Гибридологиялық әдістің принциптері. Ди және полигибридті будандастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гибридологиялық әдістің принциптері. Ди және полигибридті будандастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеуге және генетикалық есептер шығаруға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті











БӨЖ

Гибридологиялық әдістің принциптері. Ди- және полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалаушылық.

Орындаған: Егізбай Д

Қабылдаған: Спабек. Г

Тобы: 113-37



























Тұқым қуалаушылықтың негізгі зандылықтары

Генетика — тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін

ғылым. Оның қалыптасуы 1900 жылдан басталады, ал негізін

қалаушысы, «атасы» — чех ғалымы Г. Мендель.

Тұқым қуалаушылық тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің

бірі — ол ұрпақтан-ұрпаққа ата-аналарының белгілерінің,

қасиеттерінің үздіксіз беріліп отырылуын қамтамасыз етеді. Тұқым

қуалаушылықтың екі мəні белгілі: 1) оның тұрақты, консервативті

болуы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа ағзалардың негізгі белгілері мен

қасиеттерінің өзгеріссіз беріліп отырылуы. Оған мысал ретінде

қойдан қозының, түйеден ботаның, биеден құлынның, иттен

күшіктің туылуын атауға болады; бидай сепсек бидай жинаймыз,

жүгеріден жүгері өнеді; асқабақтан асқабақ жетіледі т.с.с. Тұкым

қуалаушылықтың консервативтілігінің нəтижесінде биологиялық

түрлердің, тіршіліктің тұрақтылығы, біртұтастығы қалыптасады;

тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни əр түрлі

себептердің салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері

азды-көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мыңдаған мысал келтіруге

болады. Бір отбасының балалары бір-бірінен аз да болса ерекше,

өзгеше болады; қорадағы қой, ешкі, сиыр, жылқылар бір-бірінен

сəл де болса өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері, арпа тағы

сол стяқты өсімдіктер биіктігі, өнімділігі жағынан түрліше болвп

келеді. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нəтижесінде тіршіліктің

сан алуан түрлері пайда болған.

Генетика ғылымының негізгі мақсаты — тұқым қуалаушылық

пен өзгергіштікті зерттеп, тіршіліктің негізгі зандылықтарының

сырын ашу, анықтау. Оның медицина, ауыл шаруашылығы, т.б.

салалар үшін маңызы өте зор. Адам ауруларының көбісі тұқым

қуалайды, ал инфекциялық, инвазиялық жəне т.б. аурулардың

зілділігі тұқымқуалашылықпен анықталады. Оларды анықтап ем-деп, ауруды болдырмай алдын алу үшін генетиканы жақсы игеру.қажет.

Ағзалардың тұқым қуалаушылық қасиеті ертедегі грек

оқымыстыларына белгілі болған, бірақ олар оның мəнін дұрыс

түсіндіре алмаған.

Олардың болжамдары бойынша ұрпақтардың белгілері, қасиет-

тері атасы мен анасының тұқым қуалаушылық материалдарының

өзара қосылуы нəтижесіңде қалыптасады. Осы сияқты болжамды

Ч.Дарвин де дамытқан. Ол өзінің эволюциялық ілімін генетикалық

тұрғыдан түсіндіру үшін «пангенезис» теориясын ұсынған. Бұл

болжам бойынша ағзалардың əрбір мүшесі, ұлпалары ерекше зат

жыныстық жасушалар «пангендер» бөліп шығарады, ал олар қан

арқылы жыныс жасушаларына жеткізіліп, (гаметалар) ұрықтанған

кезде өзара қосылады,— деген (12-сурет).

1865 жылы чех ғалымы Г. Мендель тұқым қуалаушылықтың

дискретті (тəуелсіз тұқым қуалау) теориясын қалыптастырды.

Бұл теория бойынша ата-аналарының тұқым қуалаушылық фак-

торлары (гендер) жыныстық жасушалар қосылған кезде бір-

бірімен өзара араласпайды, керісінше олар дербес, дискретті

«таза күйінде» болады. Ата-аналарының белгілері ерте ме, кеш пе

ұрпақтарда байқалып, қайталанып отырады (13-сурет).

Г. Мендель тəжірибелері

1865 жылы Чехословакияның Брно қаласының шағын ғылыми

ұйымының кезекті мəжілісінде Г. Мендель өзінің тəжірибелерінің

қорытындыларын баяндады. Ол моно-ди-полигибридтік буданда-

стыру əдістерін қолданған. Г. Мендельдің тəжірибелік əдістері сол

кездегі басқа оқымыстылардың əдістерінен мүлдем өзгеше бола-

ды:

1) ол будандастыру үшін бір-бірінен айқын ажыратуға бола-

тын балама белгілерді қолданған, мысалы: тұқымның түсінің

сары не жасыл болуы; жемістерінің түсінің сары не жасыл болуы;

гүлдерінің түсінің кызыл не ақ болуы; өсімдік сабақтарының ұзын

не қысқа болуы; гүлдерінің сабақ төбесіне не жапырақ қойнына

орналасуы жəне т.с.с;

2) будандастыруға дейін өсімдіктерді бірнеше жыл бойы-

на өздігінен тозаңдатып, белгілердің тазалығына (гомозиготалы

күйіне) жеткізген;

3) белгілердің ұрпақтарда байқалуын ерінбей бір-бірлеп есеп-

теп санаған;

4) гибридология (будандастыру) нəтижесін талдау үшін

математикалық аппаратты кеңінен пайдаланған жəне ұрпақтардың

белгілерінің бəрін бірдей емес, тек нақтылы 1, 2 не 3 белгілердің

тұқым қуалауын ғана талдаған;

Моногибридті будандастыру. Г. Мендель бұршақтың тұқы-

мының түсі сары не жасыл болып келетін екі сортын өзара39

будандастырған. Сонда бірінші ұрпақтың тұкымдары бəрінде

де сары болып келген. Бірінші ұрпақтың өкілдерін өздігінен

тозаңдандырғанда екінші ұрпақта сары түсті бұршақтармен қатар

жасыл түсті бұршақтар да байқалған. Г. Мендель бірінші ұрпақта

байқалған сары белгіні доминантты, ал бірінші ұрпақта байқалмай,

тек екінші ұрпақта ғана байқалатын жасыл түсті рецессивті белгі

деп атаған. Г. Мендель бұршақтың түсі (сары, жасыл) екі тəуелсіз,

дискретті тұқым қуалаушылық факторлары арқылы беріледі

деп болжамдап, доминантты белгіні АА, рецессивті белгіні

аа əріптерімен жазып бейнелеген, сонда оның моногибридті

будандастыруының нəтижесі мынадай болады:

P. АА х аа
Г.А
а
Ғ₁Аа;Аа

Бірінші ұрпақ өкілдерінің тұқымдарының бəрінде бірдей (сары

түс) белгінің байқалуын Г. Мендельдің 1-заңы — гибридтер

белгілерінің біркелкілік заңы деп аталады.

Г. Мендельдің 2-заңы — белгілердің ажырау заңы деп атала-

ды. Бірінші ұрпақ өкілдерін (сары түсті бұршақтар) өздігінен

тозаңдастырсақ екінші ұрпақта белгілердің ажырауын байқаймыз.

3 бөлігі сары (АА; Аа; Аа), ал бір бөлігі (аа) жасыл түсті болады.
Р.Аа
хАа
Г.А а А а
Ғ
АА;Аа;аа

Г. Мендель дигибридтті будандастыруға да тəжірибе жасаған,

яғни ол сары түсті тегіс бұршақты (доминантты белгілер) жасыл

түстікедір-бұдыр (рецессивтібелгілер) бұршақпенбудандастырған.

Сонда мынадай нəтиже алынған.

P. ААВВ х аавв

Г. АВ ав

Ғ₁ АаВв; АаВв

Бірінші ұрпақ дигетерозиготалы бұршақтарды өздігінен

тозаңдандырғанда төмендегідей ажырау байқалған.

Р. АаВв х АаВв

Г. АВ Ав аВ ав

Ғ₂ Пеннет кестесіне қара:




АВ


Ав


аВ


ав

АВ

ААВВ

ААВв

АаВВ

АаВв

Ав

ААВв

ААвв

АаВв

Аавв

аВ

АаВВ

АаВв

ааВВ

ааВв

ав

АаВа

Аавв

Аавв

аавв


Бірінші ұрпақтың өкілдерінің бəрінің тұқымдары сары жəне

тегіс болып Г. Мендельдің бірінші заңы — біркелкілік заңы

қайталанған. Ал екінші ұрпақта белгілер 9:3:3:1 арақатынасындай

ажырайды. Бұл жерде ата-аналарына тəн белгілер (сары тегіс, жа-

сыл кедір-бұдыр) мен қатар жаңа, ата-аналарында кездеспейтін

белгілер де пайда боған (сары кедір-бұдыр, жасыл тегіс). Мұны

біз кроссинговер құбылысының нəтижесі деп білуіміз керек.

Сол сияқты, əрбір жұп белгілерді өз алдына дербес талдай-

тын болсақ, олар бір-бірінен тəуелсіз ажырасады жəне олар 3:1

арақатынасындай мөлшерде ажырасады. Мысалы, Г. Мендель

тəжірибесінде сары бұршақтар саны 12, жасыл бұршақтар 4 (12:4

=3:1); тегіс бұршақтар 12, кедір-бұдыр бұршақтар 4 (12:4 =3:1).

Міне осыған байланысты Г. Мендельдің 3-заңы — белгілердің

тəуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады, яғни диполигибридті

будандасуларда əрбір жұп белгілер бір-бірінен тəуелсіз тұқым

қуалайды; тəуелсіз ажырасады.



















































ƏДЕБИЕТТЕР

1. Айала Ф., Кайгер Д. Ж. Современная генетика. В 3-томах.—

Москва, 1988.

2. Əбілаев С. Л., Қуандықов Е. Ө., Төлебаев Р. К. Медициналық

биология жəне генетика.— Шымкент, 1996.

3. Биология. / Под редакцией В. Н. Ярыгина.— Москва, 1984.

4. Биология. В 2-х книг., // Под редакцией В. Н. Ярыгина.—Москва, 2001.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2020
1487
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі