Материалдар / "Гүлді өсімдіктер" 5 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Гүлді өсімдіктер" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш және 5 ,6 сынып оқушыларының жаратылыстану, дүниетану пәніне арналған, сонымен қатар сабақтан тыс іс-шараларға арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
184
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ жоспарыКүні: Үйірме: Сабақтың тақырыбы: «Гүл- өмірдің ажары»Сабақтың мақсаты: оқушыларға гүлді өсімдіктер туралы ақпарат беру. Оқушылардың дүниетанымын, өсімдіктерге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Орталықтағы гүлді өсімдіктермен таныстыру.Сабақтың міндеттері:        Білімділік оқушылардың бөлме гүлдері жайлы білімдерін кеңейту.Тәрбиелік табиғатты, өсімдіктерді қорғаудың қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігін, аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу; Дамытушылық бөлме гүлдеріне деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, әңгімелесу, сұрақ—жауапБілім тәрбиелік нәтижелері: табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, гүлді өсімдіктерді, жалпы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру 10 мин2. Таңғы жаттығулар 3. Пайдалы іс-шара 20 мин4. Негізгі бөлім 15 мин5. Практикалық жұмыс 40 мин6. Үзіліс 15 мин7. Ойын ойнау 15 мин8. Мерекелік іс –шара 40 минҚорытындыОқушыларды қайтару

Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіБілім тәрбие нәтижесі
Ұйымдастыру Сәлемдесу. Кабинетке кіргізіп, орындарына отырғызу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылар сәлемдеседі, орындарына отырады

Таңғы жаттығуларТаңғы жаттығулар жасау. Жаттығулар жасайды.Денсаулықтарын нығайтады.
Пайдалы іс-шара«оранжереядағы гүлдерді суғару»Балалар гүлдерді суғарадыТабиғатты, өсімдіктерді сүюге үйренеді.
Негізгі бөлімБалалар сендер бүгін биологиялық орталықтағы бөлме өсімдіктерімен танысасыдар. Бөлме немесе үй өсімдіктері дегеніміз  (іріктеп алу, өсіру және баптал күту). Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. 1. Шеффлера (Schéfflera немесе шатырлы ағаш) — шылым шегетін, я болмаса оттық жиі қолданылатын бөлмеде өсіруге икемделген. Шеффлера мұндай ортаға арнайы будандастырылған болатын. Никотин және шайыр түсетін зиянды бөлшектерді жылдам ауыздықтайды. 2. Алтын түсті сциндапсус (Epipremnum aureum, екінші атауы-Потос) ауаны бензол қалдықтарынан арылтады. Жапырағының жуан келуі ауаны ластайтын түрлі улы заттардан тазалайды. Сциндапсус өте тез өсіп, жиі суаруды талап етпейді. 3. Драцена (Dracaena) формальдегидті залалсыздандырады. Бұл өсімдік формальдегидтен шыққан буланған улы қоспаларды жояды. Ол аз мөлшерде желім, лак, жиһаздарда кездесіп жатады. 4. Хлорофитум (Chlorophytum немесе Топай) жапырағы арқылы ауаға тараған пайдаланылған газды жақсы ұстап, сүзіп алады. Сол себептен бірінші немесе екінші қабатта тұратын тұрғындар үшін өте қажетті өсімдік болып есептеледі. 5. Хамедорея (Chamaedorea elegans немесе бөлме пальмасы) баспахана ауасын жақсы ылғалдандырады. Пластикалық заттардан бөлінетін химиялық улы бөлшектерді зиянсыз етеді. 6. Шырмауық (Hedera helix) – ауа тазартқыш өсімдік. Шырмауықтан бөлінген зат бөлменің ауа-райын оңтайландырады. Оттегі, озон т.б. газды жақсы өңдейді. Бөлменің сән үлгісі үшін ыңғайлы. 7. Фикус Бенджамин (Ficus benjamina) — ауаны тазарту бойынша өсімдіктердің ішінде алдыңғы орынды алады. Ол өзіне формальдегид, бензол және аммиак секілді барлық улы нәрсені сіңіреді. Ауаға көтерілген шаң-тозаңды тез арада басады.

















Жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.Мақал-мәтел, жұмбақ шешеді. Ойларымен бөліседі.















Орталықтағы бөлме гүлдерінің түрлерін айтып, өз ой, білімдерімен бөліседі.


Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, дамытады.
Фенологиялық бақылауФенологиялық бақылау жүргізу. «ағаштардың жапырақтарының түсінің өзгеру себебін » анықтау

Оқушылар фенологиялық бақылау жүргізедіОқушылар құстардың түрлерімен, немен қоректенетінімен, ерекшеліктерімен танысады
Практикалық жұмыс №5 Бөлме гүлдеріне және далалы өсімдіктерге кесте толтыру.



Оқушылар дәптерге толтырадыТабиғатты, қорғауға үйрену
Үзілс Балаларға ағаштардың пайдасы туралы айта отырып, тамақтануға барамыз.Оқушылар тамақтанады

Мерекелік іс-шараОқушыларды мерекелік іс-шараға дайындауОқушылар мерекелік іс-шарағай дайындалады.Сыйластыққа, Ұймшылдыққа, бір-бірлерін тыңдауға үйренеді
Қорытынды Сабағымызды қорытындылай отырып, барлығымыз бірге бүгінгі тақырыпқа қатысты алған білімдерімізді ортаға салайық.Оқушылар алған ақпараттарымен, білімдерімен бөліседі.Бір-бірлерінің ойларын тыңдап, ұйымшылдыққа үйренеді
Оқушыларды қайтаруСабақты қорытындылап оқушыларды үйлеріне қайтарамыз.Оқушылар үйлеріне жиналады







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!