Материалдар / ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ТАПСЫРМА ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ТАПСЫРМА ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
382
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДА ТАПСЫРМА ҚҰРАСТЫРУДЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТУРЛЫБЕКОВА ГУЛЖАЗИРА МАКСУТОВНА

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта мектептің

география пәні мұғалімі


ХХІ- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі заманға сай зерделі шығармашыл, қабілетті де білімді өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш жеке тұлға бейнесін қалыптастыру маңызды. География ғылымының өте қызықты да күрделі, осы пәнге қызықтыру үшін мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта тиімді қолдануды талап етеді.

Елбасының ұрпақ болашағы үшін айтқан ой – түйіні ғасыр мектебіне жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отыр.

Негізгі мектептің 7-8 сыныбында оқытылатын «География» пәні бойынша ойын – сабақ, викториналық – сабақ, сабақ – конкурс, топтық сайыс сабақ, географиялық саяхат сабақ, білім тексеру сабағы, ал 9-сыныптағы «Қазақстанның «географиясы шет елдер географиясын» өткен кезде интеграциялық сабақ, блок сабақ, сабақ – конфиренция – реферат немесе – оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғау сияқты сабақ түрлерімен толықтырылады. География пәні ең қызықты, оқушылардың белсенділігін, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндігі жоғары пән. Дегенмен әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіс пен ұсынылатын тапсырма оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін сәйкес оқыту әдісі мен тапсырмалар таңдай білу керек.

Сабаққа дайындық барысында әрдайым оқушының географиялық білімін жетілдірудің негізі – оқушының өз бетінше ізденуін, көзден тыс қалдырмай, үнемі оқушы кітап көлемімен шектеліп қалмау үшін, қосымша ақпарат іздеп, зерттеуге арналған тапсырмаларды ұсынуға болады. Мәселен сабақ барысында 9-сынып оқушыларына «Дүниежүзілік шаруашылықтың даму үрдістері» тақырыбын өту барысында төмендегідей оңайдан күрделіге бағытталған тапсырмалар ұсынуға болады:

1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Ойлан-жұптас, бірік» әдісі бойынша топта оқушылар мәтінмен танысып, пікірталасқа түседі, ой бөліседі. Әр топ өздерінің түсінгенін тұжырым картаға түсіріп, өздерінің түсінгенін еркін айтады, дүние жүзілік шаруашылықтың даму кезеңдерін анықтайды және оларға сипаттама береді.

І топ – Дүниежүзілік шаруашылықтағы өсімдік шаруашылығының дамуы.

ІІ топ –Индустриялану кезеңдегі өнеркәсіптің технологиялық жетістіктері.

ІІІ топ – Қазіргі кезеңнің технологиялық жетістіктері.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы оқушылар қосымша берілген мәліметтерді пайдалана отырып, дүние жүзілік шаруашылықтың дамуына әсер ететін факторларды талдайды және кескін картаға шаруашылықтың негізгі салаларын белгілейді және жаңа тақырыпқа байланысты терминдерді анықтамалармен сәйкестендіреді.

Ұғым

Сәйкестік

Анықтамасы

1

Ғаламдану


А. ғылыми - техника үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүние жүзінің көптеген елдер мен шаруашылық салаларын қамтыған құбылыс

2

ҒТР


В. аймақтық экономикалық ынтымақтастық

3

Интеграция


С. ұлтаралық бірлестіктердің белсенді әрекет етуі және дүниежүзілік шаруашылықты біртұтас жүйеге айналдыруын жүзеге асыру.

4

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі


D. 1993 ж – Еуропа мемлекеттері;

5

Экономикалық Одақ


Г. АПЭК, 1989 ж, - Аустралия, АҚШ, Ресей, Жапония, Жаңа Зеландия, Қытай, Мексика, Бруней, Чили және тб 14 мемлекет, және НАФТА, 1994 ж АҚШ, Канада, Мексика.

6

Еркін сауда аймағы


Е. жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануы.

3-тапсырма. Өзіндік жұмыс. «Білгенге маржан» әдісі арқылы оқушылар ғаламтордан қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, Қазақстанның дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын анықтайды, үлесіне баға береді және өмірмен байланыстырып мысалдар келтіреді.

Сабақ барысындағы тапсырмалар оқушылардың білімге деген қажеттіліктері мен жеке қабілеттерін ескеріп құрастырылғаны абзал, яғни оқытудың спиральді бағдарламасы негізге алынуы тиіс. Мектептегі барлық оқушылар бірден өзіндік ізденіс жұмысымен айналыса алмайды. Бірақ осындай тапсырма түрлері ерекше шығармашылықпен айналысатын баланың өз бойына қызығушылықтары болуы шарт немесе пәнге деген қызығушылығы басым болады.

Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж. Аймауытұлы, 1929). Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді білім беру бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016

  2. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Искакова Р., Ерназарова З. Қызылорда, 2018жыл.

  3. Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. // Сыныптағы тәрбие. №1,2017                    








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!