Материалдар / География сабағында функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

География сабағында функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес балаларды өз бетімен іздену және шығармашылыққа баулу, бойларына көшбасшылықты сіңіре отырып өз ортасының алды болуға бейімдеу, тынымсыз еңбек және үзіліссіз ізденіс жарқын болашақ кепілі екенін ұқтыру, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы

«№1 Омар Есімов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Баяндама



Тақырыбы; География сабағында функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау.





Дайындаған; Серикбаева Акбопе







2024 жыл









Мақсаты; білім беру барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, білімді, бәсекеге қабілетті, қоғамда өз орнын айқындай алатын, үздіксіз білім алуға бейім тұлғаны қалыптастыру.



Міндеттері; Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес балаларды өз бетімен іздену және шығармашылыққа баулу, бойларына көшбасшылықты сіңіре отырып өз ортасының алды болуға бейімдеу, тынымсыз еңбек және үзіліссіз ізденіс жарқын болашақ кепілі екенін ұқтыру, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету.





Жоспары;

I.Кіріспе; Білім жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың маңызы .

II.Негізгі бөлім; География сабағында функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау

III. Қорытынды.

























Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биікте желбіреуі үшін, ел экономикасының қар қынды дамуы үшін, әлем елдерінің арасында ойып алар орнымыз болуы үшін болашақ жастарымыз білімді, жан-жақты, алғыр, еңбекқор,кез-келген шыңды бағындыра алатындай мықты, саналы, тәрбиелі болып қалыптасуы маңызды. Бұл орайда біз ұстаздардың балаларға білім мен тәрбиені сіңірудегі рөліміз айрықша. Әр сабақты қызықты өту арқылы балаларды білімге қызықтырамыз. Ал білім мен ғылым қазіргі заман талабы! Балалардың функционалдық сауатын ашу арқылы оларды ізденімпаз болуға, табандылыққа және өмір бойы оқуға үйретеміз.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы,яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына , жасына қарамай ілесуі, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы , сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететн базалық фактор. Функционалдық сауаттылық- оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сондай –ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін факторлардың біріне айналуда. Қазіргі заман ағымына сай білім беруде оқушылардың Функционалдық сауаттылығын арттыру өте маңызды болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету. Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:

белсенділік,

шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға бейімделуі,

кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмірлік білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым - қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. 






География сабағында функционалдық сауаттылықты арттыра отырып, бәсекеге қабілетті оқушыларды даярлау

Қазіргі таңда ұстаздар қауымының басты мақсаттарының бірі бұл-оқушыны ашып , оның көзқарастарын өзгертіп , болашаққа деген сенімділігін оятып , Қазақстан Республикасының патриоты ел сенімін ақтайтын азамат қылып қалыптастыру . Осы орайда оқу үдерісі кезінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі тұр. Халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімдіден не пайда, білгенін жұртқа айтпаса.Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса» дейді. Оқушы оқу үдерісі кезінде алған білімін өмірде пайдалана білсе, өз білгенін әрі қарай дамытып басқа адамды да білім нәрімен сусындандырса оқушының функционалдық сауаттылығы артып, сабаққа деген қызығушылығы оянады. Ол үшін мұғалім әрбір сабағына үлкен жауапкершілікпен қарап, оқушы құзыреттілігін арттыра білуге тырысуы керек. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды, сұрақтарды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Мысалы, география сабағында оқулықпен ғана шектеліп қалмай, әртүрлі қызықты тапсырмалар, сұрақтар берілу керек. Сабақты қызықты етіп өткізу үшін мұғалім өзі даярлану керек, яғни мынадай нәрселерді біліп – ескеруі қажет деп ойлаймын:

- география сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек;

- берілетін сұрақтарды, деңгейлік тапсырмаларды ұғыну керек;

- қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толтыру керек;

- таңқалдырар қызықты материалдар жинақтау керек;

- оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек.
Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады, бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау – шығармашылық жұмыс бастамасы. Келесі деңгейді орындайтын оқушылар бірте – бірте дараланып шыға бастайды. Басқа оқушылар да осы балаларға еліктеп, сабақтан тыс уақыттарда да жұмыс істеуге өз беттерімен ынталанып отырады.
Сондықтан қазіргі таңда орта мектеп оқушысына энциклопедиялық білімді ұшан теңіз, тұңғиық терең меңгерткеннен бұрын, игерген білімдерін нақты іс - әрекеттерде туындайтын жағдаяттар мен проблемаларды шешу үшін қолдана алу сауаттылықтығын үйретудің маңызы зор. Топтық, жеке тапсырмаларды көбірек қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейінің жоғары дәрежеде қалыптасуына өзіндік көзқарасын іркілмей,ашық білдіруіне барынша жол ашуға тырысамын.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру негізінде өз сабағымды жоспарлау кезінде «оқытудың интербелсенді әдістерін», құзыреттілік тапсырмаларын тиімді пайдаланып келемін. Интербелсенді оқу (оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді.

Интербелсенді оқуда) үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

- ақпаратты жан-жақты талдауға;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;

- басқа да балама пікірлерді ескеруге;

- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;

- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

Интербелсенді оқу (оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,

- ситуативтік және рөлдік ойындар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),

- шығармашылық жұмыстар, т.б.

Мысалы, 8 – сыныптағы «Әлеуметтік география» тарауындағы «Демографиялық саясат» тақырыбы бойынша өткізілген сабағым туралы өз тәжірибеммен бөліспекпін.

І. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды стикер түстері арқылы 2 топқа бөлдім.

ІІ. Үй тапсырмасы «Демографиялық жағдайлар мен көрсеткіштер» тақырыбын сұрау кезінде «Жасырынған сұрақтар» әдісін пайдаландым. Ол үшін мен интербелсенді тақтада ұяшықтарға сұрақтар орналастырдым. Сұрақтарды деңгейлеп жеңіл және күрделі етіп алдым. Бір санын таңдаған оқушы жеңіл сұрақтарға ал екі санын таңдаған оқушы күрделі сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар сыни тұрғыда ойлауға арналған болғандықтан оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.



ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңінде «Кубизм» әдісін пайдаландым. Осы әдіс барысында оқушылар тақырып мазмұнымен танысты (жеке жұмыс), талдап, талқылады (топтық жұмыс), ақпараттарды саралады,картамен жұмыс жасады,жаңа ақпаратпен танысты, постер қорғап,мысалдар келтірді көпшілікке ұсынды (топтық жұмыс). «Кубизм» әдісі арқылы оқушылар әлеуметтік әрекеттестік маңыздылығын түсінді, бір-бірін тыңдауға, өз ойларын ашық айтуға дағдылана бастады. Әр топ үздік болуға тырысты.

ІV. Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушыларға мынадай тапсырманы ұсындым.

Осы тапсырма негізінде оқушылар жаңа сабақ бойынша алған білімдеріне сүйене отырып, өз қалаулары бойынша кез –келген елге талдау жасады. Атлас картаны, интернет желісін пайдалана отырып дәлелдеп шықты. Осы жерде оқушылар сабақ үдерісі кезінде алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді.

География пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі-логикалық сипаттағы тест тапсырмаларын құру.Логикалық ойлау қабілетін дамытуға және шығармашылық тұрғыдан ізденуге бағытталған тест тапсырмаларын орындау оқушылардың қызығушылығын туғызды.Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-



педагогтер мен оқушылардың іс-әрекетінде нәтижеге қол жеткізудің негізі.Төменде бірнеше тапсырмаларды ұсынамын:

1.Шөлді аймақтарда күндізгі ыстыққа қалмас үшін керуеншілер қай жұлдыз туа салысымен жүріп кетеді?

А)Үркер Ә)Үлкен Жетіқарақшы Б)Темір-қазық

В)Шолпан Г)Кіші Жетіқарақшы

2.42 мм және 57 мм-лік төртбұрышты формадағы 1:100 000 масштабты пландағы орман ауданы (га)

А)2,94 га Ә)2,94 га Б)239,4 га В)2394 га Г)23940 га

3.Саяхатшы өз күнделігінде тауда тамақтану үшін от жағып, ас әзірледік. Ыдыстағы су жылдам қайнағанымен, картоп піскен жоқ. Біз ұзақ күттік. Бірақ картоп сол күйінде қала берді».Саяхатшылардың картопты пісіре алмауының себебі не?

А) Су буының азаюы, Ә) Жоғары температура, Б)Төмен температура,

В) Жоғары қысым, Г) Төменгі қысым,

4.Солтүстік жарты шарда мұхиттың үлесі 61 пайыз.Құрлықтағы ауданы қандай?

А) 50 млн. км2 Ә)250 млн. км2 Б)200 млн. км2

В)155 млн. км Г)100 млн. км2

Қорыта келгенде экс президентіміз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ұлт болашағы – білімді ұрпақ дейтіндей болсақ, ұстаз жауапкершілігі арта түспек. Жауапкершілікті терең сезіне отырып, жас ұрпақ бойына білім-білік дағдысын дұрыс дарыту барша ұстаздар міндеті деп білемін.











Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

2.«Оқытудың интербелсенді әдістері» Асхат Әлімов.

3.Ғаламтор мәліметтері.

4.https://bilimger.kz

5.https://ziatker.kz/docx/fynkcionaldyq_sayattylyq_degenimiz_ne_31136.html

6.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832









11 сыныптарға арналған «Қош бол, алтын ұя мектебім!» салтанатты жиынының сценарийі



жүргізушілер шығады:

1 жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! Ата –аналар және қадірлі қонақтар! «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым!

2 жүргізуші:

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

1 жүргізуші:

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

2 жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары — гүл,
Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

 1 жүргізуші:

Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

(Өз идеяларымен түрлі әрекетте шығуына болады)

2 жүргізуші:

Қарсы алыңыздар, 11 А сынып оқушылары. Сынып жетекшісі мектебіміздің өнерлі, білікті, білімді ұстазы Пернебаева Райхан апай

Сыныпта ----------- оқушы. Олар:

  • «Алтын белгі» үміткерлері —

  • Үздіктер- -

  • мектеп КВН тобының белсенді мүшелері —

т.б

  • 1 жүргізуші:

  • Қарсы алыңыздар, 11 «ә » сынып оқушылары. Сынып жетекшісі білім нәрімен шәкірттерді сусындатуда орасан еңбек етіп жүрген тарих-география пән мұғалімі Кукебаев Нариман ағай

  • Сыныпта --------- оқушы. Олар:

 2 жүргізуші:

  • «Алтын белгі» үміткерлері —

  • Үздіктер- -

  • мектеп КВН тобының белсенді мүшелері —



Қарсы алыңыздар! 11 «б» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі оқушыларды еңбекке баулуда аянбай тер төгіп жүрген ұстазымыз Муратаев Нұрбол ағайымыз

  • Сыныпта --------- оқушы. Олар:

  • «Алтын белгі» үміткерлері —

Үздіктер-

2 жүргізуші:

Салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын қарсы алыңыздар!. Тік тұрыңыздар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.

Әнұран орындалады

2 жүргізуші:

Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек:

  1. —————————————————————————————————

  2. —————————————————————————————————

  3. —————————————————————————————————

  4. —————————————————————————————————

  • Білімді шәкірттерін аялаған


1 жүргізуші:Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.

2 жүргізуші:

Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымыз —————————————————- беріледі.

(Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)



Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы -----------------------------------беріледі.

(Гүл шоғын бітірушілер сыйлайды)

1 жүргізуші:

Күмбірлей күй естілсе домбырадан
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке
Елітіп тұла бойың балбыраған.

Ән: «——————» бітіруші түлектерге арналады. Орындайтын ———————————

2 жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.
Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Ән: «Бала тілегі».

1 жүргізуші:

  • Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

  • Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
    Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
    Сөз кезегі  — жетекші бапкерлерде.

Ортаға екі сыныптың сынып жетекшілері: құрметті ұстаздарымыз -------------------------------------------------------------------------------------------------------------қошеметпен шақырамыз.

Ән: «Ұстазым» барлық ұстаздарға арналады.

2 жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін 2024 жылғы «Алтын белгі» үміткері --------------------------
2025 жылғы «Алтын белгі» үміткері -----------------------------------------тапсырады.

Алтын белгі үміткері:

Білімге басқан жастарың,
Ғылымды іздер үңіліп,
Өмірге сапар бастадық,
Алдымда күліп тұр үміт.
Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»

2 жүргізуші:

Қанатын қағар ақ жолдан
Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
Аяқтап бүгін мектепті
Гүлдерге толды қолдарың.
Шаттықтан тіпті ес кетті ,
Сәт-сапар болсын жолдарың.

Би: -----------------------------------------------------------------

  • 1 жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан:

————————————————————————— береміз.

Ән: ---------------------------------------------

2 жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?
Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.
Ортаға шығып қане тілек айтсын
Әр сыныптың мен деген бір түлегі.
Ортаға мектебіміз мақтанышы

—————————————- шақырамыз.

(Осы арада ұстаздарға гүл шоқтарын тапсырады)

Ән: «Отырардағы той».

1 жүргізуші:

Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

«Қоштасу вальсі».

Ортаға бітірушілер ән әуенімен шығып, вальс билейді

2 жүргізуші:

Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушысы
—————————— мен 1 сынып оқушысы
———————- тапсырылады.

Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн. Тек биіктеп самғай беріңдер көгершіндер!

  • 1 жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

2 жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні. Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу
үні. Осыдан 11 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер. Көз салып қараңдаршы. Сендер де сондай тәтті едіңдер, бір сәт балалықпен қауышыңдар. Әне, олар сендерді үлкен өмірге аттандыруға бара жатыр. Жүректерің не дейді?

Дауыс (музыка әуенімен):

Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.
Сол бір сәттер енді қайта келер ме?
Балалығым біз өзіңді қимаймыз,
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол енді балалығым бал дәмім
Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

  • 1 жүргізуші:

Үлкен  өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!

2 жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!» — деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.

Түлектерді шығарып саламыз

1 жүргізуші:

  • Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы

  • демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!