Гг дыбысы мен әріпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гг дыбысы мен әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне және жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу күні:

Сабақтың тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға г дыбыс мен әрпін таныстыру. Сөз ішінде г дыбысының ерекшелігін меңгерту. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы г дыбысының дауыссыз екенін байқату.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің суреті, ребус.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру, оқу, жазу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу.
Ә) Оқушы назарын сабаққа аудару.
Б) Балалар сабақты бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебіздер тілейік.
1. Елімізге тыныштық тілейміз!
2. Күніміз жарқын болсын!
3. Аспанымыз ашық болсын!
4. Деніміз сау болсын!
5. Нанымыз көп болсын!
6. Көк туымыз биік болсын!

Балалар біз бүгін Әліппе пәнінен ертегі сабағын өтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма? Олай болса ертегіміздің аты «Мақта қыз бен мысық».
Ерте ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. «Сен менің тапсырмамды орындасаң мен саған құйрығыңды беремін», – дейді Мақта қыз.
Ал балалар енді біз мысыққа көмектесейік. Осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмасын бірге орындайық.

Сиыр тапсырмасы:
- Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

В) Күн ретімен таныстыру. 

- Балалар, бүгін қарашаның нешесі?

- Қараша айының

-Бүгін аптаның қай күні?

-

Үй тапсырмасын сұрау: 

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-Үү әрпімен

-Ендеше, Үү әрпін еске түсірейік.

-Үү дыбысы қандай дыбыс?

-Үү дыбысы дауысты дыбысқа жатады.

-Оқушылар күнделікті сабақта қолданып жүрген дауысты белгісін(қызыл дөңгелек) көтереді.

-Үү дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Басында және ортасында.

-Үү дыбысы кездесетін сөздер айту.

-Мысалы: үйрек, үкі, түлкі т.б.

-Айтылған сөздерден сөйлем құрау.



Біз Әліппе пәнінен «Дыбыс және әріп» тарауын өтіп жатырмыз.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріпті көреміз, жазамыз.
- Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар? 42 әріп, 40 дыбыс
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Талдың тапсырмасы:

«Жоқ буында тап » ойыны
Өшір . . . , бүр. . ., бел. . .


Қыздардың тапсырмасы:
«Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө.



«Дүкеншінің тапсырмасы: Жұмбақ жасыру.
Газда бар, ауада жоқ
Гүлде бар, жуада жоқ - бұл қай әріп (Г)


Дұрыс, ендеше біз сіздермен Г дыбысымен танысамыз. Енді бәріміз хормен айтамыз. Қандай дыбыс екен? Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқылы жасалады. Суреттер арқылы г дыбысының орналасу ретін анықтау, г дыбысы сөздің басында, ортасында кездесетінін айтып, түсіндіру. Г дыбысының баспа, жазба түрін көрсету.
«Түймедақ» гүлін құрастырып, тақтаға ілу.
Электрондық оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. 86 – беттегі бағандағы сөздерді оқи беріп, мағынасын ашу.
Егеу - үй шаруасында қолданылатын құрал.
Сегіз - сан.
Шеге - ағашқа қағатын зат.
Кереге - киіз үйдің бөлігі.
Бетеге - өсімдік, шөптесін өсімдік, жерге жабысып өседі.
Неге - сұрақ.
Мезгіл - уақыт.
Егіз - бір анадан, бір мезгілде туылса егіз дейміз.
Хормен оқыту. Бағанадағы сөздер ішінен 3 буынды, әріп сөздерді тауып көрейікші. Ше - ге - ле, ке - ре - ге, бе - те - ге.

«Ақ көгершін»өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту.
Оқушылармен үнтаспаны пайдалана отырып әнімен орындату.
(Менің сабағымдағы ақ көгершіннің тілегі... Оқушылар өз тілектерін айта отырып, көгершіндерін тақтаға іледі.)

Дәптермен жұмыс.
Арнайы дәптерге Г әрпінің үлкен және кіші әрпін жазу. Ауада жазу.


Тышқанның тапсырмасы:
Жоғалған әріптерді тап....
үл, бүр... е, іл... ек, мер... ен, ерте... і, әң... іме,

бел... і, бәй... е.

Сабақты қорыту.
Ой қозғау.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Г дыбысы қандай дыбыс?
- Қалай айтылады?
- Г дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Г дыбысы дауыссыз дыбыс, өйткені созып айтуға келмейді. Ұяң шұғыл айтылады, тіл арқалы жасалады деп сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау Оқушылар Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып беретін болды, мысық сендерге өте риза.
Үйге тапсырма

Оқушыларды мадақтау



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2018
545
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі