Географияны зерттеу нысандары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Географияны зерттеу нысандары

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі Кабинеті: 40 Мұғалімі: Бегалиева Г.А

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін мысалдар арқылы меңгерту. Біріккен сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшелікті таба білуге икемдеу.Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Құзіреттілік, ақпараттық шығармашылықтарын арттыруға бағыт беру.
Эстетикалық талғамдарын арттыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, түсіндіру, СТО,

Сабақтың көрнекіліктері: сызба, слайд, қосымша тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Психологиялық дайындық: (бір - біріне тілек айту)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ.Аралас сабақ

  • Күрделі сөз дегеніміз не? Кәне, кім айтады?

  • Күрделі сөз нешеге бөлінетін еді?

  • 3-ке

  • Иә атап өтсек. Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз.

  • Осы күрделі сөздің қайсысына тоқталып едік?

  • Біріккен сөзге

  • Жақсы, өте дұрыс. Біріккен сөз дегеніміз не?

  • Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды. Олар бірігіп жазылады: алабота, балқарағай.

  • Өте тамаша.

  • Жер – су аттарын білдіретін біріккен сөздер қатар келгенде нені сақтап жазылатын еді? Кім айтады?

  • Иә дұрыс айтасың? Жер – су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады: Сарыағаш, Сарыарқа.

  • Жақсы. Балалар сіздер өткен тақырыпты өте ұқыптылықпен қарап дайындалып жүріп сіздер. Маған бүгінгі сабаққа дайындықтарыңыз өте қатты ұнады.

  • Балалар тақтаға назар аударсақ бұнда нелер беріліп тұр. Шарлар. Неше шар?

  • 13.

  • Дұрыс айтасыңдар. Олай болса қазір мынандай ойын онаймыз. Шарды қолына алған оқушы есімі біріккен сөзге жата ма? жатпай ма? Соны түсіндіреді?

  • Жақсы бәріміз бұл ойынға жақсы ат салыстық. Ендеше біріккен сөз адам есімдерінде де болады екен. Себебі олар екі немесе уш түбірден құралса.

  • Екіншіден осы адамның есімдеріне байланысты бірігіп берілген есімдер түрлі өзгеріске ұшырайды екен. Ережесін айтып кетейін сіздерге.

  • Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты, ұяң, үнді дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірдің басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса, олардың орынына ғ,г әріптері жазылады, ал қатаң болып айтылса, қ,к әріптері жазылады: Ботагөз, Ырыскелді .

  • Олай болса бүгін біріккен сөздің жалғасын өту үшін кітабымыздың 100-101 беттеріндегі жаттығуларды орындаудан бастайық.


ІҮ.Кітаппен жұмыс

21-ж. Кісі аттарын көшіріп жаз.

Амангелді, Ботагөз, Айғыз, Төрегелді, Нұрғожа, Есқожа, Әділқайыр, Қазанғап.

  • Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

22-ж. Есенгелді, Нұрғиса, Досжан, Жанпейіс сөздерін қатыстырп сөйлем құрап жаз.

  • Бұл сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

  • Жұмаділ, Әбдіахмет сөздерінің қандай сөздерден құралғанын айт. Олардың дыбыстық құрамында болған өзгерісті байқа.


23-ж. Өтірік өлеңді оқып, жатқа жаз.

Сужыланға емделген,

Тасбақаны қарсы алдым.

Сексеуілмен жемделген

Таскенеге ер салдым.

(Оразбай Байбақов)

  • Біріккен сөздердің астын сыз.

24-ж. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің біріккен сөздер екенін дәлелде.

Оңтүстік, оңтүстік, оңтүсік!

Жортатын жер емес бір түстік:

Бетпақ пен Қызылқұм арасы,

Түлкібас, Түрікстан қаласы,

Арыс пен Сырдария жағасы,

Қаратау, Қазығұрт саласы,

Келістің көлбеген даласы, -

Оңтүстік, оңтүстік қарашы.

(Әбдікәрім Ахметов)

25-ж. Ребусты дұрыс шешсең, біріккен сөзден жасалған жануардың аты шығады.


Picture 4 Shape1 Shape2 Picture 6

  • Ребустың шешуі болатын жануар туралы не білесің? Әңгімеле.


Тауешкі немесе безоар ешкісісақалды теке (лат. Capra aegagrus) — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы ешкінің бірі; таулы теке туысына жататын сүтқоректі.[2]

Дене ұзындығы 150 см. шоқтығының биіктігі 80-95 см. Мүйіздері қылыш тәрізді екі жағынан сығылған еркектерінде ұзындығы 130 см. Шығыс, Орта және Оңтүстік Азияда кездеседі. ТМД - Кавказда -Оңтүстік Түркменияда. Көтерілуге қиын таулы жерлерді мекендейді. Үй ешкілерінің арғы тегі. 2 түр тармағы КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Етін — жеу, терісін — киім-кешек жасау үшін аулайды.


Ү. Бекіту.


  1. Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
    мүйіз - бақан
    суық - қазан
    көл - торғай
    жол - сүйек
    алты - қу
    жеті - бақа
    бір - барыс
    ақ - тұмсық
    ақ – қарақшы

Дұрысы: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс, алтыбақан, жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.


  1. Жұмбақ шешу:

Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді (тасбақа)
Сақталар терген олжасы
Алқымында бар дорбасы (бірқазан)


  1. Ойын

Қарша борату стратегиясы

Балалардың алдарына бір ақ беттен қойп кету. Осыған бүгінгі өткен тақырып бойынша 1 сұрақтан жазғызып, болғасын бір – біріне лақтыру арқылы өздерінің білмеген сұрақтарына жауап алу мақсатында өткізілетін тәжірибе алмасу ойыны.

Ү. Үйге тапсырма:

- 26-жаттығу. Ережені қайталау

ҮІ Оқушыларды бағалау






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
562
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі