Материалдар / Географиялық білім -жалпы адамзаттық қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Географиялық білім -жалпы адамзаттық қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәніне арналған әдістемелік құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2023
182
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МУКАТАЕВА ГУЛЬНУР ТАЛАПОВНА

















ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ – ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚАЗЫНА

(география пәніне арналған әдістемелік құрал)





























АЛҒЫ СӨЗ

Географиялық ортадағы экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табигатка антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.

Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және

машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек журеді.

Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген беліктерінде кұрғақшылық болады, баска жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мухиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің камымен баска жерлерге көшеді.

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.

Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара- табиғат байлықтарын тұтынуды акылға сиымды мөлшерде өзіне - өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалытастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық

психологияны және экологиялық кұқықтық сананы калыптастыру қажет. Табиғатпен тіл табысу үшін,біріншіден, өндірісті экологиязациялау максатына сай келетін біркатар шараларды іске асыру кажет. Табиғатты қорғау ушін барлық елдердін күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тисті нәтиже бере алады.

Miнe,осындай географиялық тұтастықтағы жер-анамызды трагедиялық апатқа ұшыратпауымыз ушін физикалық география пәнін оку, менгеру баршаның ортақ парызы.





















ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕ

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ БАРЫСЫНДА ОЙЫН ТҮРЛЕРІ

МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ҚОЛДАНУ


Бүгінгі таңда еліміздің білім беру ісінде көптеген түбірлі өзгерістер, әр түрлі жаһандық оқыту технологиялары енгізілуде. Білім беруде ұстаздардың жаңашыл, тиімді әдіс тәсілдерін жні колданып, өз тәжірибемді де молайтудамын.

Мақсатым:Оқушыларды пәнге белсенділікпен катыстырып, ойлау кабылеттерін дамыта отырып, ынтымақтастыққа тәрбиелеу,пәнге кызығушылығын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды өткізу. Жана заман ағымына ере білетін сауатты жаңашыл ұрпақ даярлау.

Білім мен технологияның ұштасып қатар дамыған заманында оқушыларды пәнге, кітап оқуға қызықтыра білу ұстаздар қауымы алдындағы үлкен жауапкершіліктің бірі. Ойы ұшкыр бүгінгі ұрпақ алдында 45 минутта әр-түрлі әдіс-тәсілдер пайдалану ұстаз шеберлігінің көрінісі. Сабак кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытуға көп көңіл бөлемін. Осы орайда сабақтарда

Ұлттық ойын элементтерімен қатар жаңа инновациялық технологиялардың элементтерін, тренингтер пайдалану оқушының қызығушылығын оятуда тигізер пайдасы орасан зор.

Оқушылардың белсенділігін шығармашылық кабілеттерін дамытуда,белсенділігін арттыруда, ұстаз бен оқушы арасындағы

ынтымақтастықты нығайтуда,сабақта ойын элементтерін пайдалануда топпен жұмыс жасау оқытудың негізгі тәсілдерінің бірі.

Сынып оқушыларын топқа бөлудің бірнеше түрлеріне тоқталсам: түстермен, геометриялық фигуралармен, смайликтермен, тақ және жұп сандарымен, тіпті бала санына карай жұлдыздары арқылы бөлуге болады. Топта топбасшы, спикер топты қорғау мақсатында топ мүшелерінің белсенді қатысуына көңіл бөледі.

Бөлінген топтар санына орай екінші топка бірінші топтың бағалау критерилері көрестіген паракша таратылып, топтар бірін-бірі бағалайды.Оқушылар бағалануымен өткен топпен жұмыста тіпті үлгермейтін балалардың да пәнге деген кызығушылығы артпақ.

Сабақты өткізу барысында ойын, тренингтерге қойылатын талаптар:

І.Ойынға бөлінген уақыт мөлшері оқушыны жалықтырмайтындай болуы керек.

ІІ.Ең бастысы ойын түрлері тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы катаң ескеріледі.

ІІІ. Ойынға қажетті материалдар алдын-ала дайындалуы керек.

IV.Ойынның түрін таңдап алу, мысалы, ойын мақал-мәтел,жұмбақ, жыңылтпаш түрінде болуы мүмкін.

V. Ойынның өту жоспарын жасау.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын аттырудың тағы бір түрі географияның сыныптан тыс жұмыстары мен кештері. Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу әдістері оқушылардың өз бетімен ізденісімен,ойын түрлерінің кең колданылуымен ерекшеленеді. Егер сабақтың мақсаты оқушының жақсы үлгерімі болса, мұндағы мақсат-географиялық проблемаларға кызығушылығын арттыру, өз білімін көтеру,шараны өткізудегі өзінің қоғамдық міндетін түсіну.

Сондықтан,сыныптан тыс жұмыстар сабатың мазмұнымен,әдісімен, турлерімен және жургізілу дәрежесінен де өзгеше болуы керек.

Географиядан сыныптан тыс жұмыстар алуан түрлілігімен ерекшеленеді:

үйірмелер,сыныптан тыс оқу, конференция,ертеңгіліктер мен кештер, география апталығы, ойындар, сайыстар.Қай жұмыс түрі болмасын, оқушының қоғамдық пайдалы еңбегіне назар аударған жөн.Сыныптан тыс жұмыстардың

түрлері мақсатымен ерекшеленеді.

1.«Менің таңбам» XV ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұткан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін,отбасы

жетістіктерін мінезін білуге болған. Таңба - негізгі қалқан болып табылған.

Біз де бүгінгі өткен жаңа тақырыбымызға байланысты таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі жасалған парақты алып, бөлінген бөліктерін толтырасыңдар.

Бұл таңбаны географиядан ұлы географтар тақырыптарында немесе жеке-жеке мемлекеттер таңбасын тіпті материктер таңбасын жасауда үй тапсырмасын

тексеруге немесе қорытындылау барысында көптеп колданады.

Мысалы:

Материкке «үнді аралы» есімін берді

«Саргас» теңізін ашты

Мемлекеттің туы, елтаңбасы, астанасы

Халық саны, тілі, діні





Америка материгін ашты

3 – саяхат барысында дүниеден өтті

Басқару формасы

Шаруашылығы, экономикасы



«Сикырлы таякша»

Shape1

Мемлекет жайлы үш



Shape2

Христофор Колумб





«Сиқырлы таяқша»

Оқушылар сиқырлы таяқшаны ұсына отырып, мемлекеттің экономикасының ілгерлеу жақтары мен құлдырау жақтарына токталады. 7-сыныптарда материктерді қорытындылау барысында дуние беліктерінің ең биік, ең аласа нүктелері арқылы да ойнату қызықты.

«Таны, тап, далелде»

Мақсаты: Баланың сабаққа қызығушылығына қаншалықты көңіл бөліп отырғандығын анықтауға болады. Өткен сабақты қайталау барысында көптеп колданып, оқушының өтен сабақты қалай менгергенін бакылау.

Шарты: Алдын ала оқушыға өткен сабақтан үзінді жазылған парақша таратылады. Парақшаны қай ережеге, кейіпкерге немесе географиялық тау-тасқа байланысты екенін оқушы тауып дәлелдеу керек.

8- сыныптағы Қазақстанның биік таулары такырыбында Алтай тауының пайдалы қазбалары жайлы мәліметтер келтіріп, қай тау туралы корсетілгенін анықтату, немесе мемлекеттердің тілі, діні, ақшасы, рәміздерін көрсете отырып қай мемлекет екенін анықтату.

«Кун шуағы»

Жаңа сабақтарды түсіндіру барысында қолданылуға тиісті түр. Кез келген ақын - жазушыны, кез келген сөз табы, құрмалас сөйлем түрлерін немесе кез келген географиялық денеге тоқталу барысында қолданса оқушылар қызыға қарап, есте жақсы сақтап қалады.

«Мен өзен» ойыны.

6-сыныпта «Өзендер» тақырыбынан кейін ойналады. Мұғалім ойынды бастап: -Мен Еділмін, қайда барып құямын?- дейді. Оқушы -Каспийге барып құямын- деп ары қарай ойын жалғаса береді. Оқушылар өзеннің арнасы арқылы ағып келесі өзенге құятынын біле отырып, қызығушылықтары оянады.

7-сыныпта материктер мен мұхиттардары өзен, көлдер жайлы өткенде.

8-сыныпта «Қазақстан өзендері» тақырыбында, «Өзендердің құю алаптары» тақырыптарында ойнатылады.

«Көкжиек» ойыны.

5-6 - сыныптарда көкжиек тұстарын үйрету мағынасында ойнатылады. Екі оқушы немесе топпен ойналады. Мұғалім немесе топбасшы «оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс» дегенде оқушылар аталған бағытқа жылдамдықпен бұрылуы керек. Қателескен оқушыға өткен тақырыптардан сұрақтар, дұрыс бұрылған оқушыларға ынталандыру жұлдызшасы таратылады.

«Қай қатар жылдам» ойыны.

6, 7, 8-сыныптарда ойнатылады. Географиядан бірінші топ таулар ерекшеліктерін, екінші топ қай тау екенін өте жылдамдықпен дәлелдейді. Немесе табиғат рессурстарында, масштабты табуда, географиялық құралдармен жұмыс жасау барысында оқушылар жылдамдығын, ой ұшқырлығын байқататын ойыннын бірі.

« Ұсталып калма» ойыны.

Жерге алты материктің кескіні сызылады. Алты оқушы шығып барлығы сапқа тұрғызылады. Жүргізуші әр материкке тиесілі өсімдік, жануарлар немесе қала аттарын атағанда оқушы сол материктің ішіне кіруі керек. Шатастырып басқа материке кіріп кеткен окушыға үй тапсырмасынан сұрақтар беріледі.

9-сыныпта тақтамен жұмыс ретінде ойнатылады. Тактаға Қазақстанның кескін картасы ілінеді де мұғалім табиғат

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!