Материалдар / Гипертензиядан кейін оңалту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гипертензиядан кейін оңалту

Материал туралы қысқаша түсінік
Клиникалық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
196
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары

Гипертензиялық аурудан кейінгі оңалту

(сабақ тақырыбы)


Модуль/ пән атауы: Мейірбике ісіндегі денсаулықты нығайту/Оңалтудағы мейіргер ісі

Дайындаған педагог: Қапсеметова Тоғжан Сержанқызы

2022 жылғы « »


1. Жалпы мәліметтер

Курс: IV.

Оқу жылы: 2022-2023.

Топ: 4 мс А; 4 мс С; 4 мс 1к.

Сабақ типі: Аралас сабақ


2. Мақсаты, міндеттер:

Емдік физикалық факторлардың дені сау адамдар мен науқастардың организміне тигізетін клинико-физиологиялық әсерін зерттеу;

Оңалу негізін меңгеру;

Әр түрлі аурулар мен жарақаттар кезінде науқастарды медициналық оқытуда оңалу әдістемелерін меңгеру;

Медициналық бақылаулардың дағдыларын меңгеру;

Гипертензиялық аурудан кейінгі оңалту туралы білім алу

2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі :

Білім алушылар біртектес дерттік үрдістердің даму себебін, даму жолдары мен негізгі белгілерін, әртүрлі аурулардың пайда болуы мен жалпы да.Білім алушыларды дені сау адамдар мен науқастарға дене шынықтыру шаралары тигізетін әсерінен механизмін білу негізінде,осы істерді қалпынав келтіру емінің,барлық кезеңдерінде қолдану,сонымен қатар ,спортпен және дене шынықтырумен шұғылданған кезде денсаулық жағдайына медициналық бақылау жүргізу.

3.1. Оқу – әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

Негізгі:

1. Michigan quality improvement consortium. Medical management of adults with essential hypertension. 2003

2. Артериальная гипертония. Седьмой доклад Объединенной комиссии по выявлению и лечению артериальной гипертонии при поддержке национального института патологии сердца, легких и крови.2003.

3. Европейское общество по артериальной гипертензии Европейское общество кардиологов 2003. рекомендации по диагностике и лечению артериальной гипертензии. J.hypertension 2003;21:1011-53

4. Клинические рекомендации плюс фармакологический справочник. И.Н. Денисов, Ю.Л. Шевченко.М.2004.

5. The 2003 Canadian Recommendations for the management of hypertension diagnosis.

6. Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, том 7.

7. Кобалава Ж.Д., Котовская Ю.В. Артериальная гипертония 2000: ключевые аспекты диагностики и диф. Диагностики, профилактики. Клиники и лечения.

8. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система). Выпуск 6. Москва, 2005.

Қосымша:

1.Физиотерапия Соколова Н.Г 2015 ж ;

2.Физиотерапия Гафиятуллина Г.Ш.,Омельченко В.П 2010ж

3.Емдік дене шынықтыру.С.Н.Попов,Н.М.Валеев,Т.С.Гарасева.2006ж

4,Қалпына келтіру медицинасы В.Г.Лейзерман,О.В.Бугрова 2008ж

5. https://youtu.be/pPAW9oMoLAE

3.2. Техникалық құралдар, материалдар: мультимедиялық тақта, теледидар, компьютер.

4. Сабақтың барысы:

4.1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут). – Сәлеметсіздер ме? – Отырыңыздар. – Кім кезекші? – Сабақта кім жоқ?

4.2. Оқытушының кіріспе сөзі (3 минут). Бүгінгі бірінші сабағымыздың тақырыбы: Гипертензиялық аурудан кейінгі оңалту

4.3. Үй тапсырмасын тексеру (25 минут).

1.Бронхоэктаз анықтамасын айтыңыз.

Бронхоэктатикалық ауру – бронхиалды дарақта созылмалы іріңдеу-қабыну процесінің дамуымен және толлықанды функция атқара алмаумен болатын, бронхтардың қайтымсыз өзгеруін (созылу, деформация) сипаттайтын ауру. Түр сипаты өзгерген бронхтар бронхоэктаздар (немесе бронхоэктазия) деген атауға ие


2. Бронхоэктаз ауруы кезіндегі шағымдар мен анамнез ерекшелігі қандай?

Шағымдар:
 
• таңертең оянғанда және кешке ұйықтар алдыңда тұрақты түрде  туындайтын іріңді қақырығы бар жөтел.
 
Анамнез:
• қайталама және ұзақ ағынды қайталамалы пневмония;
• тыныс алғанда кеуде қуысында ауыру;
• асқынуда қақырық сасық иіспен, қан түкіру.

2. Бронхоэктаз ауруы кезіндегі физикалық тексеру нәтижесі?

Физикальды тексеру
 Тексерісте анықталады:
• кеуде қуысының деформациясы (бөшке тәріздес);
• созылмалы гипоксия белгілері: тырнақтар «сағат әйнектері» пішінді, саусақ деформациясы «барабан таяқшалар» тәрізді; 
•аускультацияда: өкпеде біржақты нығайған сырылдар, ылғалды сырылды тұрақты сипатта оқшаулануы;
• тыныс алудың жетіспеушілік симптомдары.

3. Бронхоэктаз ауруы кезінде қолданлатын лабораториялық тексерулер?

Зертханалық зерттеулер:
• ЖҚТ: лейкоцитоз, нейтрофилез, бактериалды инфекция қосылған кезде ЭШЖ жылдамдауы, гемоглобиннің түсуі;
•Қақырықты зерттеу: бактериологиялық зерттеуде ауруды қоздырушылар анықталады (H.influenzae, Streptococcuspneumoniae, Staphylococcusaureus, анаэробалар, қышымалар).

4. Бронхоэктаз кезінде аспаптық тексерулер?

Аспаптық зерттеулер:
• Рентгенография: кеуде қуысының екі кескінінде: созылмалы бронхит немесе пневмонияның рентгенологиялық белгілері;
• Спирометрия: рестриктивті тип бойынша сыртқы тыныс алу функцияларының бұзылуы;
Кеуде қуысы ағзаларының КТ: кең таралған бронхоэктазалар

5. Бронхоэктаз ауруы кезінде мамандар кеңесі үшін көрсетілімдер?

Мамандар  кеңесі үшін көрсетімдер:
• Оториноларинголог, стоматолог кеңесі – созылмалы инфекцияның ошағын табу және оларды санациялау;




4.4. Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 минут).

Жоспар:

1.АГанықтамасы, жіктемесі

2. АГ ауруының қауіп-қатер факторлары

3. АГ ауруының диагностикалық критерийлері

4. АГ ауруы кезінде жасалатын диагностикалық шаралар

5. АГ ауруы емі, алдын-алу, госпитализацияға көрсеткіштер

Анықтамасы
 

Артериалдық гипертония - систолалық АҚ 140 мм.с.б. жəне жоғары мен/немесе диастолалық АҚ 90 мм.с.б. жəне жоғары тұрақты көтерілуі (тыныштық жағдайда, түрлі уақытта жүргізілген кем дегенде үш өлшем нəтижесінде. Науқас бұл кезде АҚ жоғарылататын, сонымен қатар төмендететін дəрілік заттарды қабылдамауы қажет). 

Жіктемесі

БДҰ/АГХҚ 1999 ж.
 

Қалыпты АҚ категориялары:

Оптималды АҚ < 120 / 80 мм.с.б.

Қалыпты АҚ <130 / 85 мм.с.б.

Жоғары қалыпты АҚ немесе предгипертония 130 - 139 / 85-89 мм.с.б.


АГ дəрежелері:

1 дəреже 140-159 / 90-99.

2 дəреже 160-179/100-109.

3 дəреже 180 /110.

Оқшауланған систолалық гипертензия.140/ <90.

АГ қауіп-қатерлі факторлары

АГ стратификациясының критерилері


Жүрек қантамыр

ауруларының қауіп қатер

факторлары

Нысана ағзаларының

зақымдалуы

Қосарланған (бірлескен)

клиникалық жағдайлар

1. Қатерді стратификациялау үшін пайдаланылатын:
- САҚ мен ДАҚ шамасы (1-3 дəреже);

- жасы;

- ерлер >55 лет;

- əйелдер > 65лет;

- темекі тарту;

- қандағы жалпы холестерин деңгейі > 6,5 ммоль/л;

- қантты диабет;

- жүрек қантамыр аурулары ерте дамуының отбасылық жағдайлары.

2. Болжамға теріс əсер ететін басқа факторлар *:

- ЛПВП холестеринінің төмендеген деңгейі;

- ЛПНП холестеринінің артқан деңгейі;

- қантты диабет
кезіндегі  микроальбуминурия 
(30-300 мг/тəулігіне);

- глюкозаға толеранттықтың бұзылуы;

- семіздік;

- отырушылық өмір салты;

- қандағы фибриноген деңгейінің артуы;

- жоғары қатермен 
əлеуметтік- экономикалық топтар;

- жоғары қатердегі географиялық аудандар.

- сол жақ қарынша гипертрофиясы (ЭКГ, ЭхоКГ, рентгенография);

- протеинурия жəне /немесе плазма 
креатининінің аздап артуы 
(106 – 177 мкмоль/л);

- ұйқы, мықын жəне сан күре тамырлары,
қолқаның атеросклеротикалық 
зақымдануының ультрадыбыстық немесе рентгенологиялық белгілері;

- Көздің тор қабығы күре тамырларының жайылмалы немесе ошақтық тарылуы.

Церебро-васкулярлық аурулар:

- ишемиялық инсульт;

- геморрагиялық инсульт;

- транзиторлық ишемиялық шабуыл.

Жүрек аурулары:

- миокард инфаркты;

- стенокардия;

- коронарлық қантамырлардың 
роеваскулярлануы;

- іркімелік жүрек жеткіліксіздігі.

Бүйрек аурулары:

- диабеттік нефропатия;

- бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин > 177).

Қантамырлық аурулар:

- қабаттық аневризма;

- клиникалық көріністермен перифериялық
күре тамырлардың зақымдануы.

Айқын гипертониялық ретинопатия:

- геморрагиялар мен экссудаттар;

- көру нерві емізігінің ісінуі.

АГ қауіп дəрежесі:
 

Төменгі қатер тобы (1 қатер). Бұл топқа АГ 1 дəрежесімен басқа қатер факторлары, ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларының қосарлануы жоқ 55 жастан жас ерлер мен əйелдер кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15% төменді құрайды.
 

Орташа қатер тобы (2 қатер). Бұл топқа 1 немесе 2 дəрежедегі АГ емделушілер кіреді. Бұл топқа кірудің негізгі белгілері болып ағза нысана зақымдалуы жəне жүрек-қантамыр ауруларымен қосарлануы жоқ, 1-2 басқа факторлардың болуы табылады. Жүрек қантамыр асқынуларының (инсульт, инфаркт) даму қаупі алдағы 10 жылда 15-20% құрайды.
 

Жоғары қатер тобы (3 қатер). Бұл топқа 3 немесе одан көп басқа қауіп қатер факторлары бар немесе ағза нысандардың зақымдануы бар, 1 немесе 2 дəрежелі АГ емделушілер жатады. Осы топқа 3 дəрежелі АГ науқсатар кіреді, ағза нысаналардың зақымдануынсыз, қосарлы ауруларсыз жəне қантты диабетсіз. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 20 дан 30% ке дейін.
 

Өте жоғары қауіптегі топ (4 қатер). Бұл топқа АГ кез келген дəрежесімен емделушілер жатады, қосарланған аурулары бар, сонымен қатар 3 дəрежелі АГ емделушілер, қосарланған аурулар болмаған жағдайда да басқа қауіп қатер факторларымен жəне/немесе ағза нысана жəне/немесе қантты диабетпен науқастар кіреді. Жүрек қантамыр асқынуларының даму қаупі алдағы 10 жылда 30% жоғары.

 

АГ науқастарды болжауды бағалау үшін қатерді стратификациялау

 

 Басқа қатер факторлары* 
(АГ басқа), нысана
ағзаларын зақымдау, 
бірлескен аурулар

 Артериалдық  қысым, мм.с.б..

 1 дəреже

САҚ 140-159

ДАҚ 90-99

 2 дəреже

САҚ 160-179

ДАҚ 100-109

 3 дəреже

САҚ >180

ДАҚ >110

 I. Қатер факторлары жоқ, нысана ағзаларын зақымдау, бірлескен аурулар

 Төмен қатер

 Орташа қатер

 Жоғары қатер

 II. 1-2 қатер факторлары

 Орташа қатер

 Орташа қатер

 Өте жоғары қатер

 III. 3 жəне одан көп қатер факторлары жəне/немесе нысана ағзаларын зақымдау

 Жоғары қатер

 Жоғары қатер

 Өте жоғары қатер

 IV. Бірлескен (қосарланған)

клиникалық жағдайлар

жəне/немесе қантты диабет

 Өте жоғары қатер

 Өте жоғары қатер

 Өте жоғары қатер

Диагностика критерийлері
 

Шағымдар мен анамнез
АГ бірінші рет анықталған науқастарда тиянақты анамнез жинау қажет, оған келесілер кіреді:

- АГ пайда болу ұзақтығы жəне анамнезде АҚ көтерілу деңгейі, сонымен қатар антигипертензивті заттармен бұрын емделу нəтижелері, анамнезде гипертониялық криздердің болуы;

- ЖИА симптомдарыны, жүрек функциясының жеткіліксіздігі, ОНЖ аурулары, перифериялық қантамырлардың зақымдалуы, қантты диабет, подагра, липидтік алмасу бұзылыстары, бронхообструктивті аурулар, бүйрек аурулары, сексуалдық бұзылыстар жəне өзге де патологиялардың болуы туралы мəліметтер, сонымен қатар, ауруларды емдеу кезінде, əсіресе АҚ көтерілуіне əсер ететін дəрілік препараттар туралы мəліметтер;

- АГ екіншілік мінезіне негіз болатын спецификалық симптомдарды анықтау, (жастық кез, тремор, терлегіштік, АГ емдеуге тұрақтылық; бүйректік артерия аумағындағы шу, ауыр ретинопатия, гиперкреатининемия, кенеттік гипокалиемия);

- Әйелдерде – гинекологиялық анамнез, АҚ көтерілуінің жүктілікпен, менопаузамен, гормональді контрацептивтерді қабылдаумен, гормональді-алмастырушылық терапиямен байланысы;

- Майлы тамақ, ас тұзы, алькогольдік ішімдіктерді қабылдау, темекі тарту жəне физикалық белсенділікті сандық бағалаумен, сонымен бірге өмір барысында дене салмағының өзгеруі туралы деректерді қоса өмір сүру салтын тиянақты бағалау;

- Тұлғалық жəне психологиялық ерекшелік, сонымен қатар отбасылық жағдай, жұмыс жəне үйдегі жағдай, білім деңгейімен қоса гипертониялық аурудың емі мен ағымына əсер етуі мүмкін қоршаған орта факторлары;

- АГ жанұялық анамнезі, қантты диабет, липид алмасу бұзылыстары, жүрек ишемиялық ауруы (ЖИА), инсульт жəне бүйрек аурулары.


Физикалық тексеру:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!