Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Географиялық есептер Авторлық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған географиялық есептер шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

«ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» МЖИ ЖӘНЕ КММ









Географиялық есептер

(8 сыныпқа арналған оқу құралы)

Алматы облысы Жамбыл ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі мектеп жанындағы интернатымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі География пәнінің мұғалімдері

Ибрагимова Лайла Танболатовна

Оспанова Гульден Турсынбековна


aiacel_2015@mail.ru

guldeno@inbox.ru

тел:87028266182

тел:87071184086



















Ұзынағаш 2023



Түсінік хат

Географиялық ойлау -білімді тек картаға түсіру емес, оқшауланып қалмайтын кешенді ойлау. Жалпы білім беретін мектептің орта буын сатысында бағдарлы оқыту жаппай енгізілді. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақта білім көздерін күнделікті өмірде пайдалану қажеттілігі туады.

Қазіргі заманғы географияның танымдық ақпараты теорияны ғана қамтымай географиялық есептерді шығаруды қажет етеді. Оқушының логикалық ойлауы мен оның дамуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына іргелі білімнің негізін салады.

Физикалық география пәнін оқып-үйренгенде есептер шығарып, тапсырмалар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, тапсырмалар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге, олимпиадалық тапсырмаларды орындауға да дағдыландырады.

Білім беру жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде– оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын тапсырмалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б.

Қазіргі заман талабына сай география бағдарын таңдаған оқушы теориямен қатар әр түрлі деңгейдегіі есептерді және әр түрлі диаграммалар сызуды де тез және тиімді жолдарын білу керек. Соған байланысты 8 сынып оқушыларына арналған «Географиялық есептер» бағдарламасын ұсынып отырмыз. Авторлық бағдарламаның мазмұны География ғылымы мен оның зерттеу әдістері,картография және деректер базасы, физикалық, әлеуметтік, экономикалық география, елтану және саяси география қамтылған.

Өзектілігі: Қазіргі ғылым мен білім бірдей дамыған егеменді еліміздегі география ілімінің білім беру технологиясының жаңа сындарын іздеу, ашып көрсету үшін географиялық есептер шығарудың алар орны ерекше. Оны жас ұрпаққа үйрету, оқыту бұл бағдарламаның өзектілігі болып табылады. Географиялық есептерді шығару кезінде оқушылар белгілі бір көлемдегі білімді меңгереді, ойлау қабілетін ұштай түседі, алға қойылған міндеттерді өз бетімен шешуге дағдыланады.









Бағдарламаның мақсаты


Оқушылардың география пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Географиялық есептер мен тапсырмаларды орындау оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге жоспарланған.



Міндеттері

  • Тапсырмалар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, география пәніне қызығушылығын арттыру;

  • Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;

  • Оқушының жеке интеллектуалды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы логикалық дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту, ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын география ғылымының негізін меңгеру;

Ерекшелігі:

Бағдарламада жекелеген тараулар бойынша есептер қарастырылған. Әр бір тарау бойынша есептер белгілі заңдылық бойынша терең тиянақты білім алуына, білім дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер: Бағдараламаның құрылымы мен мазмұны қосымша білім көздерін, заманауи ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушыларды өз беттерімен іздену, сипаттау, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау дағдылары қалыптасады. Бағдараламаның тапсырмаларын орындағаннан кейін, тексеруге арналған.

  • Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

  • Танымдық қабілеттері дамиды.

  • мазмұны бар есептерді шеше біледі.

  • есептердің бірнеше шығару жолдарын біледі.

.







Авторлық бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

(Барлығы -36сағат, аптасына 1 сағат)


І бөлім. Географиялық зерттеу әдістері

1.Кіріспе (1сағат)

Бағдарлама бойынша түсіндіру. География ғылымының салалары мен бағыттарына жалпы шолу.

2. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері (3 сағат)

Географиялық зерттеу әдістеріне анықтама беріледі. Зерттеу әдістеріне жеке тоқталып, іс-тәжірибеде қолданады.

3.Географиялық деректерді өңдеу және талдау (1 сағат)

Сандық және сапалық географиялық деректерге жеке тоқталып, деректерді топтастыру, рангтерге жіктеу берілген.

ІІ бөлім. Картография және картографиялық деректер базасы

1.Географиялық карталар (2 сағат)

Географиялық карталарды топтастыру, мазмұнына, қамтитын аумағына, ауданы және масштабына байланысты есептер шығару.

2.Тақырыптық карталарды қосымша сипаттайтын элементтері (2 сағат)

Тақырыптық карталардың басты ерекшеліктеріне көңіл бөліп, сапалық түс әдісі, изосызықтар мен қозғалыс сызықтарын түсіну, жұмыс жасау.

3.Географиялық деректер базасын картографияда қолдану (1 сағат)

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға мағлұмат бере отырып, қолдану, деректер базасын құру.

ІІІ бөлім. Физикалық география

Литосфера

1. Жер бедерінің жіктелуі (2 сағат)

Жер бедерінің қалыптасуы мен таралу заңдылықтарына анықтама бере отырып, жер бедерін жіктеу. Материктердің ірі орографиялық элементтерімен танысу.

2. Тау жыныстарының жасын анықтау (1сағат)

Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі. Тау жыныстарының қасиетімен танысып, тау жыныстарының жасын анықтау, ажырату.

ІV бөлім. Атмосфера

1. Климат түзуші факторлар (1 сағат)

Климаттың қалыптасуына әсер ететін факторларымен танысып, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі.

2.Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы (1 сағат)

Ауа массалары. Ауа массаларының негізгі ерекшеліктеріне анықтама беріліп, желдер мен муссондарға байланысты есептер шығару

3. Материктердің климаттық ерекшеліктері (1 сағат)

V бөлім. Гидросфера

1. Өзеннің гидрологиялық режимі (2сағат)

Өзен. Өзен жүйесі,оның гидрологиялық режимімен танысады. Тақырыпқа байланысты есептер беріледі.

2. Көлдер мен мұздықтар (1 сағат)

Көлдер. Көлдердің шығу тегі мен қалыптасуына анықтама беріледі.Қазақстанның көлдеріне компонентті қосымша қамту негізінде есептер көрсетіледі.

VІ бөлім. Биосфера

1. Табиғат зоналары мен биіктік белдеулері (2 сағат)

Жер шарының табиғат зоналарына түсініктеме беріліп, биіктік белдеулік, өзгерісіне есептер берілген.

VІІ бөлім. Әлеуметтік география

1. Халық санағы (1 сағат)

Берілген ақырыпта халық санағының әдістерімен, ағымдағы және ағымдық бағалау санағына тоқталамыз. Халық санағында,ы негізгі термин сөздермен танысамыз, халық санағындағы тығыздықты анықтаймыз.

2. Ұдайы өсудің түрлері (2 сағат)

Дүниежүзі елдерін ұдайы өсудің түрі бойынша жіктейді, түрлерімен танысады.

3.Демографиялық көрсеткіштерді есептеу (3 сағат)

Елдердің демографиялық жағдайын талдап, демографиялық көрсеткіштерін есептеуді үйренеміз.

VІІІ бөлім. Экономикалық география

1.Табиғи ресурстар

Табиғи ресурстар. Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыда бағалау мен қатар эколошиялық бағалуына тоқталамыз.Ресурс түрлерімен қамтамасыз етілу көрсеткіштерін есептеп шығаруды үйренеміз.

2. Дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау

Табиғат ресурстарына қосымша мәлімет бере отырыып, негізгі топтары мен түрлеріне сипаттама бере отырып, табиғат ресурстарының қоры мен оны өндірудің арақатынасын анықтаймыз.

IX бөлім. Елтану және саяси география негіздері

3. Дүниежүзі елдері (1 сағат)

Дүниежүзінің саяси картасы,елдердің саяси типологиясы мен сандық және сапалық түрлерін сипаттап, тапсырмалар орындау

36. Қорытындылау (1 сағат)

Авторлық бағдарламада берілген тақырыптарды жалпы электронды платформаларды қолдану арқылы қорытындылау








«Географиялық есептер»

/Барлығы 36 сағат/

Бөлім атауы

Сабақтың тақырыбы

Оқу мақсаттарының нәтижелері

Сағат

саны

мерзімі

Ескерту

1


Кіріспе.


1



І бөлім Географиялық зерттеу әдістері

2

3

4


Далалық зерттеу әдістерін іс-тәжірибеде қолдану

8.1.1.3 Далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп қолданады

3



Картографиялық әдістері

Статистикалық әдіске арналған тапсырмалар

5


Географиялық деректерді өңдеу және талдау

8.1.1.4 Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды

1



ІІ бөлім Картография және картографиялық деректер базасы

6-7

Географиялық карталар

8.2.1.3 Географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсету

2



Географиялық номенклатура

8


Тақырыптық карталарды қосымша сипаттайтын элементтері

8.2.1.1 Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте

2



Тақырыптық географиялық номенклатура

9-10


Географиялық деректер базасын картографияда қолдану


8.2.2.1 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, деректер базасын құрастырады

1



ІІІ бөлім Физикалық география

11-12

Литосфера

Жер бедерінің жіктелуі

8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді

Жер бедері түрлерін жоспар бойынша сипаттайды

2



Жер бедерін сипаттау бойынша тапсырмалар

13


Тау жыныстарының жасын анықтау

8.3.1.8 Тау жыныстарының жасын анықтау

1



14

Атмосфера

Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы

8.3.2.2 Атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіреді

1



15-16


Материктердің климаттық ерекшеліктері

8.32.4 Әр материкте орналасқан климаттық белдеулерді салыстырады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2023
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12