Материалдар / Гидросфера – Жердің су қабығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гидросфера – Жердің су қабығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы:Гидросфера – Жердің су қабығы Бұлсабақта Дүниежүзілік мұхит ұғымын түсінеді, судың үш күйін, қасиеттері туралы, негізгі құрамдас бөліктері жайлы, су айналымы, минералды сулар туралы, тіршіліктегі судың маңыздылығын түсінеді. Қазіргі кездегі адамзат алдында тұрған міндет таза ауаны қорғау, оны ластамау, зиянды қалдықтармен күресу, Табиғат-Ананы қорғауға, аялауға үйреніп,тәрбиеленеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2017
652
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы

Наурызбай ауданы

174 мектеп-гимназиясының

география пәнінің мұғалімі

Қаратаева Шынар Амануллаевна




Тақырыбы: Гидросфера – Жердің су қабығы

Мақсаты:

  1. Дүниежүзілік мұхит ұғымын түсіндіру, судың үш күйін, қасиеттері туралы, негізгі құрамдас бөліктері жайлы, су айналымы, минералды сулар туралы, тіршіліктегі судың маңыздылығын түсіндіре отырып, ой- танымдарын қалыптастыру;

  2. Пәнге деген қызығушылығын, ой-өрісін,есте сақтау қабілетін, шығармашылығын арттыру,дамыту.

  3. Қазіргі кездегі адамзат алдында тұрған міндет таза ауаны қорғау, оны ластамау, зиянды қалдықтармен күресу, Табиғат-Ананы қорғап, аялауға үйрету,тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың әдісі: Презентация сабақ, топтық жұмыс, блум таксономиясы

Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары, интерактивті тақта суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, тұз, қант, стакан;

Дерек көздер: «Гидросфера – су қабығы» тақырыбына берілген оқулық материалы, қосымша материалдар, жұмыс дәптері;



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа білім меңгеру, түсіну

ІҮ. Қолдану

Ү. Талдау.

ҮІ. Жинақтау.Бағалау. Кері байланыс (рефлексия)

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру

ҮІІІ. Бағалау кезеңі


І.

  • Оқушылар сынып бөлмесіне кірген кезде қолдарына суретті жетон ұстатымын.

  • Сыныптың тазалығын, сыныптағы дайындық және оқушылардың түгелдігін сұрау, оқушыларға психологиялық ахуал туғызу, қызығушылықты ояту.

ІІ. Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтарын қою. «Кім жылдам?» ойыны.

Үй тапсырмасын тексеріп, сұрақтарға жауап берген балаларга суретті магниттер беремін. (оқушының жинаған суретті магнит санына қарай бағалаймын).






«Кім жылдам?» сұрақтары:

  1. топ:

  1. Жан- жағын 4 мұхит қоршап жатқан материк? –Еуразия

  2. Литосфераны, барлық суларды, атмосфераның 20 шақырым биіктікке дейінгі төменгі қабатын, биосфераны қосып не деп атайды?- Географиялық қабық.

  3. Жердің ішкі құрылымын жазып көрсет?- Жер қыртысы, мантия, ядро

  4. Жанартаулық шыны?- Обсидиан

  5. Пайдалы қазбалардың топтасып жинақталған жері?- Кен орны

  6. Картадан Грендландия аралын және Африка материгін көрсетіңіз?

  1. топ:


  1. Тау жыныстары нешеге бөлінеді?- 3

  2. Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болатын өте биік толқындар?- Цунами

  3. Қай материк екенін тауып жазыңыз?- Солтүстік Америка

  4. Олардың қатарына гранит, базальт, жанартаулық туф, обсидиан кіреді. Қандай жыныстар туралы айтылды?- Магмалық жыныстар

  5. Картадан Жаңа Гвинея мен Мальдив аралын тауып көрсетіңіз?

  6. Шығу тегі біртекті аралдар тобын қалай атайды?- Архипелаг


  1. Топ:

  1. Құрлықтың жан- жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігі?- Материк

  2. Біркелкі орналаспаған жер бедерінің жиынтығы?- Рельеф

  3. Ең ылғалды, жасыл материк? – Оңтүстік Америка

  4. Калимантан, Мадагаскар аралдарын картадан көрсетіңіз?

  5. Қалталы жануардың мекендейтін материгін картадан көрсетіңіз?- Аустралия

  6. Қандай материк?- Антарктида


  1. Топ:

  1. Ондағы температура 3000°С- жетеді.- Ядро

  2. Гнейс, мәрмәр, кристалды тақтатас қандай тау жыныстары?- Метаморфты

  3. Гавай, Маршалл араладарын көрсетіңіз?- Маржандық аралдар

  4. Канар, Багам аралдарын көрсетіңіз?

  5. Мынау қандай арал?- Грендландия

  6. Тынық мұхитының орталығында және батысында мыңдаған аралдар тобы кездеседі. Оларды не деп атайды?- Мұхиттық аралдар.



Мұғалім әрекеті: Әр оқушының алдындағы суретті смайликтер арқылы топқа бөлу. Ұқсас суреті бар оқушылар бір топқа біріктіріледі.

Оқушылар әрекеті: Топқа жинақталып отырады.




Мұғалім әрекеті:

Жаңа сабаққа көшу үшін слайд арқылы суреттер топтамасын шығарамын.

Оқушылар әрекеті: осы суреттерге қарау арқылы бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта болатынын тауып айту.

Мұғалім әрекеті: Балалар , сонымен бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

«Гидросфера- Жердің су қабығы». Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің мерзімін және тақырыбын жазып алайық. Мақсаты түсіндіріліп айтылады.

Бүгін сабақта 4 топ өз пікір, білімдері мен ойларының жүйріктігін ортаға салады.

Олар:

1 топ- Дүниежүзілік мұхит

2 топ- Су айналымы

3 топ- Су- тіршілік

4 топ- Арасан


Барлығымыз жазып алсақ, назарларыңыз экранда болсын. Сіздерге қысқаша бейнебаян көрсетейін.


Оқушылар әрекеті: тақырыпты жазып, бейнебаянды көреді.


ІІІ. Жаңа білімді меңгеру


  • Оқушылар алдарындағы постерге, жаңа тақырып бойынша ақпараттарды, мәліметтерді түсіре отырып, ой- білімдерін, зейін мен ынта, қызығушылықтарын оятып жұмыс жасауға дағдыланады.

  • Әр топ өздерінің постерін қорғайды. Топтан екі оқушы шығады.



Гидросфера


Дүниежүзілік мұхит


Судың құрамы мен қасиеті

Су айналымы

Су - тіршілік

Судың негізгі қоры 97 % мұхит және теңіз сулары. Тұздың мөлшерінің көп болуына байланысты су кермек тартып, ішуге жарамайды. 1 литр теңіз суның құрамында 35 грамм тұз болады. (ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері). Құрлықтағы сулар көбіне тұщы болып келеді. Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 грамнан аз болуы керек.

Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит, Үнді мұхиты.

Сулардың емдік қасиеті болады. Олардың құрамында әр түрлі минералды тұздар болғандықтан, ауруды емдеуге немес алдын алуға пайдасы бар. Емдік сулардың шығып жатқан жерін арасан деп атаймыз. Арасан сулдардың жер бетіне шығып жатқан жерінде Қазақстанның емдік санаторийлі кешендері орналасқан. Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлықарасан, Жаркентарасан.





Табиғи жолмен пайда болған заттардың арасында үш түрлі күйде бірдей уақытта және бір күйден екінші күйге табиғи және жасанды жолмен ауысатыны тек- су. Осындай ауысудың нәтижесінде жерде ұдайы су айналымы болып тұрады.

Су қызады- көлемі ұлғаяды.

Су суынғанда- көлемі азаяды.

Су қататын болса- көлемі ұлғаяды.

Судың салмағы азайып , көбейеді. Мұздың салмағы судан жеңіл болғандықтан қалқып жүзеді.

Судың бүкіл тірі ағзалар үшін маңызы зор. Адам, өсімдік, жануар, су болмаса тіршілік ете алмайды. Су болмаса, Су электр стансасы, фабрикалары, зауыттар жұмыс істемейді. Соңғы кездері дүниежүзінде ауыз су жетіспеушілігі байқалып келеді. Ол үлкен мәселеге айналып отыр. Қазіргі заманның құрал- жабдықтары жер қыртысының төменгі қабаттарына бұрғылау жүргізіп, таза суларды шаруашылықтың көптеген салаларына , тұрмыстық қажеттілікті өтеуге қолдануды. Мұздықтарда негізгі тұщы су қоры сақталған. Адамдар, жануарлар, өсімдіктерге қажет тамақ өнімдері құрамында белгілі мөлшерде су болады. Табиғаттағы ең күшті еріткіш – су.

Адам денесінің 65 % -ын су құрайды, өсімдіктер бойында бұдан да көп. Қарбыз, қиярдың 90%- су. Күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді. Алма ағашы мұндай суды бір күнде сіңіреді.

Гидросфера (грек тілінен: hydor – су және sphaira – сфера) – бұл Жер бетіндегі барлық су. Бұл жер үстіндегі, жер астындағы суларды, мұздықтарды, мұзды жамылғыларды және атмосферадағы су буын қосқанда атмосфера мен Жер қыртысына өтіп кететін Жердегі су қабаты.




ІҮ. Қолдану

Тәжірибе


І топқа. «Дүниежүзілік мұхит»

«Су — мөлдір»

Балалардың алдына екі шыны ыдыс тұрады: біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды. Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді. Яғни, «Су – мөлдір, сүт мөлдір емес».

Балаларға бояу беріп, судыңда түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде біледі.


II топқа. «Су айналымы»

«Суда дәм жоқ»

 Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.


III топқа «Арасан». 

«Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.




ІҮ топ. «Су- тіршілік»

«Су- еріткіш және құм –өткізгіш сүзгі»

Балалар ыдыстағы құмды алып көреді, сонымен қатар ұсақ және ірілеу өсімдік қалдықтар , тастар болады. Дәке болады. Стақанда су тұрады. (оқушылар )

Стаканның бетін жауып дәкемен, оған құмды саламыз. Үстіне шөптерді, тастарды саламыз. Сосын стаканда тұрған суды үстінен құямыз. Бос стақан мен сүзгі ретінде дәке алынады. - құбырларға келетін таза судың тазалану процесін байқауға болады.

Осыдан құм суды өткізіп, түрлі лас қоқыстардан, өсімдік қалдықтарынан, яғни ең ірі деген қоспаларын ұстап қалады, ал судың тазарғандығын көруге болады. Бірақ мөлдір судың ішінде көзге көрінбейтін бактериялар болады. Оны жою үшін хлор және озон қолданылады.


Ү. Талдау. «Мен топқа гүл сыйлаймын.»

Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы тұрып, көрші топқа қолдарына гүл ұстап барып, өздерінің тобындағы қорғалған тақырып туралы ақпаратты қысқаша, талдап жеткізеді.

ҮІ. Бекіту. Жинақтау. Бағалау

  1. Тапсырма. Сәйкестікті тап


Дүниежүзілік мұхиттағы су қоры гидросфераның қанша пайызын алып жатыр.

  1. ден кем




Дүниежүзілік мұхиттың аумағы жер бетінен (%)

35




Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы (г/л)

71





Тұщы судың тұздылығы

97









  1. тShape1 Shape2 апсырма. Судың молекулалық құрамын жаз.

Shape3









  1. Тапсырма. Судың үш күйін жаз.

Shape4

4.Тапсырма. Картамен жұмыс.

Дүниежүзілік мұхиттарды атап, көрсетіңіз.

Тынық мұхиты, Атлант Мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит

  • Суға қатысты қандай мақал- мәтел білеміз, балалар?!

  • Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын жинақтайды.



Нәтиже: Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін дүние жүзілік су айналымы деп атайды. Табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор. Ол гидросфераның жеке бөліктерін біріктіріп қана қоймайды, сонымен бірге гидросфераны, литосфераны, атмосфера мен тірі ағзаларды бір-бірімен байланыстырады.

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

  • §13. Тақырыпты толық оқу, 48-51 беттер. Тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу. Жұмыс дәптердің 15 бетіндегі тапсырмаларды жазып орындау. Кескін картаға мұхиттардың географиялық орнының суретін салып, бояу.

ҮІІІ. Бағалау кезеңі

  • Суретті магниттерді алған оқушыларға санына қарай бағалау.

Магнит саны

Баға

2-3

3

4

4

  1. Онан да көп

5








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!