІ-ші орын алады;
237.9.Ең ірі сарқырыма – Оңтүстік Африкада орналасқан, Тугела, оның биіктігі 933 м;
238.Маржандық құрылымдар – жылы таяз теңіз суларында бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жәндіктер тобы.
239.Маржан рифтері – маржандық құрылымдардың жиынтығы.
240.Зерттеу тарихы.
240.1.Әбу Ибн Баттута ХІV ғасырдағы мороккалық араб зерттеушісі Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген.
240.2.Вако да Гама 1497-99 жылдары португал экспедициясын басқарып, Африканы айналып өтіп,Сомали түбегі арқылы Үндістанға бет алған.
240.3.Давид Ливингстон 1849 жылы Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай Замбези өзені арқылыкесіп өткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан.
240.4.Генри Стэнли Африка көлдерін зерттеген, Конго өзенінің бастауынан сағасына дейін жүзіп өтіп, оның бойындағы сарқырамаларжүйесін ашқан.
240.5.В.В.Юнкер ХІХ ғасырдың аяғындағы орыс ғалымы. Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинақталды;
240.6.Н.И.Вавилов орыс ғалымы 6000-нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтап, Эфма екендігін анықтады.
241. «Биосфераның Алтын Қорына» ЮНЕСКО-ның шешімімен ғаламшардағы табиғатты ерекше аймақтары Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халықаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түрде зерттеуде.
242.Ылғалды экваторлық климат – ауа температурасы (+24С) жыл бойы тұрақты болатын, жауын-шашын жыл бойы біркелкі, әрі 3000 мм-ден жоғары түсетін климат.
243.Ауыспалы ылғалды климат – жыл бойы жоғары болатын ауа температурасы әрбір жарты шарда жыл мезгілдеріне байланысты аздап өзгертетін климат.
244.Сағымдар – қызған ауаның қозғалыстары нәтижесінде көкжиекте пайда болатын, шөлдегі жолаушылардың көзін алдайды.
245.Тропиктік континенттік шөл климаты – жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден төмен құрғақ климат.
246.Самум – жазда жиі-жиі соғатын құмды дауылдар.
247.Уәдтер – шөлді аймақтағы өзендердің кеуіп қалған арналары.
248.Цеце – адамдар мен жануарларға ұйқы ауруын жұқтыратын шыбын.
249.Саяхатшылар ағашы – Мадагаскар аралындағы саванналарда пальманың желпуіш тәріздес ерекше түрі.
250.Лемур – Мадагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше түрі. 26 түрі мекендейді. Мадагаскар аралының символы болып табылады.
251.Секретарь – жыландар мен кемірушілерді аулайтын ірі жыртқыш құс.
252.Шырын сорғыштар – өте әдемі кішкентай құс.
253.Хамада – тасты шөл.
254.Вельвичия – шөлге тән өсімдік (Намиб). Қысқа, жуан діңінің биіктігі 50 см ғана, одан ұзындығы 2-3 м, кейде 8м-ге дейін жететін, қатты қабықты екі жапырақ қана тарайды. 2000 жылға дейін тіршілік етеді.
255.Тутси мен химилер – Солтүстік Африка саванналарында материктің ең бойшаң адамдары. Олар ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді.
256.Пигмейлер – экваторлық ормандарда бойлары өте аласа, бойының ұзындығы 150 см-ден аспайтын адамдар. Өңі ақшылдау,кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді.
257.Нелоттар – Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында тұратын адамдар. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң.
258.Булимендер мен готтентоттар – Калахори шөлінде қоныстанған адамдар. Олардың өңі сары, беті жалпақ, монғол тектестерге ұқсастау болып келеді.
259.Эфиоптар – Эфиопия таулы қыратын мекендейтін еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсіл.
260.Малагасийлер – Мадагаскар аралында тұратын негрлер мен монғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан.
261.Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұрады.
261.1.Солтүстігі:араб және бербер халықтары. Жерорта теңіз жағалауында тұратын француздар жатады.
261.2.Оңтүстігі:Африканерлер және ағылшындар тұрады.
262.Банту тілі Орталық, Оңтүстік Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары сөйлейтін тілі.
263.Судан тілі Солтүстіктегі негр тектес халықтар сөйлейді.
264.Монархиялық басқару Марокко, Свазиленд, Мсото елдерінде сақталған.
265.Республикалық басқару Африканың егемнді елдерінде кең тараған.
266.Оңтүстік Африка
Республикасы ең жоғары мемлекет.
267.Мешеу елдеріне: Мали,Нигер,Чад, Эфиопия, Сомали, елдері жатады.
268.Африка елдері тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтүстік Африка, Батыс, Орталық, Шығыс, Оңтүстік Африка.
269.Солтүстік Африка елдеріне: Алжир, Либия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді.
270.Бәдәуилер – Сахара халықтарының ежелгі тұрғындары – көшпенді арабтар.
-
«Шөлдегі кемелер» - бір өркешті түйелер.
-
Бойра – жергілікті халық құрма пальмасының жапырақтарынан үйдің төбесін жабуға арнап тоқылған заты.
-
Батыс Африка елдері: Кабо-Верде, Сенегал,Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер,Мали, Мавритания елдері кіреді.
-
Нигерияның Гвинея шығанағы жағалауынан мұнай мен табиғи газдың дүниежүзілік маңызы бар аса мол қоры табылған.
-
Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өте ірі кен орындары орналасқан.
-
Гана мен Либерияда алтын кездеседі.
-
Нигерде уран кездеседі.
-
Қызыл сафиян – Нигерия шеберлері өңдеген өте жұмсақ, жұқа былғары дүние жүзіне әйгілі.
-
Шығыс Африка елдері: Судан, Эритерия, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малавит кіреді.
-
«арабика» кофесі – Шығыс Африка елдерінде өсірілетін дүние жүзіне танымал кофе.
-
Оңтүстік Африка елдеріне: Намибия, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, ОАР,Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.
Аустралия
-
Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк.
-
Ауданы аралдарымен қоса есептегенде 7,6 млн км2.
-
Табиғатының ерекшеліктері:
284.1.Аустралия – Жер шарындағы аласа материк, орташа биіктігі 215 м;
284.2.Аустралия – сөнбеген жанартау жоқ бірден-бір материк;
284.3.Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк; оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр;
284.4.Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалиптер (биіктігі 100 м-ден асатын) сақталып қалған;
284.5.Жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл риф орналасқан;
284.6.Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр;
284.7.Материктің теңіз деңгеінен ең биік нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстіктегі жотасының биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-12м).
-
Криктер – уақытша кеуіп қалатын өзен аңғарлары.
-
Эндемиктер – материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлар.
-
Эндемик өсімдіктерге: эвкалипт, казуарине.
-
Эндемик жануарларға: кенгуру, үйректұмсық, ехидна жатады.
-
Мәңгі жасыл скрэб – материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден құралған қалың ну бұталар.
-
Налларбор – 1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді осылай атаған. Латын тілінен аударғанда бұл атау «ағашсыз» деген мағынаны береді. Және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді.
-
Суккулентті өсімдіктер – Налларборде «көгілдір бұталар» деп аталатын құрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын өсімдік.
-
«Вили-вили» - Эйр көлінің айналасында жиі соғатын шаңды дауылдар мен құйындар.
-
Аборигендер – материктің байырғы халқы.
-
Бумеранг – ағаштан әдейі иіліп жасалған таяқ түрінде болатын аборигендердің аңшылық қаруы.
Тынық мұхит және Мұхит аралдары.
-
Тынық мұхит – дүние жүзіндегі ең үлкен және ежелгі мұхит.
-
Ауданы – 178,6 млн км2.
-
Ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 км-ге жетеді;
-
Судың көлемі 710 млн км3-ге тең. Дүниежүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды.
-
Дүние жүзіндегі мұхиттың ең терең бөлігі – Мариана шұңғымасы (11 022м) орналасқан. Мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық;
-
Тынық мұхит – ең жылы мұхит, суының орташа температурасы +19,4С тең;
-
Аралдар өте көп, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады;
-
Тур Хейердал – 1947 жылы бальс ағашынан алынған жеңіл «Кон-Тики» салымен Перу жағалауынан бастаған атақты норвег саяхатшысы. Тынық мұхит пен мұхит аралдары табиғатының құпияларын ашуға арнаған өз зерттеулерін әлі күнге дейін жалғастыруда.
-
Жак Ив Кусто – (1943 жылы) француз әскери теңізшісі. Алғашқы аквалангтың жасалынуы мұхит табиғатын зерттеудегі зор жетістік болды.
-
«Колипсо» - Кусто және оның камандасының ғылыми-зерттеу кешені.
-
«Витпязь» - 1957 жылы Ресейдің ғылыми-зерттеу кешені. Мариан шұңғымасын ашты.
-
«Отты шеңбер»-аралдар доғасы мұхит түбінен атқылаған жанартаулардан пайда болған, жанартаулар жүйесі.
-
Мұхит аралдары – мұхиттың орталық және оңтүстік-батысында шоғырланған аралдардың тобы.
-
Аралдардың ауданы – 1,3 млн км2.
-
Аралдардың саны – 7 мыңнан асады.
-
Ірі аралдарына: Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Гавай, Фиджи және т.б.
-
Тарихи- географиялық ерекшеліктеріне байланысты: Меланезия, («қара аралдар»), Микронезия («кіші аралдар»), Полинезия («көп аралдар») және Жаңа Зеландия болып бөлінеді.
-
Маржандық аралдардың екі тобы бар: атоллдар және маржан рифтері.
-
Атоллдар – таяз теңіз бөлігінде доға түрінде орналасқан маржандық құрылымдар.
-
Папуастар – Жаңа Гвинея мен оған таяу жатқан аралдарда экваторлық нәсілге жататын байырғы халықтары. Олардың өңі қара, қалың бұйра шашты, ұзын бойлы, денелері шымыр әрі қуатты болып келеді.
-
Маори – Жаңа Зеландия мен оған жалғас жатқан аралдарда ерекше полинезиялық топқа жататын байырғы халқы. Өңдері ақшыл болып келеді.
Антаркида
-
Антрактида – Жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антрактиданың орталығында орналасқан бірден-бір материк. «Арктикаға қарама қарсы» деген мағынаны білдіреді.
-
Ауданы – 12,4 млн км2.
-
Аралдарымен қоса есептегенде – 14 млн км2.
-
Табиғат ерекшеліктері:
319.1.Мұз жерінің 99%-ын жауып жатыр. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);
319.2.Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа һ-гі 2040 м;
319.3.Мұздың жалпы көлемі 24 млн км3,бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80% -ын құрайды.
319.4.Суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төменгі температура (-89,2) тіркелген.
319.5.Ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м);
319.6.Сөнбеген жанартау ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);
319.7.Таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.
-
Джеймс Кук ағылшын теңізшісі. 1772-1775 жылдар аралығында оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан.
-
Ф.Ф.Беллеенсгаузен мен М.П.Лазарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антрактида материгі жағалауына 5 рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. 1820 жылдың 28 қаңтарында Антрактинаның ашылған күні.
-
Руаль Амундсен 1911 жылы 14 желтоқсанда оңтүстік полюске келіп жетті (норвег ғалымы).
-
Роберт Скотт ағылшын ғалымы 1912 жылдың 18 қаңтарында жеткен.
-
Халықаралық геофизикалық жыл (1957-58) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталады.
-
Ғылым мен бейбітшілік материгі – Антрактида материгі.
-
Мұзды Антрактида – Антрактида материгін қалың мұз жамылғысымен қосып атайды.
-
Тасты Антрактида – мұз астында жатқан материк бөлігін атайды.
-
Материк жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Батыс Антрактида және Шығыс Антрактида болып 2-ге бөлінеді.
-
Ағынды желдер – материктің ені 600-800 км-лік жағалық алабындағы тұрақты желдерді атайды.
-
Табиғат байлығы – табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін атайды.
-
Табиғат байлықтарының минералдық, климаттық,су,жер, биологиялық деп аталатын негізгі 5 түрге ажыратылады.
-
Табиғат байлықтарының түрлері сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар тобына ажыратылады.
-
Табиғи орта адам тіршілік ететін орта.
-
Экология грек тілінен аударғанда «үй,қоныс» деген мағына береді.
-
Э.Геккель неміс ғалаымы 1866 жылы экология ұғымын алғаш рет енгізген.
-
Халықаралық Қызыл кітап 1968 жылдан бастап, Жер шарындағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарларды тіркеп, оларды қорғау шараларын ұйымдастыруда.
-
Жер шарындағы халық саны 17 мың жыл бұрын 3млн-ға жуық. Бүгінгі таңда 6 млрд-тан асып отыр.
-
Миграция – адамдардың Жер шарының бір бөлігінен ІІ-ші бөлігіне қоныс аударуын атайды.
-
Этнос – ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасқан ортақ тілі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мекен ортасы бар адамдар тобы. Грек тілінен аударғанда «этнос»сөзі «халық» деген мағынаны білдіреді.
-
Этностар ішкі айырмашылығына байланысты: ұлттар мен ұлыстарға, тайпаларға жіктеледі.
-
Бірұлтты елдер: Жапония,Польша,Греция,Португалия және т.б.
-
Көп ұлтты: Үндістан, Ресей, Канада, Оңтүстік Африка және т.б.
-
Этностық діндер – материктердің байырғы халықтарында сақталып қалған жергілікті діни сенім-нанымдар, белгілі бір халыққа тән діндер.
-
Әлемдік діндер – дүние жүзіне тараған діндер.
-
Ұлттық саябақтар тізімі.
Еуразия
-
Мивати-ог-Лахсау – Исландия;
-
Килларни – Ирландия;
-
Нортумберленд – Ұлыбритания;
-
Брекон-Биконс – Ұлыбританя;
-
Хордангервидда – Норвегия;
-
Бергефьелль – Норвегия;
-
Лемменйоки – Финляндия;
-
Оуланка – Финляндия;
-
Стура-Шефаллет – Швеция;
-
Доньяна – Испания;
-
Севенна – Франция;
-
Экрен – Франция;
-
Гран-Парадизо – Италия;
-
Абруццо – Италия;
-
Беловеж нуы – Польша,Беларусь;
-
Бавар Орманы – Германия;
-
Крконоше – Чехия;
-
Пирин – Болгария;
-
Джердап – Югаславия;
-
Олимп – Греция;
-
Тбилиси – Грузия;
-
Сочи – Ресей;
-
Севан – Армения;
-
Гпуя – Латвия;
-
Самара иіні – Ресей;
-
Баянауыл – Қазақстан;
-
Алматы – Қазақстан;
-
Байқал маңы – Ресей;
-
Качатка – Ресей;
-
Тайсецудзин – Жапония;
-
Сетанайкой – Жапония;
-
Асо – Жапония;
-
Ройал-Читован – Непал;
-
Кхауай – Тайланд;
-
Теңіз ұлттық саябағы – Тайланд;
-
Кхаулуанг – Тайланд;
-
Таман-Мегара – Малазия.
Аустралия және Жаңа Зеландия. -
Хамерсли-Рейндж – Аустралия;
-
Стерт – Аустралия;
-
Косцюшка-Стейт-Парк – Аустралия;
-
Оңтүстік Батыс саябағы – Тасмания;
-
Тонгариро – Жаңа Зеландия;
-
Маунт – Кук – Жаңа Зеландия;
Африка -
Букль-дю-Баулес – Мали;
-
Гарамба – Заир;
-
Вирунга – Заир;
-
Рувензори – Уганда;
-
Кабарега – Уганда;
-
Камея – Ангола;
-
Кисама – Ангола;
-
Цаво – Кения;
-
Серенгети – Танзания;
-
Крюгер – ОАР.
Солтүстік Америка
-
Вуд-Баффело – Канада;
-
Фанди – Канада;
-
Джаспер – Канада;
-
Катмай – АҚШ;
-
Йеллоустон – АҚШ;
-
Секвойя – АҚШ;
-
Гранд-Каньон – АҚШ;
-
Мамонт үңгірі – АҚШ;
-
Эверглейдс – АҚШ;
-
1857 жылғы Конституция саябағы – АҚШ;
-
Каскада-Бассасеачик – АҚШ;
-
Истаксиуатль-Попокатепетль – Мексика;
-
Невада-де-Толука – Мексика;
-
Пико-де-Орисабо – Мексика.
Орталық және Оңтүстік Америка
-
Атитлан – Гватемала;
-
Дарьен –Панама;
-
Эль-Тупорро – Колумбия;
-
Кабу-Оранжи – Бразилия;
-
Амазония – Бразилия;
-
Жау – Бразилия;
-
Ясуни – Эквадор;
-
Котопахи – Эквадор;
-
Галапагас – Эквадор;
-
Лаука – Чили;
-
Арагуая – Бразилия;
-
Сьерра-да-Бокайна – Бразилия;
-
Игуасу – Аргентина, Бразилия;
-
Лос-Гласиарес – Аргентина;
-
Науель-Уапи – Аргентина.
347.Терең сулы мұхиттың шұңғымалар.
Атауы |
Ауданы млн км2 |
Орташа терңдігі м |
Ең терең бөлігі |
Көлемі млн км3 |
Ұзындығы Км |
Орташа ені, км |
Толысу толқындарының ең биігі, м |
Тынық мұхитындағы Мариана Тонго Филиппинс Кермадек Куриль-Камчатка |
178,7 |
3976 |
11022 11022 10882 10265 10047 9717 |
710,4 |
1340 860 1330 1270 2170 |
59 78 65 88 59 |
Охота теңізі ернеуі |
Атлант мұхитындағы Пуэрто-Рико Оңтүстік Сандвичев Ромдыш |
91,7 |
3597 |
8742 8742 8264 7856 |
329,7 |
1070 1380 230 |
87 68 9 |
Фанди шығанағы; 18,0 |
Үнді мұхитындағы Зонд (Ява) Шығыс Үнді |
76,2 |
3711 |
7209 7209 6335 |
282,7 |
2900 1244 |
49 27 |
Камбей шығанағы; 11,9 |
Солтүстік мұзды мұхит |
14,8 |
1225 |
5527 |
18,2 |
|
|
Ақ теңіз; |
348.Ірі архипелагтар мен аралдар
|
Атауы |
Ауданы мың км2 |
Орналасқан жері |
Е У Р О П А |
Британ аралдары Ұлыбритания Ирландия Исландия Шпицберген, архипелагы Сицилия Сардиния |
325,0 230,0 84,0 103,0 62,0 25,7 24,0 |
Атлант теңіз мұхиты мен Солтүстік мұхиты; Атлант мұхиты Атлант мұхиты мен Гренландия; Солтүстік мұзды мұхиты Жерорта теңізі; Жерорта теңізі. |
А З И Я |
Үлкен Зенд аралдары Калимантан Суматра Сулавеси Ява Жапон аралдары Хонсю Хоккайдо Кюсю Сикоку Филиппин аралдары Лусон Минданао Кіші Зонд аралдары Малукк аралдары Шри Ланка Тайвань |
1500,0 735,7 435,0 179,4 126,5 370,0 230,4 77,7 42,0 17,8 300,0 105,6 94,6 128,0 83,7 65,6 36,0 |
Үнді мұхиты теңіздері Тынық мұхиты Тынық мұхит,теңіздер Тынық мұхит,теңіздер Тынық мұхит, теңіздер Үнді мұхит Шығыс Қытай теңізі |
Солтүстік және Орталық
Америка
Гренландия Канаданың Арктикалық архипелагы Баффин жері Виктория Элсмир Үлкен Антиль аралдары Куба Гаити Ньюфаунленд Алеут аралдары Кіші Атлант аралдары Багам аралдары |
2176,0 1335,5 476,0 213,8 203,0 209,0 105,0 77,0 111,0 37,8 14,0 13,9 |
Атлант және Солтүстік мұзды мұхиты Солтүстік мұзды мұхиты Атлант мұхиты мен Кариб теңізі Атлант мұхиты Тынық мұхиты,Беринг теңізі Атлант мұхиты Атлант мұхиты |
Оңтүстік Америка
Отты Жер, архипелагы Отты Жер аралы |
72,0 48,0 |
Атлант мұхиты және Тынық мұхиты |
Африка
Мадагаскар |
587,0 |
Үнді мұхиты |
Аустралия және мұхит аралдары
Жаңа Гвинея Жаңа Зеландия Оңтүстік Солтүстік Тасмания Бисмарк архипелагы Сүлейман архипелагы Жаңа Каледония Фиджи аралдары Гавай аралдары |
829,0 268,7 150,5 114,7 68,4 50,5 40,4 19,0 18,3 16,7 |
Тынық мұхиты, теңіздері Тынық мұхиты, Тасман теңізі Тынық мұхиты және Үнді мұхиты Тынық мұхиты Тынық мұхиты Тынық мұхиты Тынық мұхиты Тынық мұхиты |
349. Ірі тау жүйелері
Атауы |
Ұзындығы, км |
Биік нүктесі, м |
Орналасқан жері |
Гималай Қарақорым Куньлунь Гиндукуш Памир Тянь-Шань Анд Кордильера Килиманджаро Массиві Элсуорт Альпі Алтай Сеңгір таулар Атлас Саян Айдаһар Карпат Үлкен Суайрық Жота Аппалач Орал |
2400 500 2700 800 - 2500 9000 7000 - 700 1200 - 3200 2000 1100 1500 4000 2600 2100 |
Джомолунгма,8848 Чогори,8611 Улугмухтаг,7723 Тиримчир,7690 Коммунизм,7495 Жеңіс шыңы, 7439 Аканкагуа, 6960 Мак-Кинли,6191 Килиманджаро,5895 Винсон,5140 Монблан,4807 Мұзтау,4506 Элберт,4399 Тубкаль,4165 Мунку-Сардык,3491 Табана-Нтлньяна,3482 Косцюшка,2230 Митчелл,2037 Народная,1895 |
Оңтүстік және Орталық Азия Орталық Азия Орталық Азия Оңтүстік және Орталық Азия Орта және Орталық Азия Орта және Орталық Азия Солтүстік Америка Солтүстік Америка Шығыс Африка Антрактида Еуропа Оңтүстік Сібір,Орталық Азия Солтүстік Америка Солтүстік Америка Оңтүстік Сібір Оңтүстік Африка Еуропа Аустралия Солтүстік Америка Азия |
350.Құрлықтағы терең ойыстар.
Атауы |
Теңіз деңгейінен тереңдігі, м |
Орналасқан жері |
Гхор Турфан Афар Каттара Қарақия Ажал аңғары Қарақұм |
-395; Өлі теңіз деңгейі -154; -153;Ассаль көл деңгейі -133 -132 -85 |
Израиль,Иордания,Сирия Қытай Джибути Египет Батыс Қазақстан АҚШ,Калифорния |
351.Жер шарындағы ірі шөлдер.
Атауы |
түрі |
Орналасқан жері |
Шамамен ауданы, км2 |
Еуразия Гоби Сирия Руб-әл-Хали Қарақұм Қызылқұм Такла-Макан Тар Үлкен Нефуд |
Тасты,құмды Құмды,тасты Құмды Құмды Сазды бөліктері бар құмды шөл Сазды,тасты бөліктері бар құмды шөл Құмды Құмды Құмды |
Орталық Азия Орталық Азия Оңтүстік-Батыс Азия Арабия түбегі Орта Азия Орталық Азия Орталық Азия Үнді-Ганг ойпатының батысы Арабия түбегі |
2 000 000 1 000 000 1 000 000 600 000 350 000 300 000 300 000 300 000 70 000 |
Африка Сахара Ливия Калахари Нубия Намиб |
тасты,сазды,құмды құмды,тасты шөлейтті құмды құмды,тасты |
Солтүстік Африка Солтүстік Африка,Нілден батысқа қарай Оңтүстік Африка Солтүстік-Шығыс Африка Африканың оңтүстік батыс жағалауы |
7 000 000 2 000 000 1 000 000 550 000 200 000 |
Оңтүстік Америка Атакама |
Құмды, тасты |
Оңтүстік Американың батыс жағалауы |
Ұзындығы 1000 км болатын жіңішке жолақ |
Аустралия Үлкен Құмды шөл Виктория |
Тасты бөліктері бар құмды шөл құмды |
Солтүстік –Батыс Аустралия Оңтүстік - Аустралия |
360 000 300 000 |
352.Ірі өзендер.
Атауы |
Ұзындығы,км |
Алабының ауданы, мың км2 |
Орташа су шығыны м/сек |
Еуразия Янцзы Обь Амур Хуанхэ Меконг Лена Енисей Еділ Үнді Евфрат Брахмапутра Дунай Ганг Иаравади |
5 800 5 410 4 440 4 845 4 500 4400 4102 3531 3180 3065 2900 2850 2700 2150 |
1808 2990 1855 771 810 2490 2580 1360 980 673 935 817 1120 430 |
34 000 12 700 10 900 2 000 11 200 17 000 19 800 7 710 3 850 3 850 12 000 6430 13 000 13 000 |
Солтүстік Америка Миссисипи Макензи Юкон Колорадо Колумбия |
6420 4250 3700 2740 2250 |
3268 1804 855 635 670 |
19 000 11 000 6 500 508 8470 |
Оңтүстік Америка Амазонка Парана Ориноко Сан-Франсиско |
6400 4380 2730 2800 |
7180 2663 1086 600 |
220 000 17 500 29 000 3 300 |
Африка Ніл Конго Нигер Замбези |
6671 4320 4160 2660 |
2870 3691 2092 1330 |
2660 46 000 9 300 16 000 |
Аустралия Муррей |
2570 |
1057 |
330 |
353.Ірі және танымал сарқырамалар
Атауы |
Құлау биіктігі,м |
Орналасқан жері |
Еуразия Утигард Ким Гаварню Кримль Серио |
610 561 422 380 315 |
Норвегия Норвегия Франция,Гав-де-По өзені Аустралия,Кримлер-Ахе өзені Италия,Серио өзені |
Солтүстік Америка Йосемит Риббон Аппер-Йосимити Йеллоустон Ниагара |
727 484 435 93 51 |
АҚШ,Йосимити-Крик өзені АҚШ,Мерсед өзені АҚШ, Йосимити-Крик өзені АҚШ, Йеллоустон өзені АҚШ,Канада шекарксы,Ниагара өзені |
Оңтүстік Америка Анхель Кукенан Рораймо Кайетур Такендама |
1054 610 457 225 137 |
Венесуэла,Чурун өзені Венесуэла, Кукенан өзені Гайана, Потаро өзені Гайана, Потара өзені Колумбия,Богота өзені |
Африка Тугела Каламбо Ауграбис Виктория |
933 427 146 120 |
ОАР,Тугела өзені Танзания-Замбия шекарасындағы Каламбо өзені ОАР,Оранжевая өзені Замбия-Зимбабве щекарасы,Замбези өзені. |
Аустралия және мұхит аралдары Сатерленд Уолломомби |
580 519 |
Жаңа Зеландия,Артур өзені Аустралия,Макей өзені. |
354.Ірі көлдер.
Атауы |
Орналасқан жері |
Ауданы мың км2 |
Ең терең жері,м |
Каспий теңізі Жоғарғы көл Виктория Гурон Мичиган Арал теңізі Танганьика Байқал Ньяса Үлкен Аюлы көл Үлкен Еріксіздер көлі Чад Эри Виннипег |
Еуразия Солтүстік Америка Африка Солтүстік Америка Солтүстік Америка Азия Африка Азия Африка Солтүстік Америка Солтүстік Америка Африка Солтүстік Америка Солтүстік Америка |
376 82,4 68 59,6 58,1 37,1 34 31,5 30,8 30 28,6 12-26 25,7 24,3 |
1025 393 80 228 281 61 1435 1620 706 137 156 11-4 64 28 |