І. Дайындық бөліміСапқа тұрғызуТүзел!Тік тұр!Сәлеметсіздар ме?!
Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп жетілуі балалық шақта қалыптасады. Спорт пен, гимнастикалық жаттығулармен жүйелі түрде айналысатын балалардың дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларымен айналыспайтын құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетінін ғылым мен өмір тәжрибесі толық дәлелдеп отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады. Спорт қоғамға жат қылықтар мен күресуге көмектесетіні ұжымдық және өзара көмек беру сезімдерін жетілдіретін, белсенді өмірлік көзқарасты тәрбиелейтіні, жоғары адамгершілікқасиеттерді қалыптастыратыны – өмірде белгілі болған қағидалар.
Қазіргі өмір талабына сай жанжақты дамыған, сауатты, құзыреттілігі жоғары адам қалыптастыру спортсыз мүмкін емес. Гимнастика сабағында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Жүру жаттығулары:-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,- қол белде, өкшемен жүру;-қол алда, жартылай отырып жүру;-қол желкеде, толық отырып жүру.Жүгіру жаттығулары:Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;Сол қол алда, артпен жүгіру;Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру; Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.Екі қолды алға созып, тізені жоғары көтеріп жүгіру.Екі қол артта, аяқты артқа лақтырып, қолға тигізе жүгіру.Екі қол жанда, аяқты жанға сермеп жүгіру. Жалпы дамыту жаттығулары:Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз; Б.қ.н.т. 1 –қол жоғарыда, 2 –аяқтың ұшында, 3 –отырамыз, 4 –б.қ.Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп - жазу, қыз балалар 25 рет отырып - тұру. |
20 мин.
|
Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Денені тік ұстау
Қолды бүкпей, толық қисаю
Көзді ашып, басымызды толық айналдыру.
Аяқты бүкпей толық қисаю.
Жаттығуды бір бағытта орындау. |
Мәнерлі жүріс түрлері:- Зал ортасынан солға бір қатармен қадам бас,- Зал ортасынан бір қатарға қосылып зал ұзындығына қадам бас,- Диагонал бойынша қадам бас.Бағыт өзгертіп жүру түрлері:Қарсы бағытта оңға (солға) қадам бас,Оңға (солға) жылан жүрісімен қадам бас.Жалпы дамыту жаттығулары Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, дене салмағын реттеуге және дене дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешенін үйрету.
Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп - жазу, қыз балалар 25 рет отырып - тұру. (Ұлдар) Кермеге тартылу 4,5,7;(Қыздар) Аласа кермеде жатып тартылу 9,14,17; |
20 мин.
|
Саптық мәнерлі жүріс түрлерін сәнді таза орындауларын қадағалау
|