Материалдар / Green house жобасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Green house жобасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі экологиялық ахуал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
445
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

IT



Аннотация

Мен,Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп–лицейінің 10”б” сынып окушысы Сапахова Аружан өз ғылыми жұмысымда антропогендік әрекеттердің қоршаған ортаға әсерін бағалап, экологияны, қоршаған ортамызды жақсартудың жолдарын қарастырамын.

Annotation

I`m Sapakhova Aruzhan, 10th grade pupil of the 24th IT school lyceum named by Sattar Erubaev, evaluates the impact of anthropogenic impact on the environment and explores ways to improve the environment

Аннотация

Я,Сапахова Аружан, ученица 10-го “б” класса №24-й IT школы-лицея им. Саттара Ерубаева, оцениваю влияние антропогенной деятельности на окружающую среду и исследую пути улучшения экологии и окружающей среды.



































Мақсаты: Экологиялық проблемаларды қарастырып,шешу жолдарын ұсыну.Антропогендік әрекеттердің қоршаған ортаға келтіретін зияның көрсету және жас ұрпақты табиғатты аялауға шақыру.Экологиялық таза үй проектісін жасау:«GREEN HOUSE» жобасы.

















































Кіріспе

Адамзат баласы мыңдаған жылдар бойы табиғат байлықтарын қолданып келді. Бүгінде енді сол үшін жауап беріп жатыр. Антропогендік әрекеттердің нәтижесінде экология жағдайы нашарлады. Жылына 1.3млрд тонна қоқыс шығарылып, тек машиналардың өзі барлығын санағанда 17% CO2 газын бөліп шығарады. Көптеген өндірістік өнеркәсіп орындары күн сайын өзенкөлдерді, теңіз бен мұхит суларың ластап жатыр. Егер аталған проблемаларды дер кезінде шешпейтін болса, орны толмас қателікке әкеледі. Қаншама тіршілік жойылу қауіпі алда тұр. Осы ғылыми жұмысымда антропогендік әрекеттердің қоршаған ортаға әсерін айтып, оларды шешу жолдарын ұсынамын.











Мазмұны:

1. Қазіргі таңдағы экология.

2. Ауқымды экологиялық проблемалар.

3. Экологиялық проблемалардан туындайтын аурулар.

4. Семей полигоны зардабы

5. ЭКСПО-2017 АСТАНА. “Болашақ энергиясы”

5.2. Энергияның балама көзлері және маңызы

6. Жасыл үй-GREEN HOUSE

7. Экология жағдайын жақсартуға кіші қадамдар мен жас ұрпақтың экология туралы білімін арттыру маңызы.

8.Қорытынды

































1.Қазіргі таңдағы экология

Егер біз планетамызга қамқорлық танытатын болсақ, ол да бізге қамқорлық көрсететін әрдайым білгенбіз. Бірақ біз тек өзімізді ойлауды жөн көрдік.

Қазіргі таңда Жер планетамыз көптеген экологиялық проблемаларды бастан кешіріп отыр. Соның ішінде антропогендік факторлар басым орын алады. Көптеген өндірістік кәсіп орындар шығаратын зиянды қалдықтар,пайдалы қазбалар өндіруден соң қалатын қалдықтар, күнделікті қолданыстағы машиналар бөліп шығаратын көмірқышқыл ғазы атмосфераға үлкен зиянын келтіріп отыр. Ауаға таралатын CO2-ның 17%-ы машиналардың үлесіне тиеді. 1.3 млрд.тонн қалдықтар тек бір жылда жиналып, қоқыстын бар жоғы 15%-ы өңделеді. 3.7млн адам ауанын ластануынан ауырады.Бір ағаш күніне уш адамға қажетті оттегі бөліп шығарады. Бірақ 7млн ағаш өрт кесірінен жоғалады және 8 млн.га адам қажеттілігі үшін кесіледі. Үлкенді-кішілі өнеркәсіп орындары қалдықтарды толық дұрыс өңдемей өзенкөлдерге төгуде. Осының әсерінен ішуге жарамды су мөлшері де азаюда. Сондықтан кейбір өңірлерде адамдар таза емес, түрлі химиялық зиянды қоспалар тараған суды қолдануға мәжбүр. Кейбір жағдайларда мұнай теңіз немесе мұхит бетіне төгіліп су асты мекендеушілері мен ауаға өте үлкен зиянын келтіреді . Одан бөлек жәй қала тұрғындары өзен, көлдерге қоқыс тастауы да улкен экоголиялық проблемаға әкелуде.



2.Ауқымды экологиялық проблемалар

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат алдында бірнеше қатар ауқымды экологиялық проблемалар қойды.Ауқымды экологиялық проблемаларды шешу адамзат қолында.Төменде ғаламдық экологиялық проблемалардың бір қатары көрсетілген.

Жердің климатының өзгеруі

Атмосфера қабатының ластануы

Озон қабатының бұзылуы

Тұщы су қоры азаюы

Әлемдік мұхит суының ластануы

Топырақ жамылғысы бұзылуы және т.б

Қоршаған ортаның қалдықтармен ластану.

Атмосфераның ластануы

Қазіргі таңда қоршаған ортаға көптеген қалдықтар мен қоқыстар өңделмей

тасталуда.Қоршаған ортаның ластануы -адамға және табиғи экожүйеге зиянды және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұсқан келуі.

Ластану көздеріне қарай:

Өндірістік

Көліктік

Ауыл шаруашылық

Тұрмыстық т.б болып бөлінеді.

Дэниел Хорнвег, Онтарио университетінің доценті, Периназ БхадаТата, қатты қалдықтармен жұмыс компаниясының консультанты және Торонто университетінің профессоры Крис Кеннеди Nature журналында өз көзқарастарын айтты.Олардың есептеулері бойынша 2100-ші жылға дейін адамзат баласы полигондарға күніне қазіргіден 3 есе көп қоқыс тастайтын болады.

Бүгінде барлық мемлекет қоқысты өңдеп жатырған жоқ. Бірақ қоқысты өңдеп, аталған проблеманы шешуге болады. Алайда, эколог мамандар ауаға парниктік газдар таралуы улкен экоголиялық проблема болып отырғанын айтып дабыл қағуда.

Қоқысты өңдеуде Швеция жақсы рөл атқаруда. Швецияда халық өздері қоқысты бөліп шығарады. Пластикалық және темір, қағаз секілді бірнеше контейнерлерге бөледі.

Швецияда қоқыстын

Екінші рет қолдану үшін өңдеуге-50,6%

Жағып, энергия алу үшін -48.6%

Полигонға тастауға -0.8%

Швециядан бөлек қоқысты өңдеуде Жапонияда атсалысуда.

Тұщы су қорының азаюы

Жер планетасы табиғи ресурстарға өте бай: мұнай, көмір, табиғи газ, бағалы металлдар. Көп уақыттан бері адамзат осы байлықтарды қолдануда. Олардың кейбірі өте жоғары бағаланып, оны аялайды, жақсы қарайды. Ал кейбірін еш ойланбастан жұмсап, жоғалтқанда ғана бағалайды.

Су ма алтынба? Әрине су. Яғни, тұщы су. Баршамыз өзен, көлдердің жоғалып жатқанын білеміз. Көптеген су қорларының ластанып жатырғаның білеміз. Бірақ ешкім ойланбай жатырғаны қынжылтады. Адамдардың көп бөлігі су қорының азаюына мән бермей, суды сарқылмайтын ресурс көреді. Бұл ой орны толмас қателікке әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде халықтың 1/3 бөлігі су тапшылығынан қиналуда және әр сағат сайын бұл проблема тек ауқымды болып жатыр. Cоңдықтан әр тамшы суды бағалау қажет. Суды қадірлемейтін болсақ бүкіл халықтың су тапшылығына қалу қауіпі жоғарылай түседі. Сіз өз өміріңізді бір күн сусыз елестетіп көрсеңіз судың маңызын түсінесіз. Көбіміз “неліктен бұл проблема туындайды? “деп таң боламыз. “су өте көп “деп ойлаймыз. Иә, дұрыс. Планетамыздың 4/5 бөлігі судан тұрады. Бұл шамамен 1,3300 млрд.куб.метр су. Бұл көп адамдарды су сарқылмайды деген ойға әкеледі. Бірақ, өкінішке орай бұл олай емес. Планетамыздың 97% суы ащы су. Қолдануға жарамсыз. Тек 3%-ы тұщы су. Алайда сол 3% судың тек 1% адамзат үшін қолжетімді.Зерттеулер бойынша алдағы 10 жылда көп әлемдік мемлекеттер су тапшылығына кездеседі. Ал 20 жылдан соң халықтың 75%-ы сусыз қалады деген болжам жасалуда.

Әлемдік мұхит суының ластануы

Мұхиттар Жердің 71%-ын алып жатыр. Тіпті біздің планетамызды Жер емес Су деп атауға келеді. Мұхит сулары және ондағы су асты әлемі тіпті 20%-ға зертттелмеген. Бірақ ғалымдар көптеген ашылулар жасауды тоқтатып жатырған жоқ. Ал сіз күн сайын мұхит, теңіз суларына өте көп қоқыс пен зиянды химиялық заттар түсетінің білесіз бе? Қазіргі уақытта мұхит бетінде ірі 5 қоқыс аралы бар. Қалай? Күніне 100млн пластикалық ыдыстар жасалса, соның 10%-ы мұхиттарға тасталады. Негізгі ластаушылар Үндістан мен Қытай болып отыр. Мұхиттағы қоқыс 1 метрден 100метрге дейін жетеді. Тасталатын қоқыстын 80%-ы халықтан,ал 20% кемелерден түседі. Қоқыс уақыт өте келіп шіріп,таксиндер бөліп шығарады. Ол у таратады. Ал ол уды планктондар қорек етеді. Сәйкесінше, планктондар балықтардың тамағы. Мұхит суларының мұнаймен ластануы. Мұхитқа күн сайын қолдануға жарамсыз мұнай эмульсиялары түседі. Олар үлкен қара дақ болып қалады. Мұнай су бетінде күн сәулесін өткізбей жабын болып тұрып қалады. Мұнай зиянды у таратып қаншама су асты тіршілік иелері қырылып қалып жатыр. 80 інші жылдардың басында мұхитқа жыл сайын 16млн тонна мұнай төгілетің болды. Бұл орны толмас қателікке әкелуде. Мұхит бетінде қанша мұнай тарағанын оның түсі арқылы білуге болады.

Е гер мұхит бетіндегі бояу түсі әзер білініп тұрса онда шамамен 44 л/кв.км,ал қалыңдығы 0,038 мкм, ал егер күміс түстес жылтыр болса 88л/кв.км,ал қалыңдығы 0,76мкм мұңай бар. Қалың қара бояу суда 2310 л/кв.км мұңай бар екенін білдіреді.



Озон қабатының жұқаруы

Парниктік газдар атмосфераға фабрика мен зауыттардан шығарылып, қабатының жұқаруына алып келеді. Озон қабатының құрамына оттегінің аллотропиялық түрі озон кіреді. Бұл қабат Жерді Күннен келетін зиянды ультракүлгінсәулелерден қорғайды.Ол ультракүлгін сәулелерінің 97-99 %- ын өзіне сіңіріп алып, қалғанын кеңістікке шағылдырып жібереді. Зиянды ультракүлгін сәулелері тері ісігің , шелдерді және өзге де қатерлі ауруларды тудырады, егін түсіміне және суға кері әсерін тигізеді.

1985 жылы үш британдық ғалым Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин озон қабаты тесігін алғаш байқаған болатын. Қазіргі кезде озон тесігі тіпті Антарктиканың үстінде де қалыптасты. Ғалымдардың болжауынша, егер парниктік газдар шығарылуын тоқтатса, елу жыл ішінде озон қабаты қайта қалпына келеді. Алайда, бүгінгі таңда бұлай болуы екіталай.



Picture 7





Ғаламдық жылыну

Ғаламдық жылыну мамандар дабыл қағып отырған маселе. Бүгінде жер беті температурасы 1,1 градусқа жылыған. Ал егер 2-3 градусқа жылытатын болса қаншама тіршілік жоғалады. Егер ғаламдық жылыну әсерінен Гренландия аралы еритін болса мұхит суы 7 метрге көтеріледі. Ал Арктика мен Антарктида мұздықтары ерітін болса су деңгейі 60-70 метрге көтеріледі. Ғаламдық жылынудың басты себептерінің бірі парниктік газдар болып табылады. Завод, фабрикалардан тарайтын парниктік газдар осылай зиянның тигізуде. Әрі парниктік газдар жоғарыда айтылғандай озон қабатының бұзады. Мен осылай ең ауқымды экологиялық проблемаларды атап өттім. Оларды шешу біздің қолда. Аталған проблемаларды жұмыла шешетін болсақ планетамызды аман сақтап қала аламыз.

3.Экологиялық проблемалардан туындайтын аурулар

Экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты адамдар көптеген ауру түрлеріне шалдығуда. Оның ішінде өлім қауіпі жоғарылары да бар. Мен экологиялық жағдайға байланысты туындайтын ауруларды негізгі 3 топқа бөліп қарастырдым.

Олар:

Ауа

Су

Тамақ

Үй

Ауа арқылы онкологиялық, тыныс алу жолдары, қан айналу жолдары, жүйке жүйесі аурулары пайда болады. Негізгі себептер:автомашиналар,жылуэлектр станциялары, заводтар, фабрикала.т.б Автомашиналар-ең үлкен проблема. Олар CO2-дан басқа 15 зиянды химиялық заттар бөліп шығарады. Олар:ацетальдегид,бензол,бутадиен,кадмий,никель,селен,цинк, қорғасын, стирол, формальдегид т.б.

Су арқылы онкологиялық, гендік мутациялық, асқорту жолдары, жүрек - қантамыр аурулары пайда болады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының зерттеулері бойынша судың құрамында 13 мыңдай түрлі токсинды элементтер бар. Оның ішінде ауыр металлдар:никель,хром,цинк,кадмий,т.б атероскрлероз, полиневрит, гипертония т.б ауруларға әкеп соқтырады. Радиоактивті уран,плутоний,торий,цезий онкологиялық ауруларға әкеледі. Ал ауру туғызатын бактериялар гастроэнтерит, гепатит, миокардит, полиомиелит секілді аурулар туғызады.

Жоғарыда айтқандай қоқыстан бөлінген таксиндермен планктондар, ал олармен балықтар қоректенеді. Яғни теңіз өнімдері болып балық біздің дастарханға келеді. Синтетикалық тыңайтқыштар мен улы химикаттар арқасында гепатит, дисбактериоз, аллергия, онкологиялық аурулар туады. Ал сіз улану көзіне құрылыс және әрлеу материалдары, тазартқыштар бола алатының білесіз бе? Біздің үйлерімізде ауада түрлі химиялық ұшқыш заттар жүр. Олар демікпе, аллергия секылды аурулар туғызады. Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50— 52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18— 20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогендік факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады.

Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) концерогендер қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2) мутагендер – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері , гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;

3) тератогендер — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендер де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.

Семей полигонының зардаптары

Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу мақсатында 18 млн. га жер бөлінді.Осылай Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті. Бұл жарылыстан орта есеппен 900 мыңдай бейкүнә адам 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған болса, 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдаған.
Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Соңғысының қуаты 1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.
Бұдан кейінгі 25 жыл жер асты жарылысынан адамдар түрлі ауруларға ұшырады. Ауру себептері әлі күнге дейін сақталып қалды. Бұл сырқаттардың тұқым қуалайтындығы да дәлелденді, оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін.Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалған болатын. Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырады. Сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті.Кейін жер астына жасай бастады. Семей маңындағы радиациялық әсер осы аумақта тұратын 500 мыңдай адамға азап шектіртті.
Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады.

Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары.

Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

5.ЭКСПО-2017 АСТАНА «Болашақ энергиясы»

Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялар қатысады. Көрме шеңберінде бүгінгі күнгі өзекті энергияның баламалы көздері мен «жасыл технологиялар» сұрағындағы аса жаңа шешімдерді көрсету күтіледі.

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.

Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.

ЭКСПО-2017 көрмесі “Болашақтың энергиясын” жақсартудың мына негізгі үш бағытына басымдық беруді көздейді.

Экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру.

Жер-ананың өкпесі-жасыл энергия көздерін қорғау және олардың энергетикалық әлеуетін үнемдеп пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру.

Жаңартылмайтын қазба отын энергия көздерін үнемдеп пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру.

EXPO-2017 көрмесі аясында көрсетілген бірінші басымдық мына дерекке негізделеді:жел энергиясын қоспағанның өзінде жыл сайын Жер шарының әрбір текше метріне 1,36 кВт/м² Күн энергиясы түседі. Міне, осы әрбір текше метрге түсетін Күн энергиясының тек 0.2 Вт/м² бөлігін ғана игере алатын текникалар мен технологияларды жасай алсақ, онда адамзат қоғамы энергетика мәселесін де, экология мәселесін де түбегейлі шешкен болар еді.

Екінші және үшінші басымдылықтар негізгі зерттеу жұмыстарын ауаны ластамайтын, пайдалы әрекет коэффициентті жоғарғы, әрі энергияны үнемдеп пайдаланатын қозғалтқыштар мен қондырғылар шығаруға бағыттайды.

Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясын кеңінен және мол өндіруге болады. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!