Ғылым түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылым түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы: 6 «а»

Тақырыбы: Ғылым түрлері.


Ғылым – адам мәдениетінің ең бір көне, маңызды және өте күрделі компоненттерінің бірі. Бұл – өте үлкен білім әлемі, олбізге табиғатты өзгертуге және оны адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға лайықты етуге мүмкіндік береді. Ғылым – күрделі зерттеу жүйесі. Зерттеу нәтижесінде жаңа білімдер пайда болады. Ғылыми-зерттеу институттарында жүздеген мың зерттеуші-ғалымдар өзінің білімімен, тәжірибелерімен бөліседі және табиғат, қоғам, адамзат заңдылықтарын зерттеу үшін шығармашылық энергиясын жұмсайды. Ғылым 3 түрлі бағытқа бөлінеді: жаратылыстану, техникалық, қоғамдық және гуманитарлық.


Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көретініміз химия ғажайыптары.

Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы.

Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.

Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдар, молекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядро өзгеріссіз қалады.


Ғылым эволюциясы

Ғылым — адам қызметінің шеңбері болғандықтан, оның нәтижесі ақиқат критерийіне жауапты шыңдық туралы жаңа білім.

Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы (мен түгелдей бәрін атап тұрғаным жоқ, яғни ғылым адамдарының көбі ғалым емес,- мен ғылым адамы туралы, оның қандай болуы туралы айтып тұрмын) – бұл ықыласты, абайлы, бірізгілікті, ол тек өз тәжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді және түгел жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы және синтетикалық сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оңы бөлшектеп және қосымша зерттейді».

Рассел ғылым туралы түсінік бере отырып, ғылым — ол ең алдымен, көптеген бөлек мәліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол өнерде жоқ практикалық манызға ие. Осыған орай ғылыми білімдердің қорғансыздық ерекше формасы пайда болады, яғни ғылым, өз жемісінің қалай қолданатының шешпейді. Ғылым адамдарға әдепті емес, мақсатқа жету жолын нұсқайды. Ал мақсат пен оған жету тілектері арасындағы қалау өмір түріндегі әдеп болып келеді. «Ғылым» деген термин бүгінгі күні ғылыми әдіспен алынатын білім жиынтығы. Ғылыми таным теориямен ғана жіктеліп қоймайды, ол ақиқатты іздестіру жолы. Ғылым адамның іс-әрекеті болғандықтан әдістермен сипатталады. Шыңдықты практикалық және теориялық игерудің тәсілдер мен операциялар жиынтығын «әдіс» деген ұғыммен белгіленеді. Осындай тәсілдер мен операциялар зерттеушінің қылықтарын басқаратың міндетті норма, ереже қасиеті деп аталған. Зерттеу нормасын кеңінен Т.Кун былай түсіндіреді. Ол ғылымның екі жағдайы бар бірі төнкеріс фазасы, екіншісі «қалыпты ғылым». «Қалыпты ғылым» бірсыпыра бұрынғы ғылыми жетістіктерге мықты сүйенетің зерттеу. «Қалыпты ғылым» деген терминмен «парадигма» деген термин байланысты. Парадигма – жаппай қабылданған эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, әдіс, жабдық т.б. кіретін ғылыми зерттеу үлгісі. Бұл — ескі парадигманы жойып, оның орнына жаңасын еңгізетін ғылыми қоғамда қабылданған ғылыми іс-әрекеттің ережесі және стандарты.

Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:

  1. органикалық химия;

  2. бейорганикалық химия.


Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқа зерттейді.

Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
5751
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі