Материалдар / «ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ» (10 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ» (10 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2021
620
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

№ 233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп










Тақырыбы: «ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ »

(10 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама)





Құрастырған:
№233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектеп география пәні мұғалімі:
Мырзабаева Л.С.





















Қызылорда , 2021 жыл


Page 2

«ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ»

10 сыныптарға арналған авторлық бағдарлама

Бағдарлама талапкердің Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысына қосымша
дайындалуына бағыт бағдар береді. Бағдарламада 34 сағатқа негізделіп
жасалынды, жұмыс тақырыптары оқу мақсаттарына бөлініп, сабақта қолдануға
болатын әдістер түрлерімен көрсетілген. Географиялық зерттеулер әдістерін
оқушыларға жан – жақты талдатып қана қоймай, берілген тапсырмаларды
орындау негізінде саралау жұмыстары қарастырылған, бағдарлама біртіндеп
күрделене түседі. Есептеу жұмыстары пәннің математикалық бағытын
көрсетеді.























Page 3

Түсініктеме
10 сыныптарға арналған бұл бағдарламада мектеп түлектерін география пәнінен
қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау жолдары көрсетіледі. География
пәнінен өтілген тақыптар бөлімдер бойынша беріледі. Барлық білім географиялық
карта мен ондағы шартты белгілерді анықтау жолында бағдарлау жұмысының
сапалық орнында болып тұрғаны баршамызға белгілі. Сондықтан бала картаны
шартты белгісімен дұрыс түсінбей, деректерді тиімді қолдана алмаған жағдайда
географиядан білімдерінде қиындықтар туындайды. 6-11 сыныптар аралығындағы
тапсырмалар негізінде осы бағдарламаны ұсынып отырмын. Бағдарламада 34
сағатқа негізделген жұмыс тақырыптары көрсетіліп, әр тақырыпта талап етілетін
мақсаттар бойынша жұмыс істеу жолдарына бағыт беріледі. Негізгі тақырыптар
оқу мақсаттарына бөлініп, сабақта қолдануға болатын әдістер түрлерімен
көрсетілген. Географиялық зерттеулер түрлерін оқушыларға жан – жақты
талдатып қана қоймай , берілген тапсырмалар негізінде саралау жұмыстары
қарастырылған.
Жер ғаламшарындағы негізгі заңдылықтар жан – жақты талданады да
бағдарлама біртіндеп күрделене түседі. Есептеу жұмыстары пәннің
математикалық бағытын көрсетеді. Азиму т, географиялық координата,
атмосфералық қысымның жер бетінен биіктігі мен төмендеуіне байланысты
өзгеруі, карталар масштабының түрлерін күрделендіруге қатысты есептеу
жұмыстарын жүргізуге болады. Материалдарды күнделікті сабаққа қамту
ауқымды іздену жұмыстарын қажет етеді. Демек, қосымша деректер ретінде
төменгі сыныптардағы география пәнінен алған білімдерін тексеру мүмкіндігі
туындағанын түсінуге болады. 6-11сыныптарға арналған атлас пен оқулықтардың
бетін қайта парақтай отырып, ұмыт қалған бөлімдеріне қайта оралуға болады.
Күтілетін нәтиже.
Баланың білімін саралауда теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана
білу маңызды. Функционалды сауаттылық – бүгінгі өмір талабы. Жетістікке жету
жолы – талмай оқу, білімді шыңдау, керек жерінде тиімді пайдалана білу. Білім
балаға қызмет ету керек. Саналы ой мен жетістік критерийлерінің логикалық
ойлауға бағытталуы осы тұжырымдаманы толығымен қанағаттандырады. Демек
дұрыс шығармашылық жұмыстың шыңдалуы барысында:
Барлық оқушылардың өткен білімге қайта оралу арқылы қалыс қалған
ілімдерін қайта қалпына келтіруіне жаңа мүмкіншіліктері туындайды.
Көпшілік оқушылар теориялық білім мен практикада түйгендерін салыстыра
отырып, өз мүмкіншіліктерін нақтылайды. Қайта өрлеуге жаңа ынтасы мен еркі
арқылы талаптанады.
Жекеленген оқушылар білімдерін талдай отырып, кедергілері арқылы
жетістікке деген ізденістері мен шығармашылық мүмкіншіліктеріне жол ашады.
Талпыныс арқылы табысты оқуға жолдама алады.




Page 4

Бағдарлама мазмұнына жалпы шолу.

Жер ғаламшары туралы географиялық заңдылықтарда Жердің өз білігі
мен орбита бойымен қозғалысынан туындайтын заңдылықтар жан – жақты
талданады.Географиялық карталар бойынша есептеу жұмыстары ара
қашықтықтарды км, градус есебімен анықтау жолдары, масштаб т үрлері
бойынша нысанның карта бойынша мөлшерін анықтауға бағытталған. Глобус пен
карта деректерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар, мазмұнына қарай
карталардың бөлінуі, алғашқы картаны, градус торы бар картаны жасаған
географтар, масштабына қарай картаның бөлінуі, географиялық картадан
құрлықтың биіктігін және мұхиттың тереңдігін биіктік шкалалар көмегімен
анықтау жолдарын балаға үйретуге ұсыныс беріледі.
Географиялық қабықтың әр бөлімін талдауға сағат бөлінген. Материктер мен
мұхиттар географиясы бойынша жалпы қайталау жұмысында табиғат жағдайлары
мен табиғат ресурстары, басты ерекшеліктерін анықтауға болады.
Экономикалық географияда шаруашылық түрлеріне жаттығу жұмыстары бар.
Геоэкология мен геоэкономика салаларында шаруашылықтың дамуындағы негізгі
алғы шарттар берілген..ТР мен ТЖ -мен бірге халқы, демографиялық
ерекшеліктері талданады. Әр тақырыпты Қазақстанмен байланыстыра өту
көзделген, жалпы тақырыптар оқушы ой – өрісін кеңейтуге бағытталған















Page 5

Курстың мазмұны мен құрылымы
1 бөлім. Географиялық зерттеулер әдістері 3 сағат. Қоршаған орта мен ТР
біріңғай мемлекеттік мониторингі, Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық
мониторинг, сандық, географиялық салыстыру,сараптама әдістерін қолданады
ІІ бөлім. Картография және есептеу жұмыстары 5 сағат. Географиялық
карталар бойынша есептеу жұмыстары. Бағыттар, азимут. Карталар
масштабы.Карта. Глобус, негізгі заңдылықтар.
ІІІ бөлім. Географиялық қабық 5 сағат. Географиялық қабық заңдылықтары.
Литосфера, заңдылығы. Атмосфера, заңдылығы. Биосфера, жер шарындағы
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралуы. Гидросфера.
ІV бөлім Геоэкология 2 сағат. Геоэкологиялық аудандастыру. Геоэкологиядағы
антропогендік факторлар.
V бөлім Геоэкономика 6 сағат. Геоэкономика негіздері.Дүниежүзілік
шаруашылықтың таралуы.Дүниежүзілік шаруашылық тың құрылымы мен моделі
Экономикасы дамыған елдер классификациясы. Қазақстан шаруашылығының
құрылымы. Дамушы елдер.
VI бөлім. Ақпаратты коммуникациялық технологиядағы графикалық
кескіндеу түрлері 1 сағат. Ақпаратты коммуникациялық технологиядағы
графикалық кескіндеу түрлері.
VII бөлім. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі 3 сағат. Дүниежүзінің геосаяси
кеңістігі. Геосаясат және геофакторлар. Картографиялық зерттеу әдістерін
қолдану
VIII бөлім. Геосаяси және геоэкономикалық география 1 сағат. Геосаяси
және геоэкономика лық география.
IX бөлім. Елтану 4 сағат. Кешенді географиялық аудандастыру. Тарихи
географиялық аудандастыру. Салыстырмалы елтану. Әлем елдерінің рейтингісі:
есептік, индикатор, АДИ, матрица көрсеткіштері
Х бөлім. Әлем елдерінің интеграциясы 2 сағат. Әлем елдерінің интеграциясы.
Картографиялық зерттеу әдістерін экологиялық проблемаларда қолдану.
ХІ бөлім. Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Адамзаттың ғаламдық
проблемалары. Ғаламдық проблемаларды шешу жолдары. Дүниежүзілік діндер
мен ірі тіл әулеттері. Курсты қорытындылау. Оқушының қалауы бойынша
таңдаған тақырыпқа жоба қорғау











Page 6

«ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ»
10 сыныпқа арналған Жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша
факультативтік курсының
тақырыптық- күнтізбелік жоспары

№ Жұмыс
тақырыбы
Оқу мақсаттары
Қолданылатын
әдіс-тәсілдер
Сағат
саны
Күні
1 бөлім. Географиялық зерттеулер әдістері 3 сағат
1 Қоршаған орта
мен әлемді
тану,географиялы
қ мониторингі
әдістері
Зерттеу тақырыбына
сәйкес географиялық
мониторинг,географиялық
мониторинг әдістері,
географиялық мониторинг
түрлері,сандық
мониторинг;
«Бірлескен жұмыс
дағдысын
қалыптастыру»,
баланс, ұпайлық,
есептік,
картометриялық
әдістер.ж.т.б
1
2 Географиялық
сараптама,
географиялық
зерттеу әдістері
Зерттеу тақырыбына
сәйкес географиялық
салыстыру,сараптама
әдістерін қолданады
Салыстырмалы
кестелер,
графикалық
есептеулер жүргізу
1
3 Географиялық
аудандастыру
әдістері
Зерттеу тақырыбына
сәйкес географиялық
аудандастыру әдісін
қолдану
Аудандастыру
нұсқалары, жетекші
әдістер, беттестіру
әдістері.сандық
және сапалық
тәсілдемелер.
1
ІІ бөлім. Картография және картографиялықесептеу жұмыстары 5 сағат
4 Географиялық
карталар
бойынша есептеу
жұмыстары
Ара қашықтықтарды км,
градус есебімен анықтау
жолдары, масштаб
түрлері бойынша
нысанның карта бойынша
мөлшерін анықтау
«Еркін
талқылау»,«Идея
туралы пікір»
1
5 Азимут.Азимутты
қ бағыттар.
Көкжиек тұстары
бойынша бағдарлауға
арналған тапсырмалар,
азимут бойынша бағытты
анықтау, есептеу
жұмыстары.
«Кесте
толтыру»«Кері ой
қозғау»
1
6 Карталар
масштабы
Сандық масштабты
атаулы масштабқа
айналдыру арқылы ара –
қашықтықты анықтау,
масштаб бойынша
«ойлан,тап», «кім
жылдам»
1


Page 7

логикалық
тапсырмалар.Масштабты
табуға байланысты
есептер шығару.
7 Карта Мазмұнына қарай
карталардың бөлінуі,
алғашқы картаның
жасалуы, градус торы бар
картаны жасаған
географтар, масштабына
қарай картаның бөлінуі,
географиялық картадан
құрлықтың биіктігін және
мұхиттың тереңдігін
биіктік пен шкалалар
көмегімен анықтау
жолдары
«Түйіндеңіз» 1
8 Глобус,глобустағ
ы негізгі
заңдылықтар
Глобустың негізгі
элементтері, координата
системалары, ендік,
бойлық бағыттары
бойынша нысандардың
глобустан географиялық
орнын анықтау жұмысы
Сұрақ – жауап
«Қызығушылықты
ояту»
«Миға шабуыл»

1


ІІІ бөлім. Географиялық қабық 5 сағат
9 Географиялық
қабық
заңдылықтары
Геогрфиялық қабықпен
компоненттер
қарастырылады,Географи
ялық қабықтың
заңдылықтары:
тұтастығы, ырғақтылығы,
зат және энергия алмасуы
қарастырылады
«Мүмкін»,«Ой
шақыру»,«Ойлан,
Жұптас, Пікірлес»
1
10 Литосфера,
заңдылығы
Вегенер теориясы. Тау
жыныстарының бөлінуі,
тектоникалық аймақтар,
платформа,
геосинклинальдар,
тақталар, Субдукциялар.
«Еркін талқылау»,
«Идея туралы пікір»
1
11 Атмосфера,
заңдылығы
Ауа қабаттары, ауа
райының негізгі
элементтері: температура,
ылғалдылық,
атмосфералық қысым,
1км-ге көтерілген сайын
«ойлан,тап» ,
Есептер шығару
1


Page 8

температура 6°С
төмендеуі бойынша
есептер. 1км – ге
көтерілген сайын ауа
қысымы 100 мм сынап
бағанасына төмендейді
немесе төмендеудегі
ерекшеліктерді анықтау
бойынша есептер
Картамен жұмыс жасау
12 Биосфера, жер
шарындағы
өсімдіктер мен
жануарлар
дүниесінің
таралуы
Қызықты деректер
бойынша оқушылардың
баяндамалары негізінде
құрастырылған
тапсырмалар бойынша
жұмыс
«Менің ойым»,
«Серпілген сауал»
«Қызықты альбом»
1
13 Гидросфера Судың үш күйі,
дүниежүзілік су
айналымы, ішкі және
сыртқы теңіздер,Көлдер,
түрлері.Өзендер,Мұхитта
р, негізгі су
алаптары.Жылы, суық
ағыстардың жер шары
бойынша таралуы,
цунами, тайфун.
«Еркін пікір»,
«Еркін талқылау»
1
ІV бөлім Геоэкология 2 сағат
19 Геоэкологиялық
аудандастыру
Дүниежүзі аумағын
ластану және табиғи
ортаның бұзылу деңгейі
бойынша аудандастыру;
«Менің ойым», ,
«Серпілген сауал»
1
20 Геоэкологиядағы
антропогендік
факторлар
Табиғатқа әсер ететін
антропогендік
факторларды топтастыру
және графикалық түрде
ұсыну;
«Жақсарту
жөніндегі
нұсқаулық»
«Жақсылық
тамшысы»
1
Vбөлім Геоэкономика 6 сағат
14 Геоэкономика
негіздері
Геоэкономика бағытының
мақсаты мен міндеттерін
түсіндіру;Геоэкономикан
ың негізгі категорияларын
түсіндіру; Геоэкономика
мен экономикалық
география арасындағы
«Менің ойым»,
«миға шабуыл»,
«Серпілген сауал»,
«Кезбе тілші»
1


Page 9

айырмашылықтарды
анықтау;Географиялық
кеңістіктің ролі.
15 Дүниежүзілік
шаруашылықтың
таралуы
Дүниежүзілік
шаруашылықтың
салаларын заманауи
орналастыру
факторларын
талдау;шаруашылық
салаларын орналастыруда
кеңістіктік (аумақтық)
факторларды талдау;
«Еркін пікір» 1
16 Дүниежүзілік
шаруашылықтың
құрылымы мен
моделі
Дүниежүзі елдерін
шаруашылық құрылымы
бойынша жіктеу;
Дүниежүзі
шаруашылығының
аумақтық модельдерін
талдау,бағалау.
« «Жауап беретін
әріптес» «Еркін
пікір»
1
17 Экономикасы
дамыған елдер
классификациясы
Дүниежүзі елдерін
экономикалық даму
деңгейі бойынша
жіктеу;Дүниежүзі
елдерінің экономикалық
даму стратегияларына
баға беру (қазақстандық
компонентті қосымша
қамту негізінде);
«Еркін пікір»,
«Еркін талқылау»
1
18 Қазақстан
шаруашылығыны
ң құрылымы
Қазақстан Республикасы
үшін тиімді
шаруашылықтың
құрылымын,
шаруашылық
салаларының
арақатынасын,
шаруашылығының
аумақтық құрылымын,
экономикалық
дамуындағы тиімді
көрсеткіштерді анықтау
«Еркін пікір»,
«Идея туралы пікір»
1
19 Дамушы
елдер.Дамушы
елдердің топтары.
Дамушы елдер
экономикалық даму
стратегияларына баға
беру
«Еркін талқылау» 1
VI бөлім. Ақпаратты коммуникациялық технологиядағы графикалық


Page 10

кескіндеу түрлері 1 сағат
20 Ақпаратты
коммуникациялы
қ технологиядағы
графикалық
кескіндеу түрлері
Тақырыптық
картосхемаларды АКТ
көмегімен құрастыру
«Идея туралы пікір» 1
VII бөлім. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі 3 сағат
21 Дүниежүзінің
геосаяси кеңістігі
Дүниежүзінің геосаяси
кеңістігін талдау(қазіргі
заманғы д.ж.геосаяси
кеңістігі
негізінде);Берілген
қақтығыс аймақтарының
пайда болу себебін
анықтайды және оны
шешу жолдарын ұсынады
«Еркін пікір»,
«Еркін талқылау»
1
22 Геосаясат және
геофакторлар
геосаясаттағы физикалық-
географиялық,
экономикалық,
әлеуметтік,
демографиялық, саяси,
әскери, технологиялық
факторларға баға беру;
«Еркін пікір» 1
23 Картографиялық
зерттеу әдістерін
қолдану
Практикалық жұмыс.
Кескін картаға тапсырма
бойынша әлемнің негізгі
экономикалық
аймақтарын түсіру
«жеке жұмыс»,
«миға шабуыл»
1
VIII бөлім. Геосаяси және геоэкономикалық география 1 сағат
24 Геосаяси және
геоэкономикалық
география
Әлемнің геосаяси және
геоэкономикалық
проблемаларына жеке
зерттеу жұмыстарын
арнайы жоспар бойынша
жүргізеді
«Жұппен жұмыс»,
«жеке жұмыс»,
«миға шабуыл
1
IX бөлім. Елтану 4 сағат
25 Кешенді
географиялық
аудандастыру
Дүниежүзінің түрлі
белгілер бойынша
физикалық географиялық,
тарихи-мәдени, саяси-
географиялық, геосаяси
аудандарға бөлінуін
түсіндіру;
«Жеке жұмыс»
«Бірлескен жұмыс
дағдысын
қалыптастыру»
1
26 Тарихи Дүниежүзінің тарихи- «Бірге 1


Page 11

географиялық
аудандастыру
географиялық
аймақтарын, олардың
құрамы мен
ерекшеліктерін,
географиялық
сипаттамасын
шығармашылық түрде
ұсыну;
ойлаймыз»,«Бір
қадам алға...»,
«Бірлескен жұмыс
дағдысын
қалыптастыру»
27 Салыстырмалы
елтану
Дүниежүзі елдерін
салыстыруда
қолданылатын белгілерді
анықтау;зерттеу
тақырыбына сәйкес
салыстыру әдістерін
қолдану;
«БББ», «Идея
туралы пікір»
1
28 Әлем елдерінің
рейтингісі:
есептік,
индикатор, АДИ,
матрица
көрсеткіштері
Көрсеткіштердің бірі
бойынша графикалық
түрде дүниежүзі елдерінің
рейтингін көрсету,
жиынтық көрсеткіштер
бойынша есептелінетін
дүниежүзі елдерінің
индекстері мен
рейтингтерін сипаттау
(есепке / бағалауға
алынатын көрсеткіштер,
бағалау субъектісі,
нәтижелерінің қолдану
аясы);
« Миға шабуыл»,
«жақын отыр»
1
Х бөлім. Әлем елдерінің интеграциясы 2 сағат
29 Әлем елдерінің
интеграциясы
Шаруашылықтың
интеграциялық бірлестігі
түрлерімен танысады,
бірлестіктердің
мақсаттары мен
міндеттері, құрамы,
атқаратын қызметтері
талданады.
«Бірге ойлаймыз»
«Бірлескен жұмыс
дағдысын
қалыптастыру»
1
30 Картографиялық
зерттеу әдістерін
экологиялық
проблемаларда
қолдану
Экологиялық
проблемалардың түрлері,
көлемі зерттеу әдістерінің
таңдалған түрлерімен
беріледі
«Бірлескен жұмыс
дағдысын
қалыптастыру»
1
ХІ бөлім. Адамзаттың ғаламдық проблемалары 4 сағат


Page 12

31 Адамзаттың
ғаламдық
проблемалары
Оқушылар: ғаламдық
проблемалардың
себептері мен салдарын
анықтап,
топтастырады;экономикал
ық даму, соғыс пен
қауіпсіздік және қоршаған
орта мәселелері сияқты
жаһандану мәселелерін
талдайды. Ғаламдық
проблемалардың
себептері мен салдарын
анықтап, топтастырады
«Аяқталмаған
сөйлем» тәсілі
1
32 Ғаламдық
проблемаларды
шешу жолдары
Ғаламдық
проблемалардың
критерийлерін анықтау;
«Гүлдер»,
«Ғажайып көрме»
1
33 Дүниежүзілік
діндер мен ірі тіл
әулеттері
Дүниежүзілік діндер мен
ірі тіл әулеттері туралы
мәліметтер алады, таралу
аймақтарын анықтайды,
ерекшелігін талдайды
1
34 Курсты
қорытындылау.
Оқушының
қалауы бойынша
таңдаған
тақырыпқа жоба
қорғау
Баяндама,
таныстырылым, суретті
деректер негізінде оқушы
жұмысы қаралады
«Менің ойым»,
«оқушы үні»
1
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!