Материалдар / Ғимаратқа технологиялық мінездеме.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғимаратқа технологиялық мінездеме.

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс туралы анықтама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
930
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КіріспеҚұрылыс-халық шаруашылығының аса маңызды салаларының бірі. Ол арқылы республиканың негізгі өндірістік емес қорларының үздіксіз кеңейтілген үдемелі өндірісі қамтамасыз етіледі.Алайда,Республикалық статистикалық деректерді көрсетіп отырғандай, күрделі құрылыстағы жағдай әлі де қанағаттанғысыз күйде қалып отыр. Қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу жөніндегі шарттар бір қатар жылдар бойы орындалмай келеді, құрылыстың ұзақ салынуы орасан зор,қысқа мерзімді және мерзімді кредиттердің қайтарылымы бойынша банктердің қатаң кредит ставкаларына қарамастан,күрделі салымдарды шашырату практикасы жойылған жоқ,нормативтен жоғары анықталмаған құрылыстың көлемі өсе түсуде, еңбек өнімділігі төмен нарықпен нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайындағы күрделі салымдардың тиімділігі жеткіліксіз. Күрделі салымдардың көлемдері өсуі халық шаруашылығындағы мейлінше, мәселелерінің бірі.Сондықтан «Жаңа тұрғын үй саясаты » туралы Қазақстан Республикасы Презиндентінің жарлығында мынандай принцип қойылған.Мемлекеттік тұрғын үйді бөліп беруге оны жекешеленген азаматтар мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың еңбек етіп алуына көшуді қамтамасыз ету,тұрғын үй құрылысын монополиясыздандыру құрылысты ұйымдастырудың нысандарын өзгерту және құрылыс индустриясымен құрылыс материялдары өнеркәсібін модернизициялау,оларды тиімді және қымбат емес құрастырмалар, бұйымдар, материалдар мен үй құрылғылары заттарын, тұрғын үйлермен өнеркәсіп ғимараттарын тұрғызуда үнемді технологияларды қолдануға бағдарлау.Сәулет – қала құрырылыс қызметінде біріңғай ғылыми – технологиялық саясат жүргізумен күрделі құрылыстар баға берілуде Қазақстан Республикасының құрылыс тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жүзеге асырады.Құрылыс кешеніндегі мемлекет иелігінен алу және жекешеленген туралы мәселені қойылуын және экономикада жаңа мемлекеттік емес құрылымдарды (банктер, державалар, жекеменшік, жеке ұжымдық фирмалар, акционерлік қоғамдар т.б) республикадаға экономикалық реформалардың елеулі жетістігі деп санауға болады.Күрделі құрылыс – материалдық өндірістің барлық салалары мен іс жүзінде өзара іс – қимыл жасайтын өндірістің күрделі саласы.

Күрделі құрылыс – өндіріс ауқымына халық шаруашылығының барлық салаларының дамуының техникалық деңгейі мен қарқынында шешуші ықпал жасайды.Бұл ықпал пайдалы қазбалардың жаңа орындарын игеру, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар жасау, қалалық және салалық қатынастарды тұрғын ұй азаматтық құрылыстың жаппай өсуі, ғылыми техникалық процестің жеделдеуі, типтендіріліуі, бірегейлендіруі, стандарттау еңбек өнімділігінің артыуы материал мен энергия пайдаланудың төмендеуі кәсіпорындарды жаңарту, техникалық қайта жаңарту, жарақтау мен қамтамасыз етіледі.Индустрияландырудың негізгі міндеті еңбектің өнімділігін арттыру, құрылыстың қарқынын арттыру, объектлерді нормативті мерзімде іске қосу, олардың құнын төмендету жане құрылыс монтаж жұмыстарының сапасын көтеру.Индустрияландырудың процесінде қол еңбегі қысқарады.Сонымен қатар, Ел басы жолдауын ескере отырып, онда көрсетілген «Жаңа тұрғын үй құрылдысы бағдарламасын » іске асыруға өз үлесімзді қосу.Құрылыс ешқашанда тоқтамайтын еңбек саласы. Мемлекет алға келесі тапсырмалар беріп отыр:Жыл сайын 6- миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.Жарты миллионнан астам жас отбасы жеке баспанамен қамтамасыз етілуге тиіс.Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1- миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Осыған байланысты отандық құрылыс саласында жаңа мүмкіндіктер туды.Қазақстанда тұрғын үй, өндірістік ғимараттар салу көбейіп, өте көп мөлшерді жұмыс орындары ашылуда, облыстарға қаражаттар берілуде.Болашақта тұрғын үйлер салынып жалға берілетін болады.Сонымен бірге қазір елімізде «Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасы іске асуда.Мемлекет осы бағдарламаны іске асыруға тиісті қаражатпен қамтамсыз етуде.Құрылыс колледжі оқушыларының курстық жобаны орындауы, оларға құрылыс конструкциясы мен технологиясы жайлы білімдерін одан әрі жетілдіруге, елімізге аса қажетті мамандық иелері болып шығуына зор септігін тигізеді және ол оқу бағдарламасында қарастырылған.

























Ғимаратқа технологиялық мінездеме.Тас қалау жұмыстарына арналған технологиялық карта азаматтық ғимаратқа жасалған. Жобаланылатын ғимарат өлшемі 40,8*12м. Монтаждау жұмыстарын маркасы МСК-3-5/20 мұнаралы кран көмегімен атқарылады жүк көтергіштігі Р=3,2т ,жебе ұзындығы Lтр= 25 м.Жебенің көтеру биіктігі,Нкр= 20 м.Сыртқы қабырға материалы - силикаттық кірпіш ,өлшемі 250*120*88мм,қабырғаның қалыңдығы 690мм, жылу оқшаулағыш ретінде «минералмақталы тақта» қолданылған қалыңдығын есеп бойынша 3см –ге тең деп алдым.Ішкі негізгі салмақ көтеретін қабырғаның қалыңдығы ,конструктивтік шешім бойынша 380мм,материалы -силикаттық кірпіш.Ас үй мен санитарлық тораптардың қабырғаларында желдеткіш каналдары қарастырылған.Тасалардың қалыңдығы 120мм,бір қатар силикат кірпіштен қаланады .Тас қалау жұмыстарын тасқынды әдіспен жүргіземіз, материалдарды тасымалдау самосвал, автомобиль маркасы ЗИЛ-150 ертінді тасмалдауға,ал кірпіш тасмалдауға бортты автомобильМАЗ300қолданамыз.Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциялары белгілі бір саймандармен атқарылады.Олардың негізгілері сылақ қалағы, араластырғыш күрек қырлауыш шағын қайла-балға.Жұмыс орнына кеспелтек табанды тығырықтан кірпіш түсіру және оны әперу үшін қапсырма-қалып, ал ілгекті тығырыққа-ілгіш қорап қолданады.





































Қоршаған ортаны қорғауӨндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің т.б. гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдану және сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурулардың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар, әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор. Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды 3 топқа бөлуге болады:өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы, жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т.б. факторлар;-технологиялық үдеріске байланысты факторлар. Мысалы, технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.б. факторлар;-еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы, жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін, шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі. Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп, олардың жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.Еңбекшілерді зиянды өндірістік факторлардан қорғау мақсатында, негізінен, дәрігерлік алдын алу және ұйымдастыру шаралары жүргізіледі.

Дәрігерлік алдын алу және санитарлық-гигиеналық шараларға оларды дәрігерлік байқаудан өткізіп тұру, әр түрлі ауруларға қарсы егу мен өндірістік гимнастиканы жүргізу, еңбекшілердің тамақтануы мен демалуы, жеке гигиенасын қатаң сақтау жұмыстары жатадыү

Техникалық шараларға техниканы және технологиялық үдерістерді жетілдіру, оларды зиянды өндірістік факторларды тудырмайтын әдістермен алмастыру, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру және қашықтан басқаруды ұйымдастыру, қорғану құралдарын пайдалану, жұмыс орнында желдеткіш, жылу беретін қондырғыларды орнату, жеткілікті жарықпен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жатады. Ұйымдастыру шараларына еңбекшілерді жұмыс істеуге рұқсат етудің талаптарын орындау, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау, өндірістің жоғары мәдениетін қалыптастыру,еңбекшілерді еңбек қорғауға оқыту арқылы олардың біліктілігін арттырып отыру, өндіріс аумағында, өндірістік бөлімдер мен тұрмыстық бөлмелерде санитарлық ережелерді сақтау жатады. Еңбек жағдайы зиянды жұмыстардағы адамдарға, заңда белгіленгеніндей, меншік иесі есебінен мемлекеттік басқару органдары белгілеген нормалардан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде сүт, ал еңбек жағдайы ерекше зиянды жұмыстарды орындайтын адамдарға тегін емдеу, алдын алу тамағы берілуі тиіс. Қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.Еңбек шартты түрде қол күшімен атқарылатын және ой еңбегімен атқарылатын болып бөлінеді. Еңбектің бұл 2 түрі бір-бірімен байланысты болады. Жұмыс кезінде денеге түсетін күш статикалық жіне динамикалық болып бөлінеді.Статикалық күш дегеніміз дененің қозғалыссыз қалпында ұзақ уақыт бірқалыпты күйде болуынан әсер ететін жүк болып табылады. Ол адамды шаршатады.Динамикалық күш дегеніміз жұмысшының жұмыс орнында үнемі қозғалыста болуынан денеге түсетін жүк болып табылады.Қол күшімен атқарылатын жұмыстар бұлшық еттің энергиясын пайдалануға негізделген. Оны үнемдеу үшін жұмыстың ауқымына қарай энергияны пропорционалды пайдалану, қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстардың тепе-теңдігін сақтау, екі қолмен атқарылатын жұмыстардың басталуы мен аяқталуын сәйкестендіру қажет.Жүк көтеру және оны қолмен тасымалдау жұмыстарында жұмысшының жасы мен жынысына қарай белгіленген нормалар сақталуы тиіс. Мысалы, 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін жүк көтерудің шекті мөлшері 16 кг, ал жасы 18-ден асқан ерлер үшін 50 кг-нан аспауы тиіс. 60-80 кг салмақты жүкті екі адам, ал бөрене, құбыр сияқты ұзын заттарды тасымалдауды бірнеше адам атқаруы қажет.18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен әйелдер пестицидтерді тиеп-түсіру жұмыстарына қатыстырылмайды. Ал мұндай жұмысты атқаратын адамдар оның уланғыш қасиетімен таныстырылуы керек.





Обеъктідегі жұмыс жүргізу әдісі Құрылыс жұмыстарының циклдары: Ғимарат салудың бүкіл процесін бір текті жұмыстарды біріктіретінбірнеше циклдарға бөлінеді.Оның өзі құрылыста жұмысшы кадрларын іріктеуді, материалдармен,конструкциялармен механизмдермен қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Мәселен ғимарат салу кезіндегі бүкіл жұмыс комплексін бастапқы, жер үсті өңдеу және арнаулы циклдарына бөлінеді. Бастапқы цикілдарға нөл белгісінен төменгі жұмыстар кіреді: шұңқырлар, траншеялар қазу, іргетастар және жертөле қабырғаларынсалу; еден асты дайындау; жер төлеге басқыштар мен шұңқыр қондырғыларын және жертөле үстіндегі жаппаларды орнату. Жер үсті цикліне- ғимарат каркасын қабырғалар, бөлгіш қабырғалар, баспалдақтар, жаппалар, шатыр конструкцияларын салу кіреді. Өңдеу циклі- сылақ, қаптау, майлау, сәндік жапсырмалар және әйнек салу жұыстарын, сондай –ақ еден төсеніштерін жасауды қамтиды. Арнаулы цикл- ішкі жүйелерді салу және сумен қамтамасыз ететін, аспаптарды, канализация жолдарын, жылу, желдету, газдандыру, электрмен қамтамасыз ету жүйелерін орнату жұмыстарынан, сондай-ақ дәлдікті қажет ететін жұмыстарынан тұрады. Жабдықтарды монтаждау өз алдына бөлек цикіл құрайды. Әр циклдың өзіне жұмыс жүргізудің мынадай жүйесі белгіленелі, мұнда дұрыс технологияны жоғары жұмыс сапасын және қауіпсздік техника талаптарын бұлжытпай орындай отырып жұмысты уақытпен мейлінше үйлестіру алдын-ала қарастырылады. Жұмыс жүргізу әдістері: әр цикл бойынша негізгі жұмыстарды Жан-жақты қамту принципіне сәйкес ұйымдастырады. Қабырғаларды кірпіштер тұрғызылатын және қабат арасына құрама темір-бетон жаппалар төселетін тұрғын үйлер салу кезінде тас қалау жұмыстары қабаттарды көлденең қамту әдісімен жүргізіледі.Оның мәні мынада; яғни қаланатын ғимаратты еңбекті бірдей қажет ететін бірнеше қалау бөліктерге бөледі. Әрбір қамту учаскесінде қабырғаларды қабат биігіндей етіп төсейді: ол үшін алдымен қабат аралық жаппа арқылы ал содан соң инвентарлық сатылар арқылы қалайды. Бірінші смена кезінде қабырғаларды тұрғызады, ал екінші сменада төсеніш сатыны ауыстырып салады немесе биіктетеді.Бірінші қамтудағы қалау жұмысы аяқталған соң тас қалаушылар екінші қамту бөлігіне көшеді, ал монтажшылар бірінші қамту бөлігінің бөлгіш қабырға панельдерін және жаппа плиталарын орнатады. Жұмыс процесі осылайша қайталана береді. Бір қабаттағы қамтылу саны ғимараттың аумағына байланысты. Ғимараттың бір секциялы үйге тепе-тең болатындай бөлігі қамтылады. Жоғарыда айтылған ғимараттың көлденең қамту бөліктеріне бөлу әдісін, яғни әр қамтуды тағы екі учаскеге бөлу арқылы қолданады. Бұл кезде құрылыс-мантаждау жұмыстары екі учаскеде қатар жүргізіледі:ярус бойынша әр учаскенің қабырғаларын тұрғызады немесе конструкцияларды монтаждайды. Қабырғалардың кірпіш қалауын үшярус арқылы белгілі бір бөлікке бекітілген звенолар арқылы, мұның өзі олардың біліктер салуға мамандануын және орындаушылардың жұмыс сапасына деген жаупкершілігін қамтамасыз етеді. әрқамтыудағы қалау жұмысын ярустағы бөле отырып алдымен бірінші учаскеде (бұл уақытта келесі учаскедегі тас қалаушылар жұмысқа дайындалабастайды), содан кейін екінші учаскеде (бұл кезде бірінші учаскеде сатылар қойылып, жұмыс орынына материалдар дайындайды) жүргізіледі. Бұдан кейінгі қалау процесі осылайша қайталанып отырады. Үшінші ярусты төсеп болған соң тас қалаушылар екінші қамтыу бөлігіне ауысады, ал біріншісінде бөлгіш қабырғалар мен жаппалар монтаждалады. Қарқынды-айналмалы әдіспен қабырға қалағанда қамту бөліктерін бөлмейді, ал қалауды звенолар жүргізеді, олар бірінің артынан бірі қамту бойымен жылжи отырып бір деңгейде жатқан кірпіш қабырға қатарларын төсейді. Қалауды көп қатарлы байланыстыру жүйесі бойынша <<бестік>> звеноларды атқарады. Үшінші <<бестік>> звеносы бәрінің артынан жылжи отырып жасырын қатарларды салады. Әрбір <<бестік>> звеноның жұмыс белгілі бір операцияларды бір ретпен ұзақ қайталап отыруға саяды.



































Тас қалаушылар бригадасының құрамын есептеу Тас қалау жұмыс өндірісінде,кешенді тас қалау бригадасы жұмыс істейді. Бригада құрамы тас қалаудағы еңбек сиымдылығы арқылы есептейміз. ТN= ———; адам m· n·р ·k

N==9,8≈10адам

Мұндағы:N-қалаушылар,бригада құрамының саны, Т- сыртқы және ішкі қабырғаның еңбек сыйымдылығыm-алым санып-ярус саныp-ярустағы жұмыс саны k- асыра орындау коэфиценті, R=1,1.Бригада құрамы есептелгеннен кейін,оны звенолар санына бөледі.Звенолар құрамы жұмысты жүргізу әдісімен,қабырға қалыңдығы,және қалау күнделігіне байланысты тағайындалады.Звенолар үшін бөліктердің көлемін белгілеу мына формула бойынша есептеледі: Q L ———;М a.h.t

L-бөліктің ұзындығы, Q-бір смендағы иеңбек сыйымдылығы адам/сағ, a-қабырға қалыңдығы h-ярустың қалыңдығы,биіктігі.(м) t-1м3 қабырғаны қалауға жұмсалатын уақыт нормасы.

















Технологиялық картаны суреттеу

Технологиялық картада М1:200 масштабында сызылған тас қалау жұмыстарының өндірістік схемасы берілген. Тас қалау жұмыстарына арналған технологиялық карта азаматтық ғимаратқа жасалған, жобаланатын ғимарат өлшемі 40,8*12м.Таңдап алған краным МСК-3-5/20маркалы мұнаралы кран көрсетілген. Оның жүк көтергіштігі Р=3,2т ,Нкр=20м ,Ітр=25м. Монтаждау механикаландырылған әдіспен жүргізілген.Ғимарат сызбасында кранның қабатаралық плитаны монтаждау мен құрылыс материялдарын жұмыс орнына жеткізу көрсетілген. Кран жолы мен ғимарат арақашықтығы 5м.Қоймалық алаң мен кран жолы арасы 4м. Қойма конструкциялар түріне байланысты ашық және жабық болып екіге бөлінген.Қойма ғимараттың бір жақ бөлігінде орналасқан, себебі мұнаралы кран рельспен ғимараттың бір жақ бөлігінде жұмыс атқарады.Ашық қоймада темірбетон конструкциялары және силикаттық кірпіш сақталған. Жабық қоймада ағаш бұйымдары жәнецементтік ерітіндіге қажетті қоспалар т.б.. сақталған. Қоймаға конструкциялар уақытында тоқтаусыз жеткізіліп отырады.Тас қалаушылар бригадасында 10адам, күндік жұмыс нормасы 8 сағ.Тас қалау жұмыстары екі алымға бөлініп жүргізілген.Бір қабатты қалау жұмыстарының ұзақтығы 9 күн.Қимадағы бір қабат биіктігі 3 ярусқа бөлінген, бір ярустың биіктігі 0,9м. Машина, механизмдер мен құрал жабдықтар тізімі кестесінде тас қалаушыларға қажетті автомобильдерментас қалауда қолданылатын құрал саймандардың маркасы мен саны көрсетілген. Тас қалаушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру сызбасында жұмыс орны, материялдар алаңы және тасымалдау бөліктерінің өлшемдері көрсетілген.Қабырғалардың кірпіш қалауын үшярус арқылы белгілі бір бөлікке бекітілген звенолар арқылы, мұның өзі олардың біліктер салуға мамандануын және орындаушылардың жұмыс сапасына деген жаупкершілігін қамтамасыз етеді. әрқамтыудағы қалау жұмысын ярустағы бөле отырып алдымен бірінші учаскеде (бұл уақытта келесі учаскедегі тас қалаушылар жұмысқа дайындалабастайды), содан кейін екінші учаскеде (бұл кезде бірінші учаскеде сатылар қойылып, жұмыс орынына материалдар дайындайды) жүргізіледі. Бұдан кейінгі қалау процесі осылайша қайталанып отырады. Үшінші ярусты төсеп болған соң тас қалаушылар екінші қамтыу бөлігіне ауысады, ал біріншісінде бөлгіш қабырғалар мен жаппалар монтаждалады.Және де технологиялық картада техника қауіпсіздік ережесі және тас қалау жұмыстарының сапасын бақылау туралы қысқаша түсініктеме жазылған.



Тас жұмыстарын қысқы мерзімде орындау Тас үймереттер қысқы жағдайда жылытусыз тәсілмен тұрғызылады, ол қолданатын ертінділер түріне және олардың әр түрлі температуралық тәртіпте қату қабілеттілігіне байланысты екі түрлі болады. Бірінші түрі-бұл 22 дейін теріс температурада қатуын қамтамасыз ететін және келесіде маркалық беріктік алатын аязға қарсы қосымшаларыбар ертінділер қолдану. Жұмыстарды -22 ден төмен температурда орындағанда маркалық мағаналарға жетпейді, сондықтан күш алатын түзілістет үшін ертінділер маркасы әдетте бір дәрежеге көтеріледі. Төсеу мезгілінде ертіндіде оң температура болу керек. Бетон араластырғыштан шыққанда қоспаның қажетті температурасына байланысты ертіндінің іріктеп алынған құрамындағы материалдарды жылыту мына формула бойынша анықталады:

Мұндағы Wк-құмның салыстырмалы дымқылдығы,(Qк Qu-1м3 ертіндідегі сәйкес құм цемент массасы, кг құрғақ материалға есептегенде ); tk,tc-араластырғышқа салынғанда сәйкес құм және су температурасы.Цементтік ерітіндінің қатуы цемент түйірлері мен судың өзара ықпал етуінен болады. Мұның өзі бірітіндеп тасқа айналады. Температура төмендеуіне қарай ерітінді баяу қатады.Тас қалау жұмыстарын қыста атқару тәсілі: суыққа төзімді қосымша заттарды және әлсін-әлсін қыздыру қолданылады.

































Тас қалау жұмыстарының сапасын бақылауТас түзілістерін тұрғызу барысында қалаудың байқалауы,жіктердің қалыңдығы және толтыруы,беттердің тіктігі,көлденеңділігі және туралығы және бұрыштар қалауы жүйелі бақылаумен жүзеге асырылады.Ерітіндімен жіктер толтыру сапасын бақылау кірпіштерін әр жерден алып қабат бойынша үш реттен кем емес тексеріледі.Қалау бұрыштары қырларының тіктігі және оның қатарларының көлденеңділігі қалаудың әр метр биіктігі бойынша 2 реттен кем емес,ал жіктер қалыңдығы қалаудың 5-6 қатарынан кейін тексеріледі. Дұрыс пішінді тастардан жасалған қалау беттерінің және бұрыштарының тіктіктен ауытқулары бір қабат шегінде 10мм-ден және үймереттің барлық биіктігі бойынша 30мм-ден аспау керек. Әр қабаттың қалауы аяқталған соң міндетті түрде қалаудың көлденеңділігін және үстіңгі белгілерін нивелирмен тексеру жүргізіледі.Көлденеңділігі бойынша қалау қатарларының ауытқылары қабырғаның әр 10м-не кірпіштен жасалғанда 15мм-ден және басқа дұрыс пішінді тастардан жасалғанда 20мм-ден аспау керек. Қабат белгілерінің жобалықтардан ауытқуы 15мм артық болмау керек.Қабырға және діңгектер осьтерінің жобалық өлшемдерден жылжуы 10 мм аспау керек. Тас жұмыстарын аралық және ақтық қабылдағанда ҚМЕ талаптарына сәйкес міндетті түрде тексеруге жататындар:отыру және температура жіктерінің туралығы,қалаудың су айыру сапасы,салмағы элементтерінің,анкерлердің және т.б.барлығы және орнату дұрыстылығы,сылақталмайтын қасбет қабырғалардың сапасы,түсті,қажетті байлауды,суретті және әшекейлеу жіктерін сақтауы. Тас түзілістерін қабылдағанда жұмыс журналы және жасырынды жұмыстар актілері көрсетілу керек.























Пайдаланған әдебиеттер тізімі С.Қ.Хамзин, А.Қ. Әбішев:«Құрылыс процестерінің технологиясы» СНиП 1-том;СНиП ІV – 2-82 часть ІV, глава 2.80т2А.Ф.Гаевой,С.А. Усик:«Курсовое и дипломное проектирование промышленного и гражданского здания»Н.Н.Данилов ,С.Н.Булганов , М.П. Зимин:«Технология и организация строительного производства»И.И.Ищенко:«Тас,кірпіш қалау және монтаждау жұмыстарының технологиясы»





















































Тас қалау жұмыстарының техника қауіпсіздік ережелеріТас жұмыстарын орындау жобасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелерін ерекше мұқиятты шешу керек.Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚМЕ 3-4-80 талаптарына сәйкес келу тиіс. Тас қалауды орындағанда ағаштар және мінбелер,қорғаныш күнқағарлар және қоршаулар орнатқанда,биікте сыртқы және ішкі қабырғалар қалағанда ерекше сақтану шараларын қолдану керек. Ені 1,5 м тіреуішті жабын түрінде жасалған инвентарлы қорғаныш күнқағарлар көкжиекке 20 С0 бұрышпен сыртқы қабырғалардың барлық периметрі бойынша жасалуы керек. Күнқағарлардың бірінші қатары жерден 6м- ден көп емес биіктікте орнатылады және осы деңгейде үймеретті барлық биіктігіне дейін қалағанша қалады. Күнқағарлардың екінші қатары бірінші қатардың үстіне 6-7м биіктікке орнатылады, содан соң қалау жұмысы бойынша әр 6-7м сайын қайта орнатылып отырады.(2-қабаттан кейін)Тас қабырғаларды қорғаныш күнқағарларсыз орнатуды 7-м ден артық емес биіктікте рұқсат етіледі,бұл жағдайда жерде үймереттің периметрі бойынша қабырғадан 1,5-ден кем емес аралықта қоршаулар орнатады.Үймеретке кіретін есіктер үстіне 2х2м қалқалар жасалады. Төменгі қабаттың мінбелер биіктігі жабын деңгейінен биік2-3қатар қабырға қалауға мүмкіндік беру керек,бұл жоғарғы қабаттың бірінші ярусын қалауының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Тас қалағанда жұмыс жабынының ені 2,5 м тең алынады. Сонымен кірпіш табандықтары және ерітінді жәшіктері осылай қойылады,тек жұмыс аумағында ені 60-см ден кем емес өтіс қамтамасыз ету үшін мінбелердің жабын деңгейі қалау деңгейінен 15- см ден кем емес болу керек.Қабылдау алаңшаларында,басқыштарда,өтеулерде,қабаттардағы ашық ойықтарда қоршаулар жасауды ескеру керек.Жобада тас қалауын қысқы жағдайда орындағанда көрсету керек:ерітінді еритін мезгілде рұқсат етілетін қабырғалар және тіректердің шекті биіктігін,көтергіш түзілістер және аралық дуалдар үшін еритін мезгілдегі уақытша бекіткіштерді;қысқа қалау үшін қолданатын ерітінділер маркасы және қатыру температурасын төмендететін химиялық қосымшаларды.

















Р/с
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!