Материалдар / Ғұн тайпасының зерттелуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғұн тайпасының зерттелуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғұн тайпасының зерттелуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2024
154
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Тарих, экономика және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: Ғұн тайпасының зерттелуі










Орындаған:

Тексерген:











МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ..................................................................................................................3


I ТАРАУ ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

1.1 Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар..............................................5

1.2 Ғұн тайпасының құрылуы, шаруашылығы......................................................9


II ТАРАУ ҒҰНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХНАМАСЫ

2.1 Сиуңну-ғұндар жөнінде алғашқы ғылыми зерттеулер.................................11

2.2 Ғұн тайпаларының - Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі саяси тарихының қарастырылуы........................................................................................................17


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................20




































КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектiлігі: Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И, Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңгы кезде К. М. Байпаков айналысып жүр. Ғұн тайпаларының басқа жерлердегі тайпалармен араласуына қарағанда, олардың Қазақстаңда орын тебуі жане үйсін, қаңлы тайпаларымен араласуы олармен іргелес өмір сүруі басым болған. Олардың арасында болған байланыстың арақатынасы бір-біріне тигізген саяси, экономикалық, мәдени жәңе антропологиялық жағынан тигізген әсерлері жеткілікті зерттелуі тиіс.

Ғұндар тарихының әр түрлі мәселелеріне қатысты мол деректер тобын қытай деректері құрайды. Себебі қытай авторлары сол кездегі Қазақстандағы жағдайды анағұрлым жақсырақ білетін еді. Сол кездегі қытай экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігінен тудырды. Осы орайда халыктар мен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материалдар мақсатты түрле жиналды. Бұл ақпарат барлауды мақсат ететін емшілердің, саудагерлер мен миссионерлердің Орта Азия жеріне сапарларының нәтижесінде алынып, жеткізіліп отырды. Қазақстан халықтары, әсіресе ғұндар туралы алғашқы мәліметтер император У-ди (б.з.д. 140-86 ж.ж.) облыстарында жіберген тұңғыш қытай елшілерінің жетекшісі Чжан Цзяннің жазбаларында сақталған.

Жалпы ғұн тайпасының зерттелуі жөнінде аса құнды мәліметтер беретін шығармаларының тарихи деректілігін көрсету жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Тақырыптың тарихнамалық зерттелу деңгейі: Біз жұмысымызды тікелей ғұндар тарихына катысты әртурлі зерттеген зерттеушілердің еңбектерін талдауға арнаймыз. Осындай еңбектердің бірі 1926 жылы жарық көрген К.А. Иностранцевтің еңбегін атап өтуге болады. Зерттеуші ғалым XVIII ғасырдан бастап өзіне дейінгі кезеңдерде ғұн тарихына қажетті жарық көрген авторлардың еңбектерін талдап шығады. Ол әсіресе шетелдік авторлар, соның ішінде XVIII ғасырдан бастап «хуннология» мәселесімен айналыса бастаған француз миссионерлерінің еңбектерін тарихи сыннан өткізеді.

Ғұндар тарихының зерттелу тарихнамасына біршама көп көңіл бөлген ғалымдардың бірі Л.Н. Гумилев екендігі даусыз. Ғұндар тарихына қатысты іргелі еңбектердің авторы, белгілі ғалым Л.Н. Гумилев 1960 жылы жарық көрген еңбегінің кіріспе бөлімінде ғұндардың зерттелу тарихына тоқталады. Автор ғұндар тарихын зерттей бастаған қытай тарихнамасынан бастап, Хуннумологиялық екінші кезеңін, яғни жоғарыда айтып өткен XVIII ғасырдан басталатын европалық зерттеушілер мектебінің өкілдері мен ғұндар тарихын зерттеуде жетекші рөл атқарып келе жатқан орыс ғалымдарының еңбектерінің сипатына, мазмұнына қысқаша тоқталып өтеді.

Тақырыптың тарихнамалық маңызы: Халқымыздың ежелгі тарихы өз бастауын біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан ертедегі ғұндар империясының құрылу кезеңінен бастау алады. Бұл дәуір тарихы тек бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес көбінесе деректер негізіндегі тарих. Демек бұл кезең біздің рухани қазыналарымыз, олардың тарихнамалық маңызы зор. Зерттеулерге сүйеніп көптеген ғалымдар ғұн тайпасының зерттелу тарихы туралы тың, нақты мәліметтер ала алады.

Зерттеу объектісі- Ғұн тайпасының зерттелуі.

Зерттеу пәні- Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Зерттеу мақсаты мен міндеті: Бұл жұмысты жазу барысында ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына тоқталып, оның кезеңдерін, әр кезендегі зерттеушілердің ғұндар тарихын зерттеудегі қосқан үлестерін осы енбектерді талдай отырып, бүгінгі таңдағы ғұндар тарихына қатысты зерттелмей келе жатқан мәселелерді анықтауды, мәселені менгеруді алдымызға мақсат етіп қойдық.

I тарауда ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар, ғұн тайпасының құрылуы және олардың шаруашылығы сараланады.

II тарауда кеңестік тарихнамадағы ғұндар тарихының зерттелу мәселелері сөз болады. Бұл тарауда белгілі зерттеушілер Таскин, А.Н. Бернштам, К.А. Иностранцев, Л.Н. Гумилев тағы баска ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

























I ТАРАУ Ғұн тайпалық одағының тарихы

    1. Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар

Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Хуннулар мен ғұндардың шығуына байланысты алғашқы теория моңғолдық теория болды. Бұл теорияға байланысты көзқарастар екіге бөлінеді: Біреулері ғұн мәселесін, оларды монғолдар деп қарастыру тұрғысынан шешуге тырысса, екіншілері ғұн мәселесіне тиіспей, тек хуннулармен айналысқан.

Ғұндардың шығу тарихына байланысты пікірді Паллас айтқан. Қытайлық хуннулар мәселесіне тиіспей, тек европалық ғұн мәселесін көтерген. Оның еңбегі «путешествие по разным провинциям Российской империи» екі бөлімнен тұрады және моңғол топтарының тұрмысы мен тарихына арналған. Бірінші бөлімнің бас жағында Паллас моңғолдардың ежелгі тарихын береді. Осы жерде ғасырда Батыс Европадағы үрей тудырған ғұндардың шығу-тегін жанап өтеді. Онда: «Оюоттар, дәл осы моңғол халқының тармағы, ол Батыс Азия мен Еуропада халмақтар деген атпен белгілі. Бұл халықтың ең көне аңыздары бойынша, Шыңғыс ханға дейін оның ең үлкен және ең күшті бөлігі Кіші Азияға жорық жасап, Кавказға дейін сонда жоғалып кеткен. Бұл аңызда Алеминат Марселлин сипаттаған ұсқынсыздығы мен сақалының жоқтығы, сондай-ақ олардың Қытайдың солтүстігіндегі ежелгі мекендеген жерлері көрсетілген ежелгі ғұндар туралы айтылуы әбден мүмкін, бірақ басқа ешқайсысына сілтеме жасамайды»-, деп Палластың ғұндар туралы бар айтқаны осы. Тікелей ғұн тарихына байланысты болмаса да, оның еңбекте түйген пікірі түркілік теорияны нақтылаушылар жағынан сынға алынды.

Осы тұста ғұндар туралы Гунман мен Энгель жазған. Бірақ олар тек саяси тарихын ғана қамтығандықтан, онда ғұндардың шығуы туралы айтылмаған. Ал шығу-тегі туралы мәселе көтерген келесі автор Пергман. Оның 1804 жылы Ригада жарық көрген еңбегі халмыктардың дініне, тарихына, этнографиясына байланысты хаттардан тұрады. Ал бізге қатысты мәселе он төртінші хатта берілген. Онда Паллас секілді ғұндардың шығу проблемасын ғана қарастырады және Палласта моңғолдық теорияның негізін салушы деп баға береді. Ол Паллас, менің білуімше, Еуропаның едәуір бөлігін басып алған күншіл ғұндар моңғол халықтары деген астрономиялық гипотезаны алғаш айтқан. Гундардың пайда болуы, сондай-ақ қалмақ ордаларының Батысқа бұрынғы қозғалыстары туралы аңыз әйгілі авторларды бұл гипотезаға итермеледі.» деп өз ойын білдіреді.

Одан ары Бергман ғұндар туралы Алемин Марцелина, Проколи мен Приск деректеріне сүйенеді. Оның ойынша, калмыктар мен ғұндар арасында ұқсастық көп. Мысалы, олардың күнделікті іс-қимылдары, атап айтсақ, ғұндардың адам етіне әуестігі, ал калмыктар оны тек жауларын қорқыту үшін ғана пайдаланған. Бергманның осы секіллі партерін Абель Ремюза атты автор да сынға алады. Ол: «Прежде чем принятовото мнение мне кажется необходимым расследовать, как называються Малая Кавказ монгольских книгах, которые могли быть написаны самое раннее, при Чингиз хане через много столетий после экспедиций». Ол өзінің күдігін, әлі де болса тақырыптың зерттеле түсу керектігімен түсіндіреді. Сонымен, Бергманга келсек, оның ғұндар мен калмыктардын ұқсастығы туралы айтқан пікірлері қате: Себебі кейбір ұсақ-түйек бұрмалаушылыққа сүйеніп екеуін бір халық деп атау дұрыс емес. Кейінірек, ғұндар мен моңғолдар ұқсастығына байланысты пікірлер көп айтылған. Мысалы, Клапрот оларды физикалық жагынан жақындатады. Паллас пен Бергман гипотезасын қарастыру барысында, біз олардың келтірген негіздерінің әлсіз екендігін және болашақта моңғолдық теорияны жақтаулактатор еңбегіне емес, нақты фактілерге сүйену қажет екендігіне көз жеткіздік.

Келесі автор, француз тарихшысы Амедей Тьерри біршама бөлек, бірак ұқсастықтары бар көзқарас ұсынады. Ол шығу-тегі туралы тек өзінің пікірін білдіреді. «На востоке имя финнов исчезло, уступив место названием союзов, которые, образовывшись около Урала, воздействовали то на Европу, то на Азию, еще на последнюю. Самым знаменитым этих союзов был кажется, союз гуннов который покрывал своими ордами склона Уральского хребта и долину Волги. Одан ары Птоламей мен Дионисей мәліметтеріне сүйеніп, гұндардың ішкі құрылысы туралы ойларын білдіреді. Олар екі, одан да көп топқа бөлгендігін, шығыс және каспийліктер-ақ, ал батыстықтар қара ғұн депаталғандығын келтіреді. Монголык теорияны жақтаушы алғашқы таптық пікірлері нақты фактілерге петризделмеген, сондықтан да олардың гылыми мәні жоқ десек қателеспеиміз.

Келесі таптық пікіріне келсек, хуннулардың моңғолдық теориясын жақтаушылардың бірі ірі моңғолтанушы Шмидт. Оның еңбегі Орта Азия тарихының әртүрлі мәселелерін қамтиды. Соның ішінде, хушулар мен ғұндарға отызға жуық беті арналған. Ориенталист бола тұра, Шлидт Дегинь шығармасын көңіл бөле отырып, өз еңбегін оны сынаудан бастайды. Шмидтің пікірінше, Дегиньнің ең үлкен кемшілігі моңғол тілін білмеуі. Өз сөзіне сүйенсек: «У Дегина монголы являются турецкой ордой» деп қателігін көрсетеді. Шмидт мұндай қателесудің себебін Ту-гю сөзімен байланыстырады, яғни ту-гю сезінің түрік деген мағына беруі. Оның ойынша: «Ту-гю были турки, более ранние Хунну тоже турки, и позднейшие Монголы турецкая орда».

Көрнекті қытайтанушы Иаканод Бюгукин пікірі Шмидт пікірімен тұстас болған. Ол алғаш рет бұл туралы 1828 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Записка о Монголий» атты еңбегінде, одан кейін «Сбораний сведений о народах, обитавших в Средней Азий Древние времена» атты еңбегінде B Предние жазган. Көптеген қытай тіліндегі жылнамаларды аударумен айналысқан. Бүгінгі таңда Бичурин енбектері қайта басылып шығып, еліміз тарихын зерттеуде көптеген құнды мәліметтер береді. Ал енді, еңбектеріне тоқталсақ, «Записки монголах» атты еңбегі төрт бөлімге бөлінген. 1. Автордың Пекинен орыс шекарасына дейінгі жолы. 2. Монголияның географиялық және статистикалық сипаты. 3. Тарихи мәліметтер жинағы (қытай жылнамалары негізінде). 4. Қытайлардың Моңғолияны билеу жылдары сөз болады. Біз қарастырып отырған мәселе, әрине, бірінші тарауда Синелог және солтүстік- шығыс, Азия тарихшысы ретінде Бичурин тек Хунну тарихын ғана қарастырған. Ол: «Более чем за двадцать веков до н.э. считался монгольский народ до своими стадами по пустыням, сопредельным северному Китаю», - дей келе, Орта Азия халықтарының құрамы өзгермегендігіне тоқталады. Тағы бір сөзін бөлетін нәрсе, Иакинаф бойынша, хуннулар христос туғаннан 15 жылы Қытай императоры Ван Маннан оз аттарын Гуннуға өзгерту туралы ұсыныс алған.

Осылайша Иакинаф Хуннулар мен ғұндардың моңғолдық теориясына жатпағандығын көреміз. Оңда: «Ежелден Қытайдың солтүстік шекарасында моңғолдар қытайлармен аралас-құралас өмір сүрген..., Хун-юй, Хань-юнь Синну — бір халықтың үш түрлі атауы, қазір моңғол деп аталады; Біздің дәуірімізге дейінгі жиырма ғасырға жуық. Қытай тарихында моңғолдар мен гунгуздар екі ерекше халық ретінде берілген. Кейбір түркібтер шалғай орналасқандықтан Орта мемлекет тұрғындарымен сәл кейінірек танысқан. Сонымен қатар , бқл еібекті Xiongnu атына байланысты: «Қытайлар бұл сөзді өз тіліне дауыспен аударғанда екі әріпті пайдаланған: ғұн зұлымдық және құдық - құл. Бірақ моңғолдың Сионну деген сөзінің өз атауы бар, қытай әріптерінің мағынасы жоқ» - дей келе, алғашқы ману Мөде атын, Моңғолдың «модо» орман деген сөзімен байланыстырады.

Қорыта айтқанда гұндардың моңголдык теориясы коптеген галымдар пікірлерінде орын алғанына қарамастан, aca қатты сынды алмайтындығын кореміз. Себебі, ғалымдардың көбі олардың байланыстылығын, нақты мәліметтермен негіздей алмауында. Біршама бағасын алған пікірлер Иакинаф Тьерри пікірлері болса, Коуорс монғолдық теорияны жандандырушы ретінде танымал. Уақыты жағынан монғондық теориядан кейінгі келесі теория хундар мен ғұндарды бір бірінен айыратын, яғни хүндарлы үркілерге, ғұндарды финдерге жатқызған теория. Алғаш ғылымға енгізіп тараткан Клапротт боллды. Егер монғолдық теория уақыт өте қалыптасса, түріктік немесе финдік теориялар бірден қалыптасқан болатын.

Келесі туындайтын теория финдік теория. Олардын арасында айырмашылық хуннулар мен ғұндарды бір халық дей тұра қытайлық хуннуларды финдерге жатқызады. Финдік теорияны алғаш ұсынған Сен Мартен. Тарихи-этнографиялык тұрғыдан Сен Мартен, Хуннулар мен ғұндарды әртүрлі тайпаларға жатқызғанымен, олардың аттары ұқсас болғандығына тоқталады. Соңында бұл теорияны алғашқы екі теориямен салыстырғанда ымыраласу теориясы деп атауға болады. Оның артықшылығы хуннулар мен ғұндардын байланыстылығы.

Қорыта келгенде, ғұн тайпалық одағының мәселелерінің төңкеріске дейінгі ғалымдар пікірі, үш теория моңголдық, түркілік, финдік теорияларға негізделетіндігін көреміз. Жоғарыда тоқталған авторлар еңбектері толыққанды еңбек болмағандығымен, бүгінгі таңда қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі тайпалардың тарихы туралы көптеген мәліметтер алуға болады. Аталмыш еңбектердің тарихнамалықтан гөрі, деректік маңызы зор десек қателеспейміз. Ескеретін нәрсе, оған сыни тұрғыдан қараған дұрыс. Сонау XVIII ғасырдан бастап зерттеле бастаған ғұн тарихы, кейін де жалғасын тапты.









































    1. Ғұн тайпасының құрылуы, шаруашылығы


Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.

Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.

Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мəселені шешіп отырды.

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Шаруашылығына келетін болсақ, шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.

Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болған. Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер жаңа аумақты игеруді эəне шұрайлы жайылымдарды алуды көздеді. Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын қоныстардан алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген, біразя түйе, есек ұстайтынын жазады. Олар үй малымен тамақтанып, олардың терісін киім қылып, жүн мен терісін киім, жамылғы есебінде пайдаланды. Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Ғұндар қосымша кəсіп ретінде аң аулаумен де айналысқан. Бұл кəсіп негізінен өздерініе азық қорларын молайту үшін жəне сейіл құру үшін жүргізілген.

Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдыхтары кездеседі. Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге, уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.





II ТАРАУ ҒҰНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХНАМАСЫ

2.1 Сиуңну-ғұндар жөнінде алғашқы ғылыми зерттеулер

Сиуңну-ғұндар жөнінде алғашқы ғылыми зерттеулер ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардан бастап жүргізіле бастады. Әсіресе, сол кездегі еуропалық ғалымдардың Шығыс және Орталық Азияның ежелгі тарихы, мұнда сол уақытта өмір сүрген халықтардың тарихы жөнінде қызу пікір-таластар туындайды.

Сол кезден бері ғылым алдындағы бірінші проблема қытай дерегінен белгілі азиялық ғұндармен, европалық ғұндардың арасындағы қайшылықтың болуы. Екінші проблема 1929 ғұндардың этникалық қатыстылығы. Ол қатал айтыс-тартысқа алып келді. Ғұндарды этникалық түріктер, моңғолдар, финдар, славяндар деп санағандар болды. Осымен байланысты лингвистикалық дәлелдер (қытай транскрипциясында сақталған ғұн сөзі сарапталды), археологиялық (скифтермен байланысы қарастырылды), антропологиялық және жазба деректер игерілді. Барлық осы мәліметтермен ғұндардың Шығыстан Батысқа қоныс аударуын дәлелдеу үшін қолданылды. Ғұндардың шығу тегі жөнінде төрт негізгі теория қалыптасқан: «моңғолдық», «түріктік», «финдық», «слваяндық». Біріншісінің басты өкілдері: П.Паллас, Ф.Тунман, Бергман, И.Шмидт, И.Бэр, Н.Я.Бичурин, К.Нейман, Х.Хоуорс, Ам.Тьерри; екіншінің өкілдері – Абель Ремюза, Ю.Клапрот, Ф.Мюллер, Жирар де-Риалль, В.Радлов, Н.Аристов, Ф.Хирт, И.Блейер, В.Панов, Л.Нидерле, Е.Паркер,Ф.Шварц, А.Жардо, К.Риттер, Н.Тюлль. Үшінші теорияны жақтаушылар: М.Кастрен, Коскинен, Вивьен де-СенМартен, П.Услар. Славян теориясына көп емес Д.Венелин, А.Вельтман, А.Погодин, И.Иловайский болды. Бірқатар буржуазиялық ғалымдар (мысалы Ю.Клапрот) орталықазиялық ғұндарды бір жерден шығарады, ал европалық ғұндар басқадан .

Сонымен қатар жалпы түрік-моңғол халықтарының тарихы жөнінде басты тарихи дерек көзі болып табылатын ортағасырлық тарихшы Рашид ад-Диннің іргелі еңбегі болып табылатын «Жылнамалар жинағы». Жылнаманың авторы Рашид ад-Дин Фазлуллах ибн Абул-Хаир Али Хамадани – Моңғол империясының дәуірлеп тұрған кезінің көз көрген куәгері, Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Ғазан хан мен Олжайту ханның уәзірі болған адам. Осы арада басын ашып айта кетер бір мәселе – бұл еңбектің авторлығы бір адамға телінгенімен, шын мәнінде, “Жылнамалар жинағы” (1300-1310 ж.ж.) – ұжымдық еңбектің жемісі. Заманында білікті билеушілердің бірі болған Ғазан хан бөгде жұртты жаулап алып, соған билік жүргізіп тұрғанымен, өздерінің соларға сіңісіп, жұтылып бара жатқанын көріп, тілінен, дінінен, ата-бабаның салт-дәстүрінен айырылып, парсылана бастаған мұңғұлдың кейінгі ұрпағы өздерінің шыққан тегін таймай танып, төл тарихын барынша біліп өссін деген игі ниетпен ғұлама уәзірі Рашид ад-Динге арнайы тапсырма беріп, қасына мұңғұл халықтарының тарихын мейлінше терең білетін, даланың теңдесі жоқ даңғайыр шежірешісі Болат-чансан бастаған алты моңғол шежірешісі мен сол кездің ең мықты деп есептелінетін бірнеше білікті тарихшысын (Абдуллах Қашан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!